Гиззатов с. М


Сұлтан Шығай Нұралыұлы билігі тұсындағы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#6120
1   2   3   4   5   6   7   8
1.3 Сұлтан Шығай Нұралыұлы билігі тұсындағы     

      хандықтағы жер мәселесі (1815-1823 жж.)

Бөкей  ордасы  тарихының  толыққанды  зерттелінбей  қалған 

тұстарының  бірі  болып  1815-1823  жылдар  аралығындағы  ерекше 

кезең саналады. осы уақыт аралығында хандықта белең алған саяси, 

экономикалық,  әлеуметтік  оқиғалар  күні  бүгінге  дейін  тарихшылар 

тарапынан басты нысанаға алынған емес. Исатай, Махамбет, Жәңгір, 

Қайыпқалитанушы  ғалымдардың  өздері  де  бұл  кезеңді  толық  аша 

алмады.  Тіпті  орданы  билеушісі  Шығай  Нұралыұлының  атқарған 

саяси қызметі тиісті бағасын ала алмай келеді. Сондықтан да зерттеу 

жұмысымыздың бұл бөлімі 1815-1823 жылдардағы Бөкей ордасында 

қалыптасқан аграрлық мәселелерге, оның ерекшеліктеріне, әлеуметтік 

салдарына және осыған тікелей қатыстары болған саяси элиталардың 

қызметін саралауға бағытталады. 

1815 жылдың көктемінде Ішкі орданың тікелей қамқоршылары 

Бөкей  хан  мен  Астрахань  казак  полкінің  басшысы  генерал-майор 

П.С.Попов дүние салды. Ел билеушісі көзі тірісінде хандық билікті 14 

жастағы ұлы Жәңгірге аманаттады. ол кәмелеттік жасқа жеткенше ор-

даны басқаруды інісі Шығайға тапсырған [86, с. 190]. Cөйтіп, Шығай 

сұлтан патша үкіметі мен жергілікті халықтың қалауымен хандықты 

билеу құқығына ие болды.

Алайда  өз  тарапымыздан  Нұралы  ханның  осы  ұлының  саяси 

сахнаға бұдан әлдеқашан бұрын көтерілгенін атап өтеміз. ол ел басқару 

ісіне  ерте  араласқан  және  орданың  алғашқы  ханы  оған  кез-келген 

мемлекеттік істерді сеніп тапсырған [149, 1-17 пп.]. Ішкі орданы басқару 

жөніндегі Уақытша Кеңес төрағасы қызметін атқарған И.С.Ивановтың 

мәлімдеуінше Бөкей Нұралыұлы хан болып тағайындалған соң да Жайық 

беттегі  өзіне  қарасты  қазақтарды  билеуді  інісі  Өзбекқалиға,  ал  ішкі 

тараптағы хандықты Шығайға жүктеген [23, №129]. осы келтірілген 

мәліметтерге сүйеніп 1815 жыл қарсаңында Шығай Нұралыұлының ел 

басқару ісіне әбден дайын болғандығын байқаймыз.  

Қарастырылып отырған кезеңде мал өсіру негізгі шаруашылық көзі 

болып қала берді. Алғашқы жылдардағыдай емес енді Бөкейліктердің 

жайылымы  қысқы  және  жазғы  деп  нақты  бөліне  бастаған.  олар 

бір-біріне  тым  жақын  орналасатын.  Жанұясымен,  дүние-мүлкімен 

жайлауға  келген  көшпелілер  жайылымдық  оты,  су  көзі  мол  жерге 

киіз  үй  тіккен.  Егер  айналада  су  көзі  жетіспесе,  құдық  қазған.  Жаз 

кезінде жайылыстан тапшылық көрсе, киіз үйлерін бір орыннан екінші 

қонысқа жиі ауыстырған. Бірақ осы уақытта көшпелі рулық қауымдар 

хандықтың  территориясын  түпкілікті  игеріп  алған-ды.  осы  орай-

да мал шаруашылығының қыр-сырын жақсы білетін А.Е.Алекторов: 

«Қазақтардың  көшіп-қонуы  сондай  нақтылықпен  жүзеге  асады 

және жылдың қай күні болмасын кез-келген көшпелі ауылдың қайда 

қоныстанатынын алдын-ала болжап айтуға болады» [16, №25], - деп 

жазды. 


Көшпелі шаруашылықтың сипатын анықтауда оның құрамындағы 

мал  түрлерін  білу  өте  маңызды.  Қазан  университетінің  профессоры 

К.Фукс  өз  еңбегінде:  «Жылқылар  мен  қойлар  қазақтарға  көп  пайда 

әкеледі. Сол себепті олар бұл мал түрін көбірек өсіруге тырысады» [3, 

№11] десе, ал мал дәрігері Э.островский «Бөкей ордасында үй жану-

арларынан даланың солтүстік бөлігінде ірі қара мен жылқы, оңтүстік 

бөлікте көбінесе қой мен түйе өсіріледі» [13, с. 29] деген қорытындыға 

келген. демек, хандықта негізінен алғанда жылқы, қой, түйе, ірі қара 

өсірілген және сауда-саттыққа шығарылған.  

Алайда  орда  тұрғындарының  барлығы  бірдей  мал 

шаруашылығымен  шұғылдана  алмады.  Өйткені  жұт  кезінде  бар  ма-

лынан  айырылғандар  немесе  өзге  жолдармен  әлеуметтік  күйзеліске 

түскендер болды. олардың көпшілігі ауқатты руластарына жалданып, 

олардың қыстауларын күзетіп, сол жерлерде жер өңдеу кәсібімен айна-

лыса бастаған. Қарастырып отырған кезеңде Бөкейліктердің бұл тобы 

су көзі мол жерлерде азын-аулақ бидай, жүгері, тары еккен. Ұлан-ғайыр 

алқапты егінге, бау-бақшаға толтырмағанмен, күнкөріске жететін азық 

қорын жинақтай алған. Мұрағат қорынан табылған құжаттар да бұл 

мәліметтерді растай түседі. 1816-1817 жылдары орал казак әскерінің 

шенеуніктері орынбор шекара комиссиясына Ішкі орда қазақтарының 

Кіші Өзен бойында жер өңдеумен айналысып жатқанын хабарлаған. 

Атап  айтсақ,  тана  руының  қазақтары  Б.Топаев,  К.Өтебаев  деген 

ордалықтардың  осы  өзен  бойында  жер  жыртып,  бау-бақша  өсіріп 

жатқандығы  сөз  болған  [135,  4-5  пп.].  Казактардың  дабыл  қағуы 

түсінікті еді. Өйткені, олар көшпелілердің Кіші және Үлкен Өзендерге 

мүлдем жақындамағанын қалады. 

Шығай Нұралыұлы билігі тұсында хандық тұрғындарының балық 

шаруашылығына  бет  бұруы  байқалды.  Еділ,  Жайық  сияқты  үлкен 

өзендер,  олардың  тараулары  Қамыс,  Самар,  Кума,  Маныш  сияқты 

кішігірім  өзендер  мен  көлдер  балық  аулауға  ыңғайлы  келетін.  Бұл 

жерлерде  Бөкейліктер  балық  кәсіпшіліктеріне  жалданып  еңбек  ет-

кен. Балықшылар балық өнімдерін тамақ ретінде тұтынып, жасырын 

түрде  сауда  орындарына  тауар  ретінде  өткізіп,  ақшаға  айналдырып 

күн  көрген.  Мұндай  «қылмыстармен»    ұсталған  қазақтар  жергілікті 

басшылық пен сот тарапынан аяусыз жазаға тартылатын [202, 66 б.].  


72

73

XIX  ғасырдың  бірінші  ширегінде  Бөкейліктерге  балық  аулау 



кәсіпшіліктеріне  жалдануға  рұқсат  беретін  билетті  Ішкі  орданың 

билеушілері  Шығай  сұлтан,  Қарауылқожа  Бабажанов  үлестірген. 

Нақтылайтын  болсақ,  1818  жылдан  бастап  Шығай  Нұралыұлы 

қазақтарға  өз  атынан  Астрахань  балық  кәсіпшілігіне  жалдану  үшін 

билет  бере  бастаған.  Әр  билеттің  құны  50  тиынды  құрайтын  еді. 

Негізінен осындай рұқсат қағазын тарату құқығы Гурьев командирі еса-

ул Мартыновқа берілген еді. Шығайдың бұл заңсыз әрекетін старшын 

Қарауылқожа  Бабажанов  орынбор  шекара  комиссиясына  жеткізеді. 

Хандықта болып жатқан құйтырқы істі білген комиссия дереу тыйым 

салады. Бұған жауап ретінде Шығай: «Маған бағынышты қазақтар өте 

кедей  жағдайда  өмір  сүруде.  оған  қоса  Гурьев  қалашығы  500  верст 

қашықтықта  орналасқан.  Егер  билетті  алдын-ала  алып  қамданбасақ, 

балық өндірушілер өзге адамдарды жалдауға көшеді» [150, 4-5 пп.], 

-  деп  жазады.  Бір  жағынан  Гурьев  қалашығына  жетудің  өзі  қиын 

еді.  Нәтижесінде  орынбор  басшылығы  Шығай  Нұралыұлына  билет 

үлестіру  құқығын  береді  [150,  12  п.].  Ішкі  орда  билеушісінің  отар-

лаушы органмен келісімге келуі кедейшілікке ұшырағандар үшін көп 

көмегін тигізгенін атап өтуге тиістіміз. осылайша, 1818 жылдың өзінде 

Шығай сұлтанның қазақтарға 50 билет, ал Қарауылқожа Бабажановтың 

30 билет сатқандығы белгілі болып отыр [202, 66 б.].

Алайда  Бөкей  ордасындағы  жер  қатынастарын  айқындаушы 

кәсіп  түрі  болып  мал  шаруашылығы  қала  берді.  Жер  өңдеу  мен 

балық  шаруашылығы  қосалқы  рөлді  атқарды.  Ішкі  орданың  саяси, 

экономикалық,  әлеуметтік-мәдени  өмірін  бес  саусағындай  білетін 

қазақ этнографы М.С.Бабажановтың: «Қазақтар мал шаруашылығымен 

күн көреді, ол - өмір сүру, рахат көру жолындағы байлықтың жалғыз 

ғана қайнар көзі. Ал мал дегеніміз өзіне керекті жайылымдық оты бар 

құнарлы жерсіз өмір сүре алмайды» [19, 41 б.], - деп тұжырымдауының 

негізінде тарихи ақиқат жатыр.

1815-1823 жылдардағы Бөкей ордасындағы аграрлық саясаттың 

сипаты қандай болды? оған қандай сыртқы және ішкі факторлар әсер 

етті? Жалпы XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі хандықтың жер көлемі 

қанша десятина еді? Міне, осы және өзге де мәселелерге жауап іздеу 

зерттеу жұмысымыздың негізгі тіректерінің бірі болмақ.

Бөкей  ханның  өлімінен  соң  да  Ішкі  ордаға  өткісі  келетін 

көшпелілердің  толқыны  азаймады  [151,  1  п.].  1815  жылдың  13 

қыркүйегінде Кіші жүздің ахуны Мұхамеджан Қазиев орынбор әскери 

губернаторы Г.С.волконскийдің рұқсатымен Байұлы және Әлімұлы ру-

ларынан тұратын қазақтарды Бөкей ордасына бастап өткен [152, 1-2 

пп.]. 1815 жылдың күзінде байбақты руы қынық бөлімінің старшыны 

Жантілеу Жанқұтов басшылықтың келісімімен 257 шаңырақты өткізген. 

онымен  бір  мезетте  старшын  Қонқұс  Сопрабиев  алаша  руының  300 

шаңырағымен хандық территориясына келген [153, 34 п.].

Тарихшы  Ж.К.Қасымбаевтың  мәлімдеуінше  Шығай  сұлтанның 

ел билеуінің алғашқы жылында ішкі тарапқа көшуге 85000 шаңырақ 

ниет білдірген: шеркештен - 980 түтін, ысықтан - 562, жаппастан - 674, 

масқардан - 510, қызылқұрттан - 540, танадан - 670, беріштен - 968, 

ноғай қазақтарынан - 650, адайдан - 470, тамадан - 340, төлеңгіттерден 

- 450 түтін [47, с. 14]. 

осылайша Бөкей ордасын құт мекен етуді көксеген көшпелілердің 

толқыны еш саябырсымаған. Ішкі тарапқа келушілерді жаңа қонысқа 

орналастыруды Краснояр жергілікті соты, губерниялық жер өлшеуші 

лауазымын атқарушы Л.Коренев және Шығай сұлтан өз мойындарына 

алған [154, 5 п.]. Хандық билеушісімен бірге жергілікті басшылықтың 

көші-қон үрдісіне араласуы патша үкіметінің Бөкей ордасына деген 

ерекше назарын аңғартатын еді. 

Бөкей  ордасына  жаңадан  көшіп  келген  күшті  рулар  әлсіздерін 

ығыстыра  бастады.  Шығай  сұлтан  тұсында  жер  жетіспеушілігі 

байқалып,  кейбір  қазақтар  көршілес  губерниялардан  белгілі  бір 

мерзімге  жер  жалдауға  мәжбүр  болған.  Астрахань  облыстық 

мемлекеттік  мұрағаты  қорынан  табылған  құжаттан  1815  жылдың 

өзінде-ақ Бөкейліктердің осындай қадамдар жасағанын көреміз. Сол 

жылғы  құрғақшылыққа  байланысты  дәуленді,  Бөле,  Мәкей,  Ақбай, 

дөкей есімді қазақтар Саратов губерниясы волжск уезді Панинский 

округынан жалға жер алған. Арнайы жасалған келісімшарт бойынша 

әрқайсысы  2  жылқыдан  төлеуге  міндеттенген.  Мұндай  жерді  жалға 

беру  үрдісін  іске  асырушы  мекеме  Саратов  азықпен  қамтамасыз  ету 

колониясы болатын. Алайда ол әрдайым Шетелдіктерді қамқорлыққа 

алу кеңсесінің келісімімен әрекет етіп отырған [155, 71-72 пп.].

осы орайда Бөкейліктердің ерікті түрде жалға жер алуын Жәңгір 

хан  (1824  -  1845)  билігі  тұсына  апарған  ғалымдардың  пікірлері 

қайтадан саралануы тиіс деп санаймыз. Жоғарыда келтірілген дерек-

тен байқалатыны хандық тұрғындары 1815 жылдың өзінде-ақ өздеріне 

қажет  деп  санаған  жерлерді  келісімшарт  арқылы  иемденуді  білген. 

олар  қарапайым  орыс  шаруаларынан  емес,  арнайы  мекемелерден, 

құзіретті органдардан жалға алып отырған. 

Жайылымға  деген  мұқтаждық  қыс  кезінде  күшейе  түсетін.  Ка-

спий  теңізі  жағалаулары,  Кіші  және  Үлкен  Өзендер,  Қамыс-Самар 

аймақтары  көшпелілердің  барлығын  бірдей  қажетті  қыстаулармен 

қамтамасыз  ете  алмады.  Сол  себепті  көптеген  рулар  ашық  дала-



74

75

да,  құмды  тақырларда  амалсыздан  қыстауға  мәжбүр  болды.  Мұндай 



өлкелерде тұрақтайтындардың негізгі денін әлсіз рулар мен көшіп кел-

гендер құраған [156, 88-89 пп.].

Жайық өзенінің оң жақ бетіне өткенімен Кіші жүз қазақтарының 

бәрі  бірдей  Шығай  сұлтанның  қарауына  келмеген.  Мұның  негізгі 

себептері, жоғарыда көрсеткеніміздей, малға жайылымның жетіспеуі, 

жұттың кесірінен бар малынан айырылуы болатын. олардың көпшілігі 

ішкі  шеп  бойындағы  бекініс,  форпосттар  маңайында  көшіп-қонып 

жүрген [157, 4-6 пп.]. дәл осындай күй кешкен Кіші жүз қазақтары Сер-

ке Тоғызбаев, старшын Тіленші Үмбетов және Бораншы Естемісов 1817 

жылдың 22 мамырында орынбор әскери губернаторы Г.С.волконскийге 

өтініш  жолдаған.  олар  жуырда  ішкі  тарапқа  өткендігін,  қазір  5 

шаңырақтың Нижнеозерный, 5 шаңырақтың Татищев, 10 шаңырақтың 

Қараөзен бекінісінде көшіп жүргендігін айтып, одан әрі бұларды сол 

мекенде  қалдыруын  өтінген.  Қолдарында  бірсыпыра  малдары  бола 

тұрса да аталмыш қазақтар шеп бойын мекендейтін тұрғындарға жал-

данып, әр түрлі үй қызметтерін атқарған. Г.С.волконский қазақтарды 

сол қоныстарда қалдыруды ұйғарады [158, 21-22 пп.].

орынбор  әскери  губернаторы  бұл  қадамға  өз  қалауымен  бар-

ды деуге болмайды. оның сүйенген құжаты 1808 жылы 23 мамырда 

шығарылған Ресей императорының Жарлығы еді. осы құжат бойынша 

«Жағдайы төмен, кедей қазақтарды ішкі шептерде, қазыналық жерлер-

де немесе мұсылмандар шоғырланған елді-мекендерде қоныстандыру, 

әрі оларға қосымша көмек беріп, 10 жылға бүкіл алым-салықтан боса-

ту» бұйырылды [159, 41 п.].

Жалпы  Бөкей  ордасындағы  аграрлық  қатынастарды  зерттеуде 

хандықтың  территориясының  көлемін  анықтау  өте  маңызды  болып 

табылады.  XIX  ғасырдың  бірінші  ширегі  мен  екінші  ширегіндегі 

Бөкей ордасының жер көлемі екі түрлі болды. осы орайда белгілі та-

рихшылар А.Ф.Рязановтың [29, с. 193], в.Ф.Шахматовтың [30, с. 44], 

С.З.Зимановтың  [38,  с.  28]  патша  үкіметі  шенеунігі  А.Евреиновтың 

мәліметіне сүйеніп, ХІХ ғасырдағы Ішкі орда аумағын тұрақты түрде 

6,4-7  миллион  болған  деп  анықтауы  ақиқаттан  алшақтау  жатыр.  Ал 

Б.Аспандияров  [32,  с.  80]  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы 

хандық  территориясындағы  өзгерістерді  айқындап,  1845  жылы  ор-

дада  6973004  десятина  жер  болғандығын  көрсеткенімен,  Бөкей  хан 

мен  Шығай  билігі  тұсындағы  жер  көлемін  дөп  басып  айта  алмаған. 

одан  кейінгі  кезеңде,  яғни  Қазақстанның  тәуелсіздігі  жылдарында 

Бөкей орда шаруашылығын зерттеген Ғ.Е.Харабалин ХІХ ғасырдың 

өн  бойында  хандық  аумағының  үнемі  өзгерісте  болғандығын  на-

нымды  бейнеледі.  Бірақ  ғалым  ХІХ  ғасырдың  бірінші  және  екінші 

жартысындағы орда территориясының құбылуына назар аударған [66, 

55 б.]. Бұдан шығатын қорытынды – Бөкей хандығында ХІХ ғасырдың 

бірінші  ширегі  мен  екінші  ширегінде  белең  алған  территориялық 

өзгерістер күні бүгінге дейін нақтыланбаған.

Енді ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Ішкі орда территориясын 

анықтау үшін бірқатар деректерге жүгінейік. Хандықтың жер көлемі 

туралы  алғашқы  мәлімет  берушілердің  қатарында  Астраханьдық 

кордон  инспекторы  И.И.Завалишин  болған.  ол  1803  жылдың  31 

желтоқсанында Ішкі істер министрі граф в.П.Кочубейге жазған хатын-

да былай деп көрсетті: «Краснояр уездіндегі жер көлемін анықтауда 

үлкен қателік жіберіліпті. 19 миллион деп көрсетілген жер 10000000 

десятинаға әрең жетеді. Помещиктер саяжайын, орал казактарының, 

мемлекеттік  шаруалардың,  қондырау  татарларының,  майор  Түменге 

бағынышты  қалмақтардың  жерін  қоспағанда  қазақтарға  10  миллион 

десятина жайылыс қалады» [81, с. 262]. Ал Қалмақтарға және көшпелі 

мұсылман  халықтарына  жер  бөлу  жөніндегі  комиссияның  тапсыры-

сымен Бөкей орда территориясын өлшеген Астраханьдық межелеуші 

К.витте өзгеше мәлімет ұсынған. ол 1812 жылы Ішкі орда көлемінің 

Үлкен Өзенді қоса алғанда 5587683 десятина болатындығын анықтаған 

[

148, 11 п.]. орынбор шекара комиссиясының ассесоры А.д.Кузнецов 



1825  жылы  20  шілдеде  әскери  губернатор  П.К.Эссенге  жазған  бая-

натында  хандық  территориясының  5314509  десятина  құрайтынын 

көрсеткен [126, 15 п.]. дәл осы жылы әйгілі географ және саяхатшы 

Г.С.Карелин  өзінің  «Бөкейлік  қырғыз-қайсақ  ордасы  орналасқан 

Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы дала туралы мәліметтер» атты 

жазбасында:  «Бөкей ордасы (Үлкен Өзенді қосқанда) 5 миллион де-

сятинадан астам кеңістікті құрайды. осының 1/4 бөлігі өнім бермейді 

және  көшпелілер  үшін  пайдасыз»  [86,  с.  282],  -  деп  атап  өткен. 

Хандыққа іссапармен келген сенатор Ф.И.Энгель 1828 жылы Сыртқы 

істер  министрі  граф  К.в.Нессельродеге  мынадай  мәлімет  берген: 

«Ұлан-байтақ дала 4000000 десятинадан астам жерді құрайтын секілді. 

оның 1/4 бөлігі пайдалануға жарамсыз және сорларға, тұзды көлдерге 

толы»  [81,  с.  292].  Өз  кезегінде  Ресей  Сыртқы  істер  министрлігінің 

шенеунігі  А.Г.Ларионов  Бөкейліктердің  пайдалануында  5  миллион 

десятина аймақтың бар екендігін мойындаған [112, 223 п.]. Ал орын-

бор шекара комиссиясының төрағасы М.в.Ладыженский (1844 - 1853) 

ордалықтардың  ішкі  тарапқа  алғаш  өтуі  кезінде  5600000    десятина 

жерге ие болғандығын, кейін ХІХ ғасырдың екінші ширегінде оның 

6000000  десятинадан  асып  кеткендігін  алға  тартты  [160,  10-18  пп.]. 

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Бөкей ордасы территориясының 

құбылу  себебін  нақты  ашып  берген  этнограф  А.Е.Алекторов  болды: 


76

77

«1806  жылғы  Ұлы  мәртебелінің  Жарлығы  Ішкі  Бөкей  ордасының 



қазақтарына  көшіп-қону  үшін  5377743  шаршы  десятина  жер  сыйла-

ды. Кейіннен 1828 жылы Чернояр уездінен 503808 шаршы десятина, 

1839  жылы  Царевск,  Жаңаөзен  елді-мекендерінен  872800  десятина 

жер уақытша пайдалануға берілді. осылайша 1840 жылы көшіп қонып 

жүрген жалпы территория 6754351 десятинаны құрады» [16, №24]. 

3 - кесте

Автор

ХІХ ғасырдың І ширегіндегі 



жер  көлемі (дес)

Завалишин И.И.

витте К.

Кузнецов А.д.

Карелин Г.С.

Энгель Ф.И.

Ларионов А.Т.

Ладыженский М.в.

Алекторов А.Е.

10 миллион

5587683

5314509


5млн.астам

4000000


5000000

5600000


5377743

Бұлардың  ішінен  мамандығы  жер  өлшеуші  болған  К.виттенің 

берген мәліметін шындыққа сай келеді деп санаймыз. Бірақ 1815-1823 

жылдар аралығында ордалықтардың Үлкен Өзен бойында қоныстана 

алмағандығын ескерсек, А.Е.Алекторов пен А.д.Кузнецовтың пікірлері 

ақиқатқа айналады.

Шығай сұлтан 1819 жылы 1 қарашада Астрахань азаматтық гу-

бернаторы  С.С.Андреевскийге  берген  дерегінде  орда  халқын  13762 

шаңырақ, 68810 адам деп көрсеткен [161, 4 п.]. Егер сол кездегі хандық 

көлемі 5377743 десятина болды деп есептесек, әр шаңыраққа 390, әр 

жан басына 78 десятинадан жер келеді.

Былай  қарағанда,  әр  шаңыраққа  осындай  жеткілікті  мөлшерде 

жер телімінің бұйыруы көңілге қонымды болып көрінеді. Бірақ орда 

территориясында  пайдалануға  жарамсыз  сорлардың,  батпақтардың, 

қақтардың  көптеп  кездесуі,  мал  қыстауға  жарамды  ықтасындардың 

болмауы,  шұрайлы  өлкелерге  Ресейдің  қарулы  күштеріне  сүйенген 

көрші  халықтардың  жібермеуі  қалыптасқан  жағдайға  өзгеше  рең 

беретін. Әсіресе суық қыс, ыстық жаз келген кезде сапалы жайылымның 

жетіспеушілігі анық сезілетін.

Ішкі  орданы  Шығай  Нұралыұлы  билеген  тұста  сыртқы  жер 

қатынастары  да  асқына  түсті.  Бөкей  хан  өлімінен  соң  орал  казак 

әскерлері  көшпелілерді  Үлкен  және  Кіші  Өзендер,  Қамыс-Самар 

көлдері бойына жібермей қояды. Кіші Өзеннің бойында 5 форпосттың 

негізін қалап үлгерген олар өз шекараларын нақты белгіледік деп са-

нап, ашық даудан еш тартынбады.

Үлкен  жер  дауы  хандықтың  оңтүстік  бөлігінде  орналасқан  по-

мещик  саяжайлары  тұрғындарымен  арада  өрши  түсті.  1815  жылдың 

күзінде Бөкей ордасы қазақтары қысқы қоныстарына қарай жылжиды. 

Бұрыннан қыстап жүрген Каспий теңізіне келіп, біртіндеп жайғаса ба-

стайды. осы кезде Астрахань казак полкінің басшылары әскери старши-

на Петриченков Шығай сұлтанға хат жазып, қазақтардың оларға тиесілі 

емес жеке иеліктерге кіріп кеткенін мәлімдейді. олардың балықшылар 

мен  жергілікті  тұрғындарға  қысымшылық  жасап  жатырғаны  аталып 

өтіледі және қазақтарды бұл жерлерден қалай да шығарылуы керектігі 

шегеленіп айтылады [162, 2 п.]. Әрине күзет басшыларының міндеті по-

мещик саяжайларын қорғау болғандықтан жалған сөйлеулері заңды еді.

Әбден  қыс  келгенде  қалыптасқан  бұл  келеңсіз  жағдай  1815 

жылы  20  қарашада  Шығай  сұлтанды  Астрахань  губернаторы 

С.С.Андреевскийге  хат  жолдауға  мәжбүрлейді.  Мұнда  қазақтардың 

Каспий теңізі бойындағы қыстауларына қайта оралғандығы айтылып 

және  балықшылармен,  жергілікті  тұрғындармен  арада  кикілжіңнің 

болғандығы  жасырылмайды.  «Марқұм  менің  ағам  Бөкей  хан  көзі 

тірісінде помещиктер мен қазақ жерлерінің шекарасын анықтауға қол 

жеткізе алмады. Ал енді маған бағынышты қазақтар 15 жыл бойы суық 

пен  аштықтан  малдарын  қорғап  келген  қамысы  мол  қыстауларына 

жіберілмеуде», - деп Шығай ашынды. Қалыптасқан жағдайды баяндай 

келе сұлтан губернатордан осы қыста қазақ халқын аталмыш жерлер-

де  қыстауға  қалдыруын  өтінеді  және  балықшылар  мен  тұрғындарға 

ешқандай қысымшылық жасалмайтынына сендіреді. Ал қандай да бір 

зорлық-зомбылық  көрсетілсе,  барлық  шығынды  өтеуді  өз  мойнына 

алатындығын мәлімдеген [163, 1-3 пп.].

осы  мезгілде  Бөкей  ханның  жесірі  Атан  ханым  да  қарап  жат-

пай губернатор С.С.Андреевскийге дәл осындай өтінішін жолдайды. 

Алайда  әскери  старшина  И.в.Скворцов  «бөтен  жерге»  рұқсатсыз 

кірген  қазақтарды  қудалауға  кірісіп  кеткен  еді.  Кейіннен  Астрахань 

азаматтық губернаторы С.С.Андреевский Краснояр жергілікті сотына 

Бөкейліктерді қоныстанып қойған жерлерінде қалдыру туралы нұсқау 

береді.  

Айта  кететін  жайт,  1815  жылдың  3  желтоқсанында  губерна-

тор  С.С.Андреевский  он  бес  жыл  бойы  келе  жатқан  бітіспес  жер 

дауына  нүкте  қою  үшін  Краснояр  жергілікті  сотына  ерекше  тап-

сырма  береді.  ол  бойынша  помещик  иеліктері  мен  хандық  жерлері 



78

79

арасындағы шекараны белгілеу жүктеледі. Бұл жағдайға әбден қанық 



болған И.в.Скворцов Каспий шебінің басшысы есаул Рябовқа Шығай 

сұлтаннан межелеу жұмысына депутаттар талап етуін бұйырады [163, 

6-8 пп.]. Бірақ суық мезгілдің келіп қалуына байланысты бұл маңызды 

шара іске аспай қалған.

Саяжай  басшыларының  қарсылық  көрсетуі  салдарынан 

Шығай  Нұралыұлы  1816,  1817,  1818  жылдары  да  губернатор 

С.С.Андреевскийден  қыстауға  рұқсат  сұраумен  болған  [171,  18-23 

пп.]. Алайда империяның бүйрегі Бөкейліктерге емес, помещиктерге 

көбірек  бұрды.  Теңіз  жағалауындағы  жеке  иеліктер  үкімет  тарапы-

нан  қорықтай  қорылған  еді.  1818  жылдың  қарашасында  Астрахань 

көпесі  Матвей  Плотников  ордалықтардың  помещиктер  шаруалары-

на  қысымшылық  көрсететінін  айтқан.  осы  жағдайға  сай  Астрахань 

азаматтық  губернаторы  Краснояр  жергілікті  сотына  мынадай  нұсқау 

жолдаған:  «...қажет  жағдайда  помещиктер  иеліктеріне  заңды  көмек 

көрсетіңіздер  және  қазақтардың  ешбір  қысымшылық  жасамауын 

қадағалаңыздар» [172, 1 п.]. 

Біртіндеп помещиктердің сенімді адамдары ыңғайлы қыстауларға 

аса мұқтаж қазақтар есебінен пайда табуды ойластыра бастаған. 1819 

жылы  қазақтар  Нарын  құмдарынан  Каспий  теңізі  жағалауындағы 

әдеттегі  қыстауларына  келген  кезде  князь  Юсуповтың  шаруалары 

дөңдерге  арнайы  белгілер  орнатып  тастаған  болатын.  Шығайдың 

айтуынша осы кезде апатты жағдай пайда болған. Бұл жылғы қыста 

қар  қалың  түсіп,  қақаған  аяздардан  соң  ызғарлы  оңтүстік  желі 

жағалауларды  суға  толтырады.  Көктайғақтан  көшпелілер  малдарын 

тек  қара  қамысы  мол  дөңдер  құтқара  алатын  еді.  дәл  осы  жерлерге 

балық өндірісінің басшылары қазақтарды қыстауға жібермей қойды. 

Бөкейліктер амал жоқтан орыс помещиктеріне жалдануға мәжбүр бол-

ды. Қамыстарды пайдалану құқығына ие болу үшін помещик адамда-

рына үлкен көлемде ақшалай және малдай төлем төлеу керек еді. оған 

қоса  ордалықтарды  қамыстарды  орып,  оларды  жинауға,  мұз  оюға, 

ал батағаларда балық сақтайтын қоймаларға тұз тасуға мәжбүрлеген. 

Егер  қазақтар  батағалықтардың  талаптарын  орындамаған  жағдайда 

соңғылары  кордон  басшыларының  көмегімен  қысқы  қоныстарынан 

қуып  шыққан.  Ал  егер  де  Бөкейліктер  қыстау  ақысын  төлеуден  не-

месе  пара  беруден  бас  тартса,  сенімді  өкілдер  олардың  малын  тар-

тып  алып,  одан  да  бетер  көп  мөлшерде  құн  сұраған.  Мұндай  тәртіп 

екі помещиктердің саяжайларында орын алды. осылайша 1819 жыл-

дан  бастап  Каспий  жағалауында,  1820  жылдан  бастап  Қамыс-Самар 

көлдері мен Өзендер бойында мал қыстатудың ақылы түрі енгізілді.

Помещиктермен  арадағы  жер  дауының  ушығып  бара 

жатырғандығын Шығай Нұралыұлы жақсы түсінген және озбырлықты 

тежеу  үшін  әрекет  қылуға  бел  буған.  1820  жылы  қыркүйекте 

Шығай  сұлтан  Каспий  шебі  кордондарының  басшысы  есаул  Ря-

бов  арқылы  Краснояр  жергілікті  сотымен  байланысып,  батаға 

тұрғындарына мал бағу үшін теңіз жағалауынан нақты жерлер бөліп 

беруге  уағдаласқан.  Алайда  Краснояр  жергілікті  соты  қалың  қар, 

суық  аяздардың  болмайтындығына,  сөйтіп  Бөкейліктердің  қамысты 

дөңдерге  келмейтіндігіне  сілтеме  жасап,  межелеушілерді  жібермей 

қойған.  Сот  органының  керітартпалыққа  салынып  отырғанын 

түсінген  Шығай  сұлтан  1820  жылдың  25  желтоқсанында  Астрахань 

азаматтық  губернаторының  қызметін  атқарушы  Н.А.Кузнецовтан 

Ресей тұрғындарына «қажетті жер көлемін белгілеп, ал қалған теңіз 

жағалауындағы» жерлерді қазақтарға беруін сұраған [173, 37-39 пп.].

Алайда Шығай Нұралыұлы қанша тырысқанымен Астрахань гу-

берниясы басшылығы да, Краснояр жергілікті соты да оның өтінішін аяқ 

асты қылды. Әр түрлі сылтаулар айтылып, ақыр аяғында Бөкейліктер 

мен помещиктер жерлерінің шекаралары межеленбей қалды. Сол 1820 

жылы әдетте Каспий жағалауында қыстап жүрген қазақтардың жарты-

сы Нарын құмдарында қалған. Ашық далада малдарын суаратын суат, 

үйді  жылытатын,  малға  ықтасын  болатын  қамыстың  бірде-бірі  жоқ 

еді. Ал ондағы көшпелілерге Жайық өзенінің сол жақ бетінен келуші 

қазақтардан үлкен қатер төніп отырған [173, 46 п.].

Шығай  Нұралыұлы  билігі  тұсында  қондырау  татарлары  мен 

қазақтар арасындағы қарым-қатынас күрделене түскен. 1818 жылдың 

21 мамырында Шығай сұлтан орынбор әскери губернаторына өтініш 

жазып,  онда  Кожетаев  және  Сеитов  мекендері  татарларының  қазақ 

жеріне  басып  кіріп,  шалғын  шөптерді  таптағандығын  сөз  еткен. 

осының салдарынан екі халық арасында араздық оты тұтанады. Бұған 

тағы бір қосымша себеп болған Бақи атты қазақтың татарлар қолынан 

қаза табуы еді. Өз бауырларының өлімі үшін кек қайтаруға тырысқан 

Бөкейліктердің ұмтылысы Астрахань губерниясы басшылығын қатты 

алаңдатқан. Астрахань казак әскерінің қолбасшысы полковник князь 

А.И.Багратион  мәселенің  мәнісін  ұға  келе  кордон  сақшыларына  2 

міндет  қояды:  1)  Кордонды  үнемі  бақылауда  ұстау,  егер  әлдеқалай  

бүлікші адамдар шыға қалса, жедел тұтқындау; 2) Шығай сұлтанның 

рұқсат қағазынсыз ешкімді өткізбеу; [174, 40 п.]

осылайша  қазақ-татар  халықтары  арасындағы  алауыздық  1818 

жылы  шырқау  шыңына  жетті.  дәл  осы  кезеңде  Краснояр  уездіндегі 

қондырау  татарлар  қауымдастығының  өкілі  Камекай  Сартланов 

қазақтар мен кордон басшысы әскери старшина И.в.Скворцов үстінен 



80

81

шағым түсіреді. Мұнда қазақтар тарапынан үнемі болатын «шабуыл-



дар», И.в.Скворцовтың татарларға тиесілі жерлерде мал бағуы сөз бо-

лады.


Көршілес  екі  халық  арасындағы  қарым-қатынастың  тым 

асқынып,  шектен  шығып  бара  жатқанын  сезген  Астрахань  губер-

ниясы басшылығы белгілі бір шаралар қабылдау керектігін түсінеді. 

Жер  мәселесіне  көңіл  бөлмейінше,  яғни  екі  елдің  нақты  шекарасын 

межелемейінше мәселені шешуге болмайтынын ұға білді.

Межелеу жұмыстарын жүргізу үшін 1818 жылы 17 шілдеде Астра-

хань ведомствосына қарасты 10-сыныпты бас жер өлшеуші Ф.Федоров 

өз  көмекшілерімен  және  12-сыныпты  межелеуші  в.Петуховпен,  10-

сыныпты  С.Безобразовпен  іссапарға  жіберіледі.  олардың  негізгі 

міндеті  екі  тараптан  сенімді  өкілдер  шақырып,  нақты  шекараны 

белгілеу  және  істің  барысын  басшылыққа  хабарлап  отыру  болатын. 

Межелеу жұмысына қажетті құралдар мыналар еді: жылқы мен соқа; 

ор қазуға арналған темір және ағаш күректер, балта; куәгерлерді, екі 

тараптың  депутаттарын,  жер  өлшеушілерді,  азық-түліктерді  тасып 

жүру  үшін  бірнеше  ат-арбалар,  межеленген  жерлерге  нақты  белгілер 

қою үшін бағандар, көмір және тас қиыршықтары. Бұларды дайындау 

және жеткізу қондырау татарлары мен қазақтардың мойнына жүктелді. 

Жалпы межелеу жұмысы кезінде тыныштықты сақтау, қадағалау үшін 

Краснояр жергілікті сотынан арнайы бір уәкіл сұратылады [174, 45 п.].

Негізінен алғанда осы межелеу жұмысында басты рөлді атқарған 

Федор Федоров болды. ол жөнінде Астрахань облыстық мұрағатының 

№1 қорынан «дело о назначении землемером Ф.Федорова» атты ар-

найы  құжат  кездестірдік.  Аталмыш  деректен  білетініміз  бұл  жер 

өлшеуші 1784 жылы дүниеге келіп, 11 жасында межелеушілер дайын-

дайтын мектепке алғаш аяқ басқан. 1800-1803 жылдары жоғарғы сы-

ныптарында дәріс алып, 1804-1806 жылдары межелеушінің көмекшісі 

лауазымын  атқарған.  1807-1809  жылдары  коллеждік  тіркеуші,  1810-

1816 жылдары губерниялық хатшы ретінде еңбек еткен. 1817 жылдың 

1  қаңтарында  аға  жер  өлшеуші  И.Г.Рязановтың  орынбор  межелеу 

кеңсесіне шақыртылуына орай Ф.Федоров Астрахань губерниясының 

бас межелеушісі қызметіне тағайындалды. оған губерния басшылығы 

қалмақ  жерлерінің  шекараларын  нақтылауды  аманаттады.  Бірақ  34 

жасар Ф.Федоров 1818 жылы қазақ және татар жерлерінің шекарала-

рын межелеу жөнінде ерекше нұсқау алды. Мұрағат дерегінен Астра-

хань  азаматтық  губернаторының  Ф.Федоровқа  қатысты  жағымды 

мінездеме бергендігін көреміз. Әсіресе жер өлшеушінің тәжірибелілігі, 

алғырлығы ерекше аталып өткен [175, 7-10 пп.].

Алайда  1818  жылдың  жазында  өткен  межелеу  жұмысының 

қорытындысы  қазақтардың  мүддесіне  қайшы  келеді.  оны  Шығай 

сұлтанның  1819  жылы  15  тамызда  орынбор  әскери  губернато-

ры  П.К.Эссенге  жазған  хатынан  көреміз:  «Император  ағзамның 

орда халқына берген жерінің елеулі бөлігі әділетсіз түрде қондырау 

татарларының иелігінде кетті. Аталмыш жер өлшеуші (яғни Ф.Федоров 

–  Г.С.)  жүріп  өтуі  тиіс  сызықтан  40  верстқа  ауытқып,  Боғда  тауына 

емес, Лобоғда атты басқа тауға шықты. Нәтижесінде Шапшашы сол 

жақ бетте қалды». Шынтуайтында да орманды және шабындығы мол 

жерлер қондыраулықтардың еншісінде кете барды. Бұл кезеңде Астра-

хань комиссиясы татарларға жер телімдерін бөліп, жоспарын жасап, 

арнайы жарғыларын шығарып үлгерген болатын. Әділетсіздіктің бой 

алғанын көрген Шығай: «Ең шұрайлы жерлерінен айырылған қазақтар 

шаруашылығын нығайтпақ түгілі алғашқы кедейшілік деңгейіне қайта 

оралатын болды» [176, 10-16 пп.], - деп мұңын шақты.

Астрахань басшылығы жер өлшеуші Ф.Федоровтың бұл қателігін 

Шапшашы тауының Бас картада дұрыс көрсетілмеуімен түсіндірген. 

Бірақ  осы  жайт  үлкен  күмән  тудыратын.  Себебі  екі  жақтан  келген 

депутаттар  көзі  қарақты,  жер  мәселесін  жетік  білетін  адамдар  еді. 

Көпе-көрінеу  қазақ  депутаттарының  дегеніне  болмай  өзімшілдікке 

салынған  Ф.Федоровтың  татарларға  бүйрегінің  бұруы  әбден  мүмкін 

еді.  Себебі  1815  жылдан  бастап  қондыраулықтар  Ресей  империясы 

үшін  әр  екі  жыл  сайын  рекрутқа  әскер  беріп  отырды.  оларға  әрбір 

мың адамнан 5 немесе 7 адам беру міндеттелді [88, с. 346]. оған қоса 

бейбіт тұрғындардан 1000 сом ассигнация төлеу талап етілді. Соның 

салдарынан кейбір жылдары рекрут салығы 35000 сом ассигнацияны 

құрап отырды [11, с. 80]. Татарлардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы 

болғандықтан губерния басшылары жайылым мәселесін шешуге осы-

лайша ат салысқан сыңайлы.

Межелеу жұмысының субьективтілікке бой алдырғанын нақтылай 

келіп П.К.Эссен Астрахань азаматтық губернаторы С.С.Андреевскийге 

мынадай өтініштерін жолдаған: 1) Шығай Нұралыұлының өтініштерін 

толықтай  қарап  шығу;  2)  қазақтар  және  өзге  де  көшпелі  халықтар 

жерін межелеуге ресми түрде рұқсат берілмегендіктен бүкіл жер дау-

ын бұрынғысынша қалдыру; 3) қондырау татарларына берілген жерге 

қатысты  жарғылар  мен  жоспарларды  заңға  сәйкес  қайтарып  алу;  4) 

жер өлшеуші Ф.Федоровтың ісін заңға сәйкес қарау; [81, с. 278]

Нәтижесінде губернатор П.К.Эссеннің ұсыныстары белгілі бір 

дәрежеде  Астраханьдық  басшылықтың  қаперіне  алынады.  Келесі 

межелеу  жұмыстары  Жәңгір  Бөкейұлының  билігі  тұсында  жүзеге 

асқан еді.

1816  жылдың  ақпанында  Бөкей  ордасы  қазақтарының  хошо-


82

83

ут  ұлысы  қалмақтарының  және  татарлардың  жылқылары  Саратов 



губерниясы  Царицын  және  Камышин  уездеріне  баса  көктеп  кіреді 

[89,  с.  220].  Мұның  себептері  қыстаулардың  жетіспеушілігінде,  осы 

жылғы  қыстың  асқан  суықтығында  және  бірнеше  тәулікке  созылған 

боранның тым ұзаққа созылып кетуінде еді. Жылқылар аталмыш уезд 

шаруаларының егістік алқабын, жинаған шөбін таптап, үлкен шығынға 

ұшыратады. Шығай сұлтан қазақ халқының депутаттары ретінде стар-

шын  Өтеміс  Құлманиязовты,  хорунжий  Бармақ  Мұратовты,  Боздақ 

Есмәмбетовты жібереді. 

Есептей  келе  орда  қазақтарының  140  үйірге  топтасқан 

153192  жылқысы  Саратов  губерниясына  кіргендігі  анықталды. 

Қожайындарының айтуы бойынша солардың ішінен 56750-і табылған. 

Әр жерде аштық пен суықтан өлген 72138 жылқы есепке алынған. Ал 

24304 жылқы мүлдем табылмай қояды. Шынтуайтында осылардың ба-

сым  бөлігін  жергілікті  уезд  тұрғындары  меншіктеп  алып,  сол  маңда 

көшіп жүрген қалмақтарға, өзге де алыс жерлердегі қалмақ ұлыстарына, 

дон казактарына үйір-үйірімен арзан бағаға өткізіп жібереді. Бұларды 

қайтадан кері қайтару мүмкін болмайтын шара еді. 

Бұл оқыс оқиға хандық халқына үлкен зардабын тигізді. Мұнымен 

шығын көлемі бітті деуге болмайды. 1816 жылдың 1 наурызында гу-

бернатор С.С.Андреевскийге жазған хатында Шығай сұлтан жағдайды 

былайша  сипаттады:    «Бұдан  басқа  малдың  басқа  түрлері  де  өліп, 

жылқы  табындарын  іздеп  кеткен  малшылар  қаза  тауыпты.  Әзірге 

олардың  саны  беймәлім.  Мұндай  қиын  жағдайды  басынан  өткеріп 

отырған қазақ халқы енді бақытсыз, әрі аянышты жағдайға душар бол-

ды. олардың бар дүниесін тек мал басы ғана құрайтыны сізге бесене-

ден белгілі» [155, 1-6 пп.].

Сонымен 1816 жылы Саратов губерниясы аумағына қазақтардың 

153192 жылқысы, қалмақтардың 8500, татарлардың 30000 жылқысы, 

яғни  барлығы  191692  жылқылары  кіріп  кетеді.  Тексеріс  барысында 

Жоғарғы  және  Төменгі  Ахтуба,  Заплавной  Пришиб,  Слобода,  Капу-

стин  Яр,  граф  Зубовтың  деревнялары,  Никольский  елді-мекендері 

тұрғындарына  келтірілген  шығын  көлемінің  121161  сом  70  тиынды 

құрағандығы анықталды. Әр жылқыға 63 тиыннан шағып, қалмақтар 

жылқы санына сай 5376 сом 25 тиын төлеуге міндеттенді. Ал қалған 

115785 сом 45 тиын қазақтар мен татарлардың мойнына артылды. оған 

қоса бұл екі халық Каравасня, Балықты, Соляной Ерик, Казак Слобо-

дасы,  Александровск  елді-мекендерінің  тұрғындарына  зардап  салда-

рын өтеу үшін 30141 сом 1 тиын, яғни барлығы 145926 сом 46 тиын 

айыппұл төлеуді мойнына алды. Әр жылқыға 79 тиыннан есептеліп, 

Бөкейліктер төлейтін сома - 122020 сом, 24 1/4 тиын, ал татарлардікі - 

23906 сом, 25 тиын болды [155, 7-12 пп.].

Әрине, бұл орасан зор көлемдегі ақыны Шығай сұлтан қарапайым 

халықтан  жинады.  онсыз  да  96442  жылқыдан  айырылған  орда 

қазақтары оның үстіне 122020 сомға барып жығылатын ақшаны Ресей 

шаруаларына төлеуге міндеттенді.

Жоғарыда  көрсетілген  факторлар  Ішкі  орда  қазақтарының  дала 

бетке деген ұмтылысын күшейткен. Мұндай әрекеттер 1818-1821 жыл-

дары шарықтау шегіне жеткен еді.

1818 жылдың көктемінде сұлтан Елтай Нұралыұлы, тана руының 

старшыны  Есенгелді  Жанмурзин,  алаша  руының  старшыны  тархан 

Қонқұс  Сопрабиев  және  байбақтылық  старшын  Жантілеу  Жанқұтов 

орынбор әскери губернаторына өтініш жолдаған. Жердің тарлығынан 

қысылыстық көріп отырғандықтан далалық бетке кейін қайтуға және 

болашақта қыс мезгілдерінде ішкі тарапқа малдарын өткізуге рұқсат 

беруін  сұраған.  Сөйтіп,  ұзын-саны  1611  шаңыраққа  жететін  халық 

далалы өлкеге, яғни Кіші жүз территориясына оралуға ниет білдіреді 

[153, 1-2 пп.].

Көшпелілердің  дала  бетке  ұмтылуын  ру  басшылары  хандық 

аумағының  шағындығымен,  жайылымның  жетіспеуімен  байланы-

стырса,  ал  Шығай  сұлтан  1818  жылдың  26  тамызында  губернатор 

П.К.Эссенге жазған баянатында былайша түсіндірген: «Бөкейліктердің 

мұндай  әрекетке  бару  себебі  қондырау  татарлары  мен  қалмақ 

халықтарының қазақ жерлерін түбегейлі басып алады екен деген қаңқу 

сөздеріне сенуінде» [177, 11 п.]. Ал зерттеуші А.Ф.Рязанов өз еңбегінде 

жергілікті әкімшіліктің 1818 жылғы Бөкей ордасындағы қарсылықты 

сұлтан  Қаратай  Нұралыұлының  арандатушылығынан  көргендігін 

жазған. Автордың өзі де осы халық толқуында саяси элиталардың ба-

сты рөл атқарғандығын жасырмайды. Әсіресе әйгілі Кіші жүз ханы Есім 

Нұралыұлының ұлы Қайыпқали Есімұлына баса назар аударған [28, с. 

201]. Тарихшы Е.Бекмаханов 1818 жылғы осы қозғалысқа бірден-бір 

себепкер  патша  өкіметінің  отарлауы  мен  сұлтандар,  старшын-билер 

қысымы деп көрсеткен [204, с. 77].

Сөз  жоқ,  1818  жылғы  Бөкей  ордасындағы  халық  толқуының 

өзіндік  саяси  қыры  болды.  Кіші  жүздегі  кейбір  рулардың  ханы  бо-

лып есептелген Қаратай Нұралыұлы өз қарамағындағылардың санын 

Ішкі  орда  тұрғындары  есебінен  арттыруды  көздеуі,  сөйтіп  бұрынғы 

саясатының өзгеруі әден мүмкін еді. Тарихшы А.Қ.Қарамурзинаның 

мәлімдеуінше  Қаратай  сұлтанның  1817-1818  жылдары  Бөкей 

ордасындағы  Нұралыұлдары,  соның  ішінде  Елтай  Нұралыұлымен, 

Қайыпқали  Есімұлымен  байланысы  орынборға  күнделікті  түсіп 

отырған [76, 33 б.].

Алайда өз тарапымыздан 1818 жылғы Бөкей орда қазақтарының 



84

85

дала  бетке  ұмтылуында  саяси  факторлардың  қосымша  рөлді 



атқарғандығын атап өтеміз. Бұл оқиғаға негізгі себеп те, түрткі де болған 

аграрлық  мәселелер  еді.  Жоғарыда  келтірілген  ру  басшыларының, 

Шығай сұлтанның берген мәліметтері шынайы ақиқатты бейнелейтін-

ді.  Халық,  мал  санының  өсуі  салдарынан  ішкі  жер  қатынастарының 

ушығуы  жайылымның,  қоныстың  тарылуына  әкеліп  соқты.  Ал 

орал  казак  әскерлерінің,  помещиктердің,  қондырау  татарларының, 

қалмақтардың орда жерлеріне ауыз салуы сыртқы жер қатынастарын 

асқындырды. Алғашында ұлан-байтақ алқапқа ие болған Бөкейліктер 

жерлерінің көпе-көрінеу империя тұрғындарына берілуі, басшылықтың 

дәрменсіздігі көшпелілер көңіліне қаяу салды. Сол себепті ордалықтар 

жаппай Жайық өзенінің сол жақ бетіне өтуге тырысқан еді.

Бұл көші-қон үрдісіне Шығай Нұралұлы түбегейлі қарсы болды 

[153,  2  п.].  оның  ниеті  түсінікті  еді.  Егер  1611  шаңырақ  өтіп  кетсе, 

өзгелер де арғы бетке ұмтылатын еді. Халықтың көпшілігі Ішкі ор-

дадан  безсе,  хандықтың  экономикалық,  әлеуметтік  жағдайы  сөзсіз 

төмендейді. Ал патшалық Ресейге кіріс көзі аз хандықтың қажеті ша-

малы болатын. осының бәрін дер кезінде ұғына білген Шығай барын-

ша күрескен.

1819 жылы 22 маусымда Ресей Сыртқы істер министрлігі Астра-

хань губерниясынан Кіші жүзге кетуге бел байлап отырған Елтай сұлтан 

мен өзге де 3 старшынға 1611 шаңырақпен Жайықтан өтуіне рұқсат 

береді. Көшпелілерді дала бетке өткізу үрдісі 1820 жылы 10 тамызда 

аяқталған. Өтуге тиісті 1611 шаңырақтың 1297-сі ғана өтіп үлгерген. 

Ал 314 шаңырағы малдарының қатаң қыс салдарынан жұтауын сыл-

тауратып қалып қойған [86, с. 214].

дегенмен, көптеген Бөкейліктер бұл көшке еруге тырысып бағады. 

Мысалы Кондуров және Редут форпостылары жанында көшіп жүрген 

қазақ Е.Бердалин 35 шаңырақпен өте алмай қалады. Ал 1820 жылдың 

31  тамызында  атаман  д.М.Бородин  Шығай  сұлтанға  байбақты  руы 

батақ  бөлімінің  қазағы  Елемектің  өткізілген  1611  шаңыраққа  өзінің 

малын қосып жібергенін айтады. Бұл ордалықты орынбор шекара ко-

миссиясы тұтқындай алмай жүргендігі анықталған [153, 16, 24 пп.].

Бір  қызығы,  1611  шаңырақтың  мәселесі  Сыртқы  істер 

министрлігінде  талданып  жатырғанда  Бөкейлік  қазақтардың  Кіші 

жүз  территориясына  өтуі  үздіксіз  жүріп  жатқан.  1819  жылы  Лбішін 

форпостының басшысы жүзбасы в.Марков сәуір айында орынбор ше-

кара комиссиясының асессоры в.А.Топорнин мен орал казак әскерінің 

отставкадағы  подполковнигі  П.Тюнчевтің  рұқсатымен  тама  руының 

қазағы Қуаныш Бүркітовті бірнеше малымен өткізген.

Тергеуді  атаман  д.М.Бородиннің  өзі  жүргізген.  Лбішін 

форпостының  казактары  М.Погадаев  және  в.Харкин  жүзбасы 

в.Марковтың  1819  жыл  көктемінде  күндізгі  уақытта  заңсыз  түрде 

Көке Күшіков бастаған байбақты руы қазақтарын өткізіп жібергендігін 

баяндаған. олардың 200 түйесі, 400 сиыры, 2000 қойы болған екен. 

Тағы бірде осы жүзбасы Құдабай, Мұстафа, Қодарғұл және тағы басқа 

да  Бөкейліктердің  2004  түйе,  300  жылқы,  20300  қойларымен  дала 

бетке  өтуіне  жәрдемдескен.  Жалпы  казактардың  есебінше  жүзбасы  

в.Марков тек 1819 жылдың сәуір айында 300 түйе, 2005 жылқы, 2006 

сиыр,  20400  қойды  қожайындарымен  бірге  жасырын  түрде  өткізіп 

жіберген  [178,  1-3  пп.].  Жалғыз  в.Марковтың  бір  ғана  Лбішін  фор-

постынан  аз  уақыт  ішінде  осыншама  қазақтарды  өткізгендігін  біле 

отырып  қалған  постылардан  қанша  көшпелілердің  өтіп  кеткендігін 

елестете беруге болады.

Алайда Кіші жүзге өту үшін ресми рұқсат сұрағандардың саны да 

сирей қоймаған. 1820 жылы 25 қыркүйекте П.К.Эссен Шығай сұлтанға 

дала  бетке  көшуге  ниет  білдірушілерден  тағы  да  өтініш  түскенін 

хабарлаған.  Бұл  жолы  Нарын  құмдарын  мекендеп  жүрген  сұлтан 

Есенғазы Қарабаев 2333 шаңырақпен, сұлтан Елтай Нұралыұлы 600, 

старшын Есенгелді Жанмурзин 1570 және би Байтел Өмірзақов 1000 

шаңырақпен, барлығы 5503 түтін Кіші ордаға қоныс аударғысы кел-

ген. осы шаңырақтар негізінен алғанда шеркеш, байбақты, тана және 

беріш руының көшпелілерінен құралған [153, 46-48 пп.].

Бұл аз болғандай 1821 жылы 5 тамызда Кіші жүз ханы Шерғазы 

Айшуақұлы Сыртқы істер министрі граф К.в.Нессельродеден өзінің 

қарамағына көшіп баруға ниет білдіріп отырған Бөкейлік қазақтардың 

1792 шаңырағын Жайықтан өткізуге рұқсат етуін сұраған [81, с. 282].

Жоғарыда келтірілген мәліметтерден байқайтынымыз, 1818-1821 

жылдары дала бетке өту үшін ресми рұқсат сұраған Бөкейліктердің 

шаңырағы  8906-ға  жеткен.  Бұл  дегеніміз  сол  кездегі  хандық 

тұрғындарының  70%-ы  деген  сөз.  Ал  мұндай  ұмтылыстың  негізгі 

себебі жер мәселесі екендігін өз тарапымыздан атап өттік.

Әйтсе  де  патша  үкіметі  мен  жергілікті  басшылардың  ашық 

қарсылығына  тап  болған  көшпелілер  өз  мақсаттарын  жүзеге  асы-

ра  алмай,  Бөкей  ордасында  мәңгілік  тұрақтауға  көндіккен.  Халық 

толқулары басылуы нәтижесінде елде тыныш өмір орнады. Бөкейліктер 

бұрынғысынша ру, бөлім, ауыл болып көшуін жалғастырды. Жайылыс 

көзінің жұтауы, халық, мал санының көбеюі секілді жаңа жағдайлар 

олардың  ауылдарын  ұсақтандыра  түскен.  Бірақ  та  рулық  қауымдық 

меншік өз үстемдігін жалғастырған.

Ішкі  орда  билеушісі  Шығай  Нұралыұлы  елдегі  бұрыннан  бері 

қалыптасып  үлгерген  жер  қатынастарын  өзгертпеген.  Бұл  хақында 


86

87

зерттеуші Г.Медведский: «Бөкей тұсында және алғашқы жиырма бес 



жылдықта дербес жер үлестері, яғни жерге жеке меншік туралы еш сөз 

болмады» деген қорытындыға келген [14, с. 286].

Шығайдың ішкі жер қатынастарын реттеудегі негізгі міндеті дала 

беттен  келген  көшпелілерді  хандық  территориясында  орналастыру 

болатын.  Әрбір  көшіп  келген  шаңыраққа  жер  беруді  ол  өз  бетінше 

немесе губерниялық жер өлшеушімен, Краснояр жергілікті сотының 

қызметкерімен бірлесе отырып жүзеге асырды. Бөкей хан секілді ол 

да  хандық  тұрғындарының  санын  арттыруға  мүдделі  болды.  Себебі 

ол Ресей үкіметі мен жергілікті көшпелілерге жағыну арқылы хандық 

тақты  армандады.  Сондықтан  көшпелілер  мүддесіне  қайшы  келетін 

қандай да бір реформа жасаудан бойын аулақ ұстады. Әрі оның заманы 

алмағайып, тұрлаусыз болды.

1819 жылғы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Бөкей хандығы 

тұрғындарын  өзге  көшпелілер  есебінен  үздіксіз  толтырып  отыруға 

болатындығын болжауы іс жүзінде ақталды. Патша үкіметі мен Шығай 

сұлтан бастаған хандық элиталары көшпелілерді, олардың басшыла-

рын әр түрлі жолдармен ордада ұстап қалуға тырысқан. Бұған нақты 

мысал келтіріп өтейік.

1822  жылы  қаңтарда  Бөкейлік  адай,  шеркеш,  жаппас,  алаша, 

беріш, кердері руларының 167 шаңырағы Төменгі орал шебіндегі Кон-

дажов және Редут постылары аралығынан дала бетке өтуге тырысқан. 

Белгілі  сұлтандар  Өзбекқали  Нұралиев,  Табылды  Шекхазин,  Нұрке 

Қарабаев  және  ахун  Мұхамеджан  Қазиевтің  мәліметтерінше  атал-

мыш қазақтардың тікелей рубасылары, сұлтандары мен старшындары 

болмаған. оларда старшындар ретінде адай руында – Ботабай Топаев, 

шеркеште – Шұнғат Бәйтереков, алашада – Төлеміс Шынкеміров, жап-

паста – дүтбай Асанов, кердеріде -  Төлеген Ескенин, тамада – дүйсен 

Жаубасаров, беріште – Өтес Тасболатов есептелген.

Ішкі тарапта қалуға ниет танытқан бұл шаңырақтарды қалай да 

ұстап қалу басты міндетке айналды. олардың көсемдерін ынталанды-

ру мақсатында патша әкімшілігі старшындық атақ беру туралы Жарлық 

шығарып, күміс мөр ұсынды. Ал Шығай сұлтанға осы көшпелілерге 

жайылымдық жер бөліп беру міндеті артылған [177, 23-27 пп.].

Шығай  Нұралыұлы  билігі  тұсында  Бөкей  ордасының  мал 

шаруашылығы қарқынды дамып, сандық көрсеткіш бойынша бұрын-

соңды болмаған деңгейге жетті. Табиғи жұт кесірінен көптеген малда-

рынан айырылып отырса да, Бөкейліктер төрт түлігін аз уақыт ішінде 

көбейтіп  алған.  1771-1801  жылдары  тыңайып  үлгерген  Еділ-Жайық 

аралығы  ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегінде  мал  шаруашылығына 

қолайлы жағдай туғызған. Сол кездегі табиғи-географиялық жағдайдың 

тиімділігі, атап айтсақ өзен-көлдердегі су деңгейінің жоғарылығы, тал-

бұталардың  жеткілікті  дәрежеде  өсуі,  сусымалы  құмдардың  аздығы 

осы кәсіп түріне оңды әсерін тигізген.

орданың  экономикалық  мүмкіндігін  көрсету  мақсатында 

және  жоғарғы  биліктің  талабы  бойынша  Шығай  сұлтан  жыл  сайын 

Астрахань  азаматтық  губернаторы  мен  Краснояр  жергілікті  соты-

на хандықтағы мал саны туралы мәліметтер беріп отырған. Мұрағат 

қорларында  шашыраңқы  орналасқан  деректерді  былайша  жүйелеуге 

мүмкіндік туып отыр [161, 4, 6 пп], [121, 10, 11 пп.].

4- кесте  

Жылдар

Түйе


Жылқы

Ірі қара


Қой

Ешкі


Барлығы

1819


110736

650765


235856

3985707


127442

5110506


1820

95900


630200

315100


3425000

643900


5110100

1821


92643

497818


178230

4843809


652195

6264695


1822

137510


510000

95000


3824880

123444


4690834

1823


437300

1117788


481666

21606944


506389

24150096


1824

432179


1107213

469722


21939149

541642


24489905

осы  келтірілген  мәліметтердің  ішінен  көңілге  қонымдысы 

деп  1819-1822  жылғы  көрсеткіштерді  тануға  болады.  Ал  1823-1824 

жылдардағы  деректерде  асыра  сілтеушілік  байқалады.  Себебі  бір 

жылдың ішінде мал санының 6 есеге артуы мүмкін емес.

Шын  мәнісінде,  мал  саны  халықтың  әл-ауқатын,  тұрмыс-

тіршілігінің  деңгейін  көрсететіні  белгілі.  Егер  хандықта  1815-1825 

жылдары  орташа  есеппен  13000  шаңырақ  болды  десек,  әр  жанұяға 

1819 жылы – 393 бас, 1820 жылы – 393 бас, 1821 жылы – 481 бас, 1822 

жылы – 360 бас әр түрлі малдан келген.

Алайда  мал  басы  көбеюінің  хандықтағы  жер  қатынастарына 

тигізген  кері  әсері  болғандығын  да  мойындауымыз  керек.  Егер 

ордадағы  барлық  жер  көлемін  5377743  десятина  деп  анықтасақ,  әр 

түрлі мал басына 1819 жылы – 1 десятина, 1820 жылы – 1 десятина, 

1821 жылы – 0,8 десятина, 1822 жылы – 1 десятина жер телімінен келеді. 

Бірақ хандық территориясында жайылымға жарамсыз жерлердің мол 

болғандығын естен шығаруға болмайды.

Климаттың қатаңдығы, құбылмалылығы көптеген көшпелілерді, 

оның  ішінде  Шығай  сұлтанды  үй,  жертөлелер  салуға  мәжбүрлеген. 

Ішкі орда билеушісі өз ағасы секілді хандық халқын отырықшылыққа 



88

89

баулығысы  келді.  Бұл  жайында  ол  1820  жылдың  28  қаңтарында 



Астрахань  казак  әскерінің  атаманы  в.Ф.Скворцовқа:  «Қазақ  халқын 

отырықшы  өмірге  үйреткім  келетіні  Сізге  бұрыннан  белгілі.  оларға 

үлгі көрсетпек мақсатта менің үй салуыма ағаш және дайын құрылыс 

материалдарын  жіберуіңізді  сұраған  едім»  [173,  12  п.],  -  деп  жазды. 

Ал  бұған  ықпалын  тигізген  факторды  губернатор  П.К.Эссенге  бы-

лайша  көрсеткен:  «Үй  тұрғызуыма  қазақ  халқын  үлкен  шығындарға 

ұшыратқан ауыр қыс әсер етті» [173, 34 п.].

осылайша,1820 жылдың жазында Каспий теңізі жағалауындағы 

Коневск  постына  жақын  жерде  Шығай  сұлтанға  тиесілі  үй  бой 

көтерген.

орда  билеушісінің  игі  бастамасын  жалғастырушылар  да 

табылған.  осындай  үрдістің  куәгері  болған  орынбор  шекара 

комиссиясының асессоры А.д.Кузнецов 1825 жылы мынадай мәлімет 

келтірген:  «ордадағы  ағаштан  жасалған  құрылыс  нысандарына  На-

рын құмдарындағы мешітті, Қамыс-Самар маңындағы сұлтан Шоқы 

Нұралыұлының үйін және теңіз маңындағы Қарауылқожа мен сұлтан 

Шығай Нұралыұлының 2 үйін жатқызуға болады. Ал басқа жерлерде 

бірнеше жертөлелер бар» [126, 17 п.].

Бұдан байқайтынымыз, ауқатты ордалықтар өздеріне ағаштан үй 

салып, ал қатардағы көшпелілер жертөлелерді қанағат тұтқан. Хандық 

территориясында ағаш өсімдігі өспейтіндіктен аталмыш материалды 

қымбат  бағаға  Астрахань  губерниясынан  арнайы  тапсырыс  арқылы 

алдыртқан.

Расында  да  Шығай  сұлтан  билігі  тұсында  Бөкей  ордасында 

отырықшылану  үрдісі  басталған.  Кең  даланы  ен  жайлап  үйренген 

көшпелі  қазақтардың  кейбір  бөлігі  енді  жартылай  көшпелілікке 

ойысқан. Бұған әсер етуші бірнеше факторларды атап өтуге болады. 

Ең алдымен, хандық территориясының шағындығы жетекші рөлге ие 

болды.  Бөкейліктер  Кіші,  орта,  Ұлы  жүздердегідей  көшіп-қонудың 

ұзақ  маршрутын  қалыптастыра  алмады.  Сол  себепті  бірден-бірге 

көші-қон  аясы  тарыла  түскен.  Екіншіден,  халықтың,  мал  санының 

артуы  еркін көшіп жүруге мүмкіндік бермеді. Сондықтан күшті ру-

лар  мен  ауқатты  адамдар  шұрайлы  жайылыстарды  иемденіп,  одан 

айырылмауға  тырысқан.  Үшіншіден,  Жайық  өзенінің  дала  бетіне 

ұмтылған Бөкейліктерді Ресей үкіметінің жібермей қоюы өз септігін 

тигізді.  Ішкі  тарапта  амалсыздан  қалған  көшпелілер  жаңа  жағдайға 

бейімделуге  мәжбүр  болды.  Төртіншіден,  құбылмалы,  әрі  қатаң 

климаттың көшпелілерді белгілі бір аймаққа тұрақтауға мәжбүрлеуі. 

Бұған  әсіресе  1815-1816  жылдардағы  ауыр  қыс,  1817  жылдың  жа-

зында  қаптаған  шегірткелердің  өсімдік  атаулыны  отауы,  1819-1820 

жылдардағы үлкен жұт айрықша ықпал етті. Бесіншіден, орал казак-

тары мен помещиктер тарапынан болатын озбырлықтардың жылдан-

жылға күшеюі. Аталмыш қожайындардың қыстауларды, жайлауларды 

ақылы түрде жалға бере бастауы тұрмыс деңгейі төмен көшпелілерді 

хандықтың  орталық  территориясында  тұрақтануға  итермеледі.  Ал-

тыншыдан,  ордалықтардың  көршілес  қалмақ,  қондырау  татарла-

ры,  өзге  де  империя  тұрғындарымен  жиі  араласуы.  Бөкейліктер 

отырықшылық өмірдің кейбір артықшылықтарын өз көздерімен көрді. 

Жетіншіден, ел басшыларының, ауқатты адамдардың ағаш үй салуы, 

қатардағы көшпелілердің жертөлелер тұрғызуы өзгелерге үлгі болған. 

Қандастарының  мұндай  үрдіске  етене  араласуы  Бөкейліктердің 

қызығушылығын арттыра түсті.

Төрт түліктің көбеюі орда ішіндегі жайылымға, шабындыққа де-

ген бәсекені күшейткен. Көкорай шалғынның барлық көшпелілер үшін 

жеткілікті  болуы  мүмкін  емес-ті.  Сол  себепті  көптеген  Бөкейліктер 

көршілес халықтардың жайылымдарына аяқ басты. Ал бұл өз кезегінде 

сыртқы жер қатынастарын одан әрі асқындырды.

Бөкейліктердің  жиі  қақтығысып  тұратын  көршілері  помещик 

саяжайларының шаруалары еді. Әсіресе, 1819 жылы қыстаудың ақылы 

түрі енгізілуіне байланысты осы оңтүстік мәселесі одан әрі шиеленісе 

түсті. Көшпелі қазақтарға малын өлімнен құтқарып қалу үшін өндіріс 

басшыларының  айтқанына  көндігуіне  тура  келді.  Соңғылары  өз 

кезегінде  мұны  шебер  пайдаланды  және  еш  қысылмастан  көшіп-

қонғаны үшін қоймен және өзге де мал түрлерімен көп мөлшерде ақы 

алды. Мысалы, көпес Алексей Сапожниковтың көмекшісі Иван Иванов 

1819-1820 жылдардың қысында беріш руының қазақтарынан старшын 

Қошай арқылы 31 қой және 1 сиырды иеленген [179, 41 п.]. Ал 1822 

жылы князь Юсуповқа тиесілі Богатинск өндірісінің басшылары васи-

лий Павлов пен Андрей Яковлев қазақтарды өндіріс маңында қыстап 

жатқаны үшін малдай, ақшалай және өзге де бұйымдармен ақы төлеуге 

мәжбүрлеген. оған қоса қамыс шабуға, өндіріс қажеттілігі үшін мұз 

оюға да жұмсаған [179, 86-87 пп.].

Жалпы  қазақ-помещиктер  қатынастарын  зерттеуде  бірнеше 

мәселелердің басын ашып алуымыз қажет. осыған байланысты туын-

дайтын  сұрақтардың  негізгі  дені  мынадай:  Помещик  шаруалары  ірі 

жайылыстық алқаптарға мұқтаж ба еді? Граф И.А.Безбородко, князь 

Н.Б.Юсупов дегендеріміз кімдер және олар қандай қызмет атқарған?

Өз  тарапымыздан  соңғы  сұрақтың  Бөкей  хандығы  тарихын 

зерттеуші ғалымдар назарынан тыс қалғандығын ескертеміз. орданың 

саяси,  экономикалық,  әлеуметтік  өмірін  зерделеген  барлық  авторлар 

осы мәселелерді сырт айналып өткен.


90

91

Граф  И.А.Безбородко  жалпы  көлемі  199579  десятина,  775  са-



жень болатын жерді иемденді және де бұл территория Каспий теңізі 

жағалауымен ұзындығы  97 верстқа, ені 12,5 – 35 верстқа дейін созылып 

жатты [86, с. 309]. оның 185960 десятинасы ІІ Екатерина патшайымның 

хатшысы,  дипломат,  Мемлекеттік  Кеңес  төрағасы  лауазымдарын  ие-

ленген графтың ағасы Александр Андреевич Безбородкоға (1747-1799) 

тиесілі  болған.  1799  жылдан  бастап  саяжайлар  И.А.Безбородконың 

меншігіне өткен [135, 23 п.]. 

Сенаттың  аға  жер  өлшеушісі  Т.Сучков  мәлімдеуінше  граф 

И.А.Безбородконың саяжайларында орташа есеппен 150 адам тұрақты 

түрде өмір сүрген [180, 16 п.]. олай болса, әрбір жан басына 1330 де-

сятинадан жер үлесі келген. оған қоса тұрғындардың барлығы балық 

аулаумен  айналысып,  мал  шаруашылығын  қосалқы  кәсіп  қылған. 

Мыңғырған малдары бар Бөкейліктер секілді олар ұланғайыр жайы-

лыс көзіне мұқтаж емес еді. 

Ал  граф  Илья  Андреевич  Безбородконың  жеке  басына  кел-

сек,  ол  Ресей  империясының  атышулы  саяси  элиталары  қатарында 

болған.  Құпия  кеңесші,  сенатор  лауазымдарын  иеленген  ол  Глухов 

жанындағы Стольный селосында 1756 жылдың 16 ақпанында дүниеге 

келіп, 1815 жылдың 3 маусымында Петербургте қаза табады. 16 жа-

сында  бас  қолбасшы  граф  Румянцевтің  қарамағында  адьютант  бо-

лып  қызмет  атқарған.  Бірінші  орыс-түрік  соғысында  Қарасу  көлі 

маңындағы шайқаста ерлік көрсеткен. 1784 жылы 3 желтоқсанда ағасы 

А.А.Безбородко екеуі ІІ Иосифтің шешімімен Рим империясының гра-

фы атағын алды. Бір жылдан соң ІІІ дәрежелі владимир кресті марапа-

тына ұсынылған. 1787 жылдың 21 сәуірінде ол генерал-майор атанып, 

Әскери  коллегияның  мүшелігіне  қабылданып,  император  сарайында 

сайрандап, аристократтардың ортасына ене бастаған.

Екінші  орыс-түрік  соғысы  басталысымен  И.А.Безбородко  өз 

еркімен  майданға  аттанған.  Әйгілі  қолбасшы  Суворовтың  туының 

астында  шайқасып,  1791  жылы  Измаилды  бағындыруда  көзге 

түскен. Ұрыс даласында көрсеткен батырлығы үшін Иван Андреевич 

3-інші дәрежелі Әулие Георгий және 1-інші сыныпты Қасиетті Анна 

ордендерімен марапатталған.

1797  жылдың  5  сәуірінде,  яғни  І  Павелдің  таққа  отырған  күні 

И.А.Безбородко  Ресей  империясының  графы  атағын  иеленіп,  Әулие 

Александр  Невский  орденімен  марапатталып,  Литвадағы  1350  ша-

руаны сыйлыққа алды. Ал 1798 жылы 27 ақпанда шыққан Жарлыққа 

сай  И.А.Безбородко  құпия  кеңесші  атанып,  Сенаттың  мүшелігіне 

қабылданады [145, с. 641-642].

1799  жылы  қаза  тапқан  А.А.Безбородконың  артында  мұрагері 

қалмағандықтан  оның  барлық  дүние-мүлкі  Илья  Андреевичтің 

меншігіне  өтті.  осы  дүние-мүліктерінің  негізгі  дені  мыналар  еді: 

1)  воронеж  губерниясындағы  30000  десятина  жер;  2)  Полоцк 

губерниясындағы 1200 басыбайлы шаруа; 3) Малороссия аймағындағы 

5000  шаруа;  4)  орлов  губерниясындағы  16000  басыбайлы  шаруа;  5) 

Каспий теңізі жағалауындағы саяжайлар; [181, 28 п.].   

Көзі  тірісінде  А.А.Безбородко  өз  өлімінен  соң  белгілі  бір 

қаражатының  тәрбие  үйлеріне  берілуін  қалаған.  Ағасының  өсиетін 

сыйлаған  Илья  Андреевич  1805  жылдың  9  мамырында  І  Александр 

патшаға хат жолдап, Нежин қаласында кедей балаларға арнап «Князь 

А.А.Безбородко атындағы жоғарғы ғылымдар гимназиясын» ашқысы 

келетіндігін айтады.

Жаңа  оқу  орнына  князь  И.А.Безбородко  қаладағы  өзіне  тиесілі 

бағын және бірнеше десятина жерін беріп, оған қоса 3000 кедей бала-

лары үшін жыл сайын 15000 сом бөліп тұрған.

Илья Андреевич ағасының өтініші бойынша туған жері Стольный 

маңындағы қираған думницк монастырын қалпына келтіруге қаражат 

жұмсаған.  оның  үстіне  осы  монастырды  қаржымен  қамтамасыз  ету 

үшін Мәскеулік тәрбие үйінің есепшотына 22000 сом ақша аударған. 

Шарт  бойынша  осы  капиталдың  белгілі  бір  пайызы  монастырдың 

қажеттілігіне берілуі тиіс еді.

Өзінің  өмірінің  соңғы  сәттерінде  И.А.Безбородко  Петербург 

дворяндарының жетекшісі деген лауазымды иеленген [145, с. 642].

Байқап отырғанымыздай, граф И.А.Безбородко әрі батыр, әрі сая-

саткер,  әрі  ағартушы  бола  білген.  Бөкейліктермен  арадағы  жанжал-

дан, жер дауынан ол хабардар болып отырған [135, 1-25 пп.]. дүние-

мүлкі жеткілікті болғанымен граф Каспий теңізі жағалауындағы балық 

өндірісі кәсіпшілігіне аса мән берген. Шамасы одан түскен қаражаттарды 

ағартушылық саласына жұмсауды, сөйтіп Ресейдің ғылым тарихында 

өзінің және ағасының есімін қалдыруды көздесе керек.

1815 жылы Бөкей хан, генерал-майор П.С.Поповпен бір мезетте 

граф И.А.Безбородко да көз жұмды. оның бүкіл дүние-мүлкі, иеліктері 

ұлы Андрей Ильич Безбородкоға мұрагерлік жолмен берілген. Алайда 

камергер қызметін атқарған ұлы жастайынан қаза табады. Сондықтан 

да  Шығай  Нұралыұлы  билігі  тұсында  графтың  бар  дүниесіне  оның 

жұбайы Ширяева Анна Ивановна (1765- 1824) иелік етеді. Аталмыш 

тұлға Әулие Екатерина атындағы Кіші Крест орденін иеленген кава-

лер  ханым  болған.  Алғыр,  әрі  ұйымдастырушылық  қабілеті  жоғары 

А.И.Ширяева Каспий жағалауындағы саяжайларды жеке бақылауына 

алған [145, с. 642]. Сол себепті азулы қарсыластарға тап болған Шығай 

сұлтан оңтүстіктегі жер мәселесінде табыстарға қол жеткізе алмады.


92

93

Бөкей ордасының оңтүстік аймақтағы тағы бір шекарасы князь 



Н.Б.Юсуповтың  саяжайларымен  шектесті.  оның  иелігінде  2  саяжай 

болған және жалпы көлемі 130763 десятина, 3373 саженьді құраған. 

Каспий теңізін жағалай 208 верстқа, ішкерілей 10-15 верстқа созылып 

жатқан территорияда барлығы 128 ер адам тұрақты түрде өмір сүрген. 

Балық аулау ісімен айналысқан саяжайлар қызметшілері маусымдық 

кезеңдерде  көптеген  ерікті  адамдарды  жалдап  отырған  [146,  4-7 

пп.].  Қолдарында  азын-аулақ  малы  бар  орыс  шаруаларына  үлкен 

алқаптардың керегі шамалы еді.

Граф  И.А.Безбородко  секілді  князь  Николай  Борисович 

Юсуповтың (1750-1831) да Ресей империясы саяси сахнасында өзіндік 

орны  болды.  Сенатор,  әрі  Мемлекеттік  Кеңес  мүшесі  лауазымдарын 

иеленген  ол  әйгілі  саясаткерлермен  бір  сатыда  тұрған.  Николай  Бо-

рисович 1755 жылы корнетке алынып, 1761 жылы подпоручик, 1771 

жылы поручик шендерін иеленіп, ал келесі жылы Император сарай-

ында  камерюнкер  ретінде  жұмыс  атқарған.  осы  қызметінен  1772 

жылы босатылып, өз білімін жетілдіру мақсатында Еуропаға саяхатқа 

кеткен. 1781 жылы Ресейге кері оралған князь камергер лауазымына 

ұсынылған және Сауда комиссиясының мүшелігіне қабылданған. 1783 

жылы императордың әмірімен Неаполитан королі І Фердинандтың са-

райына дипломатиялық мақсатпен сапар шегеді.

1788  жылы  Н.Б.Юсупов  құпия  кеңесші  атанды  және  Ресей 

Сенатына  қабылданды.  Петербургке  қайта  оралған  соң  Сенаттың 

1-ші  департаменті  мен  Межелеу  экспедициясына  (1790  жылы) 

төрағалық етеді. 1791 жылы князь театрлардың директоры қызметіне 

тағайындалып, осы лауазымды 1799 жылға дейін иеленді. 1797 жылы 

І Павелге корольдық атақ беру рәсімі кезінде Н.Б.Юсуповқа әулие Ан-

дрей Первозванный атындағы орден тапсырылған.

1800 жылы князь үлестік департамент министрі, ал 1801 жылы І 

Александрдың таққа отыруы кезінде екінші мәрте маршалл қызметіне 

ұсынылған.  Кейіннен  1814  жылы  Мәскеудегі  Кремль  құрылысының 

басшысы ретінде тағайындалған. Жылдан-жылға бедел жинап келген 

Н.Б.Юсупов  1823  жылы  Мемлекеттік  Кеңес  мүшесі  атанған  [145,  с. 

352-353].

Көріп  отырғанымыздай,  князь  Н.Б.Юсуповтың  да  атқармаған 

жұмыстары, 

иеленбеген 

лауазымдары 

қалмаған. 

Межелеу 

экспедициясының  төрағасы  болған  кезінде  жеке  басының  қамын 

ойлауды  да  ұмытпаған.  Атап  айтсақ,  Каспий  теңізі  жағалауындағы 

екінші саяжайын сатып алып, заңдық тұрғыдан рәсімдеп алған [182, 

2-6 пп.]. Бұдан байқалатыны, князь Н.Б.Юсупов теңіз жағалауындағы 

балық өндірісін қосымша табыс көзіне айналдырған және өз иелігінің 

тыныштығының сақталуына, бөгде адамдардың қол сұқпауына үлкен 

мән берген.

Негізінен алғанда, Бөкейліктер мен помещиктер арасындағы жер 

дауына соңғыларының саяси мәртебесі ерекше әсер еткен. Екі поме-

щик те Ресей империясының астанасында, патшаның жанында жүрген 

адамдар болды. осы орайда Бөкей мен Шығайдың арыз-шағымдарының 

аяқсыз  қалуы  түсінікті  жайт  еді.  Жергілікті  басшылықтың  да  осы 

мәселе төңірегінде дәрменсіздік танытуының себебі сонда болатын.

1820  жылы  Коневск  посты  маңынан  бой  көтерген  Шығай 

Нұралыұлының үйі даулы мәселеге айналды. Граф И.А.Безбородконың 

сенімді  өкілі  Андрей  Молявка  үйді  помещикке  тиесілі  территория-

да  салынған  деп  тауып,  оның  дереу  арада  жойылуын  талап  еткен. 

оның  үстіне  осы  үйде  4  жыл  тұрғаны  үшін  1000  сом  ақы  сұраған. 

Шын мәнісінде, бұл құрылыс нысаны князь Н.Б.Юсуповтың жерінен 

-  50  верст,  ал  графиня  А.А.Безбородконың  саяжайынан  -  70  верст, 

көпес Сапожниковтың балық өндірісі орнынан - 7 верст қашықтықта 

салынған еді [173, 35 п.].

Бұл іс бойынша хат жазысу, пікір алмасу ұзаққа созылып кетеді. 

Шығай сұлтан Астрахань, орынбор губернаторларының ұсыныстарына 

түрлі  себеп-сылтаулар  айтып,  үйдің  көшірілу  уақытын  соза  берген. 

Ақыр-соңында орынбор генерал-губернаторы бұл дауға нүкте қоюды 

1825 жылы Жәңгір ханға тапсырады.

Жалпы Шығай және Шоқы Нұралыұлы үйлеріне қатысты белең 

алған күрделі мәселелер Бөкейліктердің отырықшылық өмірге ауысу-

ына кедергі келтірген. Бұл жайында орынбор шекара комиссиясының 

қызметшісі А.д.Кузнецов 1825 жылы былай деп жазған: «Шығай мен 

Шоқының  үйлеріне  қатысты  графиня  Безбородко  өкілдері,  орал  ка-

зак  кеңсесі  тарапынан  қарсылық  туындаған  сәтте  көптеген  ауқатты 

қазақтар бұрыннан бері көкейлерінде келе жатырған үй салу туралы 

ниетінен бас тартуға мәжбүр болды» [126, 17 п.].

1819-1821  жылдары  қалмақтардың  Хошоут  ұлысымен  арадағы 

жер  мәселесі  ушықты.  Бұл  кезеңде  князь  Сербеджаб  Түменовтың 

қарамағында малдары 80000-ға жететін 1135 шаңырақ көшіп жүрген. 

Ұлыстың территориясы өзге қалмақ ордаларынан бастау алып, Еділ 

өзенінің таулы беткейімен шектесіп, Ахтуба өзенінің дала бетіне жет-

кен. олардың Еділ өзенінің сол жақ бетінде орналасқан жайылымының 

көлемі  330000  десятина  болған.  Қазақ-қалмақ  жер  дауының  басты 

себебі  өзара  шекараның  нақтыланбауында  еді.  Соның  салдарынан 

жайылым үшін қақтығыс жиіледі.

Екі  тараптың  өтініші  бойынша  Көшпелі  халықтарға  жер  бөлу 



94

95

комиссиясы  межелеу жұмыстарына дайындықты қолға алды. Басты 



жер  өлшеуші  болып  тағы  да    Ф.Федоров  тағайындалды.  Бұл  шара 

1822  жылы  шілде  айында  жүзеге  асырылды  және  «Боғда  –  Шапша-

шы  межелеуі»  деген  атқа  ие  болды.  Алайда  межелеу  қорытындысы 

Бөкейліктердің  мүддесіне  қайшы  келді.  Қазақтар  Сеңгір,  Қоңыр, 

Бақай,  Қамқа  атты  мекендерден  айырылды.  Хошоут  қалмақтарының 

пайдасына  15000  десятина  жер  межеленді.  Сәйкесінше  мұндай 

нәтижеге  Шығай  Нұралыұлы  қанағаттанбады.  Астрахань  губерния-

сы басшылығы хандық билеушісіне межелеу қорытындысының қайта 

қаралатындығына уәде еткен [126, 3-7 пп.]. Алайда бұл шара Жәңгір 

Бөкейұлының билігі кезінде жүзеге асты.  

1820-1823 жылдар аралығында қондырау татарларымен арадағы 

жер дауы өзінің жалғасын тапқан. Бұл өз кезегінде ашық алауыздыққа, 

өшпенділікке әкеліп соқтырған. 1820 жылы ноғай руының қазағы омар 

оразақиев өзі атын білмейтін татарлар қонысына барып, сонда тұратын 

Андрей атты шаруадан киіз үйге қажетті материалдар сатып алған. оны 

түйесіне артып, енді жол жүруге бет алғанда қондыраулық татар Бауш 

пен  Астраханьдық  армян  Свешников  Бөкейліктерге  қысымшылық 

көрсеткен. о.оразақиевтің айтқанын тыңдамай, балағаттап, одан соң 

өлімші етіп сабаған [183, 17 п.]. Ал 1821 жылы Астрахань губерния-

сына қарасты Соляная Слобода елді-мекенінде тұратын татар осман 

Ишмухамедов  Бөкей  ордасының  қазағы  Есбергенді  өзімен  ертіп 

кетеді. оның туыстары Шығай сұлтанға келіп, Есбергенді елге әкелуге 

көмектесуін  сұраған.  Татардың  азғыруына  ұшыраған  Бөкейлікті 

қайтару үшін Шығай өз ұлы Хансұлтанды жібереді. о.Ишмухамедов 

осы қазақ үшін 100 сом ақша шығындағанын айтып, жібермей қояды. 

Алайда іс Астрахань азаматтық губернаторының лауазымын атқарушы 

Н.А.Кузнецовтың  араласуымен  шешіледі.  Астрахань  жергілікті  соты 

1821  жылы  23  сәуірде  кордон  әскерлері  арқылы  Есбергенді  ордаға 

жөнелткен [181, 2-3 пп.].

осылайша, Бөкейліктер мен қондырау татарлары арасындағы жер 

мәселесі салдарынан ұлтаралық араздық кеңінен етек алған.

ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде Бөкей хандығындағы әлеуметтік 

құрылымдар  мен  институттар  негізінен  қалыптасып  бітті.  Әсіресе 

Шығай  сұлтан  билігі  кезінде  бұл  үрдіс  шырқау  шыңына  жеткен. 

Ал  Жәңгір  хан  тұсында  жаңа  территориядағы  әлеуметтік  құрылым 

түпкілікті бекіді.

Ішкі  орданың  алғашқы  саяси  басшылары  Бөкей,  Шығай 

Нұралыұлдары  әр  түрлі  жер  мәселесін  шешуде  «ақсүйек»  және 

«қарасүйек» өкілдеріне үміт артқан. Әсіресе сұлтандар, билер, стар-

шындар тобы жетекші рөлге ие болған. олардың негізгі міндеттеріне 

көші-қон  территориясын  бөлу,  көшпелі  қауымдардың  қалыпты 

өндірістік  циклін  қамтамасыз  ету,  тарихи  қалыптасқан  жайылыстық 

алқапты  жоспарлы  түрде  игеруді  қадағалау  жатты.  Бірақ  Кіші 

жүздікімен  салыстырғанда  Бөкей  ордасының  сұлтандары,  стар-

шындары  сыртқы  жер  қатынастарын  реттеуге  аса  белсенділікпен 

араласқан.  Жайылымның  тарылуы,  ауа-райының  қолайсыздығы  сал-

дарынан көшпелілердің көршілес губернияларға басып кіруі, хандық 

шекараларын ресми түрде межелеудің алғаш рет қолға алынуы Шығай 

Нұралыұлын  аталмыш  әлеуметтік  топ  өкілдерінен  ерекше  кадрлар 

дайындауға итермеледі. Шоқы Нұралыұлы, Бегәлі Нұралыұлы, Тәуке 

Бөкейұлы,  Хансұлтан  Шығайұлы  сияқты  ақсүйек  өкілдері  депу-

тат  ретінде,  ал  Өтеміс  Құлманиязов,  Айтбай  Мәмбетқазиев,  Бармақ 

Мұратов, Боздақ Есмамбетовтер сұлтандармен бірге сенімді өкіл, кейде 

депутат болып тағайындалды. орда старшындары көршілес орыс, ка-

зак, қалмақ, татар халықтарымен жиі қатынасты және қарамағындағы 

көшпелілерге жалға жер алып берді [184, 8-20 пп.].

ХІХ  ғасырдың  бірінші  ширегінде  қожалар  шұрайлы  жайылыс 

көздерін  пайдаланғанымен  жер  қатынастарын  реттеуде  жетекшілік 

рөлге ие бола алмады. олардың арасынан ер балаларды сүндеттеуді 

кәсіпке  айналдырған  адамдар  шыққан.  Сонымен  қатар  саудамен 

айналысуға ден қоюшылар табылды. Солардың бірі Қарауылқожа Ба-

бажанов 1820-1821 жылдары д.Б.Багратион ханыммен ашық соттасты 

және осы арқылы Ресей Сенатына танымал болды [185, 2-3 пп.].

Қарастырып отырған кезеңде Бөкей ордасында тархандар, батыр-

лар сословие ретінде қалыптаса алмаса, ал төлеңгіттер тәуелді халық 

санатының күйін кешкен. Жұт, ашық тонаушылық және өзге де себеп-

терге байланысты кедейшілікке түскен байғұстарға үлкен жайылыстың 

керегі болмады [164, с. 39]. 

Жалпы  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  әлеуметтік  қатынастар  мен 

құрылымдар А.Харузин [18], Ф.К.Зобнин [164], в.Ф.Шахматов [165], 

С.З.Зиманов [37], Н.Г.Апполова [34], А.оразбаева [166], Т.И.Султанов 

[167],  И.в.Ерофеева  [169]  және  тағы  басқа  тарихшылар  тарапы-

нан зерделенді. осы орайда күні-бүгінге дейін Бөкей хандығындағы 

әлеуметтік  қатынастар  мен  институттардың  дербес  зерттеу  ныса-

нына  айналмағандығын  айтуымыз  шарт.  Әсіресе  ордадағы  төрелер 

мен  қожалар  сословиелері  генеалогиясының,  олардың  әлеуметтік 

мәртебесінің  жұмбақ  тұстары  көп.  оған  қоса  тархандар,  батырлар, 

төлеңгіттер, байғұстар мәселесі де арнайы зерттеуді қажет етеді.

Қорытындылай  келе,  Шығай  сұлтан  билігі  кезіндегі  Бөкей 

ордасындағы  аграрлық  қатынастар  шиеленісе  түсті.  Жерді 



96

97

пайдаланудың рулық қауымдық түрі үстемдік еткенімен жайылым мен 



шабындықтың  жетіспеушілігі  айқын  сезілді.  осы  кезеңде  алғаш  рет 

ерікті және еріксіз түрде жерді жалға алу дүниеге келді.

Бұл  кезеңде  Ресей  үкіметі  хандықты  аграрлық  тұрғыдан 

реформалауға талпынбады. 1818-1821 жылдардағы халық қозғалысының 

тек саяси себептерін таныды. Ал қазақтардың экономикалық талаптары 

ескерілмей қалды. Мұның айқын дәлелін қосымша жайылыс көздерін 

ашып  беруге  тырыспауынан,  орданың  территориялық  тұтастығын 

сақтауға ұмтылмауынан көреміз. Жоғарғы билік өз әрекетін 2 меже-

леу жұмысын ұйымдастырумен шектеді. олардың қорытындылары да 

қазақтардың мүддесіне қайшы келді.

Ел  билеушісі  Шығай  сұлтан  қалыптасқан  дәстүрлі  ішкі  жер 

қатынастарына өзгерістер енгізбеді. ол көшпелі халықты отырықшылық 

өмірге баулуға әрекет жасады. Бөкей хан секілді Шығай Нұралыұлы 

да  бүкіл  күш-жігерін  сыртқы  жер  қатынастарын  реттеуге  жұмсады. 

осы мақсатта орал казак әскерлерімен, қондырау татарларымен, по-

мещик  шаруаларымен,  көршілес  губерния  тұрғындарымен  күресуге 

тура келді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет