[gl]§2. Нақты сандардың абсолют шамасы[:]
Берілген х санының абсолют шамасы деп, егер х≥0 болса, сол х санының өзі болады, егер х<0 болса абсолют шамасын анықтау үшін
х-ке теріс таңба қояды, яғни
Абсолют шамалардың қасиеттерін келтірейік:
а) Екі санның қосындысың абсолют шамасы (модулі) олардын абсолют шамаларының қосындысынан аспайды:
б) Екі саның айырымының абсолют шамасы осы сандардың абсолют шамалар айырымынан кем болмайды:
в) кез келген х және у сандары үшін және теңдіктері орындалады.[kgl]
[gl]§3. Функция ұғымы[:]
Айталық Х және У нақты сандардан тұратын жиындар болсын.
1-Анықтама. Егер белгілі бір ереже (заң) бойынша Х жиынын құрастыратын әрбір нақты х санына у жиынын құрастыратын сандардың біреуі бірғана у сәйкес келсе, онда Х жиынында бір мәнді функциясы берілген дейді.
Мұнда Х жиынын функцияның анықталу немесе берілу облысы, ал У жиынын функцияның мәндерінің облысы, х-ті тәуелсіз айнымалы немесе аргументі дейді.
2- Анықтама. Егер Х жиынында анықталған f(x) функциясы х-тің Х жиынына енетін және х1<х2 теңсіздігін қанағаттандыратын әр түрлі екі мәні үшін теңсіздігі орындалса, яғни аргументің үлкен мәніне функцияның үлкен мәні сәйкес келсе, онда мұндай функцияны үдемелі функция деп атайды.
3- Анықтама . Егер Х жиынында анықталған f(x) функциясы х-тің осы Х жиынына енетін және х1<х2 теңсіздігін қанағаттандыратын әр түрлі екі мәні үшін теңсіздігі орындалса, яғни аргументің үлкен мәніне функцияның кіші мәні сәйкес келсе, онда мұндай функцияны кемімелі функция дейді.[kgl]
0>
Достарыңызбен бөлісу: |