Глоссарий абсолют


ЕРЕСИ (гр. hairesis – ерекше діни ілім) – дінге қарсылығы бар діни ілім. ЖАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата27.05.2022
өлшемі492,82 Kb.
#35749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ЕРЕСИ (гр. hairesis – ерекше діни ілім) – дінге қарсылығы бар діни ілім.
ЖАЛҒАН - белгілі бір 
іс-әрекет
немесе құбылыс мәнінің шындықтан 
алшақтатылып, бұрмаланған көрінісі, 
ақиқатқа
қарама-қарсы ұғым. Адам 
баласының ақиқатты тану жолындағы шындыққа сай келмейтін, бірақ 
ақиқатқа баланатын адасуы тәрізді жалғандық та қоғамдық сананың жемісі. 
ЖАТСЫНУ – әлеуметтік процесс,  
адамның
іс-әрекеті мен оның 
нәтижелерінің ерекше, дербес күшке айналуын бейнелейтін философиялық 
категория. Белгілі жағдайларда бұл күштер өзін тудырған адамға қас болып, 
оған үстемдік ету дәрежесіне жетеді. Соның салдарынан адам белсенді 
субъекті болудан қалып, қоғамдық процестің объектісіне айналады.


ЗАТ – материалды дүниенің бөлімі, салыстырмалы түрде басқа нәрседен 
тәуелсіз, орнықты жеке бір нәрсе, дене, адам іс-әрекетінің құралы.
 «ӨЗІНДІК ЗАТ» ЖӘНЕ «БІЗДІК ЗАТ» - философиялық терминдер, 
бірінші – заттар өз өзімен өмір сүреді, олар бізден және біздіңн танымыздан 
тәуелсіз; екінші–заттар адамда таным процесінде танылады.
ИДЕАЛИЗМ - материя мен сана жағдайында бірінші болып сана (идея, рух) 
пайда болады деп, ал 
материя
рухтың көрінісі, туындысы деп есептейтін 
философиялық бағыт.
ИДЕОЛОГИЯ–қоғамдық идеялардың жиынтығы, теорияны, көзқарастарды 
терістейді және әлеуметтік шындықты бағалайды.
ИДЕАЛДЫЛЫҚ–сананың мәні болып табылады.Адамның мақсатты 
көздеген іс-әрекетінде пайда болатын обьективті нақтылықтың субьективті 
бейнесі. Идеалдылық адамға тәуелсіз болмыстың формалары және адамның 
саналы ісәрекеттерінің мақсаттары мен дәлелдерін құрастыратын олардың 
барлық қоғамдық мәтіндерінің жиынтығы  
ИДОЛ–шындықтың бұрмаланған бйнесі, санадағы қате түсінік(Бэкон).
ИНДЕТЕРМИНИЗМ (лат. in- сөздің алдындағы қосымша, терістеу деген 
мағынаны білд.), дүниедегі құбылыстардың себебі мен заңдылығын 
теріскешығаратын
философиялық ілім, (немесе ғылымдағы себепті түсіндіру). 
Ерікті автономды өзіндік күш ретінде қарастырады.
ИНДИВИД–адамзат 
тегінің 
жеке 
өкілі, 
адамзаттың 
барлық 
психофизиологиялық және әлеуметтіксипаттарын: ақыл, ерік, қажеттілік, 
қызығушылық т.б.таратушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет