Глоссарий әдіснама


Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу



бет3/7
Дата12.05.2023
өлшемі23,24 Kb.
#92047
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
глоссарий

Бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу - бiлiм беру қызметтерiнiң сапасы туралы объективтi ақпарат беру және оны жетiлдiрудiң тиiмдi тетiктерiнiң бар екенiн растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгiленген талаптар мен стандарттарға сәйкестiгiн тану рәсiмi.
Болондық процесс – қалыптасқан жалпы бірізді жүйе негізіндегі нәтиже болатын, жоғары білім алуға шоғырланған Еуропа мемлекетінің бағытталған еңбегі. Болондық процесс негізгі талаптары – жоғары өлшеммен салыстырғандай академиялық дәрежесін, жүйесін құру, бакалавриат және магистратура екі дәрежелі білім беру жүйесіне өту, сынақ балл (кредит) жүйесін енгізу бойынша, Еуропалық қайта сынақ балл тапсыру жүйесімен халықаралық студенттерді ынталандыру. Болондық процесс ұстанымдарының және ұсынысының тәжірибелік, халықаралық жүзеге асуы халықаралық бәсекеге қабілетті еуропалық жоғарғы білім беру жүйесінің өсуіне жәрдемші болуы керек, тек қана Еуропа елдеріне ғана емес, жоғары білімді, пікір ойы бар елдерге таралуына, Еуропа мемлекетінің білім беру жүйесін бір-бірімен бірізді жақындатуы, еркімен жалпы әлеуметтік ереже-институтта, мемлекет қысым көрсетпейтін, ұлттылыққа сай келетіндей етіп жасау. Болондық процесс бастауын Сорбондық декларация жасады деп санауға болады. Болондық процесс ауқымды үдерістердің білім берудегі шоғырлануы да болып келеді.
Гумандылық – (лат. – адамдық, адамгершілік) – тұлға ретіндегі адамның, оның еркін дамуы және өз қабілеттерін жүзеге асыру құндылығын мойындау, адам игіліктерін қоғамдық қатынастардыбағалаудың өлшемі ретінде қабылдау. Тірі мағынасында – ортағасырдағы діни схоластикаға қарсы Қайта Өрлеу дәуіріндегі зайырлы еркін ой. Бұл өзіндік құндылықтардың түбірі адам екендігін мойындаудан бастау алған.
Ғаламдық білім – білім алушыларда дүние жүзін біртұтастық деп ұғынушылық пен гуманистік көзқарас тұрғысын қалыптастыру. Ғаламдық білім тұжырымдамасы білім алушыларда Жер шары планетаның барлық тұрғындары үшін ортақ мекен, барша адамдар бір отбасы және әрбір адам дүниежүзілік құрылымға белсене қатысуға қабілетті деп ұғынуды қалыптастыруға бағытталған. Қатынас, түсіністік, эмпатия, ұнатушылық, ынтымақтастық, әрекеттестік және т.б. ғаламдық блімнің негізгі ұғымдары болып табылады.
Дағды – қайталау нәтижесінде қалыптасатын санасыз іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай шапшаң, әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стереотип.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет