Глоссарий I анимизм



бет6/13
Дата06.03.2023
өлшемі36,33 Kb.
#71811
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
glossari

Тұлға- дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны.
Жетістік мотивациясы- адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата-ана ықпалымен балада 3-13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиыдықты жеңуіне жәрдемдеседі.
Тұлғааралық қарым-қатынас- этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет- ғұрыптар, салт-дәстүрлері және т.б. Т.қ.-қ. әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мыс., қарым-қатынастың абысынажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасындағы ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Бағыттылық- қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғалық қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамдардың дүниетанымын білдіретін мүдделерінен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысандарымен сипатталады.
Қажеттілік- 1) организмнің күйін жақсартатын бір мұқтаждық күйі. Қ.мұнда базалық немесе биологиялық болуы мүмкін; 2) организмнің ішкі күйі; бір затқа немесе іске мұқтаж болу. Қ. кейде түрткі, стимул, тілек, ұмытылу сияқты ұғымдарға синоним ретінде қолданылады.
Проекция- индивидке бей-жай елесті сыртқы дүниеге біржақты телитін психикалық процестің көрінісі. Психикалық П.- адам мүддесі мен ынтасын біреудікіндей салқын, ықылас білдірмей көңіл қобалжуын басатын қабылдаудың қорғанарлық тетігі.
Социометрия- шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я.Морено (1892-1974) жасады.
Өзін-өзі бақылау- адамның өзін бақылауы.
Өзін-өзі бағалау- адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі.
Эмпатия- өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Э.- адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет