10-тақырып. Денсаулық және денсаулық сақтау
Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы.
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа біткен және жүре пайда болған сырқат белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды. Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық жәнегеографиялық жағдайларына байланыстыра отырып анықтайды.
Денсаулыққа сенім моделі – жеке тұлғалар денсаулығына аса қауіпті қатер бар, әдеттерді өзгерту ол қауіпті азайтады деп сенсе және ол үшін ешбір кедергілерді елемесе, салауатты әдеттер қалыптасады деген пайым.
11-тақырып Отбасы және неке әлеуметтануы
Гетерогенді неке – күйеуі мен әйелінің әр түрлі әлеуметтік қабаттан болуы
Гомогенді неке – жас жұбайлардың екеігің де бір әлеуметтен болуы
Дистанттық отбасы – мұнда жұбайлардың бiрi жұмыс жағдайына байланысты, көбiнесе, отбасынан бөлек болады.
Матрилокальді отбасы – жас жұбайлардың қыздың ата-анасымен бірге тұруы
Моногамия – бір күйеу мен бір әйел арасындағы неке.
Неолокальді отбасы – жас жұбайлардың ата-аналарынан жеке, бөлек тұруы
Отбасы — бала тәрбиелеуді қамтамасыз ететін және басқа да қоғамдық мәні бар қажеттіліктерді канағаттандырып отыратын адамдардың некелік және туыстық катынастары арқылы байланысатын тобы.
Патрилокальді отбасы – жас жұбайлардың ұлдың ата-анасымен, солардың үйінде тұруы
Полигамия — бірнеше адамдардың арасындағы неке.
Полиандрия – бір әйелдің бірнеше ер адаммен некесі
Полигиния – бір ер адамның бірнеше әйел адаммен некесі, яғни көп әйел алушылық
Эгалитарлық отбасы - демократиялық қарым-қатынастарға, әйел мен еркек арасындағы теңдiкке, әрiптестiкке негiзделген.