Оқыту принциптері -жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу мақсатына сай, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер. Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы, тәрбиелілік, ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік.
Оқыту тұжырымдамасы(лат.conception – ұғыну, қабылдау, жүйе) – оқыту мекемелерінің белгілі тұрпатындағы базалық оқу пәндерінің оқыту мазмұны мен ұзақтығына деген көзқарастар жүйесі, білім беру бағдарламаларының мақсаттары, міндеттері, ұйымдастырылуының белгілі бір тәсілі.
Оқу бағдарламасы - әрбiр оқу пәнi бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiк пен дағдылардың мазмұны мен көлемiн айқындайтын бағдарлама.
Оқу жоспары - бiлiм берудiң тиiстi деңгейiндегi оқу пәндерiнiң (предметтерiнiң) тiзбесi мен көлемiн, оларды зерделеу тәртiбi мен бақылау нысандарын регламенттейтiн құжат.
Өзіндік жұмыс - тек жекелеген пәндерді меңгеруге ғана емес, сонымен бірге, оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену.
Парадигма (гр. Paradigm - жіктелу, үлгі) - берілген теориялық әдістемелік білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғылымдардың зерттеу тәжірибесі, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер жүесі.
Педагог - оқу орындарында, мектепке дейінгі және басқа мекемелерде сабақ немесе тәрбие жұмысын жүргізетін тұлға, ақылшы ұстаз, білім алушыны тәрбиелейтін, оқытатын маман.
Педагогикалық мораль – педагог тәртібіне, мінез құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида мен ережелердің, қалыптык, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы.
Педагогикалық стиль - мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан педагогикалық шеберлікке тән сипаты.
Педагогикалық техника - жеке балаға, сондай-ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдаған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы.
Теориялық әдіс- талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, жіктеу, модельдеуден құрылады.
Технология – обьектінің сапалы өзгерісі және өңдеудің әдісі мен құралына негізделген білімдер жүйесі, сонымен қоса оны практикада қолданудың тиімді әдісі.
Тұлға - әлеуметтік индивид ретіндегі адам, қоғам мүшесі. Әрбір адам жеке тұлға.
Элиталық бiлiм - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында iске асырылатын арнайы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша алынатын бiлiм.