Алғы шептегі аймақ – қарсыласының қалқан жағында, оң сызықтың арасында, орталық сызыққа жақын орналасқан аймақтың бөлігі.
Ауыстыру (алмасу) – қорғаныш айла, екі қорғаушы өздерінің қамқорлығындағы ойыншылармен алмасады. Бұл жағдайдың қажеттілігі қорғаушылардың бірі тосқауылға ұшырап, өз қамқоршысына ілесе алмаған кезде туылады.
Допты қағып алу – қорғаушыға допты қағып алу немесе алып жүру кезінде өзінің қарсыласынан озып, допты иеленуге мүмкіншілік беретін тәсіл.
Бұрылулар – оның екі түрі бар: алғ (бетпен), артқа (арқамен) бұрылу тәсілі.
Қалқандағы ұшып кеткен допты алу – биікке секіру арқылы қалқаннан ұшқан допты қағып иелену.
Ойыншыны қауіпсіздендіру – шабуылшылар жағына өту мүмкіншілігін пайдаланып, қорғаныс кезінде әріптесіне көмектеседі.
Бағыттағы шабуыл – қоршауды шабуылға алудың ыңғайлы жағдайын жасау мақсатында, алаңдағы барлық ойыншылардың қатысуымен қарсыласының алдын-ала дайындаған үлгімен жасаған қорғаныс әрекетін жеңіп шығу.
Топтаса қорғану – ойыншылардың шоғарланған белсенді қорғанысы асығыс жасаған қимылдың әсерінен қарсыластарды қате қимыл жасауға әкелетін әдіс.
Жүгіріп кету – доппен жасалатын қате қимыл.ойыншы допты жүргізе бастағанда допты қолынан шығарғанға дейін өзектегі аяғын еденнен көтеруге еркі жоқ. Қозғалыс кезінле допты алған ойыншы екі қадамнан артық қимыл жасауға еріксіз. Жоғарыдағы екі жағдайдада тәртіптің бұзылуы – жүгіріп кету болып табылады.
Сырғып өту – тосқауылға жасалатын айла. Тоқауыл қойған шабуылшыны қамқорлығына алған ойыншы артқа шегініп, әріптесіне сырғып өтіп кетіп өз қамқоршысына жетуге мүмкіндік туғызуы.
Секіру– ойыншының өз еркімен немесе басқа әдіс тәсілімен жасалады. Оның орындалуы екі әдістен: екі аяқпен, не бір аяқпен итеріп секіру арқылы жүзеге асады.
Бес қателік – жекелеген немесе тәсілдік бес қателігі үшін ескерту алған ойыншы автоматты түрде ойыннан шығады.
Бес доп – доп ойында, бірақ, оны ешқандай команда иеленбеген.