Глобальдылық – бүкіл жер шарын қамтитын, əлемдік мəселелерді шешуге
арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мəселелерге термоядролық соғысты
болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде
демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық,
маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату жəне т.с.с. жатады.
Гуманизм – қайта өркендеу дəуірінде дін мен феодализм құрсаунан адам баласын
босатып, еркін жетілуді мақсат еткен əлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың
дұрыс қалыптасуы мен дамуына қажетті əлеуметтік- эканомикалық, саяси жəне рухани
жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар,идеялар жүйесін
білдіреді.
Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай
болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мəлімдеме.
Делегат – съезде, конференцияда, конгресте жəне т.с.с. мемлекеттің, ұйымның,
ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін,
құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың
сайланып қойылуын жəне олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау
құқығы бəріне тең болуын, адамдардың экономикалық жəне саяси қорғалуын, шешім
қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі
еске алынуын жəне т.б. қалайтын қоғамның саяси жəне экономикалық құрылыс түрі. Бұл
– тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп,
байып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |