Еуропарламент – еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси
мекеме. Оған кіретіндер: Белгия, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия,
Люксембург, Нидерланды, Португалия, Ұлыбритания, Франция. Ол 5 жылда бір рет осы
елдер халықтарының тура дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мəжілісінде Еуропа
құрлығының дамуына байланысты негізгі мəселелер қаралады.
Еуроцентризм – ғылым, білім, мəдениет, əдебиет, өнер жəне т.б.нағыз жетістіктері
тек Еуропада ғана дамыды деп дəлелдеуге тырысатын ғылыми тұжырым.
Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тəуелсіздігі.
Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің ішкі жəне
сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тəуелсіздігіжəне елді басқаруда, шешімдер
қабылдауда, жоғарғы билік жүргізудегі еркіндігін айтады. Егемендіктің саяси,
экономикалық, құқықтық жақтары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |