Глоссарий I анимизм


Стресс- кез келген әсерден адамда пайда болатын психофизиолгиялық күй. Көңіл-күй-



бет13/13
Дата06.03.2023
өлшемі36,33 Kb.
#71811
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Стресс- кез келген әсерден адамда пайда болатын психофизиолгиялық күй.
Көңіл-күй- индивидтің психикалық өмірде құптарлық немесе құптамайтын эмоциялық фонда жай немесе әлсіз сапада көрінетін біршама ұзақ, орнықты психикалық күй.
Эмпатия- өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Э.- адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім.
Эмоция- адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Ерік- адамның өз қызметін және әр түрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өзі реттеуінен көрінетін қабілеті.
Абулия- әрекеттерді психикалық реттеудің патологиялық бұзылуы. Іс-қимылға деген түрткінің жоқтығынан, шешім қабылдауға қажеттігін аңғарса да, қажетті әрекетті жүзеге асыруға қабілетсіздіктен көрінеді. Абулияны қате тәрбиеден болған және нысаналы жаттығу арқылы жойылатын мінездің белгілері ретіндегі жігерсіздіктен ажырата білген жөн.
XIII
Тест- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.
XIY
Меланхолик- адамдарда кездесетін төрт темпераментің бірі. Бұл сәл нәрсеге реакция білдіретін, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, жайбасар адам. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Темпераменттердің қай-қасысы да жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттерінің туындайтын, адамның тұқым қуалайтын, жеке-дара қасиеті.
Сангвиник- оптимист адамды белгілеу үшін қолданатын термин. С.типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. С.-әсершіл адам.
Флегматик- эмоциялы қозуы әлсіз, тез қызып желікпейтін, мінезі ауыр адам; темпераменттің бір түрі. Ф. өзіне әсер еткен заттар мен құбылыстарды баяу қабылдайды.
Мінез- адамның өмірлік бет алысын білдіретін, оның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке-дара қасиеті. Жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үлесімі.
Холерик- эмоциялық қозу өте шапшаң, өзінің сезім ркүйін бірдей байқататын, қызу мінезді адам; темпераменттің негізгі төрт типінің бірі.
Френология- адамның немесе жануарлардың психологиялық ерекшеліктерінің бас сүйектің сыртқы бітімімен байланыстылылығы туралы Ф.Галль ұсынған ілім. Негізгі идеясы: бастағы ми қабығы бірнеше орталықтан тұрады; олардың әрқайсысында адамның белгілі бір қабілеті шоғырланған . Сол қабілеттілік күшті дамыған жағдайда мидың тиісті орталығы да өте дамыған болады.


XY
Талант- қабілеттердің, ең алдымен, арнайы қабілеттерінің дамуының биік деңгейі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет