Ассамблея –халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның
Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция – бір халықтың өз тілін, мəдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып,
екінші халыққа сіңіп кетуі.
Атқарушы билік– биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік басқару
органдарының жүйесі. Оған үкімет пен əкімшілік жатады. Парламенттік
республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік оргондар қалыптастырады. Сондықтан
атқарушы билік солардың бақылауында болады жəне олардың алдында есеп береді.
Олардың жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі мүмкін. Президенттік
республикаларда мемлекет басшысы да президент болады. Оны парламент сияқты
халық сайлағандықтан ол парламент алдында тікелей жауап бермейді. Бірақ бұдан
президент парламентпен санаспай іс істеуі керек деген ой тумауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |