Глоссарий абсолют


БЕЙНЕЛЕУ – бұл екі жүйенің өзара әрекеті, нәтижесінде бір жүйенің  ерекшелігі басқа бір жүйе ерекшелігінде жаңғыртылады. ВЕРИФИКАЦИЯ



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата27.05.2022
өлшемі492,82 Kb.
#35749
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Глоссарий

БЕЙНЕЛЕУ – бұл екі жүйенің өзара әрекеті, нәтижесінде бір жүйенің 
ерекшелігі басқа бір жүйе ерекшелігінде жаңғыртылады.
ВЕРИФИКАЦИЯ – пікірді шындықпен салыстыруда, нақты шартты 
көрсетуде, ол ақиқат әлде жалған екендігін көрсетеді.
ГНОСЕОЛОГИЯ - (гносис - білім) таным туралы ілім, 
адамның
 тану қабілеті, 
танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, 
ақиқат
және оған жетудің 
жолдары туралы. Білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және 
кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен 
субъектісінің әрекеттесуі.
ҒЫЛЫМИ ТАНЫМ ЛОГИКАСЫ – философиялық пән, ғылыми танымда
қазіргі логиканың құралдарын және әдістері мен идеяларын қолдану негізгі 
мақсат болып табылады.
ДУАЛИЗМ - монизмге қарама-қарсы философиялық ілім,дүниенің негізінде 
бірдей және тәуелсіз екі бастама бар: ол матери және рух. Плюрализмнің 
әртүрлілігі. Терминді Х. Вольф енгізген. Көрнекті өкілдерінң бір-Р. Декарт.
ДЕДУКЦИЯ - жалпы білім негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім 
тұжырымдалатын ой қорытындыларын пайдалану. Мұнда материалға сәйкес 
логикалық
процесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып, 
оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. ДЕТЕРМИНИЗМ 
(лат. Determino- анықтаймын), барлық құбылыстардың себепті және өзара 
байланысты заңдылықтары туралы философиялық ілім; индетерминизмге 
қарама-қарсы,жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жөніндегі ілім.


ДИАЛЕКТИКА [гр. dialektike (techne) пікір талас өнері], таным мен 
болмыстың қалыптасуы туралы және ойлау әдісіне негізделген 
философиялық ілім.
ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС- қоғамдық сана мен жеке 
адам
санасының ең 
жоғарғы деңгейі. Ол өзінің қызметі мен мәдени міндеті бойынша адамның 
біртұтас дүниедегі бағдарларының кешені болып табылады. Дүниеге көзқарас 
— дүниедегі ұсақ-түйек мән-жайларға қатысты емес, біртұтас дүниеге 
қатысты 
бағдарлар
кешені. Сонымен бірге бұл бағдарлар әлгі ұсақ-түйек 
мәнжайлар туралы ой түюге аса қасаң болмаса да белгілі бір бағыт сілтейді. 
Дүниеге көзқарас бағдарлары кешеніне, ең алдымен, болмыстың 
жалпыламаәмбебап көріністері, яғни 
философияда
 категориялар деп аталатын 
көріністер енеді.
ДІН (лат. religio – құдайға сиыну, киелілік) - адамзат қоғамындағы аса күрделі 
де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани 
жетілуі және оның Жаратушы 
Құдайға
сенімі. Дүниетаным не дүниені 
қабылдау, сондай ақ Алланың барлығына сену негізіне сәйкес өзін өзі ұстау, 
соған қатысты адамның «табиғи» ұғымынан, танымынан биіктігі «қасиетті» 
бастау, барлығының бастауы, Жаратушыға тән құбылыс ретінде қабылданады.
ДОГМАТИЗМ (гр. dogma - пікір, ілім, шешім) –
тексерусіз, зерттеусіз соқыр 
сенімге ғана сүйенген, дәлелденбеген қағида негізінде теориялық және саяси 
мәселелерді зерттеп шешуде нақтылы жағдайларды ескермейтін 
абстрактілік
 
ойлау әдісі.
ЕЛЕСТЕТУ— бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен 
бейнелер жасауға болатын процесс. Елестету — 
болмысты
жаңа ұштасулар 
мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек 
басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, 
осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы 
еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге 
асырылуына жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет