Глоссарий I анимизм



бет5/13
Дата06.03.2023
өлшемі36,33 Kb.
#71811
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
glossari

VI
Ассоциация- 1) неғұрлым жалпы мағынасы- екі (одан да көп) элементердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс; 2) бихевиоризмдегі үйрену теориясында стимулдар мен реакциялар арасындағы байланыстар немесе бірігуі. Бихевиористер сол байланыстың табиғатын ұғуға тырысты.
Белсенділік-1)психологиялық, философиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қажырлықты, ынталылықты, жігерлікті, тынымсыздықты білдіреді. Орынсыз белсенділік және шығармашылық белсенділік болады; 2) күнделікті іс- әрекетте (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Күнделікті іс- әрекеттің ішінде шығармашылық ойындар баланың белсенділігін арттыруға ерекше мүмкіндік тудырады.
Топ- әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты мөлшері бойынша саралау: үлкен, шағын, кіші топтар(диада, триада) деп бөлу кең таралған.
Диффузиялық топ- құндылық-бағдарлылық топтасқандық болмайтын, қатысушыларын ортақтандыра алатын бірлескен іс-әрекеті жоқ қауымдастық.
Индивид- жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo Sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтатығының өнімі, тән сипаты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам.
Индивидуальность- жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктерінің жиынтығы.
Қызығу- пәнді немесе құбылысты меңгеруге байланысты адамдардың белсенді танымдық бағыттылығы.
Когнитивтік диссонанс- америкалық психолог Л.Фестингер ұсынған (1957) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер, пікірлер, құндылықтар, ниеттер және т.б.) жұйесінің ықпалын түсіндіретін батыс әлеуметік психологиясы тұжырымдамалардың бірі. Клгнитивтік диссонанс теориясының бастау қағидасы: диссонанс деген субъектіде бір объект туралы бір мезгілде қарама-қайшы екі психологиялық «білімдер» (пікірлер,ұғымдар) болатындай жағдаятта пайда болатын жағымсыз ынталандырушы күй.
Ұжым- бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.
Конформдылық- адамның өз төңірегіндегі топтың ықпал-әсеріне берілгіштігі, көпшіліктің бастапқыда өзі қостамайтын ұстанымдарына сәйкес өзінің мінез-құлық ұстанымдарын өзгертуінен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет