Глоссарий 1-тақырып. Әлеуметтану қоғам туралы ілім Әлеуметтік


Депривация – адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі. Интгруппа



бет11/19
Дата02.12.2022
өлшемі66,73 Kb.
#54277
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Глоссарий 1-та ырып. леуметтану о ам туралы ілім леуметтік

Депривация – адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі.
Интгруппа индивид қарым-қатынасында өзінің ұқсастығын, қатыстылығын сезінетін топ, не әлеуметтік категория. Индивид бұл топтың мүшелерін «өзіміз» деп біледі.
Институционалдандыру — кейбір қоғамдық кажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметгік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау және бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі.
Кооперация — бір мақсатқа жету үшін бір, не бірнеше
топ өкілдерінің бірігіп, ұйымдасып әрекет жасау процесі. Кооперацияның негізі өзара тиімділік.
Коммуникация – бір адамның екінші бір адамға мәлімет беруі. Коммуникацмя кез келген әлеуметтік өзара қатынастардың негізі.
Конформизм – бұқаралық санада қалыптасқан стереотиптерді, салт-дәстүрлерді, бедел мен принциптерді қарсылықсыз қабылдау және сақтау.


6-тақырып. Девиантты (қалыптан ауытқыған) мінезқұлық, қылмыс және қоғамдық бақылау


Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.
Әлеуметтік бақылау — қоғам не әлеуметтік топ өз мүшелерінің талаптар мен үміттерге қатысты конформды тәртібіне кепілдік беретін құралдар жиынтығы.
Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс — әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік норма –  адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.
Бейсаналық – субъектінің санасына бағынбайтын психикалық процестердің жиынтығы. З.Фрейдтің пікірінше бейсаналыққа адам санасынан шығарылып тасталған құмарлықтар жатады.
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет