Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет7/42
Дата02.05.2022
өлшемі319,68 Kb.
#33045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Азаматтық  қоғам  –  жеке  тұлғаның  емін-  еркін  дамуын  қамтамасыз  ететін 

қоғамның  күйі.  Азаматтық  қоғамның  құрамына  адамдардың  өздері  тудырған 

қауымдастықтар (қоғамдық,кəсіби, шығармашылық ұйамдар, ассоцияциялар жəне т.б.) 

азаматтардың өндірістік жəне жеке өмірі, əдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда 




мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық 

дəрежеде танылғантережелерге сай құқықтары сақталады. 



Анархизм – жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған əлеуметтік-

саяси  ағым.  Оны  жақтаушылар  күштеу  арқылы  еріксіз  көндіретін  оргондарды 

азаматтардың еркін ассоциацияларымен (құрама одақтармен) алмастырғылары келеді. 

Оның  алғашқы  идеялары  Платонның  еңбектерінде  кездеседі.  Орта  ғасырда 

утопистердің, жаңа дəуірде ұсақ буржуазия (У.Годвин, М. Штирнер, П.Прудон), орыс 

жəне  халықаралық  революциялық  қозғалыстың  идеологтарының  (М.  Бакунин,  П. 

Кропоткин)  ілімдерінде  кең  тараған.  Қазіргі  кезде  бұл  ағымның  саяси  өмірде  əсері 

шамалы. 


Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз əр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар 

арқылы  өзін-өзі  басқаратын  қоғам  құруға  тырысушылық;  2)  үйреншікті  өмірде 

тəртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді. 

Аристократия  –  1)  пұрсатты,  бай,  ерекше  құқықтар  мен  жеңілдікткрге  ие 

ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер əулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. 

Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет