Гиззатов с. М



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#6120
1   2   3   4   5   6   7   8

1. БӨКЕЙ ОРДАСЫНДАҒЫ жЕР 

МӘСЕЛЕСі жӘНЕ ОНЫҢ жАЛПЫ 

КӨРіНіСТЕРі (ХіХ ҒАСЫРДЫҢ 

БіРіНШі ШИРЕГі)

1.1 Бөкей Ордасы құрылуының саяси-экономикалық 

      аспектілері

Еділ  мен  Жайық  өзендері  аралығындағы  кеңістікті  көптеген 

ғасырлар  бойы  көшпенді  тайпалар  мен  халықтар  мекендеді.  Біздің 

заманымызға  дейінгі  кезеңде  бұл  жерлерде  аорс,  сирак,  сармат, 

скифтер  тұрақтаса,  біздің  дәуіріміздің  III  ғасырында  хазарлар,    IV-

XI ғасырларда ғұн, мадияр, бұлғар, ХІІ - XIII ғасырларда қыпшақтар 

қоныс тепті [141, с. 152]. Содан соң XIII ғасырда монғол тайпалары 

осы өңірдегі қыпшақтарды бағындырып, өз мемлекетін құрды. 

XV ғасырда монғол империясы өз-өзінен ыдырап, бірнеше ұсақ 

хандықтарға  бөлінеді.  ХҮІ  ғасырда  Еділ-Жайық  аралығын  түркі 

тілдес  халықтар  ноғайлар  мен  қазақтар  бірігіп  жайлаған.  Ал  XVII 

ғасырдың  бас  кезінде  ел  тұтастығын  сақтай  алмай,  өзара  қырқысып 

жатқан қалмақтардың бір бөлігінің орыс мемлекеті бодандығына өте 

бастауы  байқалды.  1628  жылы  шыққан  қалмақ  көші  1629  жылдары 

Ембі өзеніне, 1630 жылы Еділ өзеніне жетті. олар жергілікті жерлерде 

ноғай руларымен қақтығысып, оларды ығыстыра бастаған.  осылайша 

Ембі, ойыл өзендері бойынан Нарын құмы мен Боғда тауына қарай 

көшіп-қонған қалмақтарға қатысты Ресей үкіметі 1655 жылы сәуір ай-

ында арнайы Жарлық шығарып, Еділ-Жайық өзендері аралығынан жер 

берді [138, с. 33]. 

Кейіннен Еділ қалмақтары түрлі саяси-экономикалық себептерге 

байланысты 1771 жылы тарихи отаны Жоңғарияға қарай үдере көшті. 

Ал 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүздің қазақтары рес-

ми рұқсат арқылы өте бастады. 

Бүгінде Бөкей хандығы құрылуының себептері хақында тарихшы 

ғалымдардың бірнеше тұжырымдары, пікірлері, ойлары жинақталып 

қалды. осы мәселе хандықтың өмір сүруінің алғашқы жылдарынан-ақ 

зерделеніп,  күні бүгінге дейін қарастырылып келді. олар қаншалықты 

ақиқатқа жанасады? Бұл сауалға жауап беру үшін осы пікірлерге шолу 

жасау шарт. 

Алдымен,  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  дәуірдің  ғалымдарының 


18

19

пікірлеріне  тоқталып  өтейік.  Қазан  университетінің  профессоры 



К.Фукс  Ішкі  орданың  пайда  болуын  Бөкей  ханның  Еділ-Жайық 

өзендері  аралығындағы  бос  жерлерді  иеленуге  деген  ұмтылысынан 

іздеді. Бірақ автор өз мақаласында бірнеше қателіктерге бой алдырған. 

Біріншіден, хандықтың құрылу уақыты ретінде 1804 жыл көрсетілген, 

екіншіден, Ішкі орданың негізін қалаушы тұлғаның есімі Бұғай болып 

анықталған, үшіншіден, Бөкей Нұралыұлы орта жүздің өкілі ретінде 

таныстырылған [3, №10]. Зерттеушілер Н.Михайлов [4] пен М.Я Кит-

тары  [5,  с.  108]  да  Ішкі  орданың  құрылуын  Бөкей  Нұралыұлының 

жеке басымен етене байланыстырды. оларға қарағанда медицина док-

торы Н.Троицкий ақиқатқа жақындау келетін көзқарас ұстанды: «Ішкі 

орданың пайда болу себебі өткен ғасырдың (XVIIIғ – Г.С.) аяғындағы 

Кіші Қазақ ордасында белең алған алауыздыққа, өзара келіспеушілікке, 

араздыққа  байланысты  еді.  Нәтижесінде  ханға  және  орыс  үкіметіне 

адал  қазақтар  көтерілісшілердің  шабуылы  мен  тонауына  ұшырады. 

Әлдебір  тәуелсіздікті  қорғауды  желеу  қылған  жеңілтек  халықтың 

жабайы мінезі Ресейге адал хандардың өзін де аямады» [8, с. 106 ]. 

Автор  империялық  тұрғыдан  баға  берсе  де,  қарапайым  қазақтардың 

орданың құрылуындағы өзіндік үлесін көрсете білді. Ал Бас штабтың 

полковнигі  И.Ф.Бларамбергтің  пікірі  Бөкей  Нұралыұлы  ішкі  далаға 

Жайық беттегі көтерілістер мен тынымсыз өмірден құтылу мақсатында 

өтті дегенге саяды. демек, полковниктің пайымдауынша Бөкей хан ты-

ныш өмірді арман тұтқан екен [9, с. 15]. дәл осыған ұқсас көзқараста 

болған А.Евреиновтың пікірінше қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне 

өтуі,  ең  бірінші  кезекте,  сұлтан  Бөкейдің  «түпкілікті  тыныштықты 

тек  қана  орыс  үкіметінің  үздіксіз  қорғау  көрсетуі  арқасында  сақтап 

қалуға  болатындығын  басқалардан  бұрын  түсінуімен»  байланысты 

еді  [10,  с.  51].  Зерттеуші  А.Терещенко  [12,  с.  50]  мен  мал  дәрігері 

Э.островский  [13,  с.  20]  орданың  пайда  болуын  Бөкей  сұлтанның 

Еділ  мен  Жайық  аралығындағы  қалмақтардан  бос  қалған  жерлерге 

деген  қызығушылығымен  түсіндірді.  Г.Медведский  болса  Бөкейдің 

менменшілдігіне, билікке құштарлығы мен байлыққұмарлығына назар 

аударады: «Бөкей хандық атаққа жету үшін Жайық өзенінің оң жағына 

өтуді ойластырды» [14, с. 285]. Тағы бір өкіл М.И.Иванин қазақтардың 

өзара алауыздығын және елдегі ұрлық-қарлықтың өршуін орда пай-

да болуының алғашқы себебі ретінде ұсынды [15, с. 7]. Библиограф, 

этнограф  А.  Е.Алекторов  та  хандықтың  дүниеге  келуін  Бөкейдің 

таққұмарлығымен  және  «Ұлы  державаның  рақымымен»  түсіндіруге 

тырысты  [16,  №22].  Өз  кезегінде  И.С.Иванов:  «Соңғы  жылдары 

орал даласына жыл сайын қыс мезгілінде өз мал-мүлкімен өтіп кел-

ген Бөкейге бағынышты қазақтар бұл жерлердегі шұрайлы жайылыс 

көздерімен  және  Ресей  иелігіндегі  қатаң  тәртіппен,  әсіресе  полков-

ник Поповтың адал қызметімен танысып үлгерді. олар ішкі тарапта 

мекендеген  адамдардың  дәулеттілігін,  өз  мүліктеріне  еш  кедергісіз 

иелік  ететіндігін  және  үкіметтің  қамқорлығында  өмір  сүретіндігін 

көздерімен көрді. осылардың барлығы бейбітсүйгіш Бөкей сұлтанды 

өзіне бағынышты қазақтарымен орал даласына түпкілікті қоныстануға 

итермеледі»    [23,  №42],  –  деп  ой  тұжырымдады.  Астрахань  казак 

әскерінің  полковнигі  И.А  Бирюков  Ішкі  орданың  құрылуын  қазақ 

халқының  «жабайы  мінезімен,  соғысқұмарлығымен,  дау-жанжалға 

бейімділігімен» байланыстырды [24, с. 547].

Байқап отырғанымыздай, Қазан төңкерісіне дейінгі авторлардың 

барлығы дерлік Ішкі орданың құрылуын Ресей империясының оңды 

саясатынан және Бөкей сұлтанның жеке басынан іздеді.

Кеңестік кезеңнің зерттеушілері арасында Ішкі орданың пайда бо-

луын түсіндіруде ортақ пікір жоқтың қасы. Батыс Алашорда үкіметінің 

өкілі Х.досмұхамедұлы 1925 жылы жарық көрген мақаласында Бөкей 

ордасы құрылуының екі себебін көрсеткен: 1) орыс үкіметінің Кіші жүз 

көшпелілерін күшпен ұстап тұра алмауы; 2) отарлаушылардың қазақты 

бөліп, күшін кемітуге ұмтылуы; [26, 19 б.]. Автордың пікірінен Қазан 

төңкерісіне  дейінгі  кезең  өкілдерінен  ерекшеленетін  жаңаша  ойлау 

мәнерін байқаймыз. Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілістері 

тарихы хақындағы арнайы зерттеу еңбектерінің авторы А.Рязановтың 

пікірінше  Ішкі  орданың  пайда  болуы  -  Нұралы  ханның  ұрпақтары 

мен  Айшуақ  сұлтан  жақтастарының  арасындағы  саяси  текетірестің 

және Жетіру мен Байұлы ұрпақтарының өзара қырқысуының нәтижесі 

[28,  с.  177-178].  Ал  М.вяткин  орданың  пайда  болуы  Кіші  жүздегі 

қалыптасқан  шарушылық  дағдарыстарға,  яғни  феодалдану  үрдісінің 

тереңдеуіне,  «ақсүйектер»  мен  «қарасүйектердің»  жайылыстарды 

басып  алуы  нәтижесінде  қалыптасқан  жер  жетіспеушілігіне  бай-

ланысты  болғандығын  алға  тартты  [94,  с.  242].  Бұл  тұжырыммен 

белгілі  бір  дәрежеде  келісуге  болады.  Бұдан  басқаша  көзқарасты 

в.Ф.Шахматов  өрбітті.  Еділ  мен  Жайық  өзендері  аралығында  қазақ 

хандығының құрылуын бірінші кезекте отарлық саясаттың, әсіресе ба-

рон Игельстромның реформаларының жемісі ретінде қарастырды [30, 

с. 8]. дәл осыған ұқсас көзқарасты белгілі тарихшы Е.Бекмаханов та 

ұстанды: «Ішкі және сыртқы жағдайлардың әбден асқынуына байла-

нысты Кіші жүз шаруалары елдегі хан-феодалдардың қанауынан және 

орта Азия билеушілерінің басқыншылығынан құтылу үшін жаңа жер-

ге, яғни Еділ мен Жайық аралығына ойысты», - дей келіп автор Кіші 

жүзден бөлек дербес хандықтың құрылуы патшалық Ресейдің отарлау 

саясатына  сай  келгендігін  жасырмайды  [35,  с.  44-45].  Ал  академик 


20

21

С.З.Зиманов алғашында Бөкей хандығы құрылуының шешуші факто-



ры ретінде Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 

басып-жанышталғаннан кейінгі ушыққан әлеуметтік-саяси жағдайды 

мойындағанымен, ізінше  «Әрине, патша үкіметінің отарлаушы саяса-

ты қазақ халқының қоғамдық және саяси өмірінде маңызды рөл ойна-

ды. Қазақтарды Жайықтың оң жақ бетіне өткізу патша үкіметінің отар-

лау саясаты бағытына еш қайшы келмеді және сол себепті шекаралық 

билік  тарапынан  терең  қолдауға  ие  бола  бастады»  [38,  с.  19]  деген 

тұжырымды  ұсынды.  Бөкей  ордасын  зерттеуде  өзіндік  орнын  ие-

ленген  Б.Аспандияровтың  өзі  Кіші  жүзде  қалыптасқан  әлеуметтік-

экономикалық  жағдайды  суреттей  келе  хандықтың  құрылуын  Ресей 

империясының отарлау саясатымен және Бөкей Нұралыұлының жеке 

бас есебімен байланыстырады [32, с. 40-43].

Аталмыш авторлардың пікірлеріне, көзқарастарына кеңестік идео-

логия, таптық принциптердің әсер еткені белгілі еді. Ал тәуелсіздікке қол 

жеткізгеннен соң да ақиқатқа ұмтылған Қазақстан ғалымдары арасында 

Бөкей хандығы құрылуының себептерін іздеуде бірізділік байқалмады. 

Академик Т.З.Рысбеков Ішкі орданың пайда болуын Батыс Қазақстан 

жеріндегі  шаруашылық  құлдырау,  жердің  таршылығымен  байланы-

стырса [44, 58 б.], ал Ж.Қ.Қасымбаев [47, с. 10], Б.Қ.Бірімжаров [48, 20 

б.], Р.Х.Сариева [67, 158 б.] секілді ғалымдар хандық құрылуының пат-

ша өкіметінің отарлаушылық саясатына қатысты екендігіне еш күмән 

келтірмейді. Ал И.Кенжалиев [41, 24 б.], Ғ.Харабалин [66, 23-24 бб.], 

А.Қарамурзиналардың  [76,  15  б.]  көрсетуінше  басты  себеп  Байұлы 

руларының атамекенге ұмтылуы және Ресей империясының отарлық 

саясатының жемісі. Алайда жоғарыдағы авторлардың пікірі сан алуан 

болғанымен ұлттық мүдде, тәуелсіздік тұрғыдан саралануымен құнды 

деуге толық негіз бар.

Қосөзен  аралығындағы  жаңа  хандықтың  құрылу  тарихы  шетел 

ғалымдары  тарапынан  қарастырылған.  олар  бұл  мәселені  егжей-

тегжейлі  талдамағанымен  өзіндік  пікірлерін  білдірген.  АҚШ-тағы 

Колгейт  университетінің  профессоры  М.Б.олкотт  «Қазақтар»  атты 

монографиясында  Бөкей  ордасының  құрылуын  жайылымның 

таршылығымен  түсіндірген  [52,  109  б.].  Сонымен  қатар  ағылшын 

саяхатшысы  Х.Хэлл,  француз  антропологы  М.Уйфальвиди,  неміс 

профессоры  Э.Саркисянц,  американдық  Т.виннер  Ішкі  орданың 

пайда  болуындағы  аграрлық  мәселенің  маңызын  және  оның  халық 

толқуларына тигізген әсерін көрсеткен [54, 19 б.]. 

дегенмен бүгінде де Бөкей ордасының құрылуына қатысты бірқатар 

сұрақтар өз мәнін жоймай отыр. Атап айтсақ, Ресей империясы қазақ, 

қалмақ,  татар,  түрікмен  сияқты  көшпелілерді  отарлау  саясатын  айна-

қатесіз, еш кемшіліксіз жүргізе алды ма? Бөкей хандығының пайда болуы-

на XVIII ғасыр аяғындағы Кіші жүзде қалыптасқан саяси, экономикалық, 

әлеуметтік  дағдарыстар,  соның  ішінде  кейінгі  буын  ғалымдар  айтып 

жүрген «атақонысқа» ұмтылу ниеті жеткілікті болды ма?

Міне, осы сұрақтарды зерттеу жұмысымызға арқау етіп, қайтадан 

зерделеуді жөн көріп отырмыз.

XVIII ғасырдың бірінші ширегі қазақ халқы үшін ауыр да сындар-

лы кезеңге айналғаны тарихымыздан белгілі. 1731 жылы 10 қазан күні 

Кіші жүздің ханы Әбілқайыр бас болған 30 адам Ресейдің қол астына 

қарау туралы ант берді [74, 47 б.]. Мұның өзі Қазақстанның Ресейге 

қосылуының  бастапқы  қадамы  еді.  осы  уақыттан  1801  жылға,  яғни 

Бөкей ордасы құрылғанға дейін тура 70 жыл өтеді. «Елу жылда ел жаңа» 

екенін ескерсек, 70 жылда әр түрлі оқиғалар өз кезегімен жүріп жатты. 

осы уақыт аралығын Ресейдің экономикалық саясатының бағытына, 

Кіші  жүздің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайының  өзгеруіне  байла-

нысты II кезеңге бөліп қарастырған жөн: 1) 1731 – 1771 жылдар. 2) 

1772 – 1801 жылдар.

Бірінші кезең Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатына бел шеше 

кірісуімен, Кіші жүз қазақтарына қатаң экономикалық санкция орна-

туымен  және  көшпелі  халықтарды  отарлауда  үлкен  саяси  қателіктер 

жіберуімен ерекшеленді.

XVIII  ғасырдың  өн  бойында  Ресей  кіші  халықтарды  империя 

құрамына күшпен қосу арқылы өз шекараларын ұлғайта берді. осы-

лайша  ол  ұлттық  және  отаршыл  қанаудың  механизміне  айналды. 

Ресейдің батысы мен оңтүстігіндегі бөтен иеліктерді жаулап болған соң 

дворяндық үкімет шығысқа қарай көз аларта бастады. II Екатеринаның 

патшалық құруы кезінде Ресей Азияға саяси ықпалын күшейтуді қолға 

алды.  Башқұрт  елін  толықтай  жаулап  алған  дворяндық  самодержа-

вие  орта  Азияны  басып  алудың  аз-ақ  алдында  тұрды.  I  Петрдің  өзі 

Қазақстанды орта Азия, Үндістан, Батыс Қытаймен сауда байланысын 

орнатудағы «кілт пен қақпа» деп санады. Қазақстан Ресейдің сыртқы 

саяси жүйесінде маңызды стратегиялық рөлге ие бола бастады және 

сәйкесінше  сол  кезеңдегі  халықаралық  мәселелерді  шешуде  белгілі 

бір  маңызға  ие  болды.  Ресейдің  қазақ  жерлерін  игеруі,  бекіністер 

мен әскери шептер тұрғызуы оның халықаралық мәртебесін, жекелей 

алғанда  Азиядағы  жағдайын  нығайтты.  осыған  қатысты  в.Я.Басин 

Қазақстандағы  Ресей  саясатының  басым  бағыты  Азия  базарлары-

на  апаратын  қауіпсіз  және  тұрақты  сауда  жолдарын  қазақ  далалары 

арқылы  өткізуге  деген  ұмтылысынан  көрінді  деген  тоқтамға  келді 

[100, с. 264]. 

Әрине,  Ресейге  өркендеп  келе  жатырған  өз  өнеркәсіптерін 


22

23

шикізатпен,  билеуші  топтарды  бағалы  бұйымдармен,  мемлекеттік 



қазынаны  ақшамен  қамтамасыз  ету  керек  болды.  оған  қоса  патша 

үкіметі жаңа жерлерді иелену арқылы қанаушыларға қарсы күрескен 

басыбайлы  шаруалардың  назарын  басқаға  аударуға,  ел  ішіндегі 

қайшылықтарды  әлсіретуге  үміт  артты.  Міне,  Ресей  үкіметінің 

Қазақстанды отарлаудағы мақсаттары мен міндеттері осындай болды.

Біз  қарастырып  отырған  бірінші  кезеңде  Кіші  жүзде  хандық 

құрған Әбілқайыр хан Ресей үкіметі артқан үмітті ақтамады. Хандық 

билікті  орталықтандыруға  ұмтылған  оның  әрекеті  империя  саясаты-

на  қарама-қайшы  келді.  Батырлығы  мен  өркөкіректігі,  ақылдылығы 

мен  билікқұмарлығы  астасқан  Әбілқайыр  хан  1748  жылы  Барақ 

сұлтанның қолынан қаза тапты [74, 66 б.]. 1749 жылы оның үлкен ұлы 

Нұралы хан сайланды. оны бұл атаққа орыс үкіметі бекітті. Бұл пат-

ша үкіметінің қазақ хандарын бекітуіндегі тұңғыш жағдай еді. Нұралы 

тұсында  орыс  үкіметіне  деген  тәуелділік  күшейді.  Нұралы  ханның 

қоғамдық-саяси  қызметін  тарихшы  М.П.вяткин  былайша  сипаттай-

ды:  «ол  өз  иеліктерінің  патшалық  Ресейге  вассалдық  қатынастарын 

нығайтуға  қол  жеткізді,  бірақ  феодалдық  негізде  қазақ  хандығының 

бірігуін қайта жаңғыртуға жете алмады» [94, с. 162]. Бірақ бұл ара-

да  отарлаушылардың  Нұралы  ханға  Кіші  жүз  халқын  біріктіруге 

мүмкіндік бермегендігін атап өтуіміз шарт. 

1771 жылға дейінгі патша үкіметінің Кіші жүзге қатысты өзіндік 

саясаты  болды.  Әсіресе  орынбор  кеңсесінің  қызметкерлері  генерал-

майор А.И.Тевкелев пен кеңесші П.И.Рычковтың 1759 жылғы жазба-

ларынан жергілікті әкімшіліктің ордалықтарға қатысты мынадай жо-

спары болғанын байқаймыз:

Кіші  орданы  біртіндеп  сауда  мен  отырықшылық  өмірге  бау-

ли  отырып,  мемлекет  мүддесіне  қарай  бейімдеу  және  қажет  болған 

жағдайда көршілес бағынышты халықтарға қарсы әскери күш ретінде 

пайдалану;

орданы тәртіпке келтіру үшін хандардың билігін күшейту және 

оларға арнап бекініс салып, жеке бас қауіпсіздіктерін сақтау мақсатында 

бірнеше казактарды офицерімен қосып тағайындау. Кіші жүз ханына 

арналатын бекіністі Ембі өзенінің жағалауында салу жобаланады;

Қазақтардың жаппай наразылығы белең алған жағдайда оларды 

бір-біріне айдап салу, шығыстыру арқылы басып жаныштау;

олардың басқа жерлерге кетіп, өзге күштермен қосылып, қауіп-

қатер төнгізбеуі үшін мейіріммен, әділеттілікпен қарап, осы мекенде 

ұстап қалу; [101, 4 п.].   

орынбор  облыстық  мемлекеттік  мұрағатынан  табылған  бұл 

құжат империялық саясаттың бет-пердесін ашып береді. Қазақтардың 

ешқандай аймаққа көшіп кетпеуін қадағалау, оларды Кіші жүз терри-

ториясында  ұстап  тұру,  башқұрт,  қалмақ,  түрікмен  сияқты  көшпелі 

халықтарға  айдап  салу,  хандардың  билігін  тек  елдегі  тәртіпті 

қамтамасыз ету үшін пайдалану қарастырып отырған кезеңдегі кезек 

күттірмейтін мәселелерге айналды.

Ресей империясы Кіші жүз қазақтарын экономикалық тұрғыдан 

қыспаққа  алып,  қатаң  шаруашылық  санкцияларын  орната  бастады. 

Көшпелі мал шаруашылығын қазақ халқы бірнеше ғасырлар бойы ата-

бабаларынан мұра болып қалған кәсіп ретінде өте жоғары бағалады. Жер 

өңдеу ісінің үлес салмағы мал шаруашылығына қарағанда әлдеқайда 

төмен болды. Жазда жайлауда, күзде күзеуде, қыста қыстауда, көктемде 

көктеуде  көшіп-қонған  қазақтар  маусымдық  жайылыс  көздеріне 

аса  мұқтаж  еді.  Қоршаған  ортаның  табиғи-климаттық  жағдайы  да 

маусымдық  көші-қон  мен  жайылыс  көздерін  тиімді  пайдалануды 

қажет етті. Маусымдық жайылысты таңдауда табиғи жағдайлар, яғни 

өсімдіктердің өсу деңгейі, су көздерінің молдығы, жауын-шашынның 

көлемі, ландшафт пен рельефтің жекелеген элементтері ескерілді. оған 

қоса маусымдық жайылыс көздерін анықтауда көшпелі шаруашылық 

типі, мал құрамы және әрбір қауымдағы өндіріс процесін ұйымдастыру 

түрі зор ықпалын тигізді.

Қазақтардың Еділ мен Жайық өзендері аралығына ұмтылуы мен 

осы  өлкені  патша  үкіметінің  игеруінің  өзіндік  тарихы  бар  еді.  XV-

XVII  ғасырларда  Жайық  пен  Сібірді  жаулап  алғаннан  кейін  патша 

үкіметінің қазақ даласына қарай бағыт алуының алғашқы әрекеттері 

жасалып, казактардың бекініс тізбектері салына бастады [202, 17 б.]. 

Қазақтардың  Қосөзен  аралығынан    дәмелі  екендігін  жете  түсінген 

патша үкіметі XVII ғасыр басында-ақ Астрахань өлкесінде де арнайы 

шептер құруды қолға алды. Бұл хақында әскери істің білгірі, полков-

ник И.А.Бирюков 1911 жылы жарық көрген «История Астраханского 

казачьего  войска» атты еңбегінде  былайша жазған еді: «Астрахань 

өлкесін қазақтардың шабуылдарынан қорғау қызметі 1737 жылы үш 

жүздік командасының құрылуымен басталды. Бұл  полкқа пошталық 

қызметтен  басқа  қалмақтарды,  Каспий  теңізі  жағалауындағы  балық 

өндіру  батағаларын  және  Краснояр  уездінің  бейбіт  тұрғындарын 

қорғау міндеті жүктелді» [24, с. 543]. осы кезеңде Астрахань өлкесін, 

біріншіден  -  Кубандықтардың,  екіншіден  –  қазақтардың  шабуылда-

рынан қорғау, оған қоса қалмақтардың қоқан-лоққыларының  алдын 

алу  үкіметтің  негізгі  жұмысына  айналғанымен,  басты  міндет  Кіші 

жүз қазақтарын өз мекендерінде ұстап қалу болған еді. ол жоғарыда 

көрсеткеніміздей орыс шенеуніктері А.И.Тевкелев пен П.И.Рычковтың 

жоспарларымен үндестік тапты.


24

25

Алайда патша үкіметі қазақтарды ауыздықтау жолында бекіністер 



мен  шептер  тұрғызумен  шектеліп  қалмады.  Наразылықтың  ошағын 

экономикалық санкция арқылы ойрандау керек еді. осы орайда Ресей 

үкіметі  орынбор  губернаторы  және  құпия  кеңесші  И.И.Неплюевтің 

атына 1757 жылы 13 желтоқсанда қазақтарды Жайық өзенінің оң жақ 

бетіне өткізбеу туралы арнайы рескрипт шығарды. Бұл рескриптіде: 

«Қыс  кезінде  қазақтардың  малын  Жайық  өзенінің  оң  жағына  өтуіне 

рұқсат берілмесін» [28, с. 178], - деп тайға таңба басқандай етіп жа-

зылды. Қарапайым көшпенділерге ауыр соққан бұл Жарлық Нұралы 

хан бастаған саяси элиталарды белгілі бір дәрежеде айналып өтті. 1845 

жылы Бөкей ордасының территориясына қатысты дау-дамайда орал 

казак әскерінің атаманы К.К.Геке орал әскери кеңсесінде жинақталған 

мәліметтерге сүйеніп 1755, 1756, 1757, 1758 жылдары Нұралы ханның 

өз  туыстарымен  Жайық  өзенінен  ішкі  тарапқа  өткендігі  жөнінде 

мәлімет келтірді [102, 34 п.].  Патша үкіметі экономикалық тұрғыдан 

көмек көрсету арқылы қазақ  ақсүйектерінің саяси қолдауына ие бо-

луды  және  қатардағы  көшпелілердің  оларға  деген  жеккөрініштілігін 

өршітуді көздеді. демек қарастырып отырған кезеңде қазақтарды Еділ 

мен  Жайық  өзендері  аралығына  түпкілікті  өткізу  геосаяси  тұрғыдан 

мүмкін болмады.

ХҮІІІ ғасырдың орта тұсында Ресей империясының отаршылдық, 

басқыншылық  саясаттары  сыр  бере  бастады.  Өзге  мемлекеттердің 

жерлері мен сауда жолдарын жаулап алуға ұмтылған ол сыртқы саясат-

ты бірінші орынға қойды. Швеция, Польша, Түркия, Персия елдерімен 

арадағы соғыстар да, башқұрт, қалмақ, түрікмен, татар, қазақ секілді 

«бұратана»  халықтарға  қатысты  мемлекеттік  саясат  та  оңайлықпен 

жүзеге  аса  қоймады.  Сол  себепті  Бөкей  хандығының  құрылу 

себептерін зерттеуде осы фактілермен санаспауға әсте болмайды деп 

есептейміз. Ал алып державаның оңтүстік өңірдегі көшпелі қазақтарға, 

қалмақтарға, татарларға қатысты бейбіт отарлау саясатын ұстанғаны 

белгілі. Көшпелілердің саяси элиталарын сыйлықтар беріп сатып алу, 

оларды бір-біріне айдап салу, қажет кезде сатқындық жасау, қарапайым 

бағынышты халықтарды билеушілеріне қарсы көтеру – бейбіт түрде 

отарлаудың негізгі құралдары еді. Алайда мұндай саясаттың өзі де от-

арлаушы шенеуніктерге үнемі тиімді нәтиже бермеді. 

Ресей империясының көшпелі халықтарды отарлау саясатындағы 

жіберген кемшіліктері ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында өз нәтижесін 

көрсетті. 1771 жылы Еділ қалмақтарының тарихи отаны Жоңғарияға 

бет алуы соның айқын дәлелі болды. Бөкей хандығының құрылуына 

алғышарт та, себеп те, түрткі де болған осы оқиға еді. Бұл оқиғаның 

Қазан төңкерісіне дейінгі кезең, Кеңестік заман, тәуелсіздік тұсындағы 

ғалымдардың  назарынан  тыс  қалғандығы  байқалады.  Әлбетте, 

Ішкі  орданың  құрылуында  Кіші  жүздегі  ішкі  саяси,  экономикалық, 

әлеуметтік  қайшылықтарды  жоққа  шығаруға  болмайды.  Бірақ    Ұлы 

қалмақ  көші  Жоңғарияға  бет  түземегенде  ешқандай  Ішкі  орданың 

құрылуы  туралы  әңгіме  де,  мақсат  та  болмас  еді.  Енді  осы  елеулі 

оқиғаға тоқталайық.

ХҮІІ ғасыр басында Ембі, ойыл өзендері бойынан Нарын құмы 

мен Боғда тауына қарай көшіп келген қалмақтар қазақ хандығы шека-

расына орналастырылып, шекара күзету ісіне тартылып, оларға арнайы 

жағдай  жасалып,  үкімет  тарапынан  уәделер  беріліп  ынталандырыл-

ды. Алғашқы кезде жайылымдық жерден және тұрмыс қажеттілігінен 

тарыққан қалмақтар патша үкіметі көңілінен шығуға ұмтылып бақты. 

Арада жылдар өткен соң патша үкіметі қалмақтарға өзге де талаптар 

қойып, отаршылдықтың қамытын кигізе түсті. Түрлі алым-салықтар 

халыққа ауыр жүк болған еді. 1761 жылы Еділ қалмақтарына Церен-

доржы бастаған 1000 шаңырақтай торғауыттардың келіп қосылуы сая-

си өмірге айтарлықтай өзгерістер әкелді. Жоңғария территориясында 

тәуелсіз  ойраттар  мемлекетін  құруды  көксеген  Церен-доржы  Ресей 

үкіметінің  қалмақтарға  көрсетіп  отырған  озбырлығын  алға  тартып, 

халық  арасында  тарихи  отанға  қайтып  оралу  идеясын  уағыздады. 

оған қоса жоғарғы биліктің қалмақ билеушісі Убашидан Түркиямен 

соғыс үшін арнайы әскер бөлуін талап етуі елді дүрліктірді. Христиан 

дінін көшпелі халықтарға сіңдіруді ойластырған үкіметтің діни саяса-

ты қалмақтардың дәстүрлі дүниетанымына қайшы келді. олар әлемдік 

дін  санатындағы  буддизмнің  ламаизм  бағытын  ұстанған  болатын. 

Лозан-джалчин  есімді  лама  да  қалмақтарды  тарихи  отанға  оралуға 

үгіттеуде белсенділік танытты. ол ламаизм дінінің жоғарғы діни өкілі 

далай-ламаның  1771-1772  жылдарды  қалмақтар  үшін  бақыт  әкеледі 

деп  болжағандығын  алға  тартты.  осылайша  ХҮІІІ  ғасырдың  60-шы 

жылдарында қалмақ жерлерінде Ресей империясының отаршылдық са-

ясатына қарсы бағытталған үгіт-насихат кеңінен етек алды. Ел ішінде 

«Ресей қалмақ балаларын аманатқа алып, 10000-дай адамды соғысқа 

әкетеді-мыс» деген қауесеттер тез қарқынмен тарайды [103, 8 п.].

Негізінен  алғанда  Ресейден  Жоңғарияға  кету  идеясы  қалмақ 

хандарының санасында ешқашанда сөнген емес еді. Хошоут ұлысының 

билеушісі  Замьянның  айтуы  бойынша  Аюке  хан  екі  мәрте  көшуге 

оқталған.  дарма-Бале  Жоңғария  билеушісімен  Еділ  қалмақтарын 

тарихи  отанына  көшіру  туралы  хат  жазысқаны  үшін  тиісті  сазайын 

тартты.  дәл  осындай  ниеттер  дондок-омбо,  дондок-даши  секілді 

билеушілерде де болған. 

Цебек-доржы мен оның жақтастары өз кезегінде Убаши хан мен 


26

27

бүкіл  қалмақ  халқын  Ресейге  қарсы  қоюды  қолға  алды.  1767  жылы 



халық  наразылығының  пісіп-жетілгені  сондай,  ұлы  көшті  бастаудың 

сәті келіп жетті. осы жылдың 2 наурызында Астрахань губернаторы 

Н.А.Бекетов  Убаши  ханның  ата  жауы  Замьяннан  қалмақтардың  бұл 

ниеті  туралы  жазылған  алғаш  хабарды  алды.  Хатта  қалмақтардың 

Қытай  бодандығын  қабылдағысы  келетіндігі  және  сол  үшін  Қиыр 

Шығысқа апарар жолды барлап жүргені туралы айтылды. дәл осын-

дай  хаттарды  Замьян  Н.А.Бекетовке  1768,  1769  жылдары  қайта-

қайта жолдады. Алғашында өлке басшысы Замьянның баянаттарына 

үлкен күмәнмен қарады. Себебі қалмақ істерін басқарушы полковник 

И.А.Кишенскиймен келісе алмаған Замьян 1767 жылы ұлыс билеушісі 

лауазымынан  айырылған  еді.  Кейіннен  Н.А.Бекетовтың  өзі  де 

қалмақтарға күдікпен қарай бастады. 1769 жылдың наурызында сенімді 

тыңшылардың берген құпия мәліметтері Астрахань губернаторының 

күдіктерін шындыққа шығарды.

Қалмақтардың  Ресейден  кетпек  ойын  губернатор  Н.А.Бекетов 

Сыртқы  істер  коллегиясына  жеткізбек  болды.  1770  жылы  15 

сәуірде  жазған  баяндамасында  қалмақтарды  ұстап  қалудың  ба-

сты  шарасы  ретінде  Петербургке  билеуші  Убашиді  және  Ерем-

пел,  Бамбара,  Шеаренга,  Цебек-доржы,  Лоузанг-жалшин,  даши-

дондук  секілді  басты  ұйымдастырушыларды  шақыртып,  тексеріс 

жүргізуді  немесе  тұтқындауды  ұсынады.  Алайда  Сыртқы  істер  кол-

легиясы  И.А.Кишенскийдің  баяндамаларына  сүйеніп,  губернатор 

Н.А.Бекетовтың күмәндарын жоққа шығарды [104, 4-14 пп.]. 

1770 жылы Еділ өзенінің таулық беткейін мекендеген қалмақтар 

сол  жақ  бетке  өте  бастады.  Қалмақтардың  былайша  қоныс  ауда-

руы  орыс  шенеуніктерінің  назарынан  тыс  қалмады.  осы  жайтқа 

байланысты  қызығушылық  танытқан  полковник  И.А.Кишенскийге 

билеуші Убаши 26 желтоқсанда жазған хатында: «Қазақтар орыстар 

мен қалмақ халықтарына қарсы жорыққа шықпақ екен. Біздің халық 

тойтарыс  беру  үшіне  күш  біріктіруде»  [103,  24  п.],  -  деп  мәлімдеді. 

Қазақтарға қатысты кез-келген озбырлық іске қолдау көрсететін пат-

ша үкіметі қалмақтардың бұл әрекетіне өз келісімін берді. Сөйтіп, өз 

арандатушылық саясатының өздеріне соққы болып тиетінін бұл кезде 

сезбеген де еді.

1771 жылы 4 қаңтарда Убаши Нарын құмдарында орналасқан Бел-

ту мекенінде әскерлер, билеушілер және халық алдында сөз сөйлеп, 

Ресей империясынан кету қажеттігін жария етті. осылайша қаптаған 

қалмақтың ұзын көші атамекені Жоңғарияға қарай ұзақ сапарға аттан-

ды  [137,  с.  46].  Зерттеуші  Н.Пальмовтың  деректеріне  сүйенсек  Еділ 

бойынан  30909  шаңырақ  шыққан  екен  [138,  с.  76].  Ал  Н.Я.Бичурин 

қалмақ көшінде 33000 шаңырақ, 169000 адам болғандығын көрсетті 

[109, с. 113].

Қалмақтар  Жайық  өзенінен  өткен  соң  Жемді  жағалай  жүруді 

бірден-бір  дұрыс  жол  деп  тапты.  Алғашқы  күндері  қуанышқа  толы 

болғанымен алда оларды есе қайтаруды міндет тұтқан қазақ қолдары 

күтіп тұрды. Ембі өзені бойында Жаманқара бастаған қазақ жасақтары 

шабуыл жасады. Қалмақтар бұл шабуылға тойтарыс бере алды. Алай-

да қазақтардың мұндай ниетінен қауіптенген қалмақ билеушісі Убаши 

1771  жылы  15  сәуірде  Нұралы  ханға  жазған  хатында  қалмақтардың 

қазақтармен жалпы тату тұрғандығын,  енді бүгінгі күні де олардың 

қалмақтарды ренжітпеуі тиістігін көрсетті. Ал бұдан төрт ай бұрын, 

яғни  21,  27  қаңтарда  орынбор  губернаторы  И.А.Рейнсдроп  ханға 

қалмақтарды кері қайтаруға, мал-мүлкін талан-таражға салуға нұсқау 

берген  еді  [74,  109-110  бб.].  Зерттеуші  А.Г.Митировтың  мәліметіне 

сенсек, Қытай мемлекеті Нұралы мен Абылай хандарға қалмақтарға 

тиіспеу жөнінде ескерту жасаған [108, с. 141]. дегенмен кейінгі зерт-

теулер қазақ билеушілерінің алып империялар жетегінде кетпегендігін 

дәлелдейді.  Ә.Қ.Мұқтардың  пікірінше  Нұралы  да,  Кіші  жүздің  өзге 

билеушілері  де,  орта  жүздің  игі  жақсылары  да  солтүстік-батыстан 

үнемі қауіп төндірген, көшпелілердің қонысын тарылтқан қалмақтарды 

тоқтатуды жөн көрмеген [107, 6 б.]. Ал С.А.Едилханованың пайымдау-

ынша Абылай хан қалмақтарды Қытай мемлекеті мен қазақ хандығы 

арасындағы  аралық  қалқанға  айналдыруды  көздеген  [108,  с.  141]. 

Қалай  болғанда  да  Нұралы,  Абылай,  Қайып  хандар,  Айшуақ,  Ерәлі, 

Әділ,  орыс  сұлтандар,  атақты  би,  батырлар  осы  «Шаңды  жорыққа» 

белсене  қатысып,  ата  кекті  қайтаруға  ұмтылып,  ұйымшылдықтың 

үлгісін көрсетті. 

Қалмақтардың Жоңғарияға үдере көшуі Ресей үкіметін дүрліктірген 

еді.  Жоғарғы  билік,  Сенат,  Сыртқы  істер  коллегиясы,  жергілікті 

басшылық өздерінің жіберген саяси қателіктерін түсіне бастады. 1767 

жылдан бастап дабыл қаққан Астрахань губернаторы Н.А.Бекетов саяси 

көріпкелге баланды. ол Сыртқы істер коллегиясына алдын-ала Убаши, 

Цебек-доржы,  Шеаренг  секілді  ұйымдастырушыларды  тұтқындауды 

және қалмақтардың жағдайын жеңілдетуді ұсынған еді. Қашқындарды 

қарулы күшпен қайтара  алмаған патша үкіметі қол қусырып отырған 

жоқ-ты.  Империяның  оңтүстік  шекараларын  қорғаушы,  әрі  сыртқы 

жаумен соғыстағы әскери күш, әрі Ресей өнеркәсібін шикізат көзімен 

қамтамасыз етіп тұрушы қалмақтардан өз кінәлары кесірінен айыры-

лып қалу саналарына сыймады. Ендігі кезекте дипломатиялық жолды 

пайдалану міндеті тұрды.



28

29

Көп кешікпей Ресей үкіметі Қытай министрлерінен екі елдің ара-



сында бұрын жасалған келісім бойынша Еділден қашқан қалмақтарды 

кері  қайтаруын  сұрады.  Алайда  Қытай  елі  Ресей  империясының 

Жоңғариядан  Еділге  қашқан  Серенді  қайтармағандығын  тілге  тиек 

етіп, бұл өтініштерін орындай алмайтындығын мәлімдеді. Әрине, бұл 

алдына келген олжадан бас тарта алмайтын Қытайдың айтқан сылтауы 

еді [109, с. 115].

Ұлы  қалмақ  көші  Кіші  жүз  қазақтарына  саяси,  экономикалық, 

әлеуметтік  тұрғыдан  кереметтей  мүмкіндік  ашып  берді.  осылайша 

қатаң,  отаршылдық  саясатқа,  экономикалық  санкцияға  толы  кезең 

(1731-1771)  артта  қалды.  Ендігі  кезекте  Бөкей  хандығы  құрылғанға, 

яғни 1801 жылға дейін экономикалық тұрғыдан алғанда жеңілдіктерге 

толы  жылымық  кезең  орнай  бастады.  Әрине,  Ресей  самодержава-

сы  отарлаушылық  саясатынан  еш  бас  тартқан  емес.  осы  орайда 

Б.Аспандияров: «Қалмақтар Қытайға кеткен соң патша шенеуніктерінің 

қазақтарға  деген  қарым-қатынасы  біршама  өзгерді.  Өшпенділік  пен 

жатсынудың орнына «бейбіт» саясатқа көшу барысы байқалды» [32, с. 

38], - деп дұрыс көрсеткен еді.

ХҮІІІ  ғасырдың  80  жылдарында  Кіші  жүздегі  саяси  жағдай 

шиеленіскен  күйінде  қала  берді.  Қатардағы  шаруалардың  Сырым 

датұлы  бастаған  1783-1797  жылдардағы  ұлт-азаттық  көтеріліске 

қатысуы  соның  айқын  көрінісі  болды.  Патша  үкіметіне  де,  бұқара 

халыққа да қажеті болмай шыққан Нұралы ханды тақтан тайдырған бұл 

қозғалыстың экономикалық жағдайға да әсері зор болды. 1783 жылы 29 

маусымда үкімет орынбор өлкесінің басшысы генерал А.И.Апухтиннің 

атына Жарлық жолдады. ол бойынша малға азық жетіспеген жағдайда 

қазақтарды ішкі тарапқа өткізуге, орыс тұрғындарынан жалға жер алуға 

рұқсат етілді [28, с. 180]. 1786 жылы қазан айында генерал-губернатор 

о.А.Игельстром Кіші жүздің он жеті старшындарына, олардың 45 мың 

шаруашылығымен қыста өзеннен өтуге рұқсат берді. Бұл жайылымдық 

жерден тапшылық көріп отырған көптеген ауылдарға өзіндік көмегін 

тигізді [36, с. 201].

 

одан соң 1783 жылы 29 маусымда шыққан Жарлық 



1787 жылы 21 сәуірде жоғарғы үкімет тарапынан қайтадан бекітілді. 

Ішкі тарапқа өтуді бақылауды бекініс коменданттарына тапсыру және 

көшіп-қонудың тыныш қалыпта болуын қамтамасыз ету үшін беделді, 

ықпалды адамдардан аманат алу ұсынылды.

Патша үкіметі қазақтарға экономикалық жеңілдіктер жасай оты-

рып өз еселерін де жібермеуге тырысты. 1788 жылы шекаралық әскери 

экспедиция  Жайық  өзенінен  өтіп,  осы  маңды  жайлаған  қазақтардан 

алынатын мал салығы туралы Жарлық шығарып, елден салық жинауға 

кіріседі. дәл осы жылы ішкі тараптағы қазақтар жайылымы шектелді. 

Себебі отарлаушы империяға «қырғыз-қайсақ халқының Еділ өзеніне 

жақындауын шектеу және олардың осы өзен бойында орналасқан елді-

мекендерге тиіспеуін қадағалау» керек болды [105, 56 п.].

Қазақтардың тұрмысын күйттеуде үкімет тек сот және әкімшілік 

реформаларымен  шектеліп  қалмады.  Қыс  мезгілінде  малдың  Ре-

сей  аймағына  өтуіне  рұқсат  берген  үкімет  шенеуніктері  ішкі  тарап-

та да әскери шептер құруды қолға алды. 1783 жылы Еділ даласында 

қыс  мезгілінде  арнайы  күзет  постыларын  орнату  және  оларды  жазда 

қайтадан тарату көзделді. Нәтижесінде ішкі тарапта 1737 жылы қолға 

алынған күзет қызметі 1783-1793 жылдары Уақытша күзет шебі атын 

жамылып,  қайтадан  жанданды  [24,  с.  547-548].  Іс  жүзінде  олардың 

міндеті қазақтардың Қосөзен аралығында мәңгілік тұрақтап қалмауын 

қадағалау, империя тұрғындарына еш зиян келтірмеуін бақылау болды.

XVIII  ғасырдың  90-шы  жылдарында  Кіші  жүздегі  жайылым 

мәселелерінің  шешілу  деңгейі  құбылмалы  күй  кешті.  1787  жылы 

қазақтардың  қыс  кезінде  мал-мүлкімен  ішкі  тарапқа  өтуіне  берілген 

рұқсат келесі жылдары да өз күшін жоймаған еді. Алайда 90-шы жыл-

дары  қазақтардың  көшіп  жүретін  аймағы  шектеуге  ұшырады.  1790-

1791  жылдардың  қысында  ішкі  тарапқа  170705  жылқы,  6790  түйе, 

246292 қой және 16090 сиырмен бірге 1857 қазақ өтсе, ал 1794-1795 

жылдары  1367  адам  195796  жылқысымен,  16785  түйемен,  58684  ірі 

қарасымен және 445768 қойымен Еділ-Жайық аралығына көш түзеді 

[105, 102 п.].

осы  кезеңде  Кіші  жүзде  жайылым  мәселесінің  күрделенгені 

соншалық,  қыс  кезінде  ішкі  тарапқа  өткен  қазақтар  кері  дала  бет-

ке  оралмастан,  осы  Қосөзен  аралығында  жазда  да  тұрақтап  қалуды 

әдетке айналдырды. Патша үкіметі қыс кезінде орнатылып, ал жаз түсе 

жиналатын Уақытша күзеттің (1783-1793жж.) дәурені өткенін түсіне 

бастады  [79,  с.  91-92].  1793  жылдың  тамыз  айында  ішкі  тараптағы 

посттар тізбегін қысқарту мен тұрақты күзет құрудың жобасы жасал-

ды. Аталмыш жобаны Ресей патшасы мақұлдап, 1794 жылы арнайы 

Жарлығымен бекітті. ол бойынша Камеликадан Өзенге, одан әрі Өзен 

бойымен Қамыс-Самарға дейін, бұдан орал шебіне дейін жаңа кордон-

дар құру ұйғарылды [24, с. 553-554].

ХҮІІІ  ғасырдың  80-90  жылдарында  қазақтардың  Еділ-Жайық 

аралығына  өту  құқығын  иеленуінде  Сырым  датұлы  елеулі  еңбек 

сіңірді.  отарлаушы  үкімет  оны  тұтқыннан  босатуға  талпынып,  өз 

саясатының  «қуыршағына»  айналдырудың  түрлі  айла-шарғыларын 

жасағанымен батыр халық мүддесін сатпады [83, с. 116]. Полковник 

д.Гранкиннің  өз  қолжазбаларында  Сырымға  сенбестік  танытуы  [83, 

с. 131], генерал-губернатор А.Пеутлингтің ІІ Екатерина патшайым ал-



30

31

дында батырды «атақты бұзақы, қарақшы» етіп көрсетуі [83, с. 137] 



соның  дәлелі.  оған  қоса  тарихшы  М.П.вяткин  Сырым  және  оның 

жақтастарының 1787 жылы расправалық жүйені қолдау арқылы Ресей 

империясын  өздеріне  қарсы  қойып  алмауды  және  «ішкі  тараптағы» 

жайылымдарға ие болу құқығын сақтап қалуды ойластырғанын жаз-

ды  [95,  с.  228-229].  Жалпы  ұлт-азаттық  қозғалыстың  дамылдауына 

қазақтардың Еділ-Жайық аралығын уақытша пайдалану мүмкіндігіне 

ие болуы және оны батырдың сезінуі, әрі Ресей империясына қарсы 

шығу зардаптарын түсінуі әсер етті.

Алайда Сырым датұлының атақоныс үшін күресі мұнымен бітті 

деуге болмайды. Бұл мақсатқа жетуде ол бейбіт жолды таңдаған. осы 

орайда  кейбір  деректерде  1801  жылы  ішкі  тарапқа  көш  түзеушілер 

қатарында атақты батырдың есімі де аталатындығын айта кеткен жөн. 

оның  Еділ-Жайық  аралығына  бағытталған  көшке  қатысы  жөнінде 

Қазан төңкерісіне дейінгі дәуір авторларының ішінен А.Евреинов [10], 

И.С.Иванов [23], И.А.Бирюков [24] сынды зерттеушілер қызықты де-

ректер келтіреді. 

отарлаушы үкіметтің сенімді шенеунігі бола білген А.Евреинов 

Кіші  жүз  тұрғындарының  Жайықтың  оң  жақ  бетіне  өтуінде  Сы-

рым  батырдың  шешуші  рөлге  ие  болғандығын  айтады.  осы  жайтты 

қарастырған ол мынадай тоқтамға келді: «Ішкі тарапқа өтуде бір ғана 

Бөкей  сұлтанның  әсері  аз  болатын.  Шынайы  үлгі,  күшті  ерік  керек 

болды. Мұндай қасиеттер ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Кіші 

жүздегі  оқиғаларда  көзге  түскен  Сырым  батыр  бойынан  табылды. 

Табиғатынан зор күшке, терең ақылға, асқа ерік-жігерге ие, өзі айла-

кер,  әрі  даңққұмар  ол  халықтың  нақсүйеріне  айналды.  ордалықтар 

оның бойынан өз айбынын көрді, себебі Сырым шығу тегі бойынша 

оларға тиесілі еді» [10, с. 52]. Зерттеуші И.С.Иванов та А.Евреиновтың 

пікірімен келісе отырып, батырдың өз заманының жігерлі де даңқты 

тұлғасы  бола  білгендігін,  өзгелердің  онымен  санасуға  мәжбүр 

болғандығын жазды. оған қоса автор Кіші ордадан бөлініп және одан 

тәуелсіз орда құру ісінде бір ғана Бөкейдің ықпалының жетіспейтініне 

баса назар аударды [23, №86]. 

Өз кезегінде И.А.Бирюков Сырым датұлының ішкі тарапқа көшу 

үрдісіне ат салысқанын нақтылап өтті. Автор өз еңбегінде Астрахань 

казак  әскерінің  басшысы  П.С.Поповтың  1801  жылы  5  қыркүйекте 

Сырымға  бірінші  хатын  жолдағандығы  жөнінде  мәлімет  келтіреді. 

П.С.Попов батырға дұрыс қабылдаған шешімі үшін алғысын білдіріп, 

ішкі тарапқа асығуын өтінген және осы ұсынысын былайша жеткізген: 

«Өзіңізді  сыйлағандықтан,  әрі  жақын  серігім  санағандықтан  сізге 

Жайықтың оң жақ бетіне бірінші болып қадам жасауға, өзгелерге үлгі 

көрсетуге  кеңес  беремін.  Ең  болмаса  басқалардан  бір  күн  бұрын  өз 

ұлысыңызбен, жанұяңызбен ішкі бетке көш түзеңіз. осы ерлігіңізден 

соң мен сіздің орданың алғашқы дворяны атануыңызға міндетті түрде 

жағдай жасаймын және қызметіңізге сай қажетті шенді иеленуіңізге 

мүмкіндік туғызамын» [24, с. 614]. одан әрі қарай И.А.Бирюковтың 

мәліметтеріне сүйенсек, 1801 жылдың 28 қыркүйегінде жолдаған екінші 

хатында  П.С.Попов  Сырымнан  көші-қон  салдарынан  қорықпауын 

өтініп, оның жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде еткен. Ақыр 

соңында  зерттеуші  Сырым  датұлы  Бөкеймен  бірге  өтті  деген  анық 

қорытындыға келеді [24, с. 614-615].

Алайда ізденіс барысында Сырым батырдың ішкі тарапқа өткендігі 

туралы мәліметті мұрағат қорларынан кездестіре алмадық. Еділ-Жайық 

аралығына  алғашқы  көш  түзеушілердің  тізімінде  Кіші  жүздің  белді 

сұлтандары, билері, старшындарының есімдері тізілгенімен ержүрек 

батырдың аты ұшыраспайды. Бірақ бұл Қосөзен аралығын иеленуде 

Сырымның  ешқандай  рөлі  болмады  деген  сөз  емес.  Өйткені  кейінгі 

зерттеулер М.П.вяткиннің батырды 1797 жылы Хиуаға қашты деген 

мәліметін қайта қарау қажеттігін көрсетіп отыр [95, с. 314]. Мәселен, 

Ә.Қ.Мұқтар  Сырымның  1799  жылы  22  мамырда  орынбор  әскери 

губернаторына  соңғы  хатын  жолдағанын,  кейін  өле-өлгенше  орын-

бор  әкімшілігінсіз-ақ  қазақ  қоғамының  ішкі-сыртқы  мәселелеріне 

араласқандығын анықтады [74, с. 189-190 бб.].

Біздіңше,  жоғарыдағы  Сырым  датұлының  қоғамдық-саяси 

қызметіне  қатысты  қарама-қайшы  пікірлерден  ортақ  бір  қорытынды 

шығады.  ол  –  данагөй  батырдың  халық  қамын  жеуі,  Еділ-Жайық 

аралығын қалың қазаққа қайтаруға ұмтылуы, сол үшін бар ғұмырын 

сарп етуі.

Енді ХҮІІІ ғасырдың 90 жылдарындағы оқиғаларға кері оралсақ, 

1795 жылы қалмақтарды Еділ өзенінің тау беткейінен дала бетіне көшіру 

туралы жаңа Ереже жарық көрді. 1771 жылы Жоңғарияға қарай үдере 

көшкен қандастарына ілесе алмай Ресейде қалған қалмақтар ешқандай 

жазалауға  тартылмастан  бұрынғы  жағдайында  қала  берді.  Алайда 

жіберген  қателіктерін  кеш  түсінген  патшалық  үкімет  бұл  халықты 

үнемі қадағалап, қауіпсіздік шараларын күшейтті [80, с. 123].

Ресейде  қалған  қалмақтардың  саны  20000  шаңырақты  құрады. 

олар 4 ұлысқа бөлінді: 1) Үлкен дүрбіт; 2) Кіші дүрбіт; 3) Торғауыт; 

4)  Хошоут;  Үлкен  дүрбітте  халық  саны  өзгелерімен  салыстырғанда 

көп болды және ол дон әскери кеңсесіне бағынды. Ал қалған ұлыстар 

Астрахань маңында көшіп-қонып, Қалмақ басқармасына бағынды.

1786  жылы  дүрбіт  қалмақтарын  қазыналық  ведомствоға 

бағындырып, кейбір уездерге қосу ойластырылды. 1788 жылы бүкіл 


32

33

қалмақтарды Ресейдің әр түрлі аймағына бөлу мәселесі де күн тәртібіне 



қойылды. Ал 1793 жылы дүрбіт қалмақтарын Еділдің сол жағалауына 

өткізу амалдары ой елегінен өткізілген еді. Себебі дон казактарының 

өздерінде де жер тапшылығы айқын сезілді [109, с. 114].

 

осылайша 



дүрбіт ұлысының қалмақтарын Еділ өзенінің сол жақ бетіне көшіру 

1795 жылғы Ережемен мақұлданды. Бұл өз кезегінде ішкі тарапта көшіп 

жүрген қазақтардың жайылысы шектеледі дегенді білдірген еді. осын-

дай құйтырқы саясаттың ұйытқысы болған II Екатерина патшайым өз 

ойын былайша жеткізді: «Қалмақтарды Еділ өзенінің тау беткейінен 

дала бетіне көшіру олардың өздеріне пайдалы, әрі қазақтардың мысын 

басуда, қазынадан арнайы күзет ісіне бөлінетін ақшаны үнемдеуде тап-

тырмайтын әдіс деп санаймыз» [105, 362-371 пп.].

 

Алайда қалмақтарды 



көшіру жоспары жүзеге асырылмай қалды және олар 1799 жылға дейін 

өз қоныстарында өмір сүре берді.

1798 жылы наурыз айында Астрахань губерниялық басшылығы 

қыс кезінде қазақтардың малын Қамыс-Самар көлдері мен орал қаласы 

аралығында  орналастыру  жөнінде  үкіметке  ұсыныс  жасады.  Бұл 

ұсыныс  жоғарғы  билік  тарапынан  бекітілді  және  осы  өңірге  көшуге 

ыңғай  танытқан  қазақ    малшыларына  рұқсат  берілді.  Бірақ  та  осы 

жылдың 23 тамызында бұл қаулы өз күшін жойып, көшпелілерге қыс 

кезінде Нарын құмдарын жайылыс көзі ретінде пайдалануға қайтадан 

рұқсат етілді [105, 372 п.].

Негізінен  алғанда,  XIX  ғасырдың  бас  кезіне  дейін  патша 

үкіметі  Кіші  жүз  қазақтарын  Еділ  мен  Жайық  өзендері  аралығына 

түпкілікті қоныстандыруды жоспарламаған. Керісінше, тарапқа өткен 

қазақтардың дала бетке оралуын, арнайы рұқсат қағазын сатып алуын 

қатаң  қадағалаған.  оған  1799  жылдың  басында  Астраханьдық  күзет 

шебінің басшысы майор П.С.Поповқа император I Павелден арнайы 

рескрипт келуі дәлел бола алады. Аталмыш құжатта мынадай мәтіндегі 

нұсқау берілген еді: «Майор Попов мырза! Сізге Астраханьнан баста-

лып Каспий теңізін жағалай Жайық өзеніне тірелетін кордонға өзіңізге 

бағынышты казактарды орналастыруды бұйырамын. Су қатқан кезде 

қазақтардың  шекараны  кесіп  өтпеуін  қадағалау  үшін  тәулігіне  4  рет 

тексеріс жүргізіңіздер және Жайықта орналасқан кордонмен байланыс 

жасаңыздар. оқиғаның өрбуін маған баяндап отырыңыз. Алайда Астра-

хань әскери губернаторына да мәлімдеуді ұмытпаңыз. Үлкен сеніммен: 

Павел. Санкт-Петербург, 1799 жыл, 24 қаңтар» [106, 32 п.]. Қазақтардың 

ішкі тарапқа ұмтылуына алаңдаушылық танытқан I Павел патша дәл 

осы  жылы  29  сәуірде  Астрахань  казак  полкының  командирінің  аты-

на екінші мәрте арнайы Жарлығын жолдады. Бұл жолы П.С.Поповқа 

шекараларды  бақылауды  жергілікті  жағдайлармен  есептесе  отырып 

құрлық немесе су жолы арқылы жүзеге асыру бұйырылды [106, 51 п.].

Жоғарыда көрсетілген құжаттар XIX ғасырдың басына дейін пат-

ша үкіметінің Кіші жүз қазақтарын ішкі тарапта түпкілікті орнықтыру 

жөніндегі ешқандай пиғылы болмағандығын дәлелдейді. осы орайда 

тарихшы в.Ф.Шахматовтың «Ішкі орданың пайда болуы шын мәнінде 

патша үкіметінің, әсіресе барон Игельстромның жүргізген саясатының 

нәтижесі болды және бұл саясат бірнеше жылдар бойы дайындалған 

еді»  [30,  с.  8]  деп  ой  қорытуы  ақиқатты  толық  бейнелемейді. 

о.А.Игельстромның  міндеті  Ішкі  орданы  құру  емес,  Кіші  жүздегі 

хандық билікті жойып, қалың қазақты Ресей империясына бағындыру 

болды. 


XIX  ғасырдың  басында  отарлаушы  патша  үкіметінің  Кіші  жүз 

қазақтарына деген көзқарасы да, ұстанған саясаты да өзгере бастады. 

осы мәселе төңірегінде полковник И.А.Бирюков өз пікірін былайша 

білдіреді: «Бұл уақытқа дейін (1801 жылға дейін – Г.С.) қазақтардың 

мінез-құлқы едәуір жақсарып, тонаушылық пен қарақшылық азайды 

және үкімет өз тарапынан бұрынғы жауларын, яғни қазақтарды доста-

рына айналдыруға талпынды» [24, с. 566].

 

Автор сөздерінің жаны бар 



еді. Кіші жүздегі саяси-экономикалық өмір ұлт-азаттық көтерілістерден 

соң бір кез дамылдаған болатын.

1801 жылдан бастап Кіші жүз қазақтарының кейбір тобы патша 

ағзамнан ішкі тарапқа түпкілікті орнығу үшін арнайы рұқсат сұраған. 

Ең алғаш болып ноғай руының старшыны Ислам Құрманқожаев 100 

шаңырақпен өтуге ниет танытқан екен. Ізінше 1801 жылы 11 ақпанда 

Кіші жүздегі Хандық Кеңестің төрағасы Бөкей сұлтан орынбор губер-

наторы Н.Н.Бахметевке емес, Грузия және Астрахань губерниясының 

басшысы  К.Ф.Кноррингке  Ресей  бодандығын  қабылдау,  Жайық  пен 

Еділ өзендері аралығында көшіп жүру жөнінде өтініш білдірген. Бөкей 

Нұралыұлымен бір мезгілде Кіші ордадағы кердері руының старшыны 

Тілеп Қайбашев Астрахань маңындағы далаға орнығуды жоспарлаған. 

ол тек басқаша жолмен, яғни орал әскери кеңсесі арқылы қимылдаған 

[23,  №86].  Кіші  жүз  қазақтарының  Қосөзенге  осындай  қарқынмен 

ұмтылуы жоғарыда көрсетілген үш билеушіден басқа «ресми рұқсат» 

сұрағандар санының көп болғандығын болжауға мүмкіндік береді.

Бізге  белгілі  болып  отырған  ішкі  тарапқа  өтуге  ниет  білдіруші 

қазақ  басшыларының  әрқайсысының  өзіндік  мүддесі  болған.  Стар-

шындар И.Құрманқожаев пен Т.Қайбашев өз руларын экономикалық 

тығырықтан шығару арқылы биліктерін сақтап қалуды мақсат тұтқан. 

олар  қарасүйектен  шыққандықтан  жоғарғы  хандық  билікті  арман-

дамайтын  еді  және  сол  себепті  қай  күнде  болсын  жеке  бастарын 

тәуекелге тіге алды. Ал Бөкей Нұралыұлының жөні де, мақсат-мүддесі 

де алдыңғы екеуіне қарағанда өзгешелеу болған. Арғы тегін Шыңғыс 



34

35

ханнан тарататын сұлтандар тобынан шыққан ол Кіші жүздегі  жоғарғы 



биліктен дәмелі еді. осыған байланысты тарихшы Б.Аспандияровтың: 

«Бөкей хандық атаққа үміткерлердің бірі болды. Бірақ хандық таққа 

таласта халық арасында беделі зор туған ағасы Қаратайға қарағанда 

мүмкіндігі болмады. Сол себепті ол Кіші орда ханының вассалы бо-

лудан гөрі патшалық үкіметтің қызметкері болуды таңдады. оған қоса 

Бөкей патша әкімшілігінің қолдауымен және күзет шебінің қорғауымен 

«өз билігі мен байлығын одан да бетер нығайту» мүмкіндігіне ие бо-

ламын деп үміттенді» [32, с. 42] деген сөздері Ішкі орданың шынайы 

құрылу себебін емес, Бөкей Нұралыұлының ішкі есебін көрсетеді. 

Патша  үкіметі  ішкі  тарапқа  өтуге  ниет  танытқан  басшылардың 

жеке  мақсат-мүдделерін  сарапқа  салып  жатпады.  Кіші  жүзді  саяси 

жағынан әлсіретуді көздеген Ресей Қосөзен аралығына бүйрегі бұрған 

қазақ басшыларына ресми рұқсаттарын бере бастады. 1801 жылы 25 

ақпанда  Ресей  патшасы  полковник  П.С.Поповтың  атына  старшын 

И.Құрманқожаевты ноғай руының 100 түтінімен орал даласына өткізу 

жөніндегі рескриптісін шығарды [23, №86].

 

Ал 1801 жылдың 11 на-



урызында  I  Павел  патша  Кавказ  шебінің  басшысы  К.Ф.Кноррингтің 

атына Бөкей Нұралыұлын бодандыққа қабылдау жөніндегі Жарлығын 

жолдады [86, с. 30].

Кезек  кердері  руының  старшыны  Тілеп  Қайбашевқа  жеткендей 

болды. ол алғашында өз туыстарымен ғана өтетінін айтып, кейіннен 

1000-нан  астам  шаңырақты  әкелуге  уәде  еткен.  Т.Қайбашевтың 

өтінішін қабылдап алған орал әскери кеңсесі оны Ресей Сенатының 

қарауына  жіберген.  Бөкей  Нұралыұлымен  бір  мезгілде  арыз  жазған 

кердері руы старшынының ісі 1801 жылдың маусым айына дейін ұзап 

кетуіне  қарағанда  Кіші  жүз  қазақтарының  ішкі  бетке  өтуіне  қарсы 

саясат ұстанған орал әскери кеңсесі аталмыш өтінішті Сенатқа жай 

жолдаған  секілді.  Себебі  ноғай  руының  старшыны  И.Құрманқожаев 

пен  Хандық  Кеңес  төрағасы  Бөкей  сұлтанның  өтініштері  бір  ай 

көлемінде қанағаттандырылған. Ал Т.Қайбашев ісі 4 айдан соң, яғни 

1801жылдың  маусым  айының  басында  ғана  Сенаттың  талқысына 

түскен. осы мәселе төңірегінде өз отырысын өткізген Сенат бұрынғы 

әдетіне басып, қазақтарды Ресейдің территориясына өткізбестен бұрын 

Астрахань және орынбор әскери губернаторлары арқылы құпия түрде 

мынадай  мәліметтер  жинау  керек  деп  тапты:  а)  бұл  өтінішті  қандай 

негізде қанағаттандыруға болады? ә) Т.Қайбашев секілді қазақтар Ре-

сей бодандығына қандай негізде қабылданған? б) ол көшіп барғысы 

келетін жерлер бос па, олар қай жерде орналасқан, көлемі қанша, сапа-

сы қандай? в) Т. Қайбашев өзінің ниетін өзгерткен жоқ па?

1801  жылы  20-шы  маусымда  осы  жайттар  туралы  мәлімет  жи-

нау  жөнінде  нұсқау  алған  Астраханьдық  басшы  К.Ф.Кнорринг  бұл 

істі  П.С.Поповқа  тапсырған.  Негізінен  алғанда  генерал  Медердің 

анықтауы  бойынша  «Т.Қайбашев  қарасүйектен  шықса  да  арғы  тегі 

атақты,  даңқты  адамдар  болған.  Өзі  ақылды,  адал,  мейірімді  адам 

болғандықтан ордадағы халық арасында сыйлы. Сол жабайы халық 

жоғары мәртебелі хан мен басқа да қазақ сұлтандарының бұйрығын 

орындағаннан  гөрі  Қайбашевтің  ақылына  өз  еріктерімен  жүгінеді» 

екен [23, №86].

Сенаттың нұсқауын орындауға кіріскен П.С.Попов Т.Қайбашевтің 

Жайық өзенінен көшіп кеткенін естиді және оның қайда жол тартқаны 

белгісіз болып шығады. Біздіңше, Т.Қайбашев патша үкіметінен ұзақ 

хабар келмегесін даланың ішкі бөлігіне  көшіп кетсе керек. оның із-

түзсіз жоғалуына хан Есім Нұралыұлы бауырларының қысымшылық 

көрсетуін де жоққа шығаруға болмайды.

Шынтуайтқа келгенде, Ресей үкіметі кердері руының старшыны 

Т.Қайбашевқа  да  арнайы  рұқсатын  беретін  еді.  Себебі  әншейінде  ат 

тонын ала қашатын үкіметтің бұлайша мәлімет жинауы ресми дүние 

ғана болатын.

осылайша, 1801 жыл Кіші жүз қазақтары үшін сәтті болып, Еділ 

мен  Жайық  өзендері  аралығында  түпкілікті  мекендеуге  мүмкіндік 

алды.

Алайда  Ішкі  орданың  құрылу  тарихында  ғалымдардың 



талқылауынан тыс қалған сұрақтар да баршылық. Атап айтсақ, 1771 

жылы Жоңғарияға үдере көшкен қалмақ жерлерін Ресей үкіметі 1801 

жылға дейін Кіші жүз қазақтарына неге бермеген? 1771-1801 жылдары 

жер тапшылығы салдарынан ұлт-азаттық  көтерілістер мен наразылық 

акцияларына  қатысқан  қазақтардың  өкпе-назын,  шаруашылық 

қажеттіліктерін  Қосөзен  аралығына  түпкілікті  өткізу  арқылы  неге 

бейбіт  жолмен  басып  тастамаған?  Неге  патша  үкіметі  Еділ-Жайық 

аралығына  ықпалды    сұлтандарды  әуел  баста-ақ  өткізіп,  жасанды 

хандық құрмаған?

Бұл  сұрақтардың  жауабы  Ресей  үкіметінің  отары  саналатын 

қалмақ  халқының  тағдырымен  астасып  жатыр.  1771  жылы  Ресей-

ден  шыққан  қалмақ    көшін  Қытай  императоры  алғашында  ыстық 

ықыласпен қабылдап, адамгершілік танытқан. Арып-ашып, шабуылға 

ұшырап, ауруға шалдығып түрлі қиыншылықтарды басынан өткерген 

оларға шұғыл түрде киіз үй, мал-мүлік, киім және астық үлестірілген. 

Сол  жылы  күзде  Убаши  хан  және  өзге  де  қалмақ  князьдері  Қытай 

императорының  қабылдауында  болып,  түрлі  сый-сыяпаттарға  ие 

болған.  Қытай  елі  жаңа  бодандарын  өзара  бірігіп,  мемлекетке  қауіп 

төндірмеуі үшін 13 аймаққа шашыраңқы түрде бөліп тастады және әр 


36

37

түрлі шаруашылық салаларында жұмыс істеуге, әсіресе егін егу мен 



мал  бағуға  мәжбүрледі.  Уақыт  өте  келе  Еділ  қалмақтары  бұрынғы 

Қосөзен аралығындағы қоныстарын аңсай бастады [109, с. 113].

Бір қызығы, Ресей үкіметі Еділ қалмақтарының кері оралатындығына 

сеніп, XIX ғасырға дейін еш үмітін үзбеді. Қытай елінен қашып келген 

босқындар ондағы қандастарының адам төзгісіз жағдайын толықтай 

сипаттап берген еді. Қытаймен арадағы дипломатиялық келіссөздердің 

сәтсіздікке ұшырауы Ресейді қынжылтқан болатын. осыған қарамастан 

патша үкіметі өзінің бұрынғы көшпелі бодандарын кері қайтарудан бас 

тартпады.

1791  жылы  Қытай  еліне  көшіп  барған  Еділ  қалмақтары  Ресей-

ге  оралуға  қадам  жасап  көрген.  Бірақ  та  Қытай  елі  қалмақтардың 

бұл  ұмтылысын  қарулы  күшпен  тежеп  тастады.  осы  толқу  туралы 

сыбыс  Ресей  үкіметіне  де  келіп  жетті  және  оны  естісімен  жоғарғы 

билік Сібір өлкесінің басшылығына қашып келген қалмақтарға пана 

беруді аманаттаған [138, с. 91].

 

Алғашында оларды Колыванск губер-



ниясына орналастырып, кейін Еділ-Жайық аралығындағы мекендеріне 

қоныстандыру  жоспарланған  [104,  17-18  пп.].  Міне,  сол  себепті  де 

Кіші  жүз  қазақтары  Астрахань  даласына  түпкілікті  қоныстануға 

жіберілмеген болатын.

1800 жылға дейін қалмақтарды сарғая күткен Ресей үкіметі ешқандай 

нәтиже шықпайтынын білген соң өздерінде белгілі жағдайларға байла-

нысты  қалып  қойған  қалмақтардың  жағдайын  ойлауға  көшті.  Соның 

айқын дәлелі ретінде император I Павелдің дүрбіттік Тайцзи Чучей мен 

Гелун Сойбин-Бакшиді 1800 жылы өз сарайында қабылдауын келтіруге 

болады. Кездесу нәтижесінде қалмақ халқы ерекше құқықтарға ие бо-

лады: 1) Өздеріне басшы таңдау; 2) императордың өзіне тікелей бағыну; 

3) дон әскерінен тәуелсіз болу; 4) императормен тікелей хат-хабар алы-

сып тұру; 5) кез-келген сұрақ бойынша Шетел істері жөніндегі коллеги-

ямен байланысу; 6) жерге байланысты және өзге де мәселелер бойынша 

Бас прокурорға жүгіну; [109, с. 115].

 

1801 жылы дүрбіт билеушісі Чучей қалмақтардың наместнигі бо-



лып бекітілсе, ал осымен бір мезетте Кіші жүз қазақтары ішкі тарапқа 

өту мүмкіндігіне ие болды.

Байқап  отырғанымыздай,  Жоңғарияға  қашқан  қалмақтарды  30 

жыл күткен Ресей үкіметі өз қателігін дұрыстай алмасын білген соң 

оңтүстік  өңірдегі  болып  жатқан  оқиғаларға  шынайы  көзбен  қарай 

бастаған.  1800-1801  жылдардағы  қалмақ  және  қазақ  халықтарына 

жасалған  жеңілдіктер  «көшпелілерді  жарылқау  және  жіберілген 

қателіктердің орнын толтыру саясатының» нәтижесі болды.

Негізінен  алғанда  Бөкей  хандығының  құрылуы  оған  әсер  етуші 

ішкі және сыртқы факторлардың өзара үйлесім табуымен байланысты 

болды. Аталмыш хандықтың құрылуы төңірегінде бірнеше ғалымдар 

дербес  зерттеулерін  жүргізіп,  түрлі  тоқтамға  келгені  баршаға  мәлім. 

осы  орайда  Ішкі  орданың  құрылуын  Кіші  жүздегі  шаруашылық 

дағдарысынан іздеген М.П.вяткин [94, с. 242], Сырым датұлы бастаған 

ұлт-азаттық  көтерілістен  кейінгі  қалыптасқан  әлеуметтік-саяси 

жағдайға тәуелді еткен С.З.Зиманов [38, с. 19], қазақтардың атақонысқа 

ұмтылуымен байланыстырған И.Кенжалиев [41, 24 б.],  Ғ.Харабалин 

[66, 23-24 бб.] сынды ғалымдар шоғырының ой-тұжырымдары тарихи 

объективтілікке сай келеді деп санаймыз. Ал Бөкей хандығы тарихын 

зерттеуші Т.З.Рысбековтың: «Батыс Қазақстан жеріндегі шаруашылық 

құлдырау,  жердің  таршылығы  1801  жылы  Бөкей  хандығы  немесе 

жағрафиялық  орналасуы  бойынша  Ішкі  орданың  құрылуына  алып 

келді» [44, 58 б.], - деп ой қорытуы тарихи шындыққа саяды.

Біз де бұл пікірмен келісе отырып, Бөкей ордасы құрылуының ішкі 

факторы ретінде жер мәселесін аламыз. Себебі «жер малды асырайды, 

ал мал адамдардың тіршілік етуінің қайнар көзі» деген шаруашылық 

формуласы  барлық  көшпелі  қазақ  қоғамына  тән  болатын.  Адамзат 

қоғамы  өмір  сүруінің  негізгі  өндіріс  құралы  рөлін  атқаратын  жер 

әрқашанда алдыңғы орында тұрды. Көшпелі мал шаруашылығын кәсіп 

қылған  қазақтар  жайылымы  құнарлы,  суы  жеткілікті,  мал  қыстауға 

қолайлы жерлерді жоғары бағалады. 

XVIII ғасырда, әсіресе оның аяқ кезінде Кіші жүз шаруашылық 

дағдарысты басынан өткерді. Қауымдық жерлердің шектелуі, шағын 

территорияда  халық пен мал санының шамадан тыс артуы қазақтарды 

Қосөзен аралығына көшуге итермеледі. Мұны XIX ғасырдың өн бой-

ында, көбінесе Бөкей хан, Шығай сұлтан, Жәңгір хан билігі тұсында 

Кіші жүз қазақтарының Еділ-Жайық аралығына үнемі ұмтылып оты-

руы дәлеледейді.

Бірақ та Ішкі орданың құрылуында бір ғана ішкі факторлардың 

әсері  аз  болды.  Кез-келген  хандықтың  немесе  мемлекеттің  құрылуы 

үшін белгілі бір ареал, аймақ қажет. Кіші жүз қазақтарына ондай тер-

ритория  1771  жылы  қалмақтардың  Жоңғарияға  үдере  көшуінен  соң 

Еділ  мен  Жайық  өзендері  аралығынан  дайындалды.  Ғалымдардың 

көпшілігі сендіріп жүргендей Еділ қалмақтарының өз қоныстарынан 

безуі кездейсоқ жағдай емес еді. ол отарлаушы Ресей үкіметінің XIX 

ғасырдың 60-шы жылдарында жіберген саяси қателігінің салдары бол-

ды. оған қоса қалмақтардың барлығы бірдей атақонысы Жоңғарияға 

көшуді көкседі деу қате. Себебі қозғалған көшке ілесіп, соңғы аялда-

масы  қай  жер  екендігін  білмеген  қалмақтар  көп  болған  [103,  15  п.]. 

Сондықтан да Бөкей хандығын Ресей үкіметі бірнеше жылдар бойы жо-



38

39

спарлап құрған жоқ, керісінше өздерінің көшпелі халықтарға қатысты 



отарлау саясатын жүйелі жүргізе алмауы кесірінен дүниеге келтірді. 

Алғашында қалмақтарды сарсыла күтіп, Қосөзен аралығын қазақтарға 

қимаған  отарлаушы  билік  ақыр  соңында  «мемлекеттік  мүддемізге 

қайшы келмейді» деген желеумен беруге мәжбүр болды.

Тек  ішкі  тарапқа  қазақтардың  жаппай  ұмтылуы  ғана  Ресей 

үкіметін артқа шегіндіріп, жаңа хандықтың құрылуына әкеліп соқты 

деп  уағыздаған  ғалымдардың  пікірі  де  негізсіз.  Швеция,  Польша, 

Түркия, Франция және тағы басқа алып мемлекеттерді ауыздықтаған 

Ресейге өзара жауласып, атысып, шабысып, билікке таласып жатқан 

қазақтардың мысын басу бұйым емес еді. олардың көздеген мақсаты 

қашқан қалмақтарды Ресейге кері қайтарып, империяның шикізат шы-

лауына, қазақтарға қарсы күзет құралына айналдыру болған.

Қазақтардың атақонысына ұмтылуын күшейткен фактор - осы Еділ 

қалмақтарының  Жоңғарияға  кетуі.  Егер  қалмақтар  өз  қоныстарынан 

кетпеген күнде Кіші жүздегі саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелер 

басқаша жолмен шешілетін еді. Тығырыққа тірелген қазақтардың орта 

және Ұлы жүз территорияларына ығысу немесе оңтүстікке қарай ойы-

сып,  Бұхар  және  Хиуа  хандықтарының  талан-таражына  түсіп,  бода-

нына  айналу  мүмкіндіктерін  жоққа  шығаруға  болмайды.  Себебі  ай-

быны асқақ Ресей үкіметі «бұратана» қазақтар үшін қалың қалмақты 

мекенінен қуып, Еділ мен Жайық аралығын босатып бермейтіні айдан 

анық.


Қорыта  келе,  Бөкей  хандығының  құрылуына  Кіші  жүздегі  жер 

мәселесі  мен  Ресей  империясының  Еділ  қалмақтарына  қатысты 

ұстанған қатаң да, қате саясаты себеп болды. Кіші жүзді бөлшектеп, 

Ресей отарына айналдыру ондаған жылдар қатарынан күн тәртібінде 

болғанымен, Ішкі орданы құру жоспарлы түрде жүргізілген емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет