Допты қағып жіберу – қолдың қысылған саусақтарымен қарсыластың қолындағы немесе жылжытып бара жатқандағы допты үстінен, астынан соғу тәсілі.
Допты жұлып алу – допты иелену үшін екі қолмен шұғыл әрекет жасап, бір мезгілде бар денеңмен бұрыла қолданатын тәсіл.
Топтасқан әрекет – екі немесе үш ойыншының қорғаныста және шабуылда қисынды қарым-қатынасы.
Допты екі рет жүргізу – ойын кезінде ойыншы тоқтап қалып және допты қолына ұстап, ары қарай жүргізуін жалғастырса, бұл қате болып табылады.
Қос тосқауыл – екі ойыншының бір қарсы ойыншыға жасаған тосқауылы.
Сегіз секунд – 8 секундта команда ойыншылары допты өз алаңынан қарсылас команданың алаң бөлігіне ауыстыру үшін бектілетін уақыт.
Жанды доп – төреші ойындағы допты талас лақтырысқа дайындағанда, ойыншыға берерде немесе айып добын лақтырушы алаң сыртынан ойынға енгізіп жатса, бұлар «ойындағы доп» болып саналады.
Қорғаушы – атауының екі мағынасы бар: ол, біріншіден, команданы қорғайтын ойыншы, екіншіден, алңнын артқы бөлігіндегі шабуылды ұйымдастырушы ойыншы мағынасын білдіреді.