Глоссарий баскетбол



бет10/21
Дата09.05.2022
өлшемі29,08 Kb.
#33256
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Қосарлы тосқауыл – екі ойыншының бір ойыншыға жасаған тосқауылы.

Ойыншыны ауыстыру – ойын ережесіне сай ойыншыларды алаңда ауыстыру.

Аймақ – бұл атаудың бірнеше мәні бар: аймақ деп алаңның бөлігін айтады:

а) тыл аймағыалаңның алғы шегі, қалқаны мен орталық алаң сызығы арасында орналасқан, оның енін қоса есептегендегі ойын аймағының бөлігі:

б) шабуыл аймағы – қарсылас команда қорғайтын алаң бөлігі;

в) орталық аймақ – орталық сызықтың қасындағы алаңның үштен бірі;

г) үш секундтық аймақ – еденге салынған трапеция мен шектелген айыптық лақтыру алаңының бөлігі;

Ойыншы – ойынға қатысушы немесе команда мүшесі.

Жеке дара әрекеттер – алаңдағы жағдайға дұрыс баға беріп, үйлесімді шешім қабылдау кезінде қарсыласының қорғаныс немесе шабуыл әрекетін ойдағыдай жеңіп шығу.

Командалық әрекет – шеңберді шабуылдауға ыңғайлы жағдай жасау үшін команданың ұжымдық қимыл көрсетуі.

Ойын қисыны – шабуылда немесе қорғаныста ойыншылардың келісіп әрекет етуі.

Сызық – алаң периметрі мен оның жеке бірліктерін белгілейтін ені 5 см ашық түспен боялған сызық. Әрбір сызықтың ені ойын алаңының мөлшеріне кіреді. Баскетбол алаңын белгілейтін негізгі сызықтар: беткі, шеткі (бүйір), айыптық лақтыру, ортадағы, үш ұпайлық сызықтар.

Жеке қорғаныс – әрбір ойыншыға қарсы команданың белгілі бір ойыншысын бақылап, аңдуды жүктейтін қорғаныс жүйесі.

Жеке прессннг – доп қарсыластың қолына тиген сәттен бастап, әр ойыншы өз командасын қорғай отырып, бүкіл алаңда аңдып жүрген қарсыласын бақылаудың белсенді түрі.

Минуттық үзіліс – ережеге сай жаттықтырушының сұрауы бойынша берілетін бір минуттық демалыс. Әр жаттықтырушы бір кезеңде екі рет демалыс ала алады.

Топтаса қорғану – ойыншылардың шоғырланған белсенді қорғанысы – асығыс жасалған қимылдың әсерінен қарсыластарды қателік жасауға мәжбүр ететін әдіс-айла.

Аралас қорғаныс – ойыншылардың жеке немесе аймақтық бақылау принциптерін құру қорғанысы. Мысалы, төрт ойыншы аймақта, біреуі жеке ойнай алады немесе үш ойыншы аймақта, екуі жеке, т.б. ойнайды.

Тік тұру – қарсыластар шабуылына әрқашан дайын болу үшін ойыншы аяғын сәл бүгіп, нық тұрады.

Нүкте (орын) – алаңда шабуылдаушы барынша нәтижелі лақтыру жасай алатын жері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет