Әлеуметтік идеал – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағығ болашақтағы бейнесінің көрінісі.
Әлеуметтік құбылыс — әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтік өмірде айқын байқалып, бірден аңғарылытынның бәрі әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Әлеуметтік мобильділік – адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі.
Билік – қоғамдық қатынастардың бір түрі, адамның сондай-ақ әлеуметтік топтың, әр түрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін экономика мен идеология ықпалының негізінде және қйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге асатын механизм.
Тік мобильділік — индивидтің не әлеуметтік нысанның өзгеруіне жағдай туғызатын өзара әрекеттердің жиынтығы.
Элита – (өте жақсы, таңдамалы дегенді білдіреді) әлеуметтік топтардың ішіндегі ерекше жеңілдіктері бар жоғарғы топ.
8-тақырып. Нәсілдік және этностық теңсіздік
Аккультурация — әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.
Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.
Билингвизм – қостілділік.
Дәстүр — адамдар бұрын пайдалы болғандықтан да қабылдап, кейінгі ұрпақтарға беріп отыратын мәдени нормалар мен құндылықтар, әдеттер.
Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.
Деноминация – басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және қоғаммен арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым.
Этнос – (тайпа, халық дегенді білдіреді) ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар белгілі аумақта тарихи қалыптасқан топ.
Ген(грек. genos — тұқым, тек) — тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік. Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір организмнің Гендер жиынтығы оның генотипін құрайды.Ген терминін алғаш рет 1909 жылы Дания ғалымы В.Йогансен енгізді.
Гендер - [gender] - жыныстың әлеуметтік және мәдени аспектілері. Қазіргі әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда "жыныс" (sex) және "гендер" (gender) ұғымдарының ара-жігін ажыратып қарастырады. Дәстүрлі түрде олардың алғашқысы адамдардың биологиялық жынысын анықтау үшін, анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін белгілеу үшін қолданылды.