Глоссарий әдіснама


Білік – қажетті мінез-құлық стандарттарын көрсететін қабілеттілік. Біліктілік –



бет2/7
Дата12.05.2023
өлшемі23,24 Kb.
#92047
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
глоссарий

Білік – қажетті мінез-құлық стандарттарын көрсететін қабілеттілік.
Біліктілік – (латын тілінде campetenlia, compete – бірге қол жеткіземіз, жетемін, лайықпын) ұғымы сөздіктерде «не туралы болса да пайымдауға мүмкіндік беретін білімге ие болу», «жетік болу, құқты болу» деп түсіндіріледі.
Бірыңғай педагогикалық талаптар – оқушыларды тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның сабақ процесінде, үзілісте, сабақтан тыс уақытта оқушылардың тәртібін, іс-әрекетін айқындауға бағытталған істері.
Бiлiм алушыларды аралық аттестаттау - бiлiм алушылардың бiр оқу пәнiн оны зерделеп бiтiргеннен кейiнгi бiр бөлiгiнiң немесе бүкiл көлемiнiң мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.
Бiлiм алушыларды қорытынды аттестаттау - тиiстi бiлiм беру деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартында көзделген оқу пәндерiнiң көлемiн олардың меңгеру дәрежесiн айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.
Бiлiм беру қызметi - бiлiм беру субъектiлерiнiң мақсатты, педагогтiк негiзделген, дәйектi өзара iс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу мiндеттерi шешiлетiн процесс.
Бiлiм беру мониторингi - бiлiм беру процестерiн жүзеге асырудың жай-күйiн және нәтижелерi мен шарттары өзгеруiнiң серпiнiн, бiлiм алушылар контингентiн, бiлiм беру ұйымдары желiсiн жүйелi түрде байқау, талдау, бағалау және болжау.
Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган - бiлiм беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi - бiлiм беру
сапасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн белгiлеудiң институционалдық құрылымдары, рәсiмдерi, нысандары мен әдiстерiнiң жиынтығы.
Бiлiм беру туралы құжаттарды нострификациялаубасқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет