Глоссарий академиялық күнтізбе


Үлгерімді  аралық  бақылау



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата02.05.2022
өлшемі319,68 Kb.
#33045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Үлгерімді  аралық  бақылау  (Midterm  Examination)  –  бекітілген  академиялық 

күнтізбеге сəйкес өткізілетін тыңдаушының оқу жетістіктерін мерзімдік тексеру.  



Үлгерімділікті  ағымдағы  бақылау  –  оқу  пəнінің  əрбір  тақырыбы  жəне/немесе 

əрбір  тарауы  бойынша  оқу  пəнінің  оқытушысы  жүзеге  асыратын  тыңдаушының  оқу 

жетістіктерін жүйелі тексеру. 

Іскерлік ойын – берілген ережелер бойынша кəсіби жəне тағы басқа тəсіл арқылы 

ойын жолымен белгілі бір нəтижелерді көрсететін əдіс. Іскерлік ойындар оқыту жəне 

зерттеу мақсаттары үшін қолданылады. 

Авторитаризм  –  жеке  адамның  билігіне  негізделген,  басқаруда  күшке  сүйенетін 

мемлекттік саяси – тəртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанмен 

ол кеңесші оргонға айналады. Тоталитарлық тəртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік 

партия, біріңғай идеология болмайды жəне экономика бақылауға алынбайды. Ол көбіне 

саяси  жағдайға  белсене  араласатын  əскер  күшіне  сүйенеді.  Мемлекеттің  сайлау 

органдары шектеледі. 



Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, 

халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. Агрессия əр түрлі болуы 

мүмкін. Мысалы, басқа елдің жеріне əскер күшімен басып кірсе тура агрессияға,қарулы 

қарақшыларды пайдаланып немесе кеңесшілер жіберіп, материалдық-техникалық көмек 

көрсетіп жəне т.б. жасаса, жанама агрессияға жатады.  

Адам  –  жер  бетіндегі  тірі  организмдердің  жоғарғы  сатысы,  саяси-қоғамдық 

қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі. 



Адам құқықтары – белгілі бір игілік алуда, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар 

мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері. Олар, негізінен, 

1948  жылы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  қабылдаған  “Адам  құқығының  жалпыға  бірдей 

Декларациясында” көрсетілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет