Мамандандырылған аккредиттеу - бiлiм беру ұйымы iске асыратын жекелеген бiлiм беру бағдарламаларының сапасын бағалау.
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы - мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жөнiнде, экономиканың қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, бiлiктi жұмыс күшi мен қоғамның зияткерлiк әлеуетiн молықтыру үшiн бiлiктi қызметкерлер мен мамандарды даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөнiнде, сондай-ақ бiлiм беру жүйесiн оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету жөнiнде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемi.
Мәдениет философиясы - Мәдениет философиясының пәні мәдениет формаларын, олардың мағынасын философиялық талдау болып табылады. Басқаша айтқанда, мәдениет философиясы мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін, әмбебапты және барлығын қамтитын феномен ретінде мәдениетті философиялық пайымдауға бағытталған философиялық пән болып табылады.
Мемлекеттік білім стандарты- 1) білім алушылардың білім алу түріне қарамастан, алуға тиіс білім деңгейін айқындайтын негізгі құжат; 2) оқу пәні бойынша білімнің соңғы нәтиежесі айқындалған негізгі құжат. Мемлекеттік білім стандарты пәндік білімнің мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың түсініктері мен дағдыларын, білім нәтиежелерін тексеру технологиясын белгілейді. Сонымен қатар негізгі білімдік бағдарлама мазмұнын, оқушылардың оқу жүктемесінің көлемін, бітірушілерді әзірлеу деңгейінің талаптарын анықтайды.
Ойлау мәдениеті – адамның ақыл-ой қызметінің әдіс-амалдарын, нормалары мен ережелерін меңгеру дәрежесі; міндеттерді проблемаларды дәлме-дәл тұжырымдап, оларды орындаудың оңтайлы жолдарын таба білуінен, негізгі қорытындылар шығарып, оларды іс-әрекетте дұрыс қолдана алудан көрінеді. Кез келген іс-әрекеттің мақсаткерлігін, ұйымшылдығын, нәтижелілігін арттырады.
Оқыту - білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үдетісі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқыту үдерісінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Оқыту екіжақты процесс: оқытушы - білім беруші, студент - білім алушы.