Глоссарий I анимизм


Қатынас, байланыс (коммуникация)-



бет8/13
Дата06.03.2023
өлшемі36,33 Kb.
#71811
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
glossari

Қатынас, байланыс (коммуникация)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.
Қарым-қатынас- біріккене іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінуі, бір-бірін қабылдауы. Қарым-қатынастың үш жағы бар: интерактивті, коммуникативті, перцептивті.
Сөйлеу- адамдарының материалдық өзгертуші іс-әрекеті процесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан, тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны. Сөйлеу қарым-қатынас мақсаты үшін не өз іс-әрекетін реттеу және бақылау мақсаты үшін хабарламаларды туындату және қабылдау процестерін қамтиды.
Эгоцентрлік сөйлеу- баланың практикалық іс-әрекетін реттейтін және бақылайтын, өзіне қарата болатын сөйлеу. Баланың автономды сөйлеуі немесе жас баланың эгоцентрлік позициясының сыртқы бір көрінісі.
Зейін- адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқан құбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, соларға тұрақталады.
Индукция- білімнің жеке-жеке пайымдаулардан жалпы қағидаларға қарай іргерілеуі. Индукция дедукциямен тығыз байланысты.


YIII
Сана- әлеуметтік тіршілік иесі ретінде адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейі.
IX
Бинокулярлық көру- қашықтықтағы объектілерді бақылау арқылы көру.
Вебер-Фихнер заңы- түйсіну күшінің (Е) тітіркендіргішінің физикалық қарқындылығына (Р) логарифмдік тәуелділігі:
Е = k log P + c, мұндағы k мен с осы сенсорлық жүйемен анықталатын қайсыбір тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер заңының және түйсінулерінің әрең байқалатынын айырмашылықтарының субъективтік теңдігі туралы қосымша қйғарымның негізінде неміс психологы және физиологы
Г.-Т.Фехнер тұжырымдады.
Интероцепторлар- ішкі мүшелер мен организм ұлпаларындағы жүйкенің аяқталған бөлігі. И. анатомиялық және функциялық принциппен жіктеледі. Анатомиялық принцип бойынша сіңір, буын, бұлшық ет интероцепторларын проприорецепторлар деп аталады. Функциялық принцип бойынша механорецептор, хеморецептор, терморецептор, осморецептор, ноцирецептор болып бөлінеді. И.ішкі мүшелер мен жүйелердің іс-әрекетін рефлекторлы реттеу үшін, гомеостаздың тұрақ тылығын ұстап тұру үшін маңызды рол атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет