Гиззатов с. М


 Бөкей Нұралыұлы және елдегі аграрлық реформалар



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі2,89 Mb.
#6120
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2 Бөкей Нұралыұлы және елдегі аграрлық реформалар 

(1801-1815 жж.)

1801 жылы патша үкіметінің Кіші жүз қазақтарын ішкі тарапқа 

өткізу жөнінде бірқатар қаулылар қабылдауынан соң көші-қон үрдісіне 

дайындық басталып кетті. Патша үкіметі өз тарапынан аталмыш үрдісті 

реттеу, ұйымдастыру, бақылауды Астрахань казак полкінің командирі 

П.С.Поповқа  тапсырған.  ол  қазақтарды  Қосөзен  аралығындағы  бос 

жатқан жерлерге орналастыруға, Бөкей сұлтанға арнайы казак әскери 

тобын беруге, көшпелілер туралы мәлімет жинап, оны К.Ф.Кноррингке 

баянат арқылы жеткізіп отыруға міндеттенді [110, 7 п.]. 

П.С.Попов  алдымен  Астрахань  даласындағы  бос  жерлерді  өз 

аяғымен аралап, Саратов губерниясының шекараларына дейін жүріп 

өткен. Бір қызығы, осы өлкені барлаған ол «бұл жерлердің кеңдігі сон-

ша, қазақтар қанша бас малымен өтіп келсе де тек қыс кезінде ғана 

емес, жаз мезгілінде де еркін көшіп жүруіне жеткілікті» [24, с.614-615] 

деген анық қорытындыға келген.

Жайық өзенінің оң жақ бетіне өтуге ноғай руының старшыны Ис-

лам Құрманқожаев алдымен рұқсат алғанымен, жетекшілік рөлді ірі 

көшбасшы Бөкей Нұралыұлы иеленген болатын. Бірнеше айға созылған 

тыңғылықты  дайындығынан  соң  сұлтан  1801  жылы  20  желтоқсанда 

негізінен  өз  туысқандарынан  тұратын  183  шаңырақты  ішкі  тарапқа 

бастап өтеді. Зерттеуші И.А.Бирюковтың келтірген мәліметі бойынша 

осы көште 740 адам, 1366 ірі қара, 24-түйе, 3300 жылқы, 1250 қой есеп-

ке алынған [24, с. 616]. демек, әр шаңыраққа 82, әр жан басына 8 бас 

малдан келген. Ізінше Кіші жүз қазақтарының өзге де шаңырақтары 

Қосөзен аралығына ат басын бұрған. Бөкей сұлтанды ашық қолдаған 

алғашқы  көшіп  келушілер  арасында  бұрынғы  Кіші  жүз  ханы  Есім 

Нұралыұлының Сары, Ниетәлі, Айдыңғали атты ұлдары, сұлтан Шығай 

Нұралыұлы секілді беделді тұлғалар кездеседі [86, с. 30-31]. олардың 

барлығы да өз жанұяларымен, дүние-мүліктерімен мәңгілік тұрақтау 

мақсатында  көшіп  келген.  Ал  1802  жылы  шеркеш  руының  старшы-

ны  Бекмұхаммед  Тұрмамбетов  өзіне  қарасты  шаңырақтарды  Жайық 

өзенінің оң жақ бетіне өткізген. онымен бірге туған інілері Жақып пен 

Бекболат та өз жанұяларымен ішкі бетке тұрақтаған [111, 15 п.]. 1801-

1803 жылдары Самар даласында мәңгілікке қоныстанғандар арасын-

да беріш руының старшыны Жүзбатыр, ноғай руының старшындары 

Мәмбетқазы мен Кенжәлі Құрманқожаевтар болған [81, с. 263].

Ішкі тарапқа Бөкей сұлтанмен бірге негізінен Байұлы ұрпақтары 

көшіп  келген.  Мұнда  12  рудың,  яғни  беріш,  шеркеш,  масқар,  адай, 

жаппас,  ысық,  есентемір,  байбақты,  алаша,  тана,  қызылқұрт,  таз 

руларының өкілдері болды. оған қоса жаңадан қоныстанушылар ара-

сында  Жетіру  бөлімінің  тама,  кердері,  табын,  Әлімұлы  бөлімі  кете 

руының көшпелілері өзіндік орындарын иеленген.

Жалпы Қосөзен аралығына алғаш өткен Кіші жүз қазақтарының 

саны жөніндегі мәліметтер өте қайшылықты. Қазақтардың ішкі бетке 

өтуін үйлестіруші генерал-майор П.С.Попов 1803 жылдың көктемінде 

Сенатқа  берген  мәліметінде  алғаш  көшіп  келген  халық  санын  5001 

шаңырақ,  22775  адам  деп  көрсеткен.  Ал  дәл  осы  құжаттан  1802 

жылдың қараша айының басында тағы да 8331 адамнан тұратын 1265 

түтіннің Самар даласына көшкенін білеміз [86, с. 34-35]. П.С.Поповтың 

жоғарғы  билік  органдарына  берген  мәліметіне  сүйенген  медицина 



40

41

докторы Н.Троицкий: «Бөкеймен бірге дала беттен 1801 жылы күзде 



5000 шаңырақ өткен, кейін оларға 1260 шаңырақ қосылды. Содан соң 

1803 жылғы көштен соң барлық шаңырақ саны 7500-ге жетті» [8, с. 

98], - деп жазды. дәл осындай мәліметтер А.Евреиновтың [10, с. 36], 

А.Терещенконың [12, с. 60], И.С.Ивановтың [22, с. 148] еңбектерінде 

ұшырасады. Бірақ Астрахань кордонының инспекторы И.И.Завалишин 

есебінше  3000  шаңырақ  көшіп  жүрсе  [112,  7  п.],  А.И.Левшин, 

Н.Казанцевтар  1801  жылы  10000  шаңырақ  өткені  туралы  деректі 

алға  тартады  [76,  45  б.].  Ал  патша  үкіметінің  шенеунігі  М.Иванин 

өз еңбегінде Бөкей сұлтанмен бірге 1500 шаңырақ көшіп келді деген 

тоқтамға келсе [15, с. 8], Ішкі орда тарихын зерттеумен шұғылданған 

этнограф А.Харузин 7000-ға жуық шаңырақтың өткенін басып айтты 

[18, с. 102].

Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің ішіндегі шындыққа жанаса-

тыны деп  С.П.Поповтың берген ақпаратын тануға болады. Себебі бұл 

мәселеге қатысты қалам тербеген авторлардың ешқайсысы П.С.Попов 

секілді көші-қон үрдісіне тікелей араласпағаны белгілі. Алайда Астра-

хань күзетінің басшысы берген мәліметті шынайы ақиқат деп тануға 

болмайтынын  ескертеміз.  Өйткені  П.С.Попов  пен  Бөкей  сұлтан 

жоғарғы билік алдында өз еңбектерін бағалату үшін көшіп келушілер 

санын өсіріп көрсетуге мүдделі болған. Негізінен алғанда ішкі тарапқа 

өтушілер  санының  сан  құбыла  көрсетілуі  арнайы  құрылған  қатаң 

кедендік  органның  және  статистикалық  комиссияның  болмауынан 

еді. Соның салдарынан жайылым тапшылығынан жапа шеккен халық 

жасырын  түрде,  не  орал  казактарына  пара  беріп  ішкі  бетке  өтуін 

жалғастырған. Ал орал әскери кеңсесіне Жайық өзенінің оң жақ бетіне 

ойысқан «бұратаналардың» санын білу маңызды емес еді. оған қоса 

Бөкей  Нұралыұлы  өз  бағыныштылары  қатарына  Нарын  құмдарына 

қыстауға ғана келген Кіші жүз қазақтарын қосқан. Көші-қон үрдісін 

бақылауға,  үйлестіруге  арнайы  жіберілген  есаул  в.Ф.Скворцовтың 

да  Калмыков  бекінісі  түбінен  өтіп  жатқан  көшпелілерді  санауға 

қауқары жетпеген. Себебі оның міндетіне Бөкей сұлтанның жеке бас 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі тарапқа өткен қазақтарды бос жер-

лерге орналастыру да кірген [113, 20-23 пп.].

Ішкі  тарапқа  алғаш  болып  табан  тіреген  көшпенділер  Каспий 

теңізі  жағалауларына  келіп  орнықты.  Өздері  қыс  мезгілінде  өтіп 

отырғандықтан, оларға ең бірінші кезекте ықтасынды жерлер ауадай 

қажет болған. Қамысы мол теңіз жағалауларынан адамдар да, малдар 

да қысқы аяздар мен борандардан қорғаныс, азық және отын тапты. 

Бірақ Каспий теңізі жағалауларында қамыс пен шөп көп болғанымен 

ауыз  су  жағдайы  қиынға  соққан.  Теңіз  суы  адамдардың  асқазанына 

жақпай, денсаулығына нұсқан келтіріп, онсыз да жүдеп, қыстан әрең 

шыққан малдарға ауыр тиген. осының амалдарын табу үшін жылқы, 

сиыр, қойларға қар мен мұз ертіп берген [16, №25]. Бөкейліктер мұндай 

қолайсыздықтарға бола Каспий теңізі жағалауын тастап кете алмайтын 

еді. Себебі ықтасыны жоқ ашық далаға шыққан мал ұйытқыған боран, 

сықырлаған аяз салдарынан тез арада жұтқа ұрынатын.

осылайша, Бөкей ордасы климатының қатаңдығы, оның терри-

ториясында  сорлардың, батпақтардың, құмдардың шамадан тыс көп 

болуы  көшпелі  халықтарға    ауыр  тиді.  осы  орайда  орыс  шенеунігі 

И.С.Ивановтың:  «Жер  бедері  мен  өсімдік  қоры  бойынша  Ішкі  орда 

өзге қазақ далаларымен салыстырғанда жұтаң аймақ саналды» [22, с. 

143], - деуінде шынайы ақиқат жатқан еді.

Алғашқы  тұрғындар  Ішкі  орданың  табиғи-географиялық 

кемшіліктеріне еш қарамастан ен даланы өздерінше меңгере бастады. 

Көшпелі мал шаруашылығының негізгі ерекшелігі үнемі қозғалыста 

болуында еді. Қазақтар көші-қон үрдісін көктемде алғаш жасыл шыға 

бастағанда қолға алды. олар көктеуде ыстық түскенше мекендеп, кейін 

шүйгін шөбі мен мол су көзі бар жайлауға көшті. Жазғы жайылымнан 

күзеуге ойысып, қараша айында қыстауға көш тартып отырды.

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қоғамда өндірістің 

тікелей объектісі ретінде мал саналды. оны сақтап, одан әрі көбейту 

әрбір  қоғам  мүшесінің    ең  бірінші  міндеті  болды.  Өз  кезегінде  бұл 

міндет жайылыс көздерін дұрыс игеру, малға тиімді жағдай жасағанда 

ғана жүзеге асатын. оларсыз көшпелі мал шаруашылығын елестетуге 

болмайды. Көшпелі қазақтар мал үшін нәрлі, әрі кенеулі азық іздеуде 

ұзақ сапарлар шекті. осылайша Самар даласына бірінші болып табан 

тіреген көшпелілер Кіші жүздегі тәрізді маусымдық жайылыс көздерін 

пайдалануын жалғастырған.

Астрахань  казак  полкінің  командирі  П.С.Попов  және  Қазан 

төңкерісіне  дейінгі    авторлар  ішкі  тарапқа  1801  жылы  күзде  5000 

шаңырақ,  1802  жылы  1260  шаңырақ  өтіп,  1803  жылы  барлық  түтін 

саны 7500-ге жетті деп көрсетсе, ал Бөкей сұлтанның өзі осы кезеңде 

Қосөзен  аралығында  7000  қазақ  шаңырағының  көшіп  жүргенін 

мәлімдеген [81, с. 267]. Ал 1803 жылға дейінгі Бөкей ордасындағы мал 

санын Астрахань кордонының инспекторы И.И.Завалишин [81, с. 262], 

этнограф А.Харузин [18, с. 145], полковник И.Ф.Бларамберг [9, с. 18] 

өз еңбектерінде 2000000 болды десе, ел билеушісі Бөкей Нұралыұлы 

оны 1000000 басқа азайтып көрсеткен [81, с. 267]. Қалай болғанда да 

1801-1803  жылдар  аралығында  Ішкі  ордадағы  шаңырақ,  мал  саны 

едәуір көлемде болған. Бұлардың барлығы бірдей Каспий теңізі мен 

Нарын құмдарымен шектеліп қалмаған. Бос жатқан жерлерге ұмтылған 


42

43

қазақтар біртіндеп солтүстікке қарай ойысып, Қамыс-Самар көлдерін, 



Өзендерді  және  Шежіндерді  жайлаған.  Бөкейліктер  әсіресе  Қытайға 

қашқан Еділ қалмақтарының бұрынғы көшіп жүрген жерлерін иелену-

ге тырысқан. Өйткені бұл аудандардарда ең жақсы жайылыстар бар еді. 

оған қоса осы кезеңде Бөкей қазақтарының Саратов губерниясының 

жеріне де ат ізін салғаны белгілі болған.

Алайда Ішкі орда тұрғындарының барлығы бірдей Каспий теңізі 

және Қамыс-Самар көлдері маңында қыстап шықты деуге болмайды. 

1803 жылдың 18 ақпанында майор Мизимов жергілікті басшылыққа 

Нарын  құмында  табын  -270,  кердері  -  103,  тана  -  116,  тама  -  112, 

байбақты - 207, беріш - 268, қызылқұрт - 100, алаша - 320, шеркеш - 

220, таз - 110, ысық руының - 280 шаңырағы, барлығы 2106 түтіннің 

қыстағанын мәлімдеген [114, 14 п.]. Бұл шаңырақтардың ішінде Кіші 

жүзден  арнайы  қыстау  үшін  өткен  көшпелілердің  болғандығын  да 

ескеру қажет.

1801-1803 жылдар аралығында Бөкейліктер ен далада шашырай 

көшіп, орданың барлық шекараларынан бой көрсетеді. 1803 жылдың 

көктемінен бастап Ахтуба өзені бойындағы жерлерге қатысты үлкен 

мәселелер  туындаған.  1801  жылғы  11  наурыздағы  патша  I  Павелдің 

Жарлығына сай бұл жерлер Бөкейліктерге  тиесілі еді. осы аймаққа 

қатысты саясат жүргізуде патша үкіметі көптеген кемшіліктер жіберіп, 

олқылықтарға бой алдырған еді. Бұл арада қазақтар мен қалмақтардың 

мүдделері  тағы  өзара  қайшылыққа  ұласты.  Енді  осы  қалыптасқан 

күрделі мәселелердің түп-түйінін тарқатып көрейік.

1800  жылғы  27  қыркүйектегі  император  Жарлығымен  Астра-

хань губерниясында көшіп жүрген Үлкен және Кіші дүрбіт иелеріне, 

өзге де қалмақ ордаларының шенеуніктеріне Қытайдан кетпес бұрын 

мекендеген  жерлерін  қайтарып  беру  ұйғарылды.  Бірақ  Жарлықты 

орындау  кезінде  қалмақтар  көшіп-қонған  жерлердің  шекарасының 

нақтыланбағандығы  және  жер  өлшеу  жұмыстарының  ешқашан 

жүргізілмегендігі  анықталған.  оған  қоса  бұл  территорияның 

көпшілігін  үкіметтің  рұқсат  беруімен  қазыналық  және  помещиктік 

шаруалар  иемденген-ді.  Сондықтан  Сенат  қалмақтардың  бұрынғы 

қоныстарының  белгісіздігінен  және  шаруалардың  елді-мекендерін 

бұзуға болмайтындықтан аталмыш көшпелі халыққа бүкіл жерді беріп 

қою мүмкін емес деп табады.

1802  жылы  Ресей  үкіметі  саны  азайған  Еділ  қалмақтарына  тек 

қажет мөлшерде ғана жер көлемін беру мәселесін күн тәртібіне қойды. 

Сөйтіп, 1802 жылғы 28 сәуірдегі патша Жарлығына сай қалмақтарға 

Царицыннан  Каспий  теңізі  жағалауына  дейінгі  кеңістіктен  қажетті 

жерлерді  иемденуге  мұрсат  берілді.  Қазақ-қалмақ  дауын  былай 

қойғанның өзінде, қалмақтар мен орыс шаруалары арасында да Еділ 

өзені  бойындағы  су  көздеріне,  құнарлы  жерлерге  деген  талас  өрши 

түсті [86, с. 58].

Қалыптасқан қиындықтарды шешу үшін ең алдымен осы жерлер 

туралы  толық,  әрі  нақты  мәліметтер  жинау  керек  болған.  Жергілікті 

жағдай,  халықтың  саны,  жерге  деген  мұқтаждығы  жайындағы  де-

ректер  де  аса  қажет  саналған.  1803  жылдың  басында  осыған  бай-

ланысты  жергілікті  басшылық  П.С.Поповтан  Бөкей  ордасының 

қазақтары  жөнінде,  ал  қалмақ  істерін  жүргізуші,  әрі  қорғаушы  бас 

пристав  Н.И.Страховтан  қалмақтарға  қатысты  ақпараттар  жинау 

тапсырылған.  Соның  ішінде  П.С.Поповтан  ішкі  тарапқа  көшіп  кел-

ген  қазақ  шаңырақтарының,  малының  саны,  мәңгілік  тұрақтау-

тұрақтамауы,  елді-мекендердің  бой  көтеруі,  Ресейге  олардан  қандай 

пайда түсетіндігі жөніндегі тың мәліметтер сұралған. Әсіресе, губер-

ния басшылығының генерал-майордан күзет кордонын Еділ және Ах-

туба өзендерінен Нарын құмдарына қарай 60-70 верстқа жылжытып, 

осылайша қалмақтарға едәуір жайылыс көзін ашып беру жоспарына 

қатысты жеке пікірін сұрауы өте маңызды еді.

Өз кезегінде П.С.Попов ішкі тарапқа 6266 қазақ шаңырақтарының 

31106 адам, 2000000-дай малымен өтіп үлгергендігін хабарлаған. Бұған 

дейін Кіші жүз қазақтарының Еділ және Жайық өзендері аралығына 

бала-шағаларымен ешқашанда бірге өтпегендігін тілге тиек ете оты-

рып,  басшылыққа  Бөкейліктердің  мәңгілік  тұрақтау  туралы  ниетін 

жеткізуге тырысқан. Баянатта П.С.Поповтың: «Қазақтар әбден үйреніп, 

орыстанғаннан кейін тұрақты елді-мекендер қалыптастырады. Азғана 

ай өткендіктен еш жерде тұрақты қоныстар пайда болған жоқ. Алайда 

Бөкей сұлтан Каспий теңізі маңынан қазына есебінен ағаш үй тұрғызып 

беру туралы өтініш білдіріп отыр» [81, с. 257], - деп жазуы көп жайтты 

аңғартса керек. демек Бөкей Нұралыұлы осы кезеңде-ақ тұрақты ба-

спана қамын ойластырған деуге толық негіз бар.

Кордондарды  Ахтуба  және  Еділ  өзендерінен  50-70  верст 

қашықтыққа  жылжыту  мүмкін  емес  деп  табылды.  Себебі  ол  жерлер 

құмды  және  сусыз  келетін.  Бөкейлік  қазақтар  жөнінде  есеп  беруде 

П.С.Попов  көрші  халықтармен  арадағы  қарым-қатынас  мәселесін 

де  қозғады.  Қондырау  татарлары  ордалықтармен  бір  діндес,  әрі  Ре-

сейге  әбден  көндіккен  халық  ретінде  қазақтарды  игі  істерге  бастай 

алады деген жоғары бағаға ие болды. осы кезеңде Еділ өзенінің сол 

жағалауында, Бөкейліктермен шекаралас аумақта тек майор Түменге 

бағынышты қалмақтар көшіп жүрді. даланың «кең байтақтығына» бай-

ланысты қазақтар тарапынан князь Түменге ешқандай қысымшылық 

болуы  мүмкін  емес  деп  баса  көрсетілді.  Мұнымен  бірге  П.С.Попов 


44

45

қазақтар  бала-шағасымен,  дүние-мүлкімен  осы  тарапқа  толықтай 



өткен кезде де ешқандай бұзақылықтар, сорақылықтар болмайтынын 

алға тартты [86, с. 34].

Шын  мәнісінде,  Бөкей  қазақтары  ішкі  тарапқа  өткеннен  кейін 

көрші  халықтармен  тату  тұрып,  олармен  сауда  қарым-қатынастарын 

орнатқан.  Бұл  туралы  Ішкі  ордада    болып,  Бөкей  сұлтанмен  көзбе-

көз  кездескен  Краснояр  жергілікті  сотының  қызметкері  Ф.Садилин 

1804  жылы  16  қаңтарда  Астрахань  азаматтық  губернаторы  князь 

д.в.Тенишевке  хабарлаған [86, с. 47].

Қалмақтарды қорғаушы бас пристав Н.И.Страховтан Еділ мен Ах-

туба өзендері бойындағы аумаққа қатысты мәліметтер талап етілді. Атап 

айтсақ, қалмақ халқын тек Еділ өзенінің тау беткейінде қоныстандырып, 

ал қазақтарға дала бетті тұтастай беру мүмкіндігін саралау тапсырыл-

ды. Н.И.Страхов өз баянатында 1800 жылғы 27 қыркүйекте шыққан 

патша Жарлығының қалмақтардың санасында терең із қалдырғанын, 

ал 1802 жылғы 28 сәуірдегі ұлы мәртебелі қаулысында қалмақтарға тек 

қажетті жер бөлу мәселесі қаралғандығын алға тарта отырып, аталмыш 

халықтың үлкен территориядан дәмелі екендігін жеткізді. оған қоса 

қалмақ қорғаушысы бұл көшпелілерге Еділ өзенінің сол жақ бетінен 

жайылыс көздерін бөліп беруді, бос жатқан көкорай шалғындарды да 

үлестіруді, тіпті Еділ бойынан балық аулау үшін арнайы территорияны 

межелеуді ұсынған [81, с. 257-258]. Әрине, мұндай батыл ұсыныстар 

жасап тұрған Н.И.Страхов өз ісіне есеп бере алатын. Себебі қалмақтар 

Еділдің сол жақ бетінде орналасқан, Ресей тұрғындарын қазақтардың  

шабуылынан  қорғайтын  кордондар  үшін  жыл  сайын  650  адам  беріп 

отырды.  Әскерлерді  азық-түлікпен,  арнайы  көліктермен  жабдықтау 

қалмақтарды жыл сайын 65000 сом көлемінде шығынға ұшырататын 

[115,  30  п.].  Бас  пристав  Н.И.Страхов  басшылыққа  ұсыныс  тастауда 

осы мәселені тиімді пайдаланды.

Жергілікті  басшылықтың  Селитренный  қалашығы  шаруаларын 

қоныстарынан  көшіру  туралы  жоспары  да  жүзеге  аспаған.  Себебі 

бұл  елді-мекенде,  біріншіден,  кордондар  орналасты,  екіншіден,  осы 

өлкеде болашақта Бөкей ордасы қазақтарымен сауда жанданады деп 

үміттенген [86, с. 34 ].

Ресей  империясы  қалмақ-қазақ  жер  дауын  шешуде  өз  мүддесін 

бірінші орынға қойған. оған ішкі өнеркәсібін шикізатпен мол көлемде 

қамтамасыз ете алатын, өз тұрғындарына еш зиян келтірмейтін еңбекші 

халық  қажет  болды.  Астрахань  губернаторы  князь  д.в.Тенишевтің 

Сенатқа:  «Қалмақтар  иеленгісі  келетін  жерлер  қазақтарға  беріліп 

қойған.  Қазақтардың  көшіп  келуінен  түсетін  пайда  қалмақтардың 

кордонға  шығаратын  шығынынан  арта  ала  ма?»  [81,  с.  266],  -  деген 

сауал  жолдауы  патша  үкіметінің  көшпелілерге  қатысты  стратегия-

сын ашып береді. Сол сияқты 1803 жылы Астрахань кордонының ин-

спекторы  И.И.Завалишин  көші-қон  үрдісінің  қызып  тұрған  шағында 

П.С.Поповтан: «Болашақта Ресей үшін осылардан (қазақтардан - С.Г.) 

қандай пайда болмақ?», - деп сұраған. Бұған генерал-майор былай деп 

жауап  қайырған:  «олардың  мал  саны  бұрынғыдай  жоғарғы  деңгейге 

жеткенде,  оны  хиуалықтар  мен  бұхарлықтар  емес,  Ресей  пайдалана-

ды; әбден орыстанып кеткен соң Астрахань губерниясындағы қалмақ, 

түрікмен татарлары секілді азиаттық халық санатына өтеді» [86, с. 34].

Жоғарыда көрсетілген ақпарлар Ресей самодержавасының Астра-

хань өлкесіндегі көшпелілерге қатысты саясат жүргізуінде мемлекеттік 

пайданы алдыңғы орынға шығарғанын дәлелдейді. осы орайда тарих-

шы  С.З.Зимановтың:  «Бөкей  хандығы  құрылуы  мен  қалыптасуының 

алғашқы кезеңінде патша үкіметі экономикалық мүддені бірінші орынға 

қоймады» [38, с. 31], - деген пікірі қайтадан саралауды талап етеді.

Қазақ-қалмақ  жер  дауын  шешуде  Бөкейліктердің  мінез-құлқы, 

тәртібі маңызды рөл атқарған. Сенат, жергілікті басшылық қазақтардың 

әр іс-әрекетінен хабардар болып отырды. 1801 жылы қараша айының 

аяғында  көпес  Степан  Кузнецов  Сарайшық  форпостынан  Астрахань 

қаласына саудаласу үшін сапар шегеді. Желтоқсан айында айырбастап 

алған малдарымен қайтып келе жатқанда оған 5 қазақ шабуыл жасап, 

24 жылқысын, 5 өгізін тартып әкетеді. оқиға Кульпин батағасынан 15 

верст жерде орын алған еді. Күдіктілер ретінде қаратоқай және жайық 

беріш  руының  адамдары  танылады  [116,  1-2  пп.].  Ал  1802  жылдың 

13 ақпанында Мешін құмында татар дөнелі Мангелдиевтің отарынан 

қазақтардың 277 қой ұрлап әкеткені белгілі болады. Нәтижесінде Хоже-

таев тұрғынының қойларын ұрлаған 2 қазақ ұсталып, хорунжий Плен-

новке беріледі [116, 10-11 пп.]. Бұл аз болғандай князь д.в.Тенишев 

Ресей  Сенатына  1802  жылы  қыс  мезгілінде  Жайықтың  дала  бетінен 

келген қазақтардың империя тұрғындарының көп мөлшердегі малын 

айдап әкеткенін жеткізген [112, 2-3 пп.].

Негізінен  алғанда  жоғарыда  көрсетілген  барымталарды 

Бөкейліктер емес, Кіші орда қазақтары жасаған. Нарын құмдарында 

қыстап шыққан олар қайтарында әр түрлі қылмыстар жасап, содан соң 

дереу арада іздерін суытып отырған. Ал осындай ұрлықтардың салда-

ры Бөкейліктердің беделіне нұқсан келтіріп, империя тарапынан үлкен 

сенбестіктер  туғызатын.  Сол  себепті  патша  үкіметі  көшпелілерге 

қатысты  мәселелерді  шешуде  қазақтардың  мінез-құлық,  жүріс-

тұрысын қаперінен шығармаған.

Астрахань губерниясының басшысы князь д.в.Тенишевтің, Астра-

хань  казак  полкінің  командирі  П.С.Поповтың,  қалмақ  халқының  бас 


46

47

приставы Н.И.Страховтың баяндамалары 1803 жылдың 20 сәуірі мен 



4 мамырында Мемлекеттік кеңесте тындалған. ол көшпенділерге жер 

тағайындау шаңырақ саны мен қажеттілерге сай болуы тиіс деп тап-

ты және оны тек жергілікті басшылықтың жүзеге асыра алатындығын 

мәлімдеген [90, с. 660-662].

1803  жылдың  12  маусымында  князь  П.д.Цициановтың  аты-

на  патшаның  Жарлығы  жолданды.  онда  қалмақтардың  1800  жылы 

27  қыркүйекте  шыққан  Жарлыққа  сай  берілген  жерлерде  көше 

алмайтындығы  жазылып,  «қалмақ  приставы  мен  старшындарының 

қалыптасқан  жағдайды  түсіну  керектігі  және  олардың  өз  кезегінде 

халықты  бөлінген  жерлерді  ешқандай  қарсылық,  наразылықсыз 

қабылдауына  көндіруі  тиістігі»  көрсетілді.  осымен  қатар 

П.д.Цициановқа  мүмкіндігінше  қалмақтарға  қанша  жайылыс 

керектігі, жыл мезгілдеріне байланысты қоныс аудару кезінде қанша 

аумақ қажеттілігін білу тапсырылған [23, № 101]. ол бұл барлау ісін 

жүргізуді генерал-майор И.И.Завалишинге аманаттады [139, с. 36].

XIX ғасырдың басында Астрахань өлкесін саяси, экономикалық, 

әскери  тұрғыдан  реформалауда  И.И.Завалишин  (1770-1821)  асқан 

белсенділік танытты. оның реформаларының Бөкей хандығына тікелей 

қатысы  болғандықтан  аталмыш  саяси  тұлғаның  қызметіне  тоқталып 

өтуді жөн деп санаймыз. Мамандығы бойынша әскери адам саналған 

Иринарх Иванович Завалишин өз қызметін 1781 жылдың 20 шілдесінен 

гвардия каптенарнусы лауазымын иеленуден бастаған. 1783 жылдың 16 

қаңтарында подпоручик шеніне ұсынылған. 1799 жылы 13 қыркүйекте 

генерал-майор атанып, Таврика гренадерлық полкінің шефі қызметіне 

бекітілген. 1801 жыл, 19 сәуір - 1808 жыл, 3 мамыр аралығында Астра-

хань гарнизон полкінің шефі ретінде әскери, азаматтық борышын өтеп, 

князь П.д.Цициановтың бұйрығымен Кавказдағы құпия экспедицияға 

да  қатысқан.  Ресей  империясының  ағылшын  және  шведтерге  қарсы 

жүргізген соғыс қимылдарында И.И.Завалишиннің атой салуы оның 

беделін басқарушы элиталар арасында асқақтатты. Сол себепті патша 

үкіметі оған шеткері орналасқан, әрі даулы мәселелері көп Астрахань 

өлкесін реформалауды  тапсырған.

1801-1808 жылдары Астрахань гарнизон полкінің шефі, әрі Астра-

хань кордонының инспекторы, әрі аграрлық реформалар жүргізуші лау-

азымдарын қатар иеленген И.И.Завалишиннің аталмыш өлкеге келуінің 

өзіндік себептері болған. оны Ресей Әскери коллегиясы генерал-майор 

П.С.Поповтың қызметін бақылауға жіберген еді. Тексеріс кезінде әскери 

борыштарын өтеп жатқан казактар мен қалмақтардың хал-жағдайының 

мүшкілдігі,  оларға  азық-түлік  пен  киім-кешектің  жетіспейтіндігі, 

кордондардың  қате  орналастырылғандығы,  басқарушы  офицерлер 

құрамасының  дұрыс  жасақталмағаны  белгілі  болған.  Нәтижесінде 

П.С.Поповтың  әскери  қылмыстары  әшкереленеді  және  1803  жылғы 

12 маусымда патшаның бұйрығымен кінәліні тұтқындау, әскери сотқа 

беріп, тиісті жазаға тарту ұйғарылды.

Ендігі кезекте Ресей империясы тұрғындарын «көшпелі қазақтар 

шабуылынан  қорғауға»  бағытталған  кордондарды  жаңа  реформалар 

күтіп  тұрды.  И.И.Завалишиннің  мәліметтері  негізінде  1803  жылы 

кордондардың  бағыты  мен  ондағы  казактардың,  қалмақтардың  ор-

наласуы туралы жаңа Жарғы шықты. Бұл заңнамалық актінің басты 

мақсаты  Астрахань  даласындағы  жерлерді  тез  қарқынмен  игеріп 

жатқан  Ішкі  орда  қазақтарының  экономикалық  мүмкіндігін  шек-

теу  және  жалпы  «жабайы  қырғыз  атаулының  күтпеген  сәтте  жа-

сайтын  шапқыншылығынан  орыс  елді-мекендерін  қорғау»  болған. 

осы кезеңде алғаш рет Каспий теңізі жағалауына табан тіреген Ішкі 

орда  қазақтары  Қамыс-Самар,  Кіші  және  Үлкен  Өзен  аймағында, 

Басқұншақ  көлі,  Боғда  таулары  маңында,  Саратов  губерниясының 

территориясында, помещиктер Юсупов пен Безбородко саяжайларын-

да мал бағып жүрді. Қазақтардың бұлайша еркінсуін И.И.Завалишин 

қауіпті  деп  тапты.  Сондықтан  да  ол  кордондарды  төрт  шепке  бөлу 

жөнінде  шешім  қабылдады.  Енді  осылардың  әрқайсысына  тоқталып 

өтуді басты міндетіміз деп санаймыз. Өйткені жаңадан құрылған Бөкей 

хандығының шекараларын осы шептер анықтап берген болатын және 

ордалықтарға бұл шептерден шығуға қатаң тыйым салынды. Ішкі ор-

даны қуалай құрылған шептер мыналар болды:

1) Каспий шебі – Лебедев батағасынан Капитанский постына дейін 

созылды. Постылар: Лебедев, Тюлений, Кульпинский, Севрюженский, 

Қосалған, Белужья коса, Морской залив, Башев хуторы, Эрне-Аман, 

Телепнев,  Северный,  Байдинский.  Барлығы  -  6  бөлімге  бөлінген  14 

пост; ұзындығы - 245 верст; әскери құрамы -  6 старшын, 6 елулік, 205 

казак, 2 зайсанг, 126 қалмақ;

2)  Ахтуба  шебі  -  Хожетаев  постынан  Ахтуба  өзені  маңындағы 

Яблонев постына дейін. Постылар: Хожетаев, долотхан, орақ молда, 

ошулук,  Селитренный, Харабали тауы, Харабали жайлауы, Скворцов-

Яр, Шағыр көлі, Сасықкөл, Аманғали, Золотухин Яр, Үлкен секерті, 

Бұқша дөңі, Болхун, Яблонев. Барлығы - 5 бөлім, 17 пост; ұзындығы 

- 282 верст; әскери құрамы – 5 старшын, 9 елулік, 231 казак және 172 

қалмақ; 

Жоғарыда  аталған  екі  шепте  №49  Астрахань  артиллериялық 

ротасының 4 зеңбірегі орналасты.

3) Эльтон шебі - владимировка ауылынан Үлкен Торғын постына 

дейін созылды. Постылар: владимировка, Кіші құдық, Сулы жайлау, 


48

49

Жетіқұр,  Эльтон  көлі,  Харазуха,  Бұлақты,  Развальное,  орта  Торғын, 



Үлкен  Торғын.  Барлығы  -  10  пост,  5  бөлім;  ұзындығы  –  287  верст. 

Әскери құрамы – 3 старшын, 3 елулік, 178  казак, 140 қалмақ;

4) Өзен шебі – Кіші Өзеннен орта Шалықты постына дейін созыл-

ды. Постылар: Кіші Өзен, Үлкен Өзен, Александров-Гай, Луков-Гай, 

Шарталы, орлов-Гай, осиновый-Гай, Березовый-Гай, Жоғарғы Өзен, 

Жоғарғы Шалықты, Сестринский, орта Шалықты. Барлығы - 13 пост, 

6 бөлім; ұзындығы - 287 верст; әскери құрамы - 6 старшын, 7 елулік, 

197 казак (постыда 10-20 адам) және 89 қалмақ; [24, с. 573-574].

Айта  кететін  жайт,  Каспий  шебінің  13  посты  (Капитанский-

дан  басқасы)  граф  Безбородко  мен  князь  Юсуповтың  және  Бөкей 

хандығының территориясында орналасқан.

Жаңадан құрылған күзет шептерінде барлығы 54 пост, 22 бөлім 

орнатылып, ұзындығы 1101 верстке жетті. Ал 4 шепте 20 старшын, 25 

елулік, 811 казак, 530 қалмақ, яғни барлығы 1386 әскер өз борышта-

рын өтеген. демек, отарлаушы үкімет әрбір верстқа бір әскери адамын 

күзетке қойған деуге толық негіз бар.

И.И.Завалишиннің  күзет  шептерін  құру  жобасы  1803  жылы  29 

шілдеде заңды түрде бекітілді және бұл Бөкей ордасы қазақтарының 

еркін  көшіп  жүруін  шектеп,  көші-қон  территориясын  белгілі  бір 

дәрежеде нақтылап берді. 

Алайда И.И.Завалишин қызмет атқару барысында күзет істерімен 

шектеліп  қалмаған.  1803  жылдың  12  маусымында  шығарылған  пат-

ша  Жарлығын  орындауды  князь  П.д.Цицианов  И.И.Завалишинге 

тапсырғаны белгілі. Зерттеу нәтижесінде ол Еділ өзенінің екі бетіндегі 

далалық жерлерге сипаттама береді. Бұл сипаттамаға сай өзеннің шалғын 

беті таулық беткейге қарағанда шұрайлы және мал шаруашылығына 

қолайлы  деп  танылады.  одан  кейінгі  И.И.Завалишиннің:  «Нарын 

құмдарында  отынға  жарамды  ағаштар  өседі,  құмды  дөңдер  арасын-

да  шүйгін  шөп  шығады,  барлық  жерден  тұщы  су  табылады»  деген 

сөздері тағы бір істің басталатындығын аңғартқандай болды. Расын-

да да Мемлекеттік Кеңестен көшпенділерге жер тағайындау шаңырақ 

саны мен шаруашылық қажеттіліктерге сай болуы тиіс деген нұсқау 

алған  инспектор  жан  басына  шағып  жер  телімдерін  үлестіруді 

жоспарлаған.  1803  жылдың  жазында  И.И.Завалишин  Еділ  және  Ах-

туба  өзендері  бойындағы  тұрғындарға  және  Ішкі  орда  қазақтарына 

Ресейдегі  помещик  шаруаларына  қолданылып  жүргендей  жан  басы-

на  30  десятинадан  жер  бөлуді  жүзеге  асырады  [14,  №105].  Көшпелі 

мал  шаруашылығымен  айналысатын  халыққа  мұндай  жүйе  мүлдем 

қайшы келетін еді. оған қоса Ішкі орданың климаты, географиялық 

жер  бедерінің  нашарлығы  көшпелі  шаруашылықтың  өзін  күйретіп 

жіберетін. Ал шөп шығымы мардымсыз, су көзі тапшы 30 десятина 

жер  телімі  бұйырған  малшы  мұндай  территорияда  жүздеген  малын 

баға  алмасы  анық  еді.  Астраханьдық  казак  әскерінің  басшысы  жер-

ге деген жеке меншіктің қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына жат 

екенін білмеді. Бөкейліктерді отырықшылық өмір салтына бейімдеуді 

мақсат тұтқан   И.И.Завалишиннің жоспары көшпелілердің санасына 

сыймады.  отырықшыландыруға  бағытталған  аграрлық  реформалар 

әуел  бастан-ақ  Бөкей  Нұралыұлы  мен  орда  тұрғындарының  ашық 

қарсылығына  тап  болды.  Бұл  хақында  Бөкей  сұлтан  1806  жылы  22 

ақпанда  Құрлық  әскери  күштер  министрі  С.К.вязмитиновқа  былай 

деп жазды: «Бас пристав қызметін атқарып, бізге бейбіт өмір сыйлаған 

П.С.Поповтың  орнына  И.И.Завалишин  келді.  Бірінші  кездесуден-

ақ  ол  халыққа  жан  басына  шағып,  көшіп  қонуға  жер  бөліп  берді. 

Қалыптасқан жағдай қазақтарды үрейлендіріп, өзге де орыс боданда-

ры секілді оларды да бас еркінен айырайын деп жатыр деген сұмдық 

ойларға жетеледі» [81, с. 267]. Бөкей сұлтан өз халқының үрейін, мұң-

мұқтажын жан-тәнімен түсіне білген. Еркін өмірге үйренген қазақтар 

қалмақ,  татар  халықтары  секілді  басыбайлылықтың  қамытын  кигісі 

келмеді.  Көршілес  орналасқан  бұл  халықтардың  саяси-әлеуметтік 

жағдайымен ордалықтар танысып үлгерді.

1803  жылғы  инспектор  И.И.Завалишиннің  бұл  реформалары 

Бөкей сұлтанның саяси мүддесіне қайшы келген. Себебі жан басына 

шағып жер бөлінетіндігін білген қазақтар Жайықтың дала бетіне көше 

бастаған. Ал Бөкей Нұралыұлының бұл кездегі мақсаты шаңырақ саны 

7000-ға жуық ордалықтарды ішкі тарапта ұстап қалу ғана емес, оны-

мен  бірге  хандық  тұрғындарын  Кіші  жүзден  көшіп  келетін  қазақтар 

есебінен  молайту  болған.  ол  осы  ойын  1803  жылы  20  тамызда  I 

Александр патшаға жазған хатында былайша жеткізген: «осы жылы 

күзде  Ресейге  өз  жанұяларымен,  мал-мүлкімен  5000-ға  дейін  қазақ 

шаңырақтары  көшіп  келеді.  олардың  ішінде  ауқатты  адамдар  да 

бар. Содан соң менің қарамағымдағы шаңырақ саны 12000-ға барып 

жығылмақ. Егер әрбір үйде орташа есеппен 3 жан болады десек, едәуір 

халықтың  жиылғаны  көрінеді.  Малдардың  саны  миллионға  барып 

жығылады және олардың жартысын Бұхара мен Хиуаға емес, Ресейге 

сатқалы отырмыз» [86, с. 41]. Байқап отырғанымыздай, Бөкей сұлтан 

өз  мүддесін  Ресей  империясының  экономикалық  мүддесімен  шебер 

ұштастырып, патшаға жағымды жаңалық ретінде жеткізген.

1803 жылдың қараша айының ортасында орал шебінің сақшылары 

Бөкей  сұлтанның  бауыры,  әрі  саяси  қарсыласы  Пірәлі  ханның 

бағынышты адамдарын Нарын құмдарына өткізіп жібереді. Маңғышлақ 

аймағының  түрікмендері  мен  Адай  руының  қазақтарына  хан  болып 


50

51

бекітілген Пірәлі Нұралыұлының Бөкей сұлтанға қатысты жеке есебі 



болғаны анық. оған бағынышты көшпелілердің сонау Үстірттен На-

рын  құмдарына  қыстауға  келуі  Бөкей  сұлтанды  қобалжытты.  ол 

қазақтардың Жайық өзенінен ішкі бетке өтуін қадағалау үшін өзінің 

старшындарын жіберіп отыратын. Бөкей әдеттегісіне басып беймезгіл  

қонақтармен  кездесу  үшін  сенімді  адамдарын  Жайық  өзеніне  қарай 

жөнелтеді. Өзі де қарап жатпай 1803 жылдың 30 қарашасында Астра-

хань гарнизон полкінің шефі генерал-майор И.И.Завалишинге хат жол-

дап жеке басын қорғау үшін арнайы әскер сұраған.

1803  жылы  желтоқсан  айында  түрікмен  ханы  Пірәлінің  бір  топ 

адамдары  Жайық  өзенінің  оң  жақ  бетіне  өтеді.  Бөкейдің  сенімді 

өкілдерінің  мәліметінше  100  жылқыны  25  адам  айдап  келген.  Ал 

негізінен алғанда көшпелі қазақ қоғамында 500 жылқыны 5 адамнан 

артық бақпайтын-ды. Мұздай қаруланған олар Бөкей сұлтанның адам-

дарын шабуылдайды. Пірәлі ханның туысы Табылды сұлтан Бөкейлік 

Байбарақ  Тәңірбергеновты  атынан  құлатып,  өз  қолымен  қылышпен 

басын шауып алады. Қалғандарына Бөкей сұлтанды өлтіретіндіктерін 

айтып,  қорқытады  [81,  с.  260-261].  Бұл    оқиға  Бөкей  Нұралыұлын 

И.И.Завалишиннен екінші мәрте әскер сұратуға мәжбүрлеген.

Инспектор  алғашында  бұған  қарсылық  білдіріп,  бірақ 

соңынан  Бөкейге  алдын-ала  ескертпестен  бір  рота  әскер  жібереді. 

И.И.Завалишиннің бұл қылығына наразылық танытқан Бөкей сұлтан: 

«Кенеттен  дауылпаздың  даңғырлаған  дауысымен  келе  жатырған 

әскерді  көрген  қазақтар  әскерге  алады  екен  деп  дабыл  қағып,  қаша 

жөнелді» [81, с. 267], - деп уәжін айтады. Шындығында да осы оқыс 

оқиғадан соң орда ішінде қазақтарды басыбайлы шаруаларға айнал-

дырады,  кейін  әскерге  қабылдайды  деген  қауесеттер  лезде  тараған. 

Соның салдарынан көптеген қазақ шаңырақтары Жайық бетке өтуге 

қамдана бастайды.

Алайда  Ішкі  орда  қазақтарының  Кіші  жүзге  ұмтылуына  әсер 

еткен  себеп  жалғыз  бұл  емес  еді.  Нарын  құмдарына  қыстауға  өткен 

Пірәлі  ауылдары  Бөкейліктерді  қысқы  мекенінен  көктемгі  жайылыс 

жерлеріне қарай ысырып тастады. Нәтижесінде көктем кезінде қажет 

болатын шөпті мал ерте таптап тастаған-ды. 1804 жылдың көктемінде 

ішкі бетке өткен қазақтар, соның ішінде старшын Жүзбатыр бастаған 

беріш және старшын Бекмәмбет басқарған шеркеш рулары Шанасалған 

мен  Амутай  қоныстарынан  өз  жанұя,  мүліктерімен  Жайық  өзеніне 

қарай қозғалды. ондағы мақсаттары Пірәлінің қарауындағы халықпен 

қосылып, орал кордон сақшыларынан жасырынып, Кіші жүзге өту бо-

латын. Аталмыш рулардың көшу себебі тебіндік жердің жетіспеуінде 

және Пірәлі жендеттерінің бұл руларға малдарын тартып алатындарын 

айтып, қоқан-лоққы көрсетуінде еді. Мән-жайға әбден қанық болған 

орынбор әскери губернаторы князь Г.С.волконский Сарайшық қамалы 

маңында көшіп жүрген Пірәліге Бөкейліктерді өзіне қоспай, ішкі та-

рапта қалдыруға нұсқау берген. Ал Бөкей сұлтанға өз қазақтарының 

Жайық  өзенінен  өтетін  Пірәлі  бағыныштыларымен  бірігіп  кетпесі 

үшін кордондарға сенімді адамдарын жіберу тапсырылған [81, с. 264].

1804 жылы 26 наурызда старшындар Жүзбатыр мен Өтеміс бала-

шағасы,  мал-жандарымен  Тополинский  қамалы  мен  Зеленов  форпо-

сты аралығынан Жайықтың дала бетіне өтуге тырысады. Алайда саны 

100-ге жететін казак әскерлері оларға тойтарыс береді. Старшын Бек-

мамбет бастаған шеркеш руы Сарайшық бекінісі тұсынан қайырылып 

жіберіледі.  Алайда  осы  жылдың  14  сәуірінде  старшын  Бекмамбет 

Пірәлі ханмен бірігіп Сарайшық, Жаманқала бекіністері тұсынан өтіп 

кетеді.  Бірнеше  күн  өткеннен  кейін  старшын  Жүзбатыр  Сарайшық 

және  Поля  бекіністері  аралығынан  Бұқара  бетіне  өтуге  тырысады. 

Бірақ генерал-майор И.И.Завалишиннен ерекше нұсқау алған кордон 

казактары сақадай сай тұрған еді. Көздеген мақсаттары жүзеге аспаған 

Бөкейліктер  Қамыс-Самар  өзендеріне  қарай  көшуге  мәжбүр  болған 

[86, с. 50].

П.С.Попов Ішкі істер министрі граф в.П.Кочубейге қазақтардың 

Кіші  жүзге  кері  ұмтылысын  генерал-майор  И.И.Завалишиннің 

қысымшылық  көрсетуімен  түсіндірді.  Ноғай  руының  старшында-

ры  Мәмбетқазы  мен  Кенжәлі  Құрманқожаев  Астраханьға  барып, 

И.И.Завалишиннің  қоқан-лоққысы  салдарынан  оларға  бөлінген  жер-

де  1000-ға  жетер-жетпес  шаңырақтың  қалғанын  мәлімдейді.  дәл 

осындай қиянат көрген Бөкей сұлтан кордон инспекторының сорақы 

қылықтарын баяндау үшін кейбір старшындарымен орынборға бара-

ды. оның бұл арызы императорға жеткізілген еді [81, с. 266].

1803-1804 жылдары Ішкі орда қазақтарының дала бетке жаппай 

ұмтылуы    белең  алады.  Жоғарыда  көрсетілген  беріш  және  шеркеш 

руларының көшу әрекеті бір ғана мысал еді. Зерттеуші И.С.Ивановтың 

мәлімдеуінше 1803-1804 жылдары дала бетке 5000 шаңырақ көшіп кетіп, 

Бөкей сұлтанның жанында 1500 түтін қалған. Ал И.И.Завалишиннің 

пікірінше Ішкі ордада қалған шаңырақтар саны 1000-нан аспаған [23, 

№95].

Біздің  пайымдауымызша,  1803-1804  жылдардағы  Ішкі  орда 



қазақтарының  дала  бетке  көшуінің  себептері  мынандай  болды: 

1)  Қосөзен  аралығына  өткен  көшпелілердің  қатаң  климатқа,  жаңа 

географиялық  жағдайға  бейімделе  алмауы  және  малға  жайылыстың 

жетіспеуі; 2) патша үкіметінің күзет шептерін күшейтіп, қазақтарды 



52

53

қоршауға алуы; 3) И.И.Завалишиннің жан басына шағып жер бөлуге 



бағытталған  аграрлық  реформасы;  4)  көшпелілерді  басыбайлы 

шаруаларға айналдырып, әскер қатарына алып, соғысқа аттандырады 

деген қауесеттердің орда ішінде кеңінен таралуы; 5) Пірәлі хан және 

өзге  де  Бөкей  сұлтан  қарсыластарының  ордалықтарға  үнемі  қауіп 

төндіруі;       

1804-1806  жылдары  Ішкі  ордада  көшіп  жүрген  қазақтардың 

шаңырақ саны 2000-дай болған. Бұл жағдай Астрахань губерниясындағы 

көшпелі  халықтарға  жер  бөлуде  Бөкей  ордасы  үшін  кері  әсерін 

тигізген. осы кезеңде И.И.Завалишин қалмақ, қазақ, қондырау татар-

лары,  түрікмен  секілді  ұлттардың  территориясын  нақтылап,  заңдық 

тұрғыдан бекіту мақсатында арнайы жоба дайындап жатты. Астрахань 

әскери губернаторы П.д.Цицановтан ерекше тапсырма алған генерал-

майор ең алдымен өлкенің жер бедері мен құрылымын зерттеп, Астра-

хань және Кавказ губернияларындағы уездерді барлады. 

осылайша  1806  жылы  Ресей  Сенаты  И.И.Завалишиннің  және 

Ішкі істер министрі в.П.Кочубейдің баяндамалары негізінде көші-қон 

жөнінде арнайы жарғы жасауға кіріскен. осы жылдың 19 мамырында 

бұл жоба негізінде I Александр патшаның «Астрахань және Кавказ гу-

бернияларында көшіп жүрген қалмақтар мен өзге де халықтарға жер 

бөліп беру туралы» Жарлығы күшіне енеді. Жоғарғы мәртебелі бекіткен 

бұл құқықтық нормативтік акт VI бөлім, 46 баптан тұрды. Атап айтсақ, 

I бөлім - Қалмақтарға көктемде, жазда, күзде көшіп-қонуға берілетін 

жерлер және олардың шекаралары (1-8 баптар).

II бөлім - Қалмақтардың қыстауы туралы (9-17 баптар).

III бөлім - Қалмақтардың көршілес жатқан казактармен, қазына 

және помещик шаруаларымен қарым-қатынасы (18-24 баптар).

IV бөлім - Қалмақтардың өзге де көршілес халықтармен қарым-

қатынасы (25-28 баптар).

V бөлім - Мұсылман халықтарының жері мен шекарасы туралы 

(29-40 баптар).

VI  бөлім  -  Көшпелі  халықтарға  жер  бөлу  туралы  арнайы 

комиссияның құрылуы (41-46 баптар).

Аталмыш Жарлық бойынша қалмақ халқына бір шеті помещиктер 

саяжайларымен, казак, қазыналық шаруалар иеліктерімен, екінші шеті 

Каспий теңізі мен Кума өзенімен шектесетін Еділдің батыс бетіндегі 

дала сыйға тартылды; одан Маныш өзеніне, дон әскерінің жеріне, Са-

ратов губерниясындағы Чапурняков, Царицын елді-мекендеріне дейінгі 

территория тағы берілді. Мұнымен бірге қалмақтарға елді-мекендер, 

үй салуға, қыс кезінде қамыс, құрғақ ағаштарды кесуге, Қалмақ база-

рында сауда жасауға рұқсат етілді.

1806 жылғы 19 мамырдағы патша Жарлығының тек 4 бабы ғана 

тікелей Бөкейлік қазақтарға қатысты еді. Нақтылап өтсек:

35-бап. Бөкей сұлтан бастаған қазақтарға Өзеннен Боғда тауына 

дейін, ал одан Шапшашы арқылы дудатск және Телепнев батағалары 

бойымен теңізге дейінгі жерлерде көшіп-қонуға рұқсат етіледі. Алай-

да бұл жерлерді олардың меншігіне бермеу керек, себебі олар Жайық 

өзенінің бұл бетінде мәңгілік тұрақтамайды.

36-бап. Қамысты тұрақтар мен жазықтарда, қазыналық ведомство 

қарауындағы бос жерлерде қазақтарға қыстап шығуға мұрсат беріледі.

37-бап. Кіші орданың азғана қазақтарына теңіз жағалауында, ду-

датск, Телепнев және Коневск батағалары аралығында қыстап шығуына 

болады,  ал  жазда  өзге  де  қазақтарға  белгіленген  жерлерде  немесе 

қондырау татарларымен бірігіп көше алады.

38-бап. Қазақтарға базар ретінде Ахтуба өзені бойындағы Ақ Мешіт 

және  долотхан  кордон  шептері  аралығын  бекіту  қажет.  Бұынғы  Ақ 

Мешіттің орнына жаңа базар салу Сыртқы істер министріне жүктеледі. 

олардың өндірісін ынталандыру мақсатында кейбір тұрақты орындар 

белгілеп, онда малды астыққа айырбастауларына мүмкіндік туғызу ке-

рек [112, 9-10 пп.].

Шынтуайтқа  келгенде,  1806  жылы  Сенат  қабылдаған  жарлықта 

И.И.Завалишиннің  ұсыныстары  кеңінен  көрініс  тапқан.  Жарлықтағы 

Бөкей  хандығына  қатысты  35,  36,  37,  38-ші  параграфтар  осы 

инспектордың  пікірі  мен  ұсынысы  негізінде  жазылған  еді  [86,  с.  74-

79].  Тек  заң  шығарушы  орган  жобаға  азды-көпті  өзгеріс  енгізген. 

Егер  И.И.Завалишиннің  баяндамасында  отарлаушы  империяның 

экономикалық мүддесі ашық көрсетілсе, ал заңдық актіде ол астарлы 

түрде берілген.

Негізінен  алғанда  Бөкей  қазақтарының  жер  мәселесін  бір  ғана 

орыс шенеунігі И.И.Завалишин шешіп берді десе де болады. Егер сол 

кезде хандықтағы ішкі саяси жағдай мүлдем басқалай болғанда орда 

жері  өзгеше  ауқымда  болуы  мүмкін  еді.  Бұл  арада  өзге  халықтардан 

бұрын  қалмақтардың  мүддесі  бірінші  орынға  қойылды.  Себебі:  1) 

Қалмақ халқы әуел бастан, яғни 1630 жылдан бері қарай осы жерлерді 

иеленіп келді. Ал қазақтар Ресей үшін «жаңадан келушілер» ғана бол-

ды; 2) Қалмақтардың шаңырақ, мал саны қазақтарға қарағанда едәуір 

көп еді. осы кезеңде қалмақтар 20000, ал Бөкей орда қазақтары 2000 

шаңырақты ғана құрады; 3) Қалмақтардан Ресей үкіметі пайданы өте 

көп көрді. Себебі бұл халық та империяның шикізат көзіне айналды; 4) 

Қалмақтар қазақтарға қарсы құрылған кордондарға жыл сайын шығыны 

65000 сом болатын 650 әскерді атымен, қару-жарағымен беріп отырды. 

Қазақтарға мұндай міндет ешқашан артылған жоқ; 


54

55

Нәтижесінде  1806  жылғы  Жарлық  бойынша  Бөкей  ордасының 



шекаралары  шамамен  белгіленді  және  Каспий  теңізі  жағалауындағы 

қыстауларды  пайдалану  тәртібі  анықталды.  Кейбір  шұрайлы  жайы-

лыстар қондырау татарлары мен Еділ қалмақтарының еншісінде кете 

барды.  Бөкейліктердің  көші-қон  жерінен  тұзды  көлдермен  шектес 

жатқан территориялар кесіліп алынды. Бұған дейін қазақтар пайдала-

нып келген, Астрахань даласының батыс бөлігінде жатқан үлкен жай-

ылыс алқаптары да өзгенің меншігіне өткен. осылайша 1806 жылғы 

19 мамырдағы патша Жарлығы бойынша қазақтардың жайылыстары 

едәуір қысқарған. Бұл мәселе төңірегінде зерттеу жүргізген этнограф 

А.Е.Алекторов өз еңбегінде былай деп жазды: «Алғашқы келушілер 

Каспий  теңізінің  жағалауларына  орнықты.  Келушілердің  саны  және 

мал  басының  көбеюіне  байланысты  Бөкейліктер  Нарын  құмдарына 

және Өзендерге, Шежін мен Торғын өзендеріне тарала бастады. Ақыр 

соңында үкімет болашақта бос жатқан жерлерді бұлайша басып алу-

ды шектеу үшін 1806 жылы 19 мамырда қазақтардың көшіп-қонатын 

аумағының шекарасын белгіледі» [16, №22].              

1806-1808 жылдары Бөкей ордасының тұрғындары Кіші жүзден 

көшіп келген қазақтар есебінен артқан еді. орал казак әскерінің атама-

ны д.М.Бородин 1808 жылы 18 маусымда орынбор әскери губернато-

ры князь Г.С.волконскийге жазған баянатында хандықтағы көшпелілер 

санын 6000 шаңырақ, 18000 адам деп көрсеткен. Тап осы деректен Ішкі 

ордада 6000 түйе, 30000 жылқы, 48000 ірі қара, 600000 қой, барлығы 

684000 бас мал болғанын білеміз [117, 417 п.]. Бұл мәліметтер әрбір 

шаңыраққа орташа есеппен 114, ал әрбір жыл басына 38 бас әр түрлі 

малдан келген деуге мұрша береді.

1808 жылы Бөкей ордасы тұрғындарын дүбірлі оқиға күтіп тұрды. 

ол  Ресей  империясының  оңтүстік  өңірінде  жұқпалы  аурулардың 

өршуіне байланысты болды. 1808 жылы 25 ақпанда орынбор әскери 

губернаторы  Г.С.волконский  Бөкей  сұлтанға  Астрахань  және  Сара-

тов  губернияларында  оба  ауруының  шыққандығын,  соның  салда-

рынан  көптеген  адамдардың  өлімге  ұшырағанын  жеткізген.  Сөйтіп 

сұлтанға  шұғыл  түрде  өз  бағыныштыларымен  Жайық  өзенінен  100 

верст қашықтықта орналасуын бұйырады. дәл сол күні І Александр 

патшаның  Ішкі  орда  қазақтарын  дала  бетке  көшіру  жөніндегі  ар-

найы Жарлығы шыққан болатын [118, 2-3 пп.]. Тек 1808 жылдың 19 

сәуірінде ғана Бөкей сұлтан өз қарамағындағы көшпелілерімен, мал-

жандарымен көпір арқылы Жайық өзенінің сол жақ бетіне өткен. Бұл 

үрдіс  орал  казак  әскерінің  атаманы,  генерал-майор  д.М.Бородиннің 

тікелей басшылығымен жүзеге асқан [118, 7-8 пп.].

Алайда  1808  жылдың  21  сәуірінде  оба  ауруының  басылуына 

байланысты  I  Александр  патша  Г.С.волконскийдің  атына  Бөкейлік 

қазақтарды бұрынғы қоныстарына қайтару жөнінде Жарлық шығарады 

[119, 45 п.]. Бөкейліктер ішкі тарапқа 1808 жылдың 10-12 маусымын-

да өткізілген болатын. Айта кететін жайт, Ішкі ордадан Жайық бет-

ке  ұмтылған  көшпелілер  бұл  індеттің  таралуын  тиімді  пайдаланып, 

кері өтпей қалған. д.М.Бородиннің мәліметіне сенсек Бөкейліктердің 

5250  шаңырағы,  15750  адамы  әр  түрлі  себептерге  байланысты  Кіші 

жүзде қалып қойған. Ішкі бетке тек құрамында 2250 тұрғыны бар 750 

шаңырақ 1930 түйемен, 2500 жылқымен, 9987 ірі қарамен, 100200 ұсақ 

малымен  өткен  [117,  417  п.].  Хандық  тұрғындарының  Жайық  бетте 

қалуының себебі олардың тек Кіші ордада мекендеуді көксеуімен бай-

ланысты болмағандығын ескертеміз. Бөкейліктердің көпшілігі далаға 

ішкерілеп  еніп  кеткендіктен  патша  үкіметінің  кері  оралу  жөніндегі 

Жарлығын естімеген. Бұдан кейінгі жылдары олардың Бөкей сұлтан 

иелігіне жаппай ұмтылуы мұның айқын дәлелі болмақ.

1808  жылдың  19  сәуір  -  10  маусым  аралығында  Жайық  бетте 

тұрақтаған Ішкі орда қазақтары Астрахань даласына екінші мәрте көшіп 

келіп, біртіндеп жаңадан көшіп келушілер тарапынан толыға түскен. 

1808 жылдың күзінде орынбор шекара комиссиясының рұқсатынсыз 

беріш  және  шеркеш  руларының  830  шаңырағы  ішкі  тарапқа  өткен. 

осы  жылдың  қараша  айында  Артығали  сұлтан  адай  және  таз  рула-

рынан құралған 100 шаңырақпен оң жақ бетке көш түзеген. Есенғұл 

беріш руының басшысы старшын Кетебай Қайыскелдіұлына қарасты 

50  шаңырақ  осы  1808  жылдың  күзінде  комиссияның  рұқсатынсыз 

өтсе,  ал  енді  жартысы  арнайы  билет  алу  арқылы  Бөкейге  қосылған. 

Сонымен қатар Жайық беріш руының старшындары Жабал Бегалиев, 

Өтеміс  Құлмалин,  масқар  руының  биі  Қожақ  Аққұнанов  ішкі  бетке 

қыстап шығу үшін билет алғанымен Бөкей сұлтанға қосылып кеткен 

[120, 134-135 пп.]. 1809 жылы Жайықтың арғы бетінен Нарын құмы ау-

данына 946 шаңырақ өткен және оларда барлығы 43 түйе, 1567 жылқы, 

1124 ірі қара, 15273 қой болған [38, с. 24]. осы жылы Бөкей сұлтанның 

қарамағына беріш руының белді старшындары, кезінде Түркістаннан 

Әбілқайыр  ханға  көшіп  келген  Мырза-қожа  ұрпақтары,  атап  айтсақ 

туыстас  Қарауылқожа  Бабажанов  пен  Төке  қожа  Тілеуқожиндер 

көшіп барған [120, 149 пп.]. 1810 жылы Арал бойындағы қазақтардың 

билеушісі Батыр ханның (1748-1771) ұлы Қарабай Батырханов, 1812 

жылы  Есім  ханның  үлкен  ұлы  Қайыпқали  Есімов  азын-аулақ  алаша 

руымен  және  байбақты  руының  көшпелілерімен  сұлтандар  Шоқы 

Нұралыұлы,  Сүйінішқали  Жаналыұлы;  1812  жыл  көктемінде  сұлтан 

Елтай Нұралиев 200 шаңырақпен; 1814 жылы Байбақты руының 641 

шаңырағы  ішкі  тарапқа  қоныстанған  [38,  с.  25].  осылайша  Бөкей 

ордасындағы шаңырақтар 1814 жылы 8500-ге жеткен [121, 4 п.].



56

57

Алайда  жаңадан  құрылған  хандықтың  іргесі  бірден  бүтінделе 



қоймады.  оған  саяси  және  экономикалық  бақталастықтың  әсері  зор 

болды. Бүгінге дейін Бөкей Нұралыұлының негізгі саяси қарсыластары 

ретінде өз бауырлары Пірәлі, орман, Қаратай сұлтандар және Жантөре 

хан  аталып  келді.  Бірақ  соңғы  кездері  жүргізілген  зерттеулер  осы 

ақпараттарды дәл сол күйінде қабылдауға болмайтындығын көрсетіп 

отыр.


Алдымен түрікмендер және адайлықтардың ханы болған Пірәлі 

Нұралыұлыға  келсек,  оның  Бөкей  сұлтанға  саяси  қысымшылық 

көрсетуге  тырысқаны  анық  еді.  1803-1804  жылдары  ішкі  тарапты 

дүрліктіріп,  орыс  үкіметінің  қаһарына  ұшыраған  ол  өз  жорықтарын 

кейінгі кезеңдерде қайталай алмады. Өйткені Пірәлі 1805 жылы қайтыс 

болды [77, 94 б.].

орман  Нұралыұлымен  Бөкей  шынайы  бауырларға  тән  қарым-

қатынаста  болған.  1803-1804  жылдары  Кіші  жүзге  ауып  кеткен 

көшпелілердің орнын толтыруда Ішкі орда билеушісі өз інісіне және 

оған қарасты 5000 шаңыраққа үміт артқан. оларды Ішкі ордаға орнала-

стыру жайында генерал-майор И.И.Завалишин 1804 жылы 19 ақпанда 

Бөкей  сұлтанға  орманның  патша  атына  өтініш  жазуы  керектігін 

ескерткен.  Ал  бұл  өтінішті  Бөкей  Хандық  кеңес  төрағасы  ретінде 

И.И.Завалишинге жіберуге міндетті болды [14, №92]. И.С.Ивановтың 

осы мәліметіне сенсек, екі ағайындының арасында Қосөзен аралығында 

бірге ғұмыр кешу туралы келіссөздер жүргізілген. Бірақ кейін орман 

Нұралыұлының Ішкі ордада мәңгілік тұрақтау ниетінен айнығандығы 

байқалады. Сірә, бұған 1805 жылы Хандық кеңес төрағалығына сай-

лануы,  туған  бауыры  Қаратай  Нұралыұлымен  арадағы  саяси  одағы, 

жеке бас есебі әсер етсе керек. Бұдан кейінгі кезеңдерде де Бөкей мен 

орманның  арасында  саяси  бақталастық,  жайылым  үшін  талас  орын 

алмаған.  осы  ойымызды  орынбор  губернаторы  Г.С.волконскийдің 

1807 жылы 17 шілдеде Бөкейге орман және Қаратай Нұралыұлдарын 

хан  Жантөре  Айшуақұлымен  татуластыруын  өтініп  жазған  хаты 

дәлелдей түседі [86, с. 92]. Сонымен қатар Бөкей хандық билікке қол 

жеткізгеннен  кейін  де  өз  бауырына  деген  көзқарасын  өзгертпеген. 

Керісінше оның ұрпақтарын өз қамқорлығына алуға тырысқан. 1812 

жылы Ішкі орда ханының Ресей әкімшілігінен орынбордағы аманат 

үйінде тұрып жатқан орманның 10 шаңырағын өзіне жіберуін өтінуі 

бұған айғақ болады [122, 1 п.].

Ал  Бөкей  мен  Қаратай  Нұралыұлдарының  қарым-қатынасын 

анықтауда ескерілетін тұстар өте көп. Бірі – Ішкі орданың, екіншісі 

–  Кіші  жүздің  хандық  тағына  үміткер  аталмыш  сұлтандардың  ел 

ішінде  де,  Ресей  империясы  алдында    да  беделі  зор  еді.  Тарихшы 

Ұ.Ахметованың  зерттеуінше  Кіші  орда  қазақтарының  бір  тобы 

Қаратай сұлтанды 1806 жылы-ақ хан көтерген [203, 45 б.]. Ал Қаратай 

Нұралыұлының қоғамдық-саяси қызметін ғылыми тұрғыдан зерделе-

ген ғалым А.Ахметтің анықтауынша сұлтан өзін 1808 жылдан бастап 

ашықтан-ашық хан жариялаған [204, 63 б.]. 

Жалпы отарлаушы үкімет Бөкей сұлтанға қатысты екіжүзді сая-

сат  ұстанды.  Мәселен,  1805  жылы  21  қарашада  орынбор  губерна-

торы  Г.С.волконский  орал  казак  әскерінің  атаманы  д.М.Бородинге 

Қаратайды  Бөкей  алдында  жексұрын  етіп  көрсету  жөнінде  нұсқау 

берсе  [86,  с.  54],  ізінше  24  қарашада  Бөкейге  Қаратай  мен  Жантөре 

Айшуақұлын  татуластыру  жөнінде  тапсырма  аманаттады  [86,  с.  55]. 

Бір  әкеден  өрбіген  ағайындыларды  жауластыру  саясаты  үнемі  күн 

тәртібінде  тұрды.  1810  жылы  губернатор  Г.С.волконский  Бөкейдің 

жеке  басына  қауіп  төндірді  деп  Қаратайды  қаралады  және  осындай 

жалған хабарларды Ішкі істер министрі А.Б.Куракинге, Грузия және 

Кавказ  шебінің  бас  қолбасшысы  А.П.Тормасовқа,  Астрахань  губер-

наторы Л.А.Кожевниковқа жеткізді [86, с. 163-165]. Бірақ Бөкей бұл 

қастандыққа кінәлі деп Қаратайды емес, Бөлек сұлтанды көрсеткен [74, 

219 б.]. демек үкіметтің арандатушылық саясаты жүзеге аспай қалған. 

осы  орайда  Қаратайдың  Бөкейге  қатысты  арам  ойы  болмағандығын 

айта  кету  шарт.  оның  басты  мақсаты  Кіші  жүздегі  билікті  Айшуақ 

тұқымынан  Нұралы  әулетіне  қайтарып  алу  болды.  Ал  өзі  жаңадан 

хандық құрып жатырған Бөкей оның жолына кесе көлденең тұрмаған 

еді. 1811 жылы хан сайлауында Қаратай Бөкейді ашық қолдауы арқылы 

өзінің ізгі ниетін көрсетті [74, 225 б.]. 

1805 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен хандық таққа отырған 

Жантөре Айшуақұлы Бөкей сұлтанның негізгі қарсыласына айналды 

[86, с. 55]. Екі әулет арасындағы текетірестің саяси және экономикалық 

қыры  болды.  Бақталастықтың  саяси  жағы  Жантөре  ханға  қарасты 

Жетіру  өкілдерінің  малдарына  жайылым,  жандарына  тыныштық 

іздеп,  Ішкі  ордаға  мәңгілік  тұрақтауынан,  сөйтіп  Бөкейдің  күшейе 

бастауынан  көрінді.  Ал  Кіші  жүз  ханы  халықтың  өзінен  безуіне 

немқұрайлы  қарамады.  Өйткені,  біріншіден,  көшпелілердің  ішкі 

тарапқа  қоныстануы  халықтың  азаюына,  сәйкесінше  саяси  билігінің 

әлсіреуіне әкелсе, екіншіден, елден жиналатын алым-салық мөлшері 

төмендейтін еді. Жантөренің жұрты тек Бөкейді ғана паналады деуге 

болмайды. Себебі хан орыс-казак әскері көмегімен жазалау шараларын 

ұйымдастырғанда халық Қаратайға қашты [204, 63 б.]. Сондықтан бұл 

кезеңдегі Жантөренің жан айқайы түсінікті еді.

Бақталастықтың  экономикалық  қыры  ішкі  беттегі  жайылым-

дар  үшін  таластан  анық  көзге  түсті.  Бөкей  сұлтан  ішкі  тараптағы 


58

59

жайылымдарды  тек  қана  мәңгілікке  тұрақтауға  ниет  білдірген 



көшпелілерге  бергісі  келді.  Бейбітшілік  орнаған  дербес  хандық 

құру арқылы қарамағындағылардың санын одан да бетер арттыруды 

көздеді.  Сонымен  қатар  Бөкей  Айшуақ  ұрпақтарынан  гөрі  Нұралы 

ұлдарын  жанына  жиюды  ойластырды.  осы  орайда  Ә.Кекілбаевтың: 

«Бөкей  қарамағындағы  халықтың  санын  көбейтіп  көрсету  арқылы 

жер жетіспеушілігі белең алғанын дәлелдегісі келген, сөйтіп Айшуақ 

тұқымы  қарауындағы  ауылдарды  Нарын  бетке  қыстаққа  өткізуді 

қаламаған», -  деп ой түйіндеуінде шындық жатыр [72, 151 б.]. 

Бұл мақсаттарын Бөкей 1808 жылға дейін іс жүзіне асыра алды. 

Өйткені  патша  үкіметі  оған  ерекше  құзірет  берді.  Ал  хан  Жантөре 

Айшуақұлы өз жұртымен Нарын құмдарында қыстауға мүдделі бол-

ды және Бөкей сұлтанмен санасуды жөн көрмеді. дала бет қазақтары 

наразылықтарын  барымта  арқылы  білдірді.  осылайша  1803  жылы 

Пірәлі хан қазақтары бастаған бұл үрдіс 1806-1808 жылдары шырқау 

шыңына  жетті  [86,  с.  88-89].  Бітпейтін  барымта,  толастамайтын 

қарақшылық салдарынан халық мыңдаған малдарынан айырылып, қан 

жылап, ауыр күйзеліске душар болды. оған қоса XVIII ғасыр аяғы және 

XIX ғасыр басында қазақ қоғамында феодалдық үрдістің тереңдеуіне 

байланысты барымта секілді дәстүрлі құқықтық институттың өз мәнін 

жоя бастағанын ескертеміз [266, с. 86]. 

Алайда екі жақты барымтаның нәтижесі уақытша болса да Бөкей 

Нұралұлының  пайдасына  жұмыс  жасады.  1808  жылы  13  наурызда  І 

Александр орынбор губернаторы Г.С.волконскийдің атына дала бет 

қазақтарын Нарын құмдарына Бөкей сұлтанның рұқсатынсыз өткізбеу 

туралы Жарлығын жолдады [86, с. 126]. Бірақ бес айдан соң, яғни 1808 

жылы  17  шілдеде  Ресей  императорының  шешімі  өзгеріп,  Кіші  жүз 

көшпелілерін ішкі тарапқа тек  орынбор шекара комиссиясы билетімен 

жіберу туралы жаңа Жарлығы шықты [86, с. 151]. отарлаушы үкімет 

саясатының  бұлайша  күрт  өзгеруіне  Бөкей  сұлтан  билігінің  күшеюі 

әсер еткен еді.

дегенмен Жантөре хан осы оқиғалардан соң саяси сахнада ұзақ 

жүре алмады. Өйткені ол 1809 жылы 2 қарашада Нұралы ұлдарының 

қолынан қаза тапты [74, 221 б.]. Ал бұдан кейінгі кезеңдерде Бөкей 

сұлтанға  тегеурінді  қарсылық  көрсеткен  ақсүйек  өкілдері  болмады. 

Бұған Бөкейдің хандық билікке қол жеткізуінің ықпалы болғандығын 

мойындауымыз керек.  

Хандықтағы  ішкі  жер  мәселесіне  кері  оралсақ,  1808  жылдың 

маусымында  ішкі  тарапқа  екінші  рет  өткен  көшпелілер  бұрынғы 

қоныстарына қайтадан ұмтылған. Рулық жер иелену басқыншылық си-

патта болған, яғни жайылыс көздерін кім бірінші иеленсе, әлгі террито-

рия соның «меншігінде» қалған. Ресми құжаттарда Бөкей ордасының 

жерлері  Ресей  империясының  жылжымайтын  мүлігі  саналғанымен 

ордалықтар  оларға  өздеріне  тиесілі  обьект  ретінде  қараған.  Алай-

да  саяси  санасы  өсіп-толысқан  Бөкей  Нұралыұлы  мәселенің  мәнісін 

уақытында ұға білген. 

Бастапқы кезеңдерде ордадағы әрбір ру жерді бірігіп пайдаланған. 

Бөлімдерге  бөлініп,  ауылдардан  құралған  қазақ  руларының 

әрқайсысының өзіндік көші-қон маршруты болды. Мысалы, Кіші және 

орта жүздерде олардың ұзындығы 800-1000 шақырымға жетіп отыр-

ды [92, с. 29]. Экстенсивті мал шаруашылығын ұлан-ғайыр алқапсыз 

елестету  мүмкін  еместігі  белгілі  жайт.  Ауылдың  малы  көп  болған 

сайын соған сәйкес суы мол жайылыс көздері қажет болатын. Бірақ 

Бөкей  ордасының  территориясы  өте  шағын  келді.  ол  солтүстіктен 

оңтүстікке дейін шамамен 350 верст (1 верст - 1,0668 км), ал шығыстан 

батысқа  дейін  небәрі  200  верстқа  созылған  және  аумағы  70000  вер-

стты


2

 құраған [47, с. 20]. Бұл жағдай хандықтағы жазғы және қысқы 

көші-қон  жерлерінің  бір-біріне  жақын  орналасуына  әкеліп  соққан. 

Сол  себепті  Бөкейлік  малшылардың  көші-қон  радиусы  Кіші,  орта, 

Ұлы  жүздердегімен  салыстырғанда  едәуір  дәрежеде  қысқарған.  Ал 

бұл  өз  кезегінде  тұрғындарды  біртіндеп  отырықшылыққа  көшуге 

мәжбүрлеген. 

Бөкейліктер  көшпелі  мал  шаруашылығына  қолайлы  жерлерді 

кезектестіріп ауыстыру тәсілін жыл сайын сынап тұрған. Каспий теңізі 

жағалауларында қыстап шыққан қазақтардың жартысы жаз түсе На-

рын құмдарына көшсе, қалған бөлігі батысқа қарай ойысып, хошоут 

қалмақтары мен қондырау татарларымен шекаралас аумаққа жеткен. 

Ал  Нарын  құмындағы  көшпелілер  Үлкен  және  Кіші  Боғда  таулары-

на,  Рождественский,  Новоникольское,  Болхун,  владимировка  елді-

мекендеріне дейін көшіп жүрген. Бірақ мұның өзі қысқа қашықтықты 

қамтыған. Зерттеуші Ғ.Е.Харабалин осы орайда: «Хандықтың оңтүстік 

аумағындағы қазақтар жаз кезінде Нарын құмдарын кесіп, солтүстігінде 

Торғынға  дейін  жететін  ұзақ  қашықтықтағы  көшіп-қону  маршрутта-

рын орнықтыра алмады» [66, 63 б.], - деп дұрыс көрсеткен еді.

1812  жылы  Бөкей  сұлтанның  ресми  түрде  Ішкі  орда  ханы  бо-

лып бекітілуі аграрлық қатынастарға өзіндік әсерін тигізді [123, 1 п.]. 

Тұрақты саяси жағдай мен қалыпты шаруашылық өмір үстемдік еткен 

хандыққа белді ақсүйектер мен күшті рулар ағыла бастаған. осылайша 

Жайықтың дала бетінен көшпелілердің жаңа топтары келуі салдарынан 

бұрын қоныстанып қойған Бөкейліктердің көші-қон ауданының шека-

ралары өзгеріске түсті. орда тұрғындарының былайша артуы қауымның 

жекелеген рулары арасында жерді қайтадан бөліске салуды талап етті. 


60

61

Жалпы Бөкей хан билігі тұсындағы орда халқының өсу-кему деңгейін 



төмендегі кестеден көруімізге болады [117, 417 п.], [121, 4 п.]. 

1-кесте


Жылдар

Шаңырақ саны

1801 -  1803

1804 - 1806

1806 -1808 сәуір

1808 маусым - қараша

1808 - 1812

1812 -  1815

7000 – 7500

2000


6000

546


7500

8500


Хандық  тұрғындарының  Кіші  жүз  тарапынан  көшіп  келушілер 

есебінен  артуы  жер  үшін  дау  туғызып,  азды-көпті  руаралық 

қақтығыстарға  әкеліп  соқты.  Жайылым,  су  көздерін  пайда-

лануда  жаңадан  келушілердің  бақталастық  туғызуы  бұрынғы 

қоныстанушылардың  экономикалық  мүдделеріне  қайшы  келген. 

осы  бағыттағы  арыз-шағымдар  Бөкей  ханға  күн  сайын  көптеп  жол-

данып,  арнайы  шешім  шығаруды  талап  еткен.  Мәселенің  мәнісін 

түсіне білген Бөкей хан жерді рулар мен бөлімдерге бөліп, жекелеген 

қауымдарға жазғы және қысқы жайылыстарды көрсетіп береді. оған 

қоса ордадағы әрбір жер телімі ру және бөлімдердің старшындарына 

«бағынышты қазақтарымен көшу» құқығымен қоса бекітілген. осын-

дай әрбір старшынға, сұлтанға Бөкей хан жерді қауым болып пайдала-

ну құқығын куәландыратын арнайы Жарлық ұсынған.

Мұрағат деректерінің барлығы дерлік Бөкей ханның мұндай ре-

формаларды  1812  жылдан  бастап  жүзеге  асырғандығын  дәлелдейді. 

осы жылы хан беріш руының старшыны Исатай Таймановқа мынадай 

мәтіндегі арнайы грамотасын берген: «осы хатты өзіме бағынышты 

беріш руының құрметті старшыны Исатай Таймановқа бере отырып, 

оған  қол  астындағы  қазақтарымен  Каспий  теңізі  жағалауларындағы 

Кокарев, Плетнев тұрғындары мен Кульпинск күзет орны аралығын, 

яғни даладағы кордон жолынан теңізге дейінгі жерлерді қысқы қонысы 

етіп тұрақтауға рұқсат беремін. Мұндағы шұрайлы жерлерді оның өзі 

де және қол астындағы халқы да пайдалана алады. Бұл жерлерге олар-

дан  басқа  қазақтардың  көшіп  келуіне  тыйым  саламын  және  кордон 

басшылығы тарапынан да Таймановқа ешқандай кедергі жасалмайды» 

[87, с. 30].

Байқап  отырғанымыздай,  Бөкей  хан  осылайша  өз  ордасының 

барлық жерін қазақтарға рулық қауымдық белгілерін ескере отырып 

бөліп  берген.  Старшындар  Айтбай  Мәметқазиев,  Сегізбай  Медетов, 

Үркен  Шықтыбаев  және  тағы  басқаларына  берілген  дәл  осындай 

мәтіндегі грамоталардың көшірмесін мұрағат қорларынан кездестірдік 

[124, 51-60 пп.]. Жерге берілетін куәлік төте араб тілінде жазылған және 

берілетін объект толық дәрежеде сипатталған. Мәтіндердің көлемі әр 

түрлі  болып  келеді,  бірақ  көпшілігі  бір  беттен  аспаған.  Ең  соңында 

құжаттың берілген күні көрсетілген және Бөкей ханның арнайы мөрі 

басылған.  Ішкі  орданың  билеушісі  осындай  жарлықтарды  тарату 

арқылы билеу мен бағындырудың ерекше принципін қалыптастырды.

Айта  кететін  жайт,  Бөкей  Нұралыұлы  хандықтағы  жер 

қатынастарын реттеуде мал шаруашылығының даму деңгейін де ескер-

ген. Елдегі шаңырақ санының көбеюі, саяси тұрақтылықтың орнауы, 

жайылыс  көздерінің  тыңаюы  төрт  түлік  санының  артуына  тікелей 

ықпалын тигізді. Бөкей хан билігі тұсында мал көлемінің ең жоғары 

деңгейі 1813 жылы тіркелді [118, 18-19 пп.].

2-кесте


Жыл

Түйе


Жылқы

Ірі қара


Қой

Барлығы


1803

-

-



-

-

2 млн. астам



1808

6 000


30 000

48 000


600 000

684 000


1813

70 375


412 425

163 026


2 357 470 3 003 296

1814


63 338

350 562


135 856

1 476 948 2 026 704

Хандық жерін бөлу барысында халқы көп және күшті рулар ең 

жақсы телімдерді иеленген. Шаңырақ саны 900-ден астам беріш,  шер-

кеш,  600-700  түтіні  бар  адай,  байбақты,  алаша,  жаппас,  ысық  рула-

рына  ең  шұрайлы  жайылымдар  бұйырды.  Бұлардың  барлығы  Бөкей 

ордасындағы ең қолайлы аймақ саналатын Каспий теңізі жағалауларын 

мекендеді.  Мұндағы  қыстауларда  Бөкей  хан  тұсында  барлық  орда 

тұрғындарының 1/3-і шоғырланды.

Ханнан арнайы куәлік алған әрбір сұлтан, старшын өз руластары-

на көшіп- қону үшін жер бөліп берген. Жеке бастарын бірінші қойған 

рубасылар шөбі шүйгін, малға жайлы жерлерді өз иелігінде қалдырып, 

ал  қалғандарын  қатардағы  көшпелілерге  үлестірген.  осылайша 

қоғамдық  жерлерді  бөлу  құқығы  біртіндеп  жеке  меншік  құқығына 



62

63

айналған. Мұндай тоқтамға тарихшылар в.Ф.Шахматов та [30, с. 45], 



Б.Аспандияров та [32, с. 71], А.Еренов те [33, с. 99] келген болатын. 

Бірақ өз тарапымыздан Бөкей хан билігі тұсында ашық түрдегі жеке 

меншіктің  болмағандығын  атап  өтеміз.  Хандық  билеушісі  елде  жер-

ге деген жеке меншікті қалыптастыруды еш көздемеген. оның басты 

мақсаты халық саны, мал көлемінің артуына байланысты туындаған 

жер мәселесін бейбіт жолмен реттеу болған.

1812 жылы Бөкей хан Ішкі орданың халқын одан әрі ұлғайтпақ 

ниетте  болды.  осы  жылдың  22  ақпанында  ол  Астрахань  азаматтық 

губернаторының міндетін атқарушы А.в.велсовихиннен орынбордағы 

аманат  үйінде  тұрып  жатқан  сұлтан  орман  Нұралыұлының  10 

шаңырағын Ішкі ордаға көшіріп алуға рұқсат алған [122, 1 п.]. оған 

қоса бұл уақытта Жайық беттен 4000 шаңырақ өткізуді де ойластырған. 

Аталмыш  жоспары  П.С.Поповтың  тарапынан  қолдау  тапқан.  1812 

жылдың 16 мамырында Қалмақтарға және мұсылман халықтарына жер 

бөлу жөніндегі комиссия өз отырысын өткізеді. Күн тәртібінде бірнеше 

мәселелер  қаралып,  соның  ішінде  генерал-майор  П.С.Попов  пен 

Бөкей сұлтан ұсынған Астрахань даласына малшы қазақтарды көшіру 

мәселесі талқыланады. П.С.Попов Ішкі ордадағы 7500 шаңырақтың 

үстіне  әлі  де  болса  5500  түтін  өткізу  мүмкін  екендігін  айтқан.  Бұл 

кезеңде комиссия қондырау татарлары мен князь Түменге бағынышты 

қалмақтардың шекараларын анықтауды қолға алған еді.

1812  жылы  Астрахань  губерниясының  жер  өлшеушісі  К.витте 

Ішкі орда жер көлемінің Үлкен Өзенді қоса алғанда 5587683 десятина 

болатындығын анықтаған. Комиссия Ішкі орданың тұрғындары 13000 

шаңыраққа жеткен күнде де әрбір шаңыраққа 426 десятина жерден үлес 

келеді деп тапты. Бөкей сұлтан мен П.С.Поповтың күткені, көздегені 

осы еді және олар малдың саны қанша есеге артса да жер телімдері 

толық жетеді деп есептеген. Алайда Комиссияның өзіндік қаупі де бар 

еді. оны отырыстың қорытындысында былайша білдірді: «Көрсетілген 

13000 шаңырақтың әрқайсысында 3 адамнан болады деп есептегенде 

39000 тұрғынның саны шығады. Алайда бұл халықтың жабайылылық 

мінез-құлқы  мен  жыртқыштарға  тән  өзіндік  қасиетін  ескерген  жөн. 

Қазақтардың қыс мезгілдерінде батағаларда тұрып жатқан, ешқандай 

қарулары,  бекіністері  жоқ  Ресейліктерге  әлімжеттік  көрсетері  хақ. 

Сондықтан  да  Астрахань  казак  полкі  мен  кейбір  қалмақтардан 

құрылған кордондық күзеттің мыңдаған қазақтарға қарсы тұруға күші 

жетпей қалады» [125, 7-15 пп.].    

Жоғарыда  келтірілген  мұрағат  құжатынан  байқайтынымыз,  ар-

найы комиссия бір жағынан Ресейге түсер пайданы, екінші жағынан 

өлкеде бой алатын дүрбелеңнен қауіптенген.

1801-1815 жылдары Бөкей хандығындағы ішкі жер қатынастары 

бейбіт сипатқа, бір қалыпқа ие болды. Ал сыртқы жер қатынастарында 

Бөкей  ханға  едәуір  күш  жұмсауға,  арпалысуға  тура  келді.  Хандық 

солтүстігінде Самара, Саратов губернияларымен, оңтүстігінде Каспий 

жағалауындағы князь Н.Б.Юсупов, граф И.А.Безбородко иеліктерімен, 

батысында Астрахань губерниясының халықтары - қондырау татарла-

ры, князь Түменге бағынышты қалмақтармен, ал шығысында Жайық 

өзенін  жағалай  орналасқан  орал  казак  әскерлері  жерлерімен  шекте-

скен  еді.  Бөкейге  осылардың  әрқайсысымен,  әр  түрлі  деңгейде  жер 

үшін күрес жүргізуге,  өз бағыныштыларының мүддесін қорғауға тура 

келді.

Бөкей  ордасының  территориясына  алғаш  көз  алартқандардың 



қатарында  қалмақтар  мен  казак  халықтары  болды.  Қалмақтармен 

арадағы  жер  дауы  жоғарыда  көрсетіліп  кеткендіктен  казак-қазақ 

мәселесіне тоқталуды жөн санаймыз. орал казак әскерінің Кіші жүз 

қазақтарына  қатысты  саясаты  көшпелілерді  еш  таңдандырмайтын 

еді.  Бөкей  ордасының  құрылу  сәтінен  бастап  казактар  хандықтың 

өздерімен шекаралас жеріне ауыз сала бастаған. Казак-қазақ жер дау-

ын қарастырған тарихшылар в.Ф.Шахматов [30, с. 22], Б.Аспандияров 

[32, с. 67] және өзгелері орал әскерлерінің Үлкен, Кіші Өзендерді ба-

сып  алуы  1813  жылдан  бастау  алады  деп  көрсеткен.  Алайда  ізденіс 

барысында табылған мұрағат құжаттары Өзендерді иемденіп алудың 

әлдеқашан ерте бой алғанын дәлелдейді. Сенат жанындағы Межелеу 

департаментінің  мәліметіне  сай  1801  жылы  Саратов  және  орынбор 

губернияларының шекараларын межелеу кезінде орал казак әскерлері 

Кіші Өзеннің екі бетін басып алған. осы әрекетімен олар өз шекарала-

рын Саратов губерниясы вольск уездіне тақап қойған. оған қоса олар 

Жайық  беттен  15  верстқа  созылатын  даланы  да  беруді  талап  еткен. 

Алайда  Ресей  Сенаты  казактардың  бұл  әрекетін  еш  құптамаған.  Заң 

шығарушы орган орал казактарына Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі 

жерлер  жеткілікті  деп  түсіндірген  [86,  с.  341].  Кейіннен  1808-1809 

жылдары орал әскерлері орынбор және Саратов межелеу кеңселерінен 

келген жер өлшеушілер И.Полибин, С.Панов, в.Семеновтың көмегімен 

Үлкен және Кіші Өзендерді өз пайдаларына өлшетіп, арнайы жобасын 

сыздыртып  алған.  Бұл  кезде  Бөкейліктер  межелеуге  қатыспақ  түгілі 

оба ауруының таралуына байланысты Кіші жүзбен екі ортада көшіп 

жүрген  еді.  орал  казактары  бұл  сәтті  тиімді  пайдаланған  [126,  41-

42 пп.]. осы жайында 1828 жылы сенатор Энгель былай деп жазды: 

‹‹Қазақтар бұл жағдайда шағымдануға әбден құқылы секілді. Себебі 

орал  әскерінің  өз  иеліктерінің  шекараларынан  шығып  кеткендігіне 

ешкім  күмәнданбайды.  Казактардың  қолында  алдын-ала  орынбор 


64

65

және  Саратов  межелеу  кеңселері  жер  өлшеушілерінің  берген  жоба-



сы болса да, бұл жерлер жөнінде Сенаттың жарлығы шықса да, орал 

әскерінің көрсетуінше, қазақтардан да және Астрахань губерниясының 

басшылығы  тарапынан  да  депутаттар  қатыстырылмаған.  осы 

аталғандардан көрінетіндігі мұнда көршілердің еш қатысуынсыз орал 

казак әскері жеке өктемдігін жүргізген» [81, с. 294].

1806 жылғы 19 мамырдағы Жарлық бойынша Бөкей ордасының 

шекарасы  болып  Өзен  белгіленді.  Алайда  Үлкен  немесе  Кіші  Өзен 

екені  нақты  көрсетілмеді.  осы  жайт  та  орал  казактарының  тым 

еркінсуіне  септігін  тигізген.  1807  жылдың  аяғында-ақ  орынбор 

әскери губернаторы Г.С.волконский Бөкейліктерге орал шебінен 25-

30 верст қашықтықта көшіп жүруге нұсқау берген [117, 99 п.]. 1808-

1809  жылдардағы  межелеу  жұмысының  қорытындысына  сүйенген 

орал  казактары  1810  жылы  Өзендер  аралығында  мал  бағып  жүрген 

сұлтан  Шоқы  Нұралыұлы  және  тана  руының  старшыны  Есенгелді 

Жанмурзинге  қарасты  қазақтарды  қуып  шыққан.  орынбор  шекара 

комиссиясының  өтінішін  орындауға  тырысқан  Астрахань  азаматтық 

губернаторы  Л.А.Кожевников  1810  жылы  8  шілдеде  Бөкей  сұлтанға 

хат  жазып,  ерекше  тапсырма  берген:  «орал  казак  әскерлері  Жайық 

өзенінің жағалауында шөп шығымы нашар болғандықтан Кіші Өзен 

бойынан  жазда  шөп  шабуы,  ал  қыста  мал  бағуы  тиіс.  Сол  себепті 

қазақтардың  оралдықтар  меншігі  саналатын  Кіші  Өзеннен  Нарын 

құмдарына қайтқаны жөн болады. Сіз өз халқыңыздың аталмыш өзен 

бойына қоныстанбауын және шөп шаппауын қадағалаңыз. Өйткені бұл 

жерлер сіздерге тиесілі емес және соның салдарынан әр түрлі келеңсіз 

оқиғалар белең алуы ықтимал» [127, 6-7 пп.]. 

Байқап отырғанымыздай, Астрахань губернаторы Бөкей сұлтанға 

нақты  етіп  көрсетіп,  мәселенің  мәнісін  ашып  берген.  дегенмен  бұл 

озбырлықтың  бастамасы  ғана  еді.  1813  жылы  орал  казактары  бүкіл 

Кіші Өзеннің бойын басып алды және 5 форпосттың негізін қалады. 

Әскери  кеңсе  1813  жылдың    28  маусымы  мен  1815  жылдың  12 

ақпанында  Кіші  Өзен  бойында  форпосттар  тұрғызу  туралы  арнайы 

құжаттарды рәсімдеген [91, с. 743]. осылайша орал казак әскерлерінің 

Үлкен және Кіші Өзендерге ауыз салуы 1813 жылдан әлдеқайда бұрын 

орын алған.

Бөкей  ханның  билігі  тұсында  көршілес  қоныс  тепкен  қондырау 

татарларымен де жер үшін талас-тартыстар болып тұрған. Ішкі орда 

билеушісі  олармен  бейбіт  қарым-қатынас  орнатуды  көздеген.  Тіпті 

өзіндік  ішкі  есебі  бар  Бөкей  хан  татарлармен  құдандалық  байланы-

ста болудан да тартынбаған. Бұл хақында оның ұлы Жәңгір хан 1842 

жылы  5  мамырда:  «Марқұм  Ішкі  орданың  ханы  Бөкей  қазақтарды 

Ресей  шекарасы  аумағында  мәңгілікке  ұстап  қалу  мақсатында  олар-

ды  отырықшы  мұсылман  тұрғындарымен,  әсіресе  Астрахань  гу-

берниясында  тұратын  қондырау  татарларымен  некелестірді»  [128, 

3  п.],  -  деп  көрсеткен.  Алайда  туыстық  қатынастар  Бөкейліктер  мен 

қондыраулықтар  арасындағы  жер  дауын  шеше  алмаған.  1801  жыл-

дан  бастап  ішкі  тарапқа  Кіші  жүз  қазақтары  көшіп  келіп,  түпкілікті 

орныққаныменен татарлар жаз кезінде Нарын құмдарында мал бағуын 

доғармаған. олар бұл заңсыз әрекеттері үшін жиі жапа шеккен. 1807 

жылдың  қараша  айында  өз  қоныстарынан  80  верстқа  ұзап  шығып, 

Нарын  құмдарында  мал  баққан  татарлардың  644  жылқысын  Кіші 

орданың қазақтары барымталаған еді [117, 105 п.]. Бір қызығы, кор-

дон  сақшылары  қондырау  татарларына,  хошоут  қалмақтарына  күзет 

шебінен шығуға рұқсат беріп, ал Бөкейліктерге мүлдем тыйым сала-

тын. Мысалы, 1807 жылы 23 қыркүйекте Бөкей сұлтан Астрахань казак 

полкінің командирі майор Алеевтен кордон шекарасынан шығып, мал 

суаруға  рұқсат  сұраған.  Бірақ  Астрахань  азаматтық  губернаторының 

міндетін  атқарушы  М.Л.Малинский  1806  жылғы  Жарлыққа  сілтеп, 

кордон сыртынан шығуға рұқсат бермей қойған [129, 1-2 пп.].

  Татарлармен  арадағы  жайылым  үшін  қақтығыстың  ең  ірісі 

1812  жылы  болып  өткен.  осы  жылдың  15  наурызында  Кожетаевка 

елді-мекенінің  қондырау  татарлары  кордондарды  артқа  тастап,  Ішкі 

ордаға қарай жөңкіле көшеді. Адамдарының саны 1635, шаңырақтары 

300  болатын  татарлар  Нарын  құмдарына  барып  аялдайды.  Мұрағат 

құжаттарында  татарлар  М.Абдекерімовтың  -  20,  М.Мөгеевтің  -  4, 

Ә.Кенкішевтің - 4, д.Нұраетың – 4 шаңырағы және басқаларының да 

аты-жөні, шаңырақ саны көрсетілген. Мұндай бассыздыққа ашуланған 

Бөкей хан ордалықтарға тиесілі жерді қорғауды қолға алған. 1812 жылы 

9  мамыр  күні  Краснояр  жергілікті  сотына  губерниялық  басшылық 

тарапынан  қондырау  татарларын  өз  жеріне  қайтару  туралы  ерекше 

нұсқау түседі. Бұл мезгілде олар жайылыс көздерін таптап, жергілікті 

қазақтарға  қысымшылық  көрсете  бастаған.  1812  жылы  маусым  ай-

ында  Кожетаевка  ауылының  басшысы  Нуруша  Шураев  Краснояр 

жергілікті сотының қызметкері П.М.Субботинге баянатын жолдайды. 

онда  ол  қондыраулықтардың  бұл  әрекетін  төмендегідей  түсіндіреді: 

«1812 жылдың 15 наурызынан бастап Нарын құмдарына бет түзеген 

қондырау  татарлары  бұл  жерлердің  Бөкей  ханға  тиесілі  екендігін 

ешқашан  естіген  емес.  Ал  бізге  кордон  шегінен  шығуға  ешкім  тый-

ым салмаған еді. Азиаттықтарға тән қасиеттерді бойына сіңірген та-

тарларды бір қоныста ұстап тұру мүмкін емес болатын. Егер де олар 

азаматтық губернатор мен жергілікті соттың рұқсатынсыз көшіп кет-

кен болса, оған тек мен кінәлімін» [130, 7-8 пп.].


66

67

Әрине татарлардың бұл жерлердің Ішкі орда қазақтарына тиесілі 



екендігін білмеуі мүмкін емес еді. Айта кететін жайт, қондыраулықтар 

барлық саны 548000 болатын малмен келген еді. оған қоса Н.Шураев 

Кожетаевка ауылында аптап ыстықтың етек алғандығын және шыбын-

шіркейлердің ерекше көп екендігін алға тартып, тағы бір ай мерзімге 

Нарын құмдарында қалдыруды өтінген [130, 9 п.]. осылайша, қондырау 

татарлары мен Бөкейліктердің жер үшін тартысы ерекше сипатқа ие 

болған.

  Хандықтың  ең  маңызды  аймағы  саналатын  оңтүстік  бөлікте 



жер  мәселесі  асқан  шиеленіскен  жағдайда  болды.  Мұнда  Каспий 

теңізін  жағалай  орыс  помещиктері  граф  И.А.Безбородко  мен  князь 

Н.Б.Юсуповтың саяжайлары орналасты. Көптеген тарихшылар, соның 

ішінде в.Ф.Шахматов [30, с. 32], Б.Аспандияров [32, с. 64] Бөкейліктер 

мен  помещиктер  арасындағы  ашық  жер  дауын  1815  жылы  бастал-

ды  деп  көрсетсе,  ал  И.  Кенжалиев  [41,  51  б.]  1814  жылы  Бөкейдің 

шағымдануымен байланыстырған. Алайда ізденіс барысында мұрағат 

қорларынан табылған құжаттар осы өңірдегі жер дауының әлдеқайда 

бұрын  етек  алғанын  көрсетіп  отыр.  1804-1809  жылдар  аралығында 

помещиктердің  сенімді  өкілдері  Бөкей  ордасының  аумағына  қол 

сұға  бастаған.  Атап  айтсақ,  Красный  Яр  қаласынан  бастап  Каспий 

шебін бойлай, одан әрі Каспий теңізі жағалауынан Богатый Култукқа 

дейінгі жерлерді иемденіп алған. Бұл «жаңа» жерлерді әр түрлі губер-

ниялардан  келген  балықшыларға  пайдалануға  берген.  Бөкей  ханның 

мәлімдеуінше  ордалықтардың  бұл  жерлерден  айырылып  қалуына 

және помещик адамдарының бұлайша тым еркінсуіне 3 фактор әсер 

еткен:  1)  генерал-майор  И.И.Завалишиннің  қазақтардың  мүддесіне 

қайшы келетін шешімдері; 2) Астрахань губерниясында белең алған 

оба ауруы; 3) елді дүрліктірген барымта [86, с. 180]; 

Ал  1809-1810  жылдарда  князь  Н.Б.Юсупов  пен  граф 

И.А.Безбородконың шаруалары Бөкейліктерді қыстауларына жібермей, 

қарсылық көрсетіп, әрі малдарын ұрлай бастаған. 1809 жылы 2 ақпанда 

князь Н.Б.Юсуповтың қарауындағы шаруалар  жаппас руының қазағы 

Нарынбай Үмбетаевтың 5 жылқысын Бақсай кордоны тұсынан ұрлаған. 

Ал  1810  жылдың  24  қаңтарында  Бөкей  ханға  тиесілі  38  жылқы,  15 

ақпанда байбақтылық Х.Тайшыңғысовтың 20 жылқысы қолды болған. 

1811 жылы 26 сәуірде старшын Кенжәлі Құрманқожаевтың 4 жылқысы 

жоғалады  және  граф  И.А.Безбородконың  қарамағындағы  шаруа  Ле-

онтий  Литвинский  қылмыскер  болып  шығады  [131,  9-10  пп.].  Бұл 

келтірілген мәліметтер тек Краснояр жергілікті сотына тіркелгені ғана.

Саяжай  тұрғындары  абайсызда  шөпке  түскен  қазақ  малдарын 

қамап алып отырған және осы үшін 2 есе айыппұл өндіріп алған. осы 

мәселе төңірегінде  Бөкей хан 1814 жылдың 17 ақпанында Астрахань 

азаматтық губернаторы  С.С.Андреевскийге: «орыс шаруалары өз елді-

мекендерінің жанынан ғана емес, оған қоса 15 верст қашықтықтан да 

шөп  шабады.  Ең  әуелі  жақын  маңдағы    қазақ  малы  еш  жете  алмай-

тын шөпті тасып алуға тырысады. Ал алыс қашықтықтағысын әдейі 

қалдырады. оған қазақ малы жақындаған бетте тап беріп ұстап, өз ау-

ылдарына  аяусыздан айдап  әкетеді  және  сол  үшін заңсыз  ақы  талап 

етеді. осылайша хабар алып жатқанда әбден арып-ашқан мал өлімге 

ұшырайды» [132, 2-3 пп.], - деп жазған.

Ішкі  орда  билеушісі  Астрахань,  орынбор  губернаторларының 

дәрменсіздігін көрген соң 1814 жылдың 6 шілдесінде император I Алек-

сандрге  хат  жазып,  граф  И.А.Безбородко  мен  князь  Н.Б.Юсуповтың 

иелігінен  қазақтарға  жер  беруін  сұраған.  Бөкей  хан  помещиктердің 

көшпелілерге  тиесілі  территорияларды  басып  алғандығын,  батаға 

тұрғындарының  ордалықтарға  көрсетіп  отырған  қиянатын  түгелдей 

баяндаған.  оған  қоса  ол  помещиктерге    батағалар  үшін  бірсыпыра 

жерлер  қалдырып,  ал  қалған  аумақты  қазақтарға  беруді  ұсынған. 

Егер  граф  И.А.Безбородко  мен  князь  Н.Б.Юсупов  заңсыз  иеленіп 

алған  жерлер  кері  қайтарылса,  қазақтардың  тұрақты  қоныстар  мен 

училищелерді тұрғызатындығын жеткізген [86, с. 181]. демек Бөкей 

хан Каспий теңізі жағалауларын экономикалық тұрғыдан игеріп, саяси 

орталыққа айналдыруды мақсат тұтқан. осы аймақта көптеп қоныстар 

тұрғызуды  және  қазақ  балаларын  оқыту  үшін  училище,  мектептерді 

ашуды  ойластырған.  Мұның  өзі  Бөкейдің  озық  ойлылығын,  көреген 

стратег екендігін дәлелдейді.

Алайда 1814 жылы саяжай тұрғындары мен ордалықтар арасындағы 

қарым-қатынас  ушығып,  қарулы  қақтығыстарға  ұласқан.  Астрахань 

губерниясы  басшылығы  да  қалыптасқан  мәселелерді  шешу  үшін  ар-

найы шенеуніктерін жіберіп тұрды. осындай іссапармен 1814 жылы 25 

ақпанда Краснояр жергілікті сотының қызметкері в.С.Семеньшов граф 

И.А.Безбородконың  Бирюков  атты  ауылына  барған.  Бұл  кезде  орыс 

шаруаларының қолында Көбек атты Бөкейлік қазақ тұтқында болған. 

Батаға  тұрғындары  оны  қарулы  қақтығыс  кезінде  қолға  түсті  деп 

түсіндірген.  в.С.Семеньшов  Байдинск  постының  басшысы  жүзбасы 

Шильниковке бір шенеунік пен бірнеше казакты қақтығыс болған жер-

ге жөнелтіп, қазақтарды қууды тапсырады. Алайда найзамен және өзге 

де  қарулармен  жабдықталған  50  шақты  қазақ  кенеттен  пайда  болып, 

кәдімгідей  сес  көрсетеді.  Нәтижесінде  казактар  қарулы  қақтығыстан 

қорқып, шегінуге мәжбүр болады. Ал бұл оқиға қазақтардың жер үшін 

күресуінің өзіндік формасы еді [133, 3-4 пп.].

1814  жылдың  28  ақпанында  өлкеге  жер  дауын  анықтау  үшін 


68

69

Астраханьдық    балық  және  түлен  өндірісі  экспедициясының  ассе-



соры  С.К.Каменский    жіберіледі.  Бір  қызығы,  тексеріс  барысында 

Коневск  батағасының  басшысы  өндіріске  қазақтардың  тарапынан 

ешқандай  қысымшылық  болмағандығын  мәлімдеген.  Ал  асессор 

С.К.Каменский  саяжай  тұрғындарының  бұрыс  әрекеттерін  сынаған. 

оған  қоса  ол  қауіпсіздік  сақшыларының  хандық  территориясы-

на  ішкерілеп  енгендігін  байқап,  кордондық  күзет  өздері  тұруы  тиіс 

аймақта орналаспаған деген тоқтамға келген [134, 4-5 пп.]. осылайша, 

бұл    кезеңде Бөкей ордасына қол сұғушылық анық байқалған.

дегенмен  Бөкей  хан  Каспий  жағалауын  даулап  жатқанда 

помещиктердің  өздері  де  қол  қусырып  отырмады.  1815  жылы  22 

қаңтарда  граф  И.А.Безбородко  орынбор  әскери  губернаторы  князь 

Г.С.волконскийге ашынып хат жолдады. онда ол: «Біріншіден, Астра-

хань губерниясындағы жерлердің маған тиесілілігі арнайы құжаттармен 

куәландырылды. Екіншіден, бұл аймақ Бөкей ханға жер бөлінбестен 

бұрын-ақ маған берілді. Үшіншіден, маған бөлінген жер мен су 1798 

жылы 1 наурызда Ұлы мәртебелінің арнайы Жарлығымен заңды түрде 

бекітілді» [135, 23-24 пп.], - деп көрсетті. 

Бұл құжатқа қарап отырсақ, граф И.А.Безбородко Бөкей ханның 

талабын дұрыс түсінбеген. Себебі хандық билеушісіне графтың балық 

өндірісі емес,  батаға тұрғындары басып алған малға жайлы қамысты 

дөңдер  ғана  керек  еді.  Помещиктерге  бүйрегі  бұрған  Т.Сучков  граф 

И.А.Безбородкоға  қарағанда  әлдеқайда  ақылдырақ  болатын.  Се-

нат жанындағы жер өлшеуші қызметін атқарған ол 1815 жылдың 26 

қаңтарында  Астрахань  азаматтық  губернаторына  былай  деді:  «Теңіз 

иелері ешкімнің жерін басып алмаған және олар меншіктеген аймақ 

бұрындары бекітілген межелерге сайма-сай келеді. Ал Бөкей ханның 

помещиктер өздеріне тиесілі емес жерлерді иемденіп алып, қыс кезінде 

қазақтарды  ол  аймақта  көшіп-қондырмайды  деген  шағымы  негізсіз 

және оның былайша жала жабуына еш құқығы да жоқ. Алайда Ішкі 

орда  қазақтарының  қыс  мезгілінде  граф  И.А.Безбородко  мен  князь 

Н.Б.Юсуповтың саяжайларына баса көктеп өтіп, әр түрлі тонаушылық 

жасайтыны бізге белгілі жайт» [146, 8 п.]. Шын мәнісінде, даулы өлкеге 

өз  аяғымен  келіп,  істің  мән-жайын  көзімен  көрмеген  Т.Сучковтың 

жоғарғы жақта отырып билік айтуы үлкен ағаттық еді. Суық бораннан, 

қыстақтың  жетіспеуінен  зардап  шегіп  жатқан  Бөкейліктердің  жанта-

ласынан бейхабар бұл шенеунік помещиктермен ауыз жаласуды жөн 

көрді.

Бар ғұмырын өз хандығының жерін қорғауға, халқына қызмет ету-



ге арнаған Бөкей хан 1815 жылы 21 мамырда бұрынғы ауруының әбден 

дендеуіне  байланысты  көз  жұмады  [147,  1  п.].  ол  өмірінің  соңына 

дейін орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, қондырау татарлары-

мен, орыс помещиктерімен тілімдей жер үшін күрес жүргізді.

Әр түрлі келеңсіз оқиғаларға қарамастан Бөкей хан тұсында Ішкі 

орда    қазақтарының  әлеуметтік  жағдайы  жақсарып,  мерейі  тасыды. 

Тусырап жатқан шұрайлы далада мал көбейіп, сауда өсіп, дәулет арт-

ты. 1802 жылы хандықтағы халық саны 6300 шаңырақты құраса, 1814 

жылы  8500  шаңыраққа  ұлғайды.  Ал  төрт  түлік  саны  3  миллионнан 

асып жығылды [148, 3 п.].

Көршілес орыс елінде етек алған отырықшылық, елді сауаттан-

дыру, мәдениетке көп көңіл бөлген Бөкей хан заманының заңғар ұлы 

бола  білді.  Прогрессивті,  әрі  өміршең  саясат  ұстанған  Бөкей  саяси, 

экономикалық, әлеуметтік дамуда үлкен жетістіктерге жете білді. ол 

халықтың  әл-ауқатын  арттыру  үшін  сауда  ісін  жаңғыртуға  да  жан-

жақты жағдай жасады. Билеушісіне, көсеміне риза болған халық «хан 

Бөкейдің тұсында секер шайнап, бал жұттық» деп текке айтпаса керек. 

Сонымен қатар Жанұзақ жыраудың:

Байларға құба жайлатқан,

Жарлыға мыңдап жылқы айдатқан,

Алтынды тақтың үстінде

Рақыметті Бөкей хан өткен [68, 54 б.], - деп жырлауында тарихи 

шындық жатыр.

Қорыта келе, 1801-1815 жылдардағы Бөкей ордасындағы аграрлық 

саясаттың өзіндік ерекшеліктері болды. Әсіресе 1801-1806 жылдардағы 

жер  реформалары  Ресей  империясының  тікелей  ұйымдастыруымен 

жүзеге  асырылды.  Бұл  кезеңде  тұңғыш  рет  хандықтың  шекарасы 

патша  үкіметі  тарапынан  ресми  түрде  анықталды.  Алайда  орал  ка-

зактары  1801,  1808-1809  жылдары,  помещик  И.А.Безбородко  1803 

жылы барлығы бейресми түрде 3 межелеу жұмысын ұйымдастырды. 

Көрсетілген  жер  өлшеу  жұмыстары  құпия  түрде  өткізілуі  себепті 

қазақтар шақырылмады.

Аграрлық  саясатты  жүргізетін  жеке  тұлғалар  десек,  Ішкі  орда 

билеушісі  Бөкей  хан  ішкі  жер  қатынастарына  айтарлықтай  өзгеріс 

енгізбеді.  оның  билігі  тұсында  жерге  деген  жеке  меншіктің  кейбір 

элементтері  көрініс  тапқанымен  негізінен  жер  иеленудің  рулық-

қауымдық  түрі  үстемдік  құрды.  Қарастырылып  отырған  уақыт 

шеңберінде  басым  күш  сыртқы  жер  қатынастарын  реттеуге,  елдің 

шекарасын  тұрақтандыруға  бағытталды.  Жан-жағынан  импе-

рия  тұрғындарымен  қоршалған  Бөкейліктерге  сыртқы  күштердің 

тегеурініне  төтеп  беруге,  сөйтіп  көшпелілер  мен  отырықшылар  ара-

сында өзіндік орнын иелену үшін ұмтылуға тура келді.



70

71



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет