Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік топтарды және қоғамдық өмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт.
Микросоциология – шағын әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдайтын социологиялық зерттеулер.
Социология – екі сөзден құралған: латынның societas – қоғам және гректің logos – сөз, түсінік, ілім. Сонымен этимологиялық жағынан социология – қоғам туралы ғылым. Әлеуметтік жүйе — индивидтер, олардың өзара байланыстарын, осы жүйенің жемісті өмір сүруіне, жұмыс атқаруына қажетті жағдай туғызатын, елеусіз әрекеттер жасайтын әдет-дағдылар мен салт-дәстүрлерді қамтитын жүйе.
Әлеуметтік іс-әрекет - Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
Әлеуметтік өзара әрекет дәл осы сәттегі және болашақта болатын индивидтің, индивидтер тобының, жалпы қоғамның кез-келген мінез-құлқы
Детерминизм ( лат. determinare – анықтаймын) тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жәніндегі ілім. Детерминизмидеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады:
ресми
материалдық
қозғалысты
мақсатты
Дисфункция - әлеуметтік жүйелердін қызмет етуінің тиімділігі мен оларды қолдауға кері әсерін тигізетін әлеуметтік белсенділік. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.