Гүлзия ПІРӘЛІ,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
«Әуезов үйі» ҒМО-ның бас ғылыми қызметкері
филология ғылымдарының докторы
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми
қызметкері, филология ғылымдарының докторы,
профессор
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИ-КӨРКЕМ СЫН
1
Сын туралы сөз – әдебиет туралы сөз болуы керек. Шынында да сын
әдебиеттің ең жедел жанры. Өмірге жаңа көркем дүние келсе, оған ең бірінші
жанашырлық танытып, пікір білдіретін де сын болары сөзсіз. Ал сынның
дәрежесі автордың әдеби білімінің дәрежесін танытады. 30 жыл толып
отырған тәуелсіздік кезеңге дейін қазақ сыны талай тоқырауды, қиындықты,
сонымен қатар шығармашылық ізденісті де бастан кешті. Даму
диалектикасында жетістік пен кемшіліктің қатар жүріп өсуі заңды құбылыс.
Осынау қиындықтармен шыңдалып өскен аға ұрпақ – М.Қаратаев,
Р.Бердібаев, С.Қирабаев, Х.Әдібаев, Мұрат Әуезов, Т.Кәкішев, З.Қабдолов,
З.Ахметов,
З.Серікқалиев,
Н.Ғабдуллин,
Р.Нұрғалиев,
М.Дүйсенов,
А.Нағыметов, Т.Тоқбергенов, Ә.Жәмішев, Ф.Оразаев, А.Сүлейменов,
С.Әшімбаевтардың әдеби-көркем сын еңбектері ұлттық әдебиетте кәсіби
сынның қалыптасып, дамығанын және бұл салада арнаулы білімі бар,
тәжірибелері бай мамандардың өсіп-өнгендігін дәлелдейді. “Өнерге өліп-
өшкен шынайы сүйіспеншілік жоқ жерде сын да жоқ”, – деп А.С.Пушкиннің
айтқанындай сынға шын жанашырлық танытқан, көркем шығарманың
эстетикалық құндылығын ішкі бір түйсік, терең талғаммен талдап, танып,
оқырман жүрегіне жеткізе білетін сыншылар ғана әдебиетті, сын мен
әдебиеттануды жасай алады. Кәсіби сыншылардың (М.Қаратаев, С.Қирабаев,
З.Қабдолов, Ш.Елеукенов, Т.Кәкішев, т.б.). ізбасарлары – Ә.Кекілбаев,
З.Серікқалиев, А.Сүлейменов, Қ.Ысқақов, С.Әшімбаев, Ж.Әбдірәшев,
Т.Тоқбергенов, Т.Әлімқұлов, Б.Ыбырайым, А.Егеубаев, Ә.Меңдеке,
А.Кеңшілікұлы,
Ә.Құрманғалиқызы
т.б.
әдебиетке
эстетикалық,
лингвистикалық, интеллектуалдық талдаулар, жаңа бетбұрыстар әкелді.
Алғашқы беталыстарынан-ақ өткір ой, өзіндік пікірімен танылған талантты
топтың сынғы эстетикалық талғам ала келгенін, соны бастаманың иегерлері
болып, нені жазса да біліп жазғанын, олар не туралы айтса да ақиқатын айтып,
дос-жаран демегенін, жақын-туыс демегенін, сондықтан да сын шын болды,
шын сын болды деген пікірді кезінде Мұхтар Әуезов айтқан болатын. Жаңа
кітапқа жазылатын рецензия, пікір, шолу, портрет, эссе, т.б. секілді сын
1
Негізі мына басылымда жарияланған: Қазіргі қазақ әдебиеті: ұжымдық монография / Авторлар
ұжымы. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 226-267-беттер.
жанрлары структуралық талдау, интерпретация, микроталдау сияқты
түрлермен т.б. толығып, олардың рухани құндылықтары мен сапасы өсті. Ой
жарыстары,
ашық
пікірталастар
пайда
болды.
Қаламгерлердің
шығармашылық ізденістері, жанрлық, түрлік, стилдік ерекшеліктері
эстетикалық тұрғыдан талданып, мағыналық мазмұн мәні артты. Көркем
прозаның түрі, тәсілі туралы баспасөз беттерінде мәселе көтеріліп, пікір
таласының басталуы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет байқалып отырған
құбылыс. Әдеби сында өзіндік пікірімен, тосын табиғатымен, ерекше тіл
қолданыстарымен көрінген ойлы сыншының бірі – А.Сүлейменов еді. Ол
жөнінде сыншы Сайлаубек Жұмабеков былай дейді: “Асқар Сүлейменов
әдебиетке сыншы болып келді де, бірден көркемдік ақиқаттарға әділдікпен,
парасатпен жүгінуге ден қойған, соған лайық бес қаруы бойында алдаспан
сыншы ретінде ғаламат тез танылды, ғаламат аңызға тез айналды. Даңқтың
олимпіне – биік тұғырына жиырма бестегі жалаңтөс жігіттің
ашқұрсақтығынан аскеттігі, тектілігі басым “бірішек” аспиранттың шырқай
көтерілуі өзін де, өзгелерді де тым ерен таңқалдырды” [1. 3 б.] А.Сүлейменов
сын мақалаларында шығарманы көркемдік өлшемдер тұрғысынан қарап,
талдауды, автормен бірге ой жарыстыруды бірінші кезекке қойды. Ол үшін
күн тәртібінде тұрған идеялық, тақырыптық, т.б. көкейкесті мәселелер көркем
шығарманың тағдырын шешпейтін болды. Сыншы әрбір туындыдан сөз
өнеріне тән көркемдік құндылықтарды, тілдік қолданыстағы шеберлікті, ой
тереңдігін, стильдік, көркемдік ерекшеліктерді талап етті. Оған
А.Сүлейменовтің сын мақалалары куә: “Түр туралы бірер сөз”, “Тәкеңнің
шаңқанбоздары”, “Даладағы дүрбелең”, “Ой арманын аралағанда”, “Өлшеніп
өнер тартылса”, “Болмыспен бетпе-бет”, “Күлкіден күміс шашқан” және тағы
басқа да әр жылдары мерзімді баспасөздерде жарияланған сын-эсселері,
мақалалары куә бола алады. Тіпті оның “Ситуация” атты прозалық
шығармасының өзі осы сын жанрының көркем шығармаға айналған түрі
болып табылады. Мұнда да сегізінші кітабын трактористер өмірінен жазып,
жақсы қалам ақыдан үміткер “халтура” еңбектің ешқандай көркемдігі, не
мазмұн-мәні, не эстетикалық талғамы жоқтығы қатты сынға ұшырайды.
Шығарма сюжеті сол кездегі әдебиетте орын алған орасан зор рухани
олқылықтардың көркем шежіресі сияқты. Сыншы да өз дәуірінің перзенті.
Жалынды публицист, оперативті төреші ретінде өз кезеңінің өнер
туындыларына ой жібере отырып, әділ сөзін айтуға тиіс. Қоғамдық пікір
тудырып, оқырман қауымы атынан сол кезеңнің рухани айнасы болар сыншы
арқылы жұртшылық жаңа шығарманы ғана емес, оның иесінің де көркемдік
талғамын, шеберлігін, ой-өрісін таниды. Шындығына келгенде жазушыны
танытатын да сыншы. Қай таланттың да шығармасы сыншының меңгеруінен
соң ғана әдеби айналымға енетінін ескерсек, ұлы жазушы, кемеңгер ойшыл
Л.Н.Толстойдың өзі Пушкинді В.Белинский арқылы таныған ғой. Оған
В.Белинскийдің А.С.Пушкин туралы мақаласын оқып болғаннан кейін
суреткер: “… Мен енді ғана Пушкинді таныдым”, – деген екен. Сондықтан
сынсыз әдебиет жоқ, әдебиетсіз сын жоқ, әдебиеттің сынмен көркейетіні
бесенеден белгілі жайт. Осы орайда белгілі қоғам, әдебиет қайраткері Смағұл
Сәдуақасұлының мынадай сөзі әлі күнге дейін өз құндылығын жоймайтыны
хақ: “Біз әдебиет туралы сөйлегенде екі-үш кісіні айналдыра бермей, барлық
жазушыларды сынауға кірісуіміз керек. Сонда ғана жас жазушылар әдеби
тәрбие ала алады. Қазақ әдебиетіне толық сын керек. Сынағаннан әдебиет
ақсамайды, қайта сынның жоқтығынан әдебиетті тот басады. Жазушының
қайрағы – сыншы” [2. 3 б.]. Міне, ХХ ғасыр басындағы әдебиет сыны осылай
сөйлейді.
Енді
М.Жұмабаевты
тыңдап
көрелік:
“Жазушының
шығармашылығы немесе жекелеген туындысы жайлы пікір айту үшін сыншы
ол кітапта көтерілген мәселені білу жағынан автордан кем түспеуі қажет.
Турасын айтсақ, білімділік жағынан сыншы қаламгерден бір мысқал болса да
жоғары тұруы керек.” Олай болса, кезінде М.Жұмабаевтың поэзиясының
құдыреті жайлы тамаша пікірлер білдірген Ж.Аймауытовтың “Мағжанның
ақындығын сынауымызға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз,
толық сынау үшін оның алды-артын орап, өрісін тарылтып шығарлық сегіз
қырлы, негізді ілім керек”, – деп қарапайымдылық, бекзаттық, жауапкершілік
танытуында терең мән бар екен [3.16 б.].
Міне, халқым деп жанын, елдің ертеңі, келешегі үшін өз өмірлерін
құрбан еткен ардагерлеріміздің сөз өнеріне деген адал армандарын, үлкен
жауапкершіліктерін алпысыншы жылғы әдебиетке келген тегеурінді жастар
жүзеге асыруға атсалысты. Және олар ХХ ғасыр басындағы алаштың
ардақтылары секілді тобырымен келіп, қазақ әдебиетіндегі сын саласының
интеллектуалдық, теориялық деңгейін көтеруге сүбелі үлес қосты. ХХ ғасыр
басындағы Алаш зиялыларынан тағлым алып, әдебиетке жақсы дайындықпен
келген сыншылар әдебиетке көркемдік-эстетикалық талғам алып келді. Сол
кезеңде сынға белсене атсалысқан Т.Әлімқұловтың “Жұмбақ жан” туындысы
интеллектуалдық деңгейі жоғары, теориялық талдауы терең дүние. Мұнда
автор Абай Құнанбаевтың шығармашылығын қазақ әдебиетіндегі ірі рухани
құбылыс ретінде талдай отырып, ақынның өлең құрылысына алып келген
көркемдік, түрлі жаңалықтарын атап көрсетеді. Абайдың қазақ сөз өнерінде
бұрын-соңды байқала қоймаған тіл байлығы, дүниетанымның кеңдігі, шығыс,
батыс әдебиетіндегі әдеби тәжірибені терең меңгергендік, әрбір өлең
жолындағы философиялық, мағыналық, ойшылдық, сыршылдық сипат т.б.
тәрізді даралық қасиеттері жан-жақты талданады. Тіпті, автор қазақтың өлең
құрылысының теориясын жасаған, өзінің бүкіл саналы ғұмырын Абайдың
шығармашылығын зерттеуге арнаған теоретик ғалым, академик Зәки
Ахметовпен жиі-жиі пікірталасқа да түсіп отырады. Әрине, бұл жәйт
сыншының жан-жақты білімдар, эстет болуымен қатар әдебиеттану
ғылымының теориялық тұжырымдарымен кеңінен таныс әдебиет зерттеушісі
екендігін айғақтайды. “Жұмбақ жан” жинағы – Т.Әлімқұловтың әлемдік
әдебиеттегі рухани құбылыстарға жете қанық, өзіндік сыншылық ой-пікірі
қалыптасқан, теориялық талдауы мен эстетикалық талғамы жоғары әдебиетші-
сыншы екендігін танытарлық туындысы. Жинақтағы кез келген мақала көркем
тілімен, көрікті ойымен, терең талдауларымен еліктіріп, оқушысын тың ойға
шақырып отырады. Мысалы, Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, А.С.Пушкин,
В.В.Маяковский, А.Тоқмағамбетов, Х.Ерғалиев сынды саңлақ суреткерлердің
шығармаларын, олардың көркемдік құндылықтарын талдаған мақалалары
(“Поэзия және поэзия сыны”, “Өнер алды – қызыл тіл”, “Кейіпкер сипаты”,
“Сыншының табиғаты” т.б.) әдебиеттің өзекті мәселелерін қозғаған.
Осы орайда айта кететін бір жәйт – әдеби деректерге сүйенсек, азулы
сынның мерзімі қашанда аз болған. Себебі, өткір сынға өшігушілер көп.
Сондықтан да сыншы-мамандар алғашында батыл ойларымен көрінеді де
уақыт өте көп қысымға шыдас бермей, басқа мамандыққа ойыса бастайды.
Сорақы тірліктің бірі сыншы мақалаларын жарыққа шығара қалған тұстың
өзінде ащылау айтылған, өзін ғана емес, өзгелерді ойға салар-ау деген
тұстарды сыдырып, жонып, жоғалтып жіберетін қырсық тағы бар. Сыншы
еңбегінде сөз болған объект – атақ-абыройы, бедел-қызметі биігірек біреу
болса – онда баспасөзіміз “ащы айтылған” тұсты автордың сыртынан-ақ
сыпырып тастай беріп, сидитып, “сындарлы” ғып, тікірейген қылшықты
“тазартып”, жүнін жығып, жүдетіп шығарып жатады. Мұндай ғадет барлық
баспада бар. Сосын, әлгі сын жоқ, сыншыда азу қалмаған, марапаттан аспайды
дескен жалпы байбаламға сол газет, баспаларда отырғандардың өзі қосақтала
шауып, қосыла кететін кездері кездесіп жататыны да жасырын емес. Бүкіл
сыншылардың сор маңдайындағы тағдыр теперіші кеше де, бүгін де, ертең де
солай болары өкінішті. Сын жанрының тұрақты түрде дамып, жанданып-
гүлденуіне де, міне, осындай кедергілер кесірін тигізетін секілді. Сыншы-
мамандардың қалыптасып, өзіндік мектеп, шәкірт даярлайтындай қомақты
қоғам құрып, дәстүр дамытарлық үрдістің жоқтығы да, міне, осындай
олқылықтардың орын алуынан болса керек. Және бір кемшілік – сынның,
оның иесі сыншы еңбегінің бағаланбауы, кітаптарын жариялаудың, Одаққа
мүшелікке өтудің қиындығы, баспана алудың, т.б. тәрізді толып жатқан ұсақ,
тұрмыстық кедергілер т.б. Шындығына келгенде, сыншы – әдебиет ұстазы.
Әдебиет атаулының әділ таразышысы. Ол үшін сыншыға жазушыдан да артық
шеберлік, ақыннан да артық шабыт, тереңдік, ойлылық, ең бастысы әділдік,
қара қылды қақ жарарлық турашылдық қажет. Өйткені сыншы бір ғана жанрда
тұрақтап қалатын жазушы немесе ақын емес, оның қолынан қолжазбаның түр-
түрі, шығарманың мың саласы өтеді. Және жақсысы да жаманы да, үлкеннің
де кішінің де туындылары өз талдаушысын, өздері жайлы жаман болсын,
жақсы болсын, әйтеуір бір пікірді баспасөз бетінен естігісі, көргісі келетіні
табиғи талап-тілек. Сонда оларға ағынан жарылып, әділ пікір білдіру үшін
сыншыға “түгі бар жүректілік”, төрелік танытарлық тереңдік, өз абырой-ары
ғана емес, қазақ әдебиетінің абыройын арттырарлық асқан білімдарлық қажет.
Сондай-ақ сыншыға қойылар тағы бір талап – автормен ой жарыстыра білу
керек. Оқушы сынды оқи отырып, жарыққа шыққан жаңа туындымен, ондағы
жазушының айтпағымен қарадүрсін қарап шығар танысу ғана болмай
сыншының да ойөрісі, өз характері, ішкі жан-дүниесі, қалам сілтесі, шеберлігі
де танылуы тиіс. Сыншы бейне бір өзі шығарма жазып отырғандай
шабыттанып, ойды дамытып жазбаса ол бір жайдақ, солғын бір сын-рецензия
болып қана шығады. Ал, әдеби сынның ең бірінші міндеті мен абыройлы
борышы – талантты тани білу, шығарманың көркемдігін ашып, таныта білу
және оны оқырман жүрегіне жеткізіп, әдеби жүйеге енгізу болса керек. Соңғы
кезеңде әдебиет тарихы да, сыны да, көркем шығармалар да жаңадан жазыла
бастады. «Елу жылда ел жаңа» дегендей ғасыр басында жаңадан қалыптаса
бастаған қазақ сөз өнері бұл кезеңде көркемдікті меңгеруде талай биік
деңгейге, кәсіби шеберлікке жетіп, көптеген тәжірибе жинағандықтан оларды
сын саласында игеріп, ғылыми тұрғыдан талдауға деген талап та күшейгені
белгілі. Сынның сапасы өсіп, қазақтың көркем сөз өнерін зерттейтін ұлттық
әдебиеттану ғылымына, оның тарихына, теориясына деген көзқарастар да
өзгере бастағаны белгілі. Нәтижесінде қазақ әдебиет тарихы қайта, жаңаша
сарапталып жазыла бастады. Әдебиетке жаңа келе бастаған сыншыларға аға
буын өкілдері үлгі-өнеге көрсете бастады. Мысалы, М.Әуезовтің “Әр жылдар
ойлары”, “Уақыт және әдебиет”, С.Мұқановтың “Өсу жолдары”, “Жарқын
жұлдыздар” атты еңбектері, Ә.Тәжібаевтың “Өмір және поэзия” зерттеулері
жас сыншыларға үлкен мектеп бола білді. Көркем шығарманы талдаудың
көркемдік үлгісін танытты бұл еңбектер. Осы орайда, сыни еңбектер де жарық
көре бастады. Айталық, Е.Ысмайыловтың “Сын мен шығарма”, “Жаңа
белеске”, Б.Кенжебаевтың “Шындық пен шеберлік” , Қ.Жұмалиевтің “Стиль –
өнер ерекшелігі”, М.Қаратаевтың “Шеберлік шыңына”, Т.Әлімқұловтың
“Жемісті жолда”, “О прошлом и настоящем” , С.Қирабаевтың “Өрлеу
жолында” , А.Нұрқатовтың “Идея және образ” , Қ.Нұрмахановтың
“Литературные заметки”,“Дәстүрлі достық”, М.Базарбаевтың “Живые
традиции”,
“Әдебиет
және
дәуір”,
Т.Кәкішевтің,
Б.Сахариевтің,
Т.Сыдықовтың жинақтары жарық көріп, әдебиет сынын жоғары деңгейге
көтерді. Аталған сыншылар арнаулы білімі бар теориялық дайындықтары
жоғары әдебиет методологиясын терең меңгерген кәсіби әдебиетші ғалымдар,
сыншылар еді. Соңғы кездері сын жанрының шолу, рецензия секілді шағын
түрлері ғана жиі көрініп, оның өзі көбіне оқырмандардың атынан
ұйымдастырылып, жалпылама баяндаудан, мазмұнды қайталаудан аса
қоймаған мақалалар да жеткілікті болды. Жеке шығармаларға жазылған
пікірлер, сын мақалалардан кейін көп орын алған жанрлық түр – жыл
қорытындыларында, әдеби жиындарда жасалатын баяндама есебінде
жазылатын шолулар еді. Сондықтан да бұларда кәсіби мамандардың
көркемдік жүйелеу, теориялық талдауға соғарлық мінезді, салмақты, ойлы
дүниелері тапшылық танытты. Шығармалардың мазмұнын қайталау, ондағы
идеялық-саяси ахуал, күн тәртібіндегі тақырып пен жағымды кейіпкер бейнесі
т.б. сияқты таптаурын мәселелер сынды сыңаржақ көзқараста қалыптастырды.
Бұл кемшілік сыншыларымыздың кәсіби шеберліктерінің, эстетикалық
талғам-танымының төмендігінен емес, керісінше сынға деген жауапкершілік
пен шынайы жанашырлықтың жоқтығынан орын алған-ды. Соның
салдарынан таза талант пен дарынсызды, көркемдік пен көріксізді айыра
білерлік білгірлігі мен эстетикалық талғамы, ішкі мәдениеттілігі жоғары
сыншылардың сыннан шеттеуіне тура келді. Кезінде көрнекті суреткер Ғабит
Мүсіреповтің “Қазақстанда әдебиет сынының жайы мен міндеттері” деген
тақырыпта баяндамасында жазушы қазақ әдебиетінің жай-жапсары,
творчестволық кадрлардың қалыптасып келе жатқаны жөніндегі көптеген
келелі мәселелер турасында ой бөліседі. Әсіресе, қай кезеңде де көңіл
толмайтын, қай кезде артта қалып, елді алаңдатып отыратын сын саласы
жайлы, сол шын сынның жоқтығынан әдебиетіміздің ақсап отырғаны, көркем
шығармаларда көркемдіктің кемшін түсіп жатқандығын ашына айтқан
болатын. Суреткер айтқан сөздің құндылығы, сол кезде көтерілген
мәселелердің зәрулігі әлі де құндылығын жоя қойған жоқ. Жалпы,
шығармалардағы идеялық-көркемдік сәтсіздіктердің себебін басқа жақтан –
творчестволық үйренуге немқұрайлы қараушылықтан, жалқаулықтан,
жазушының өзіне тиісті талапты қоймайтындығынан іздеу керек. Бұл
кемшілік сайып келгенде өз өнеріміздің шеберлігін, өз өнеріміздің мәдениетін
үстірт игеруге әкеліп соқтырары сөзсіз.
Қазақ әдеби көркем сынындағы кемшілік – мамандардың жастығы мен
аздығында ғана емес, сыншы еңбегін – қоғамдық ойдың ең озық өкілі
жасайтын, нағыз творчестволық және қасиетті еңбек деп санайтын қажетті
мәдени дәстүрдің жоқтығында екендігі де мәлім. Шынында да ұлттық
құндылықтарды насихаттап, оның жақсы-жаманын айыра білетін талғамы
жоғары, білімі терең кәсіби сыншылар қай кезеңде де сирек. Бұл, әрине,
өкінішті жағдай. Қазіргі сынның біркелкі, қарадүрсін, бір мазмұнды болып
келетіні, көбінде мерей тойларда жазылатыны көңіл толтырмайды. Тәжірибесі
шамалы сыншылар не сөгеді, не жалған мақтап бөседі десек артық айтқандық
емес. Оларда теориялық тұрғыдан талдау, ой тереңдігі жетісе бермейді. Сөз
өнерінің қадірін бір кісідей біліп, бағалайтын сыншылардың жастарға қояр
талабы жоғары. Айталық, біздің сынымыздың бір шығарма туралы айтқан
пікірі сол шығарманың маңынан ұзамауы, өзінің негізгі идеясы арқылы
әдебиеттің қандай болмасын жалпы творчестволық проблемаларын қозғамауы
шынында да сын көтермейді. Міне, бұл сын жанры сөз болған жерде міндетті
түрде айтылатын, көтерілетін келелі, ең бастысы күн тәртібінен түспейтін
толғақты мәселелер. Тап қазір де сын мәселесі осы ойларды айтуға мәжбүр
етіп отыр. Жалпы сыншы қауымы әдебиеттің әрбір қадамына, бағыт-
бағдарына, келешегіне өте жауапты қарайтын ардақты шаруа. Өйткені,
әдебиетте кеткен бір кемшілік болса, қай жанрда ойсырап жатқан олқылық
болса бәріне сыншы жауапты. Сыншы тек өзінің ғана емес, бүкіл бір елдің,
халықтың рухани өміріне жетекшілік ететін мамандар. Ол әдебиеттің төрешісі,
әділ бағыттаушысы, жөн сілтеушісі. Тәуелсіздік тұсында да сыншыға осындай
жауапкершілік, мерейлі міндет жүктеліп отыр. Әрине, мұндай абыройлы істі
атқару кімге де болсын үлкен жауапкершілік болары сөзсіз. Алайда,
жаттандылықтан, бір сыдырғылықтан сәл ауытқып, өткірлікке өтіп кетсең,
солай қамқорлық көрсетіп отырған аға буынның өзі кейде аяқтан шалып,
сыннан аластатуға тырысатыны өтірік емес. Рухани аренаға тәуелсіздік
жылдары шыққан буынның өкілі, сыншы Амангелді Кеңшілікұлының
шығармашылығы сыншының көл-көсір білімін, аналитикалық ой жүйесін,
әлем әдебиетін терең білетін сұңғылалығын танытты. Сыншының алғашқы
жылдары өткір мақалаларды өндіртіп жазған кездері білім тереңдігімен, өз
кезеңінің өмір мен өнер шындығын терең білетіндігімен танылғаны белгілі.
Тегінде, қара қылды қақ жарған әділетті сынды тек жанкешті сыншылар
ғана жаза алады. Сын да, сыншылар да ең алдымен сұрыпталу белесінен өтуі
керек. Сынның сұрыпталуы – әрине, қызмет бабының, ғылыми дәреженің
көтерілуі емес. Кім, не жазғанын, қалай жазғанын, кімді бағдар тұтарын,
кітабының саны емес, сапасын ұғынар ұрпақ табылады және олар өз қалауын
айқындай алары ақиқат. Әдебиет сыншысының көлденең бір себептермен
уақытша “тілі байланса да”, ол тіпті, жоғарыда айтқанымыздай, бойынан қуат,
жүзінен әр тайғандығын аңғартпайды. Осының өзі – көбіне іштей тынып,
межесін белгілер сұрыпталу сатысын тиянақтай береді. Осы саралану үрдісі
(сынның жасану, даралануының бір шарты) сырт көзге бадырайып
байқалмағанымен, іштей тынымсыз ізденісте болатыны сөзсіз. Шын
мағынасындағы нағыз сыншы қаламгерлермен жарыса толғанып, автор ойын
ұштаушы, қажетті жерінде тіпті жетілдіруші, дамытушы. Көзі тірісінде өзінің
парасат-зердесімен ар-ожданын пір тұтып, артында қалдырар жазбаларымен
келешек ұрпақ алдында да жауапты екенін жете сезінген, кейінгілер күле
қарап, қасиетті қаламының қор болмауын көксейтін кез келген сыншы, өзіне-
өзі ұялмай есеп беретін бір сәт туар деп ойлаймын. Сын жақсарсын деп сынды
сүю шарт емес, сынмен санасу шарт (З.Серікқалиев). Сыншы айтқандай сынды
өрістетіп, кәсіби деңгейін көтеру үшін сынға өріс беру, жағдай жасау керек.
Олардың өткір сынын қырып, жұлып тастау секілді сорақылықтарды тоқтату
қажет. Сын өрісін кеңейтетін интеллектуалды сыншы қаламгерлік қабілетін,
талантты тани білетін сезімталдығын, сыни көзқарасының қалыптасып,
эстетикалық талғамының биіктігін үнемі байқатып отырады. Сыншының қай
еңбегі де сыншының тынымсыз ізденімпаздығын, әлем әдебиетінің соңғы
жетістіктерін терең танып, оны өз мәдениеті мен әдебиетімен бағдарлап,
бағалауда, саралауда сонылық, жаңаша көзқарас, жаңаша пайымдаулар жасап
отыруы тиіс. Жеке жазушылардың шығармашылығын талдаса да, бір
туындыны нысанаға алса да сыншы жүрегінің бір түкпіріндегі бүкіл қазақ
әдебиетінің, сыны мен өнерінің көкейкесті мәселелерін сөз етуі керек.
Олардың алып отырған объектісі, талданып отырған тақырыбы, көтеріліп
отырған мәселелері әр алуан болғанымен, олардағы ортақ арна – жалпы қазақ
әдебиетінің төл шындығы, көркемдік шежіресі.
Сынға келген бетте-ақ өзінің терең білімімен, көркемдікті зерделеп тани
білетін талғам түйсігімен, табиғи талант дарынымен таныла келген Сағат
Әшімбаев өмірінің соңына дейін осы сын саласының бар азабы мен
жауапкершілігін ауырсынбай арқалай білген азамат. Өзі тынымсыз ізденімпаз
жас не туралы сөз сөйлесе де арғы-бергіні теріп, тереңінен қазып, ой
қозғайтын С.Әшімбаев өткір сынды, ойлы сындарды рухани аренаға қайта
жаңғыртты, сынға соны бір леп, тың көзқарастар, жаңаша талдаулар алып
келді. Ең бастысы, ол сынға ағыл-тегіл ой, телегей теңіз терең білім, арқа-
жарқа ашық ақиқаттың ауылын алып келді. Оның, тіпті, студент шағында-ақ
оқырмандар мен аға ұрпақтың назарын аудартқан терең ойлы мақалалары мен
тұңғыш кітабы “Сын мұратының” бірден көзге ілігіп, дер кезінде лайықты
бағаланғандығының өзі талай нәрсені ұқтырса керек-ті. С.Әшімбаев бізге
азаматтық тұғыр-тиянақ, адамгершілік туралы бір-бірімен өзектес біраз
зерделі мақалалар сыйлап кеткені белгілі (“Азаматтық формуласы”,
“Азаматтық позиция – айқындаушы күш”, т.б.) . С.Әшімбаевтың тынымсыз
ізденістерінен туған “Сын мұраты”, “Талантқа тағзым”, “Парасатқа
құштарлық”, “Шындыққа сүйіспеншілік” атты кітаптарының аттары-ақ айтып
тұрғандай сын жанрының табиғатына тән шындық, парасаттылық, ойшылдық,
тереңдік, т.б. қасиеттер оның тұла бойынан да, ақыл-ойынан да табылатын-ды.
Ол мақалаларында: “Сын – өнер. Сын – уақыт қажеттілігінен туған, қоғамдық,
философиялық ой-сананың өзгеше бір формасы” [4.15 б.] деп жазса, енді
бірде: “… сынды жанымен сүйіп, барша тәнімен күймейтін адамдардың
сынның беделін түсіргеннен басқа берер пайдасы шамалы…”, – [4. 41 б.] деп
сынға талапты күшейтті. С.Әшімбаев сын биігін игергенге дейін ұзақ ізденіс
жолынан, талай-талай таным баспалдақтарынан өтті. Оның әрбір мақаласы
бейне бір философиялық толғаулар секілді әлемдік рухани әлемдегі
байлықтардан сусындатқызатын білім бұлағындай еді. Әлемдік әдебиеттегі
соны бір жаңалықтарды елдер сол Сағат Әшімбаевтың жаңа бір мақаласынан
оқып, білмекке асығып тосып отыратын-ды. Ендігі бір айта кететін мәселе жас
сыншылардың аға буынның тәжірибесінде тәрбиеленіп, маманданып келген
жастардың өзі – Б.Ыбырайымов, Н.Ақышев, Б.Сарбалаев, Ж.Сомжүреков,
Ә.Бөпежанова, М.Құлкенов, М.Айымбетов т.б. сынға сирек көз салатын
болды. Бұл сыншылардың ой орамы, талдау талабы, таным шеңбері іштей
дайындықтарының мол екендігін кезінде сын мақалаларымен көрсеткен
болатын. Әйтсе де көркем әдеби сында терең білімдарлық, көркем шығарманы
әдебиеттің өзінің көркемдік өлшемдері мен шарттары тұрғысынан талдап,
таразылар теориялық талдаулардың тапшы екендігі аңғарылады. Автор мен
сыншының ой жарыстырулары, пікірталасы, шын мәніндегі әдебиеттің келелі
мәселелері қозғалар мәнді мақалалар жетіспей жатады. Қазіргі қазақ сыны –
үнемі творчестволық ізденіс, өсу үстінде келе жатқан кең тынысты сын.
Сондықтан да бүгінгі әдебиетіміз қандай да бір айтулы табыстарға жетпесін
соның бәрінде сынның да өзіндік үлесі бар. 1990-2020 жылдар аралығында
қазақ әдебиеттану мен сынында белең алған әдеби үрдіс пен творчестволық
ізденістердің бағыт-бағдарына, даму сатысына, жеткен жетістіктері мен
кемшіліктеріне осы әдеби процеске белсене атсалысқан көрнекті ғалымдар
мен сыншылардың азды-көпті еңбектеріне тоқтала отырып, сол кезеңдегі
уақыт пен рухани кеңістіктегі көркемдік жүйеге көңіл бөлінді. Сондай-ақ,
тәуелсіздік алған жылдардан бастап қоғам тынысы кеңи бастағаны белгілі.
Бірнеше жылдар бойы жеке басқа табынудың, жалған саясаттың салдарынан
талай талантты тұлғаларынан айрылып, еңсесі езілген халықтың ұлттық рухын
«қайта құру, жариялылық, жеделдету, бетбұрыс, демократияландыру, «адам
факторы» деген жаңа сөздер мен ұғымдар көтеріп, қоғамның дамуына серпіліс
берді. Қашанда қоғамдық ой-сананың алдыңғы шебінде жүретін тәуелсіздік
алғанға дейін коммунистік партияның басты идеологиялық қаруы саналған
әдебиет пен оның өкілдері де осы тарих сынынан шет қалмады. 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасынан соң да талай қазақ зиялыларының, ғалымдарының
жұмыстан қуылуы секілді тарихи деректер ұлы орыс шовинизмінің әр кезеңде
бір сылтаумен қылаң беріп, қазақтың ұлттық рухани қаймақтарын қалқып
алып тастауды әсте ұмытпайтынын аңғартады. Әйтсе де, қазақ әдебиеті мен
әдебиеттану ғылымы, көркем сын салалары қашан да елдің рухани өмірінің
көшбасшысы қызметін атқарып келеді. Тәуелсіздік жылдардан бастау алған
саяси бұғалықтан босану тенденциясы ақыры халқымыздың рухани
тәуелсіздігінің тұсауын кесті.
Оның бірден-бір көрінісі – ұлттық сөз өнерінің тарихында орны ойсырап,
олқы тартып тұрған “ақтаңдақтарды” айқындау міндеті еді. Осы кезеңдегі
басты бағыттағы жұмыстар 1988 жылғы “қаулыдан” соң жүзеге асты.
Бұрындары қазақ әдебиетінің ұлттық тарихи құндылықтары тек Қазан
төңкерісімен ғана қарастырылып келсе, түркі халықтарына ортақ мәдени мұра
– ежелгі дәуір әдебиетінен бастау ала бастады. Әдебиетіміздің тарихы
түбірімен өзгеріп, тұтастай бір жаңа көркемдік ойлау жүйесі қалыптасты.
Ұлттың әдеби-мәдени мұраларына жаңаша көз жіберіп, оларға сөз өнерінің
өзіндік категориялары арқылы теориялық және көркемдік тұрғыдан баға беру
жағы қолға алынды. Осы орайда, әдеби-мәдени даму мен әдеби процестің
басты сипаттары айқындалып, ұлттық әдебиеттану ғылымы саласындағы оң
өзгерістерге кең өріс ашылды. Жарық көрген ғылыми еңбектер мен іргелі
зерттеу жұмыстарында жүйелеген теориялық тұжырымдар т.б. бір ізге түсіп,
ғылыми айналымға енді. Ұлттың рухани құндылықтарының бастау көздері
ашылып, кәсіби қалыптасуы, даму жолдары, әдебиет теориясы, сыны, тарихы
жаңаша көзқарастар тұрғысынан сарапталды. Әдебиетіміздің тарихы көптеген
жаңа есімдермен, жалған жаланың кесірінен жетпіс жыл әдеби айналымнан
шығып қалған көркем шығармалармен және ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-
саяси мәселелерді, ұлттық сананы оятуға әсер еткен ғылыми-
публицистикалық еңбектермен толықты. Олардың бәрі қазақ әдебиеттану
ғылымының жаңа беттерін ашуға мүмкіндіктер тудырды. Сынның белсенділігі
мен оның сапалық қасиеті өсу үшін оны теориялық жағынан қаруландыру,
бұрынғыдай көркем шығармадағы оқиғаны баяндаудан гөрі ондағы сюжеттік
желіге, көркем образдарға, бейнелеу құралдарының міндетіне т.б. ғылыми
тұрғыдан талдау жүргізу талаптары қойыла бастады. Әдебиеттану ғылымы
осы тұста сынның да ролін жақсы атқара білді. Ғалымдардың көркем шығарма
табиғаты, ондағы жазушының шеберлігі т.б. деген өзекті мәселелер
төңірегінде ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау жасаған жұмыстар саны
көбейді. Көркем шығармалар таза сөз өнері тұрғысынан қарастырылып,
талдана бастады. Әдебиеттің жалпы табыстары қазақ әдебиеттануы мен
сынның да негізгі зерттейтін объектілері, сондай-ақ осы жылдар аралығында
қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар мен көзі тірі көрнекті ақын-жазушылар,
әдебиетші-ғалымдар төңірегінде де ғылыми зерттеу жұмыстары жүре бастады.
Және әдебиеттің жекелеген салалары мен жанрлары да (поэзия, драматургия,
проза, роман, сатира, әдебиеттер байланысы, әдебиет теориясы мен сыны т.б.)
туралы да іргелі еңбектер жазылды. Осы кезеңдер аралығындағы ғылыми-
теориялық тұжырымдар мен сын еңбектерде ғасыр басындағыдай бет
жыртысу, таптық көзқарас пен саяси астар іздеу секілді сорақылық саябырсып,
мәдениетті, сыпайы, сауатты сын өріс алды. Сында ғылыми сипат, ал ғылымда
әдеби-эстетикалық сыни көзқарас негізге алынды. Алайда, сынның шын
мәніндегі өз дәрежесіне жетуі үшін оны өнер деп танитын талантты жастардың
бұл жұмысқа жегілуі керек еді. Осы мақсатты З.Серікқалиев, А.Сүлейменов,
С.Әшімбаев, Т.Тоқбергенов, Б.Сарбалаев, Қ.Ергөбеков, Б.Ыбырайым,
Н.Ақыш, Б.Алдамжаров, Ә.Сығаев, Т.Жұртбаев, Қ.Керейқұлов, Б.Дәрімбетов,
Ә.Бөпежанова т.б. сияқты таза әдеби сын саласында табанды еңбек еткен
талантты жастар жүзеге асыра білді. Бір мақалада аталған сыншылардың
еңбектеріне тоқталу мүмкін емес. Сондықтан осы толқынның бірі, сыншы,
қаламгер Бекен Ыбырайымның «Сөзтану әлемінде» (Алматы: Абай атындағы
ҚазҰПУ: «Ұлағат» баспасы, 2016. – 448 бет) атты жинағына ғана тоқталып,
қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркем сынның үрдісіне азғана үңіле кетсек дейміз.
Өзгенің кемшілігін көре біліп, өзінің көркемдік эстетикалық талғамын
тәрбиелей білген, содан сабақ ала алған автор ғана шығармашылық
шеберліктің шыңына жетіп, өзінің өресі мен өрісінің өсуіне мүмкіндік жасай
алады. Белгілі ғалым, сыншы Бекен Ыбырайымның сын мақалалары мен
зерттеулеріндегі көркемдік-эстетикалық талғам, әдебиет әлеміндегі ерекше
танымы мен қатаң талапшылдығы, сыншылық сарапшылдығы бізге осылай ой
салады. Нағыз ғалымға тән аналитикалық ойлауға бейімділігі мен әдебиеттану
ғылымының үш саласынан (әдебиет тарихы, теориясы, сыны) да жан-жақты
қаруланған зерттеушінің шығарманың көркемдік әлемін терең танып, талдай
білуі шынында да кәсіби сыншы шеберлігінің куәсі. «Өзіңе өзің сыншы бола
алмасаң, не керек қиялыңды құр алдаған», – деген өзінің сүйікті ақыны Қасым
Аманжоловтың жыр жолдары өзінің өмірлік ұстанымы екендігін екі сөзінің
бірінде ескертіп отыратыны да жәйден жәй еместігі белгілі. Лев Толстой
айтпақшы, талант бір пайыз, ал еңбек 99 пайыз болмай саңлақ сөз зергеріне
айналу мүмкін еместігін, ол үшін ғұмыр бойы оқу, үйрену, іздену, яғни
шеберлік шыңдау ғана жетістіктерге жол ашары ақиқат. Табиғатынан өз ісіне
деген адалдық пен тазалықты, талғам мен танымды өнерлік те өмірлік те
ұстаным еткен Б.Ыбырайымның шығармашылық ерекшелігінің өзі-өзіне де
өзгеге де қатал талап қоя білуінде болса керек. Орынсыз қолданылған сөз, олақ
құрылған сөйлем көрсе сайтаны қозып кететін сыншы сөзді тани
білмейтіндермен жаны қас. Әдебиеттің құралы тілді танып, түсінбей,
көркемдікті эстетикалық, философиялық, суреткерлік сезімталдықпен
сезінбей сөз өнерінде өріс жайып, өре көрсетудің мүмкін еместігін Бекен
Ыбырайым өзінің барлық еңбектерінде жүйелі түрде жазып келеді. Білікті
маман өзі оқыған туындыдан, ең бірінші, автордың өмір шындығын бейнелеу
бедерін, сөз тану сипатын, оның оқырманға әсері қандай деген мәселелерді
іздейді. Өзі зерттеп отырған кезеңдегі көркемдік құбылыстарды, әдеби, рухани
кеңістіктегі жетістіктер мен кемшіліктерді тек көркемдік талғам арқылы
таразылауды да басты мұрат тұтқан сыншы ғалым сөйтіп, оқырмандардың
көркемдік-эстетикалық талғамын тәрбиелеуді көксейді. Б.Ыбырайымның
«Жазушы» баспасынан жарық көрген 4 тараудан тұратын «Көркемдік
көкжиегі» деген әдеби сын жинағынан бастау алған көркемдік эстетикалық
талғам мен таным тарихы күні бүгінге дейін толастамай толқын толқынмен
толағай табыстарымен танылып келеді. «Таным диалектикасы және образ
шындығы», «Көркем шығарма және концепция», «Тұлға. Тәсіл. Түйін»,
«Тақырып пен шешім» деген төрт тараудағы күрделі мәселелер өткен
ғасырдағы сөз өнерінің өрісі мен өресін танытарлық мақалалардан тұрады.
Талдау нысанына алған шығармалар мен авторлардың кәсіби шеберліктері,
туындыларындағы кемшіліктер мен жетістіктер жөнінде ашық айтылған,
достық ниеттегі лебіздер бүгінде бағалы, ойлы, қажетті пікірлер. Жалпы сөз
өнеріне, көркемдік әлемге, талдаудағы талғам мен танымға қатысты пікірлер
бүгінгі әдебиетке керек және тән құбылыстар мен көзқарастар, талаптар.
Б.Ыбырайымның сынға араласқан алғашқы жылдардағы белсенділігі сол
жылдары жиі жарық көріп тұратын сын мақалалар жинағы «Жас қаламгерлер
сериясымен» шыққан «Сөзстан» және «Жастар жастар туралы» айдарымен
танылған «Беталыс» деген жинақтардың барлық кітаптарында жарық көрген
танымды туындыларымен танылғанын атап көрсетуге болады деп ойлаймыз.
Айталық, «Сөзстандағы» Б.Ыбырайымның «Ендігі асу...» деген мақаласында
қашаннан бері ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесін ұмытпай, үнемі назар салып
отыратын балалар әдебиеті, оның ішінде прозасы саласындағы жетістіктерге
көңілі толып, кемшіліктерін көңілге қарамай ашық айтуымен ерекшеленеді.
Сол кезеңде осы салада сөз бастаған жас қаламгерлердің таланты мен
табыстарын тап басып, сын мұратының қанаттандыру ұстанымын ұлықтаған
әдебиетші әуелден-ақ адаспаған сыңайлы. Тұңғыш туындысынан, алғашқы
сөйлемінен-ақ сөйлем құрай білетін талантты жастарды жазбай тани білетін
сыншылық қасиетті осы дүниесі дәлелдегендей. Мақала нысанына алынған
Сайлаубай Жұбатыров, Молдахмет Қаназов, Мәди Айымбетов, Қабыш
Жәркенов, т.б. сынды қаламгерлердің балалар прозасына өзіндік өрнектері
мен ойларын, тың тақырыптарын ала келгендігін кәсіби сыншыға тән
көркемдік талғаммен танып, шығармаларындағы шуақты ойлар мен шұрайлы
тілді нәзік сезімталдықпен барлай білуі, сөз жоқ, жақсы табыс. Бүгінде қазақ
әдебиетіндегі балалар прозасының белді буындары атанған бұл қаламгерлерді
қанаттандыратын қолдау, қошеметтеу құп аларлықтай. Шеберлік дегеннен
шығады, аталған авторлардың қай-қайсысы да оқиға өрбіту, сюжет құруды
біледі. Дегенмен тілге салақ қарау, асығыстық та шеберлік белгісі емес екені
белгілі. Балалар прозасында интеллектуалдық айрықша қажет деуіміздің бір
себебі – балғындар кітапта жазылған сөйлемді, сөзді тура мағынасында
түсінеді де, ойы да соған орай қалыптаса береді. Ендеше, олардың ой-өрісін,
талап-талғам деңгейін мейлінше ескеру керек-ақ. Жастар тіл білмейді деп
айтуға ауыз бармайды, керісінше, олар сөз сырына көп үңіліп, өздерінше
құбылта, түрлентіп қолдануға талпынады. Сосын, тіл білу дегеніңіз, түптеп
келгенде, мыңдаған сөздердің жиынтығын жатқа білу ғана емес, ең алдымен
сөздердің бір-біріне сәулесін де, көлеңкесін де түсіретінін, нәрі мен әрін, нәзік
нақышы мен биязы бояуын терең түйсініп, ойыңды мөлдіретіп жеткізе білу.
Жазушы үшін ең бастысы – өзінің рухын таныта білу, ал тіл материалын
пайдалану мен игеру болса, жаттығудың жемісі. Қай салада жүрсе де
(әдебиетте, сында, ғылымда, педагогикада болсын) сөз өнеріне үлкен өре мен
өлермендік махаббатпен, өлшеусіз жауапкершілікпен келу керектігін кредо
еткен Б.Ыбырайымның қай мақала, зерттеу, оқулық, қарапайым тіршіліктегі
әңгіме- дүкен кезіндегі сөзіне назар аударсаңыз да осы бағыт, осы ұстаным,
осы талап пен талғам алдыңыздан шығады да тұрады. Оған әдебиетші
ғалымның «Сөзтану әлеміндегі», «Көркемдік көкжиегіндегі», « Қазақ
лирикасындағы» (Алматы, 2013. – 114 бет) «ХХ ғасырдағы қазақ
поэзиясындағы» (2019. – 242 бет) т.б мақалалары мен зерттеулері даусыз
дәлел. Жыл сайын Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен
жиын өткізіп, бір жылдық руханиятымыздың өсуінде нендей өзгерістер бар
деп електен өткізу жақсы дәстүр. Өмірдің өзі сол өткеннен, бүгіннен және
келешектен тұратынын ескерсек, бүгінгі жетістігіміздің бәрі кешегінің жемісі.
2014 жылы сыншы, әдебиетші ғалымдардың санаулы ғана еңбектері жарық
көріпті. Солардан біздің қолымызға тигені сыншы, әдебиетші ғалым Бекен
Ыбырайымның «Қазақ лирикасы», Тұрсын Сыдықовтың «Дүлдүл ғұмыр»,
Қанипаш Мәдібайдың «Көркемдік көкжиегінде», жазушы Жанат Ахмадидің
«Әдебиет – жан нұры» атты әдеби сын мақалаларының жинақтары. Бұл
еңбектерге әр жылдары жазылған әдеби зерттеулер мен сын мақалалар
жүйеленіп берілгендіктен оларға кеңінен тоқталуды жөн көрмедік. Бұлардың
бәрі кезінде оқырмандарынан өз бағасын алған, баспасөздерде жарияланған
жұмыстар. Мәселен, Бекен Ыбырайым «Қазақ лирикасы» атты зерттеуінде
өткен ғасырдағы қазақ поэзиясында көрінген М.Жұмабаев, С.Сейфуллин,
І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов,
Қ.Аманжолов өлеңдеріндегі көркемдік құндылықтарды талдай отырып,
тарихи кезеңнің, кеңестік идеологияның көркем шығармашылыққа ықпалын
айқындайды. Қазақ лирикасындағы түрлік, стилдік ізденістерді байыптауға
арналған еңбекте уақыт сынынан мүдірмей өткен шығармаларға бүгінгі әдеби
талап тұрғысынан сараптама жасалады. Тұрсын Сыдықовтың «Дүлдүл ғұмыр:
портреттер, зерттеулер» атты 551 беттік жинақта академиктер Қ.Жұмалиев,
С.Қирабаев, ректорлар Ә.Бектұрғанов, М.Арын, жазушы-драматург
Р.Сейсенбаев, сыншы-ғалым Т.Бейісқұлов, ақындар Еркін Ібітанов, Жұматай
Жақыпбаевтардың өмірі мен шығармашылықтары әдеби деректер негізінде
зерттелген. Ал, Қанипаш Мәдібай әдеби сын мақалалар жинағында бүгінгі
қазақ прозасындағы көркемдік ізденістердің қандай сипатта жүріп жатқанын
С.Асылбеков, М.Қаназов, Т.Мәмесейітов, Қ.Жиенбай, Ж.Шаштайұлы,
Р.Мұқановалардың шығармалары арқылы зерттеп, кәсіби пікірін білдіреді.
Жанат Ахмадидің «Әдебиет – жан нұры» (Резенция, әдеби сын мақалалар,
эсселер) жинағының «Тіл – ділдің атқосшысы» деген бірінші бөлімінде қазіргі
проза мәселелері қарастырылса, «Поэзия діл нәрі» деген екінші тарауында
қазақ өлеңінің бүгінгі өрісі мен өресі сөз болады. Төрт еңбекте де
шығармаларды интеллектуалдық тұрғыдан талдап, әдеби сынның ғылыми
әлеуетін көтеруге көп мән бергендері байқалады. Біз соңғы жылдардағы әдеби
үрдістен нақты ақпарат беретін республикалық әдеби журналдар «Жұлдыз»,
«Жалын», «Простор» және «Қазақ әдебиеті» газеттеріндегі әдеби сын
айдарларымен жарық көрген мақалаларға тереңірек үңіліп, мән беруге,
мүмкіндігінше әдеби сын жанрының талаптарына жауап беретін тұстарына
тоқталуды жөн көрдік. Және олардағы мақалалар біздің қазіргі қазақ
әдебиетінде көркем сын бар ма, жоқ па деген сауалға жауап беретін нақты
әдеби деректер мен фактілер болады деп ойлаймыз. Бұл сандық көрсеткіштер
бүгінгі сынымыздың сапалық өресін танытып, кемшілігіміз бен жетістігіміз
қайда деген сауалдарға жауап болары сөзсіз. Өйткені, әдеби үрдіс, көркем сын
өмірі мерзімді басылымдардан көрініп, әдебиеттің «айнасына» айналары
ақиқат. 2014 жылы ұлттық руханиятымыздың жедел басылымы «Қазақ
әдебиеті» газетінің 80 жылдық торқалы тойы аталып өтті. Осыған орай қария
қаламгерлерімізден бастап қаламы жаңа қалыптасып келе жатқан жас
буындарымызға дейін баспасөз беттерінде жылы лебіздерін білдірген. «Қазақ
әдебиеті» газетінің 2014 жылдың №1 санындағы Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының Төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин
«Ту тігер биіктеріміз аласармасын» деген бас мақаласында «Қазақ әдебиеті» –
таным мен талдаудың, барлау мен бағдардың, қоғамдық пікірсайыстың ашық
алаңы екендігі, бұл басылымсыз қазақтың көркем әдебиетін толық елестету
мүмкін еместігі жөнінде баяндай келіп, талай тарихтың көмбесін ашып,
кешегіге көз жібереді. Ақын әрі сыншы Роза Сейілханның «Жүрек
түкпіріндегі адам» деген мақаласы да әдеби газеттің беттерінде жарияланған
поэзиядағы парасат мәселелері, шынайы сезімдер шарпысулары жайлы ой
толғайды. 2014 жылдың №1 санындағы «Қазақ әдебиеті» газеті Ертай
Ашықбайдың «Есенқұлдың шындығы» деген көлемді мақаласынан бастап,
осы жыл бойына аға буын ағаларынан бастап, өз замандастарының
шығармашылық портреттерін жазуы да бүгінгі сынның көркін беріп,
шырайын ендірген. Оқырман қауым бұрындары Ертайды ақын ретінде таныса,
өткен жылдан бері әдеби көзқарастары қалыптасқан, ойы орнықты, поэзия
поэтикасын танып-талдауға пайым парасаты жетерлік сыншы екендігіне көз
жеткізеді. Ертай Ашықбай ұлт әдебиетінде өзіндік орны бар әдеби ортада
мойындалып, бағаланған ақындар шығармашылықтарын әріптес ретінде
талдап, өз бағасын беруге моральдық та кәсіби құқығы барлығын танытқан. Ең
бастысы сыншы-автор поэзия табиғатын терең танып, көркемдік-эстетикалық
талғаммен талдай біледі. Поэзиялық шығармалардың шырайын ендірер
шындық пен таза сезімдер сиқырын ақындық сезімталдықпен сезініп, өз
бақылауында үнемі ұстап, жүйелі оқып, ізденгені, әр ақын шығармашылығы
туралы өзіндік пікірі мен сыни көзқарасы бар екендігін газеттің №4-ші
санындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған Ғалым Жайлыбайдың
«Тобылғыжарған» жыр жинағы туралы «Тамырға түнеген тағдыр», №6-шы
санындағы «Өтебай кешкен өрттің бояуы», №25-інші сандағы «Нармаханның
нақыштары» (Н.Бегалұлының шығармашылық портреті), №32-інші сандағы
«Тұтас Тұмағаң» (Т.Молдағалиев шығармашылығы жайлы), №43-44-інші
санындағы «Сағидың сыры» (Сағи Жиенбаев поэзиясы жайлы), №51-інші
санындағы «Тосын Тоқаш» (Т.Бердияровтың туындылары туралы) атты
сериялы әдеби-сын мақалалары дәлелдесе керек. Бүгінгі сынның өрісі мен
өресі, сапасы мен сандық көрсеткіші туралы айтқанда «Қазақ әдебиеті»
газетінің жетекшілік және ұйымдастырушылық тұрғыдан белсенді әрі жүйелі
жұмыс атқарғанын атап өтпеске болмас. Біздің пікіріміз дәлелді болуы үшін
бір жылғы газет сандарында жарияланған әдеби-сын мақалаларға шолу
жасауды жөн көрдік. Газеттің №5-інші санындағы «Үш талшыбық» деген
мақала авторы Нұрбек Түсіпхан жас толқын Алмас Нүсіптің «Барлау», Әлібек
Байболдың «Теміржол вокзалы», Арман Әлменбеттің «Режиссердің түстері»
деген прозалық шығармаларында үміт күтерлік талпыныстар барлығын,
алайда үшеуінің шығармашылықтарына ортақ олқылық ретіндегі тілдік
түйткілдер, кейіпкер іс-әрекеттері мен сөздеріндегі сенімсіздік, сюжет құру,
композициялық құрылымдарды шебер пайдалану, әдеби әдіс-тәсілдерді
қолданудағы тәжірибесіздіктердің бой көрсететініне аса мән берген.
Жастардың өз замандастарының шығармашылықтары жайлы ашық әрі әділ
пікірлер айта бастауы қуантады. Жанашырлық танытуы да жарасымды. Міне,
осындай адал ойлы сын мақалалар бізде әлі де жетісе бермейтінін жасыруға
болмас. Қазіргі әдеби сынға араласа бастаған жастардың кәсіби деңгейдегі
жүйелі ізденістерге, салыстырмалы-типологиялық, ғылыми-теориялық және
аналитикалық талдауға деген талпыныстары көңіл аудартады. Осы орайда
Қозыбай Құрманның «Еркін өлең немесе Ерлан» (жас ақын Ерлан Жүністің
«Хауас» деген жыр жинағы туралы), Бауыржан Жақыптың «Тағдырлы
қаламгер» (ақын Ғалым Қалибекұлының шығармашылығы туралы), соңғы
кездері сынға белсене араласып жүрген Айгүл Кемелбаеваның «Отамалы»,
Қастек Баянбайдың «Кішкентай әдебиеттің үлкен мұңы», Сұраған
Рахметұлының «Ахилестің өкшесі немесе оқу мен оқшаулық» (ақын
Ұ.Есдәулеттің шығармашылық портреті), Марал Ысқақбайдың «Жазушының
тарихи ізденістері» (Әнес Сарайдың «Еділ Жайық», «Көнеліктер», «Ноғайлы»
жеке зерттеулері жөнінде), Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Тағы да «Тар кезең»
романы туралы» (Қажығали Мұқамбетқалиұлына хаты), Т.Жұртбайдың
«Өзіңді айтып, халқыңды бейнеледің...» деген эпистолярлық жанрдағы әдеби
сындары бүгінгі сынның формалық ізденістерін көрсетеді. Кемелбек
Шаматайдың «Қарауылбектің «Ақбантигі» деген мақаласы да «Өлі риза
болмай, тірі байымайды» деген даналықты еске салады. «Әдеби сын»
айдарымен жарияланған Жолдасбек Мәмбетовтің «Бүгінгі кейіпкер: бейненің
екінші жағы» атты мақаласында Т.Нұрмағамбетовтің «Мешкей» романы,
Н.Ораздың
«Қайыршының
жұлдызы» әңгімесі, Нұрлан
Қамидың
«Шизофрения» деген хикаясы, Асқар Алтайдың «Казино», «Кентавр»
әңгімелері талданса, Серік Нұғыманның «Көл» немесе жан ақауы жайлы
жазба» деген мақаласы Тұрсынжан Шапай шығармашылығындағы сана
астарындағы психологиялық құбылыстарды бейнелеудегі жаңашылдығы,
суреткерлік шеберлігі туралы сөз қозғайды. Әдебиетші ғалым, сыншы Құлбек
Ергөбектің «Жапырақпын жаңбыр шайып жаңарған...» (С.Мәуленовтің
шығармашылығы туралы) мақаласында автор қазақ әдебиетінде «Бір өлең
талдау» дәстүрін орнатқысы келетінін, сыншыл ойды жеткізудің бір жолы,
өткір жанрды өрістетудің тағы бір формасы «Бөлшектік талдау» тәсілін тиімді
пайдалану жолдарын ұсынады. Б.Сарбалаевтың «Көктеммен қоштаспаған
жаз» (Ханбибі Есенғараеваның шығармашылығы туралы), «Көркемдік
құпиясы» айдарымен жарияланған Айжарық Сәдібекұлының «Әбдіжәміл
әлемі» (Ә.Нұрпейісовтің 90 жылдығы қарсаңындағы ой-толғауы), академик
С.Қирабаевтың «Сүю мен жеккөрушілік сезімі» (Серік Ақсұңқарұлының
шығармашылығы туралы), Гүлзада Ниетқалиеваның «Жаңа қазақтар немесе
«Тордағы тоты құстар» (Заря Жұманованың «Сіз іздеген әлем» деген прозалық
жинағы туралы) атты мақалалары бүгінгі прозадағы жаңашылдық жайлы
әдеби ақпарат береді. Марат Мәжитовтің «Қ.Мұхамбетқалиұлының «Тар
кезең»
романы
туралы»,
Б.Тұрсынбайұлының
(Г.Салықбайдың
шығармашылығы жөніндегі) «Сұлу сөзді көкке ұшырған», Маржан Ершудің
«Қағбаның қарлығаштары» (ақын Ө.Оралбаевтың осы аттас жыр жинағы
туралы) деген мақалалары олардың шығармашылығы жайлы толық мағлұмат
беруімен бағалы болғанымен өзге емес, Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған
туындылардың жетістіктерін кәсіби деңгейде талдамай, жалпылама шолумен
шектелуі өкінішті. Жас сыншылар Әлібек Байболдың «Әдебиет әлемі:
ағымдар мен үрдістер» деген мақаласы мен Роза Сейілханның «Поэзиядағы
данагөйлік: кеше, бүгін, ертең» деген көлемді әрі күрделі әдеби мәселелерге
арналған терең талдаулары сыншылық білімдарлық өресімен назар аудартады.
Жоғарыда аталған жас сыншылар мен қаламгерлер, әдебиетші ғалымдардың
бәрі де өткен жылдың әдеби үрдістеріне белсене араласып, түрлі
тақырыптарда ой толғап, сыни көзқарастарын білдірген. Олардың көркем
шығарманың қасиетті міндеті – кейіпкер тағдыры, характерлер қақтығысы,
образдар жүйесі, сюжет пен композиция, әдеби тіл мәселелері төңірегіндегі
талдаулары бүгінгі әдеби сынның сапасынан сыр береді. Әсіресе, жастардың
сыншылық ойлары орнықты, талпыныстары көңіл толтырады. Алайда,
қаламгерлердің шығармашылық, эксперименттік ізденістерін, кейіпкер іс-
әрекеті мен мінез-болмысындағы психологиялық тартыс, сана қақтығыстарын
бейнелеудегі жетістік пен кемшіліктерді ашып көрсетуге олардың кейде
білімдері мен тәжірибесіздіктері жетіспей жататындығы анық байқалып
отырады. Көркем мәтінді әдеби сын жанрының өз категориялары, талап-
шарттары бойынша талдап-түсіндіру мәселесі де көбінде ақсап жатыр. Әйтсе
де бүгінгі сында әлі келгенше әділдік танытуға, ойларын нақты көркем
мәтіндегі мысалдармен дәлелдеуге, деректермен дәйектеуге тырысушылық
бар. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі бір жылғы әдеби сын мақалаларға шолу
жасағанда байқағанымыз мұндағы талдаулар, пікірлер қазіргі жастардың
интеллектуалдық деңгейге, әлемдік әдеби үрдістерден хабардар болуға деген
ұмтылыстарын көрсетеді. Әсіресе, «Әдеби талқы» айдарымен жиі жарияланып
отыратын пікірталастар, дөңгелек үстелдер, ашық ойлар алаңдарындағы
әдебиет туралы әңгімелер де оқырман ойынан шығып отырады. Алайда, осы
ретте айта кетер бір ақау сол сұхбаттардың көпшілігі асығыстықты аңғартады.
2014 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының 80 жылдығы да аталып өтіп, оған
газетте арнаулы қосымшалар берілген. Енді республикалық әдеби сын
журналы «Жұлдыздың» 2014 жылғы сандарына көз жүгіртер болсақ, тек №7-
санында ғана «Әдеби сын» айдарымен Дулат Тұрантегінің «Талғам мен таным
таразысы» деген мақаласы мен «Қанатты қалам» рубрикасымен
Б.Майтановтың «Әдеби ортаға бірден танылған ақын» деген Ұлықбек
Есдәулетовтің қазақ поэзиясындағы орны туралы толғамы жарияланған.
Қалған сандардағы әдебиет әлемі жөніндегі 10 мақала «Әдебиеттану» деген
айдармен берілген. «Жұлдыздың» бес санында (№2, №3, №4, №8, №9)
әдебиеттанушы ғалым Шериаздан Елеукеновтің «Тәуелсіздік дәуір романы
(Тұлғалық, ұлттық, адамзаттық мүдделер тұрғысынан көзқарастар)» деген
көлемді зерттеу еңбектері жарияланған. Бір дәуірдегі әдеби үрдісті бір ғана
роман жанры тұрғысынан талдаған ғылыми-зерттеу еңбекте қазіргі қазақ
прозасындағы әдеби үрдіс, көркемдік бағыттар, рухани кеңістік кеңінен әңгіме
болады. Ескеретін мәселе, 25 жылды құрайтын тәуелсіздік кезеңінде
жарияланған ең көлемді жанр романдар туралы зерттеушінің 2012 жылдан
басталып, 2014 жылдың №9 санымен аяқталған күрделі еңбегі туралы бір
баяндамада айтып шығу мүмкін емес. Ондағы әдеби сын пікірлерді ғана емес,
зерттеу нысанына енген жазушылар мен шығармалар тізімін жасаудың өзі
талай уақытты алатындықтан оларға кеңінен тоқталуды жөн санамадық.
Журналдың №1 санындағы Назигүл Мұсабаеваның «Асқар әлемінен бір үзік
сыр» атты А.Сүлейменовтің шығармашылығы турасындағы мақалада не
ғылымилылық не сыни пікірлер байқалмайды. Ойдан гөрі мазмұндауы басым
дүние.
Әдебиетші ғалым Рахымжан Тұрысбековтің «Ақындық өнердің асқақ
даңқы» деген мақаласы Қалижан Бекхожин поэзиясының поэтикасы жөнінде
сөз қозғайды. Тұрлыбек Мәмесейітовтің «Таңжарық» деген мақаласы Герольд
Бельгердің «Тұйық су» романындағы тарихи шындықтың шынайылығы,
кейіпкердің ішкі жан дүниесіндегі арпалыстар мен ой-толғаныстар
төңірегіндегі ой айту, пікір түю ерекшеліктерімен назар аудартады.
Журналдың №5 санындағы Айман Найзабаеваның «Жармақ» романындағы
«қазақ» микроконцептісі» деген мақаласы мен Рита Сұлтанғалиеваның
«Драмадағы психологизм» атты әдеби сын мақалаларында нақты бір әдеби
теориялық мәселелер төңірегінде ой топтастырып айтуға деген талпыныстар
бар. Авторлардың ғылыми талдаулары, сыни пікірлері кәсіби деңгейде
көрінген. Екі мақалада да сөз өнерінің өзіндік категорияларын, әдеби ұғым-
түсініктерін кеңінен және орынды пайдаланған. Бауыржан Жақыптың «Қара
өлеңнің қаймағын қанып ішкен» деген мақаласы Ғалым Жайлыбайдың
ақындық келбеті мен суреткерлік шеберлігі жөнінде ой толғайды. Ақын
зерттеушінің поэзия поэтикасын танудағы талғамы мен талдау тереңдігі,
байқампаздығы байқалады. Сондай-ақ, №12 сандағы Дулат Тұрантегінің «Ой
кешу» атты сын-толғауы Тұрысбек Сәукетаевтың «Ай қараңғы» романы
туралы мақаласы шығарма сюжетін баяндаудан, жалпылама шолып, жоғары
баға беруден аса алмаған. «Жұлдыз» журналы қазақ әдебиетінің жетістігі мен
кемшілігі жөнінде жүйелі ой қозғап, әдеби үрдіске үнемі назар аударатын
басты басылым болғандықтан мұндағы әдеби сындар өзінің өткірлігімен, ащы
шындықты қаймықпай айтатын азулығымен ерекшеленсе әдебиеттің абыройы
асқақтары сөзсіз. Кез келген әдеби журналдың, өзге де басылымның беделі
жаңа шыққан шығармалармен оқырманды таныстыру ғана емес, оқырманның
көркемдік-эстетикалық талғамын қалыптастырып, шындықпен суарылған
сыни пікірлер мен көзқарастар алаңын ашу, әдебиет әлеміне келген жаңа
есімдерді айқындау, таныту, талантты тану болып табылады. Әдеби
басылымдарда айдарынан жел ескен ащы шындыққа құрылған сесті сындар,
ғылыми талдаулары терең, әдеби ұғымдармен сөйлейтін кәсіби деңгейдегі
бүгінгі заман талабына сай интеллектуалды зерттеулер жарияланып отырғаны
қандай жарасымды болар еді. «Әдебиеттану» айдарына қоса «Әдеби сын»
рубрикасы да жүйелі жұмыс жүргізсе жоғарыда көрсетілгендей бірсыдырғы
баяндаулардан тұратын шолу мақалалардан гөрі өткір ойлы мақалалар көбейер
еді. Ал, «Жалын» журналындағы әдеби сын мәселесі тіпті сын көтермейді
десек те болады. 2014 жыл бойына мұнда «Бүгінгі сын» айдары бойынша бар-
жоғы 5 мақала жарық көрген. Журналдың №1, 2, 3-сандарында тіпті әдебиет
туралы әңгіме де болмайды. Тек №4 санында Думан Рамазанның қос әңгімесі
хақындағы «Әңгіме сиқыры – мистика образы» атты Ә. Әліәкбардың әдеби
сын мақаласы жарияланған. Онда автор бүгінгі көркем прозадағы мистика
бағыты, жазушының қазақ әдебиетіне әкелген өзіндік өрнегі мен кәсіби
шеберлігі жөнінде мағынасы терең әдеби талдау жасайды. Ермек Зәңгіровтің
«Ар алдындағы адалдық» (жазушы Әлмембет Әлішев шығармашылығы
жайлы) деген мақаласы баяғы құрғақ баяндаушылықтан ары аса алмаған.
Мұнда әдеби сыннан гөрі қаламгердің қоғамдық қызметін, жеке басын
марапаттау басым. №7 санындағы Елубек Оспановтың «Сана суреттеріндегі
сәулелі жолдар» деген мақаласы ақын Аманғазы Кәріпжанәулетінің жыр
туындыларындағы сөзден сурет салудағы ерекшелігіне тоқталған. №10
санындағы «Бүгінгі сын» айдарындағы әдебиетші ғалым Бақтияр Смановтың
«Мәңгіліктің мәнін ұққан қаламгер» атты мақаласында жазушы Ораз
Қауғабайдың шығармаларындағы өмір мен өнер шындығы мәселелері нақты
тарихи шындық негізінде зерттеліп, талданады. Журналда әдебиет мәселесіне
қатысты «Бүгінгі сын», «Қаламгер дидары» деген айдарлар жұмыс істегенімен
оларда да бүгінгі қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерін көтерген келелі
мақалалар, өткір сындар, әдеби көркем талдаулар, пікір сайыстары, дөңгелек
үстелдер, сұхбаттар, жалпы әдебиет әлемі туралы әңгімелер кемшін түсіп
жатыр. Негізінде жастар шығармашылығы кеңінен таныстырылып,
насихатталуы, жариялануы тиіс журнал болғандықтан жас сыншылар мен
әдебиетшілер қауымының да мақалалары көптеп басылғаны мақұл болар еді.
Қаншама таланттың тұсауын кесер әділ пікір, кәсіби сын осы аталған
басылымдарда көрінбегенде қайда жариялануы тиіс? Әдебиетіміздің бағы да
осы кәсіби талдауға зәру әдеби сында екендігін ұғар ұлт зиялылары қоғамдық
ой-пікірдің ордасы болған әдеби басылымдарға көңіл бөлуі керек.
Республикалық орыс тіліндегі әдеби басылымның бірі – «Простор»
журналында да бүгінгі әдеби үрдіс, оның түрлі жанрлары бойынша
жарияланып жатқан көркем шығармалар жөнінде әдебиетші ғалымдар мен
қаламгерлердің кәсіби пікірлері орын алған. 2014 жылға тиесілі 12 санының
№6-шы санынан өзгесінің бәрінде «Критика» деген тұрақты айдармен 20 сын
мақала және ғылыми зерттеу жұмыстары жарияланыпты. Журналдың №1
санында жарияланған әдебиетші ғалым Уәлихан Қалижановтың «Два письма-
две судьбы» деген мақаласында М.Әуезов пен М.Ғабдуллиннің баспасөз
беттерінде жарияланған хаттарына, сол кезеңдегі әдеби үрдістерге талдау
жасалса, әдебиетші Светлана Ананьеваның осы сандағы «Право на
творческую свободу» деген және №8 сандағы «Диалог эпох и цивилизаций»
атты мақалаларында қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңашыл бағыттар, ақын
Геннадий Емкиннің поэзиясындағы ырғақ мәселелері талданған. №2 сандағы
Валерий Михайловтың «Тайна Лермонтова» деген әдеби сынында ұлы орыс
ақынының шығармашылығын талдаудағы бүгінгі интерпретация мәселелері
мен автордың сыншылдық әдеби интеллектісі назар аудартады. Ал, осы
сандағы Альфия Смирнованың «И слова это вместо души моей...» деген
Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдық мерей тойына орай бүкіл
шығармашылығын талдаған мақаласы мен №3 сандағы ғалым Вера
Савельеваның жазушы Салахитдин Муминовтың әңгімелері туралы «Жизнь,
какую мы себе слепили» деген әдеби көркем сындарындағы ой айту, пікір түю
ерекшеліктері бүгінгі интеллектуалдық өрені көрсететін кәсібилікті танытады.
Татьяна Сидихменованың «Род – главное наследия» деген мақаласында ақын
Надежда
Чернованың
«Когда
зацветает
шиповник»
деген
жыр
топтамасындағы автор мәселесі көтерілсе, №5 сандағы Люция Абдуллинаның
«Женский разговор с историей» деген әдеби сынында 1960-70 жылдардағы
қазақ поэзиясындағы Фариза Оңғарсынова, қырғыз ақыны Тенты Адышева,
тәжік ақыны Гүлрухсор Сафиеваның шығармаларындағы тарих, тағдыр,
образ, ой, үндестік мәселелерінің салыстырыла зерттелуі авторлардың
талдау шеберлігін, байқампаздығын көрсетеді (№7). Исмаилжан Иминовтың
Сейдахмет Құттықадамовтың орыс тілінде жарық көрген «ДАО Алтая» деген
жаңа кітабы жөнінде «Оригинальный взгляд на историю человечества», Ольга
Тарлыкованың
өскемендік
ақын,
прозашы
Валентин
Алексеевич
Бальмочныхтың шығармашылық өмірі туралы «Я не сыграл своей роли...»
(№9), Марина Асылбекованың қазақ поэзиясындағы, әсіресе Н.Чернова,
Б.Қанапиянов,
Б.Қайырбеков,
С.Үсенбаеваның
туындыларындағы
жаңашылдық ізденістер, диалог, әңгіме, тағы басқа да категориялардың
көріністері туралы «Диалоговое сознание в поэзии Казахстана конца ХХ века
начала
ХХІ
веков»,
Зинаида
Поляктың
қазақстандық
жазушы
И.Щеголихинның шығармашылығындағы сілтеме түсінігіне, 315 беттік
романда кездесетін 300-ден астам тарихи деректер мен құжаттар, цитаттарға
талдау жасаған «Цитата в поэтике автобиографической прозы» (№11), өткен
ғасырдың сексенінші жылдары өмірден өткен әдебиетші, сыншы Тамара
Мадзигонның ақын Павел Васильевтің поэзиялық туындыларындағы ұйқас,
теңеу, образ мәселелері жөніндегі «Поэзия могучее цветенье» (Мақаланы
басылымға ұсынған әдебиеттанушы ғалым В.В. Савельева), Семейдегі
Достоевский мемориалдық музейдің ғылыми қызметкері Айжан Аманжолдың
жазушы Дулат Исабековтің осы шығарманы тәржімалаудағы тәжірибесі,
кейбір түсінік-ұғымдарды аударудағы ақаулар жайлы «Некоторые
особенности перевода «Белых ночей» Ф.М.Достоевского на казахский язык»
(№12) деген әдеби зерттеулері мен көркем сын мақалалары мәтінді жаңаша
талдау тереңдігімен және оларды нақты мысалдармен дәйектей отырып,
кәсіби ой айтуларымен маңызды. Ескертетін жәйт – бұл еңбектердің бәрі
журналдың «Критика» деген айдары бойынша жарияланған. Бұл фактілер
орыс тілді әдеби журналда сын мәселесінің жүйелі түрде жарияланып
отырғанын көрсетеді. Және бұл еңбектерде әдеби сын жанрының талап-
шарттары ескеріліп, шығарма туралы ойларын құрғақ баяндауға құрмай
ғылыми теориялық талдауларға кең өріс ашқандығын атап өтерлік табыс деуге
болады. Сонымен бүгінгі сынды кәсіби деңгейі өскен, көркемдік-
аналитикалық талдау дәстүрі бай, өзіндік мектебі қалыптасқан деп
дәріптегенімізбен оларда әлі де шығарманың жетістігі мен кемшілігі неде
деген нақты сауалға жауап берерлік эстетикалық, философиялық,
психологиялық, интеллектуалдық, ғылыми сараптамалардың жетіспеушілігі
де жетіп артылады. Әдебиет тарихының қай кезеңінде де көркем сынға көңіл
толмаушылықтың сыры да биік өрені, тура билікті талап ететін жанрлық
қасиетінде болса керек. Әдебиеттің балаң кезеңіндегідей шығарма мазмұнын
қайта баяндап беретін сын мақалалар әлі де көп. Автордың айтпағының
астарын ақтармаған, оның әдебиетке әкелген тақырыбы қайсы, кейіпкері кім,
олар нені мақсат тұтып өмірге келді, қазіргі кейіпкер санасында қандай
психологиялық құбылыстар жүріп жатыр, оларды не ойлантып, толғандырады
деген сауалдарға жауап іздемеген сынның салмағы бола ма? Автормен ой
жарыстыру жәйі бізде жетімсіз. Көркем мәтінді интеллектуалды тұрғыдан
оқып, интерпретациялау, талдау мен бағалау ғана әдеби сынның сапасын
арттырары анық. Бүгінгі көркем сынның басты міндеті – қаламгердің
суреткерлік қасиеті мен шеберлік құпиясын, стилдік ерекшеліктерін айқындау
емес пе еді? Сондай-ақ «Қазақ әдебиеті» газетінің қызметкерлері, жас та болса
білімдарлығымен, жан-жақты ізденімпаздығымен танылып жүрген Әлібек
Байбол, Бағашар Тұрсынбайұлы, Алмас Нүсіп, Роза Сейілханқызы, Қарагөз
Сімәділдердің келешегінен үлкен үміт күтуге болады деп ойлаймыз. Олардың
«Қазақ әдебиеті» секілді әдеби басылымда тұрақты қызмет етіп, қаламдарын
қалыптастырулары, әдеби процеске жүйелі түрде араласып, кәсіби білімдерін
жетілдіруі, батыл ой айтуға деген талпыныстары қуантады. Бұл жастардың
көркем шығарманы әлемдік әдебиеттегі жаңалықтармен, үрдістермен
үндестіре, үйлестіре талдауға ұмөтылыстары құптарлық. Алайда әлі де болса
кәсіби білім мен тәжірибесіздік жетпей жатыр. Кешегі Т.Тоқбергенов,
А.Сүлейменов,
З.Серікқалиев,
бертінгі
С.Жұмабеков,
А.Егеубаев,
Б.Ыбырайым, Ә.Бөпежан, Ә.Меңдеке, т.б сынды сыншылардың бәрі осы
«Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Жалын» журналдарындағы сын бөлімдерінде
ұзақ жылдар қызмет етіп, сынның кәсібилігіне үлес қосқан. Жалпы ол
жылдары әдебиетте таныламын деген жастар әуелі әдеби сында әбден
ысылып, шеберлікке жететін. Әдеби басылымдардағы «Жас сыншы
мінберлері»
қаншама
сыншыларды,
әдебиетшілерді
тәрбиелеп,
қалыптастырды. Бұл ретте бір ғана мысал, 1972 жылғы «Әдеби-көркем сын
туралы» қаулыдан кейін «Жазушы» баспасынан 70-тен астам сын кітаптар мен
«Уақыт және қаламгер» атты сериясымен 7 томдық жинақтың жарыққа шығуы
дер едік. Ал, бүгінде сол кәсіби деңгейде қалыптасып, тәжірибесі толыққан
сыншы мамандарымыз жоғалуға шақ қалды. Өкінішті. Тіпті сынның ауыр
жүгін көтергелі жүрген «Сын» журналы міне бірнеше жылдар бойы бір
ашылып, бір жабылып, құрдымға кеткелі жүр. Егер де «Сын» журналы
тұрақты жұмыс істесе осы жас ғалымдар мен әдебиетке жаңа қадам басқан
сыншылардың қалам ұштар ұстаханасы, кәсіби шеберліктерін шыңдар мектебі
болар еді. «Сын» журналы соны жүргізуге моралдық құқығы бар басылым.
Жақсы шығарма бар шығар, бірақ оны танытарлық биік өредегі зиялы сын
жоқ. Соның нәтижесінде әдеби пікірталастарға шақыратын проблемалық
мақалалар, теориялық терең талдаулар, жоғары кәсіби әңгімелер жоқтың қасы.
Сондықтан келешекте ұлттық руханиятқа, әдебиетке, әсіресе әдеби сын
жанрына жүйелі түрде қызмет ететін басылымдардағы сын бөлімдерін қайта
жаңғырту,
оларға
қамқорлық
танытып,
жастардың
әлеуметтік-
шығармашылық жағдайларын түзеуге мемлекет тарапынан көңіл бөлінуді
талап ету жөн болар еді. Өйткені, сынның тоқырауы мен өрістеуі қоғамдық-
әдеби атмосфераға, оқырман аудиториясының белсенділігіне де тікелей
байланысты. Сындағы интеллектуалдық деңгейді көтеріп, шығарма идеясы
мен автордың айтпағын анықтарлық аналитикалық интерпретациялауды
дамытып, сынның ғылыми дәрежесін, теориялық талдаудың тәжірибесін
кеңінен қолданған мақұл. Бұл жөнінде бізге бағыт, кемеңгерлікпен көш бастап
берген М.Әуезов «Әдебиет туралы» баяндамасында: «...әдебиеттің өсу
проблемасын тереңдеп талдап, ғылымдық анализге кең жол беріп шешкен
бірден-бір зерттеуді көре алмай келеміз... Осыған әуелі, өнімді және жоспарлы
түрде көмек шара бар ма? Бар, бірақ аз. Соған жас кадрларды, ғалымдарды
тарту керекпіз... жазушылар, терең ғылымдық сынға ұдайы мұқтажбыз. Күнде
мұқтажбыз....Сонымен, бізде жоқ сынның олқысын, орнын толтырайық...
Бұрынғы Белинскийден басталған ұлы сыншылардың барлығының еңбек
тәжірибесіне қарасақ, олардың үлкен ғылым тудыруға себепші болған үлкен
сындарының тең жартысы жақсылықты айту емес, кемшілік пен мінді
нақтылап көрсету арқылы пайдалы болғанын есте ұстайық», – деген. Міне,
бұдан бір ғасыр бұрын айтылған ойлар, әдеби сынға қажетті талап мен шарттар
әлі де сол қалпы орындалмай келеді. Соның нәтижесінде заманауи талапқа сай
интеллектуалды деңгейі жоғары, ғылыми аналитикалық талдауы бар, жетістік
пен кемшіліктің аражігін ажыратып бере алатын сауатты да сапалы, шынайы
да адал пікірлі сындарға зәрулік кеміген жоқ. Сын мәселесі жалқы емес, жалпы
болып ойлануды, көп болып көмектесуді, қолдауды қажет етеді. Олай болса,
«Кемшілікті сын түзейді, көп болып біріккен ой түзейді» деген М.Әуезовтің
даналығын тағы да есте ұстамасқа болмас.
Көркемдік процесс және қазіргі әдеби сынның хал-ахуалы кімді де
ойлантпай қоймайды. Соңғы жылдары қaзaқ әдебиетіндегі сын сaлaсын қaлaй
дaмыту керек, оның өткірлігі мен ұшқырлығын дaмыту үшін қaндaй шaрaлaр
қолдaну керек деген сaуaлдaр төңірегінде түрлі деңгейде, түрлі мінбелерден
ойлар айтылып, көптеген ұсыныстaр мен пікірлер, ұйымдaстыру шaрaлaры
жүргізіліп келеді. Алайда осы әдебиеттің қайнаған ортасында жүрген
республикамыздағы санаулы әдеби басылымдардың тізгінін ұстаған шағын
ұжымдар бүгінгі әдеби көркем үдерістің үдесінен толық шыға алмай отырғаны
жасырын емес. Бұл бір айтыла-айтыла жауыр болған тақырып. Бірaқ, әдебиет
бар жерде оған дұрыс бaғыт көрсететін сын жaнрын жaндaндыру да өз
өзектілігін өзгерте қоймас. Және күнделікті бaспaсөз беттерінде жaңa
кітaптaрдың жaрық көргені және олaрдың белгілі бір мекемеде белгілі бір
мерзімде тaлқылaнaтыны жөнінде хaбaрлaндырулaр жaриялaу, оғaн
оқырмaндaрды, әсіресе сыншы, әдебиетшілерді кеңінен тaртып, aрaлaстыру
aрқылы сынды жaнды пікіртaлaсқa ұлaстыру дa өз шешімін күткен келелі
мәселе. Өйткені, әдебиет тaрихынaн бaйқaғaнымыздaй әділ сөз, шынайы
пікірге деген зәрулік қaй зaмaндa дa болғaн. Бұл әдеби пікіртaлaстaрдың
көркем сынның, әдеби ойлaрдың тууынa, қaлыптaсуынa, тәжірибе жинaқтaуғa,
кәсіби тaлғaмның өсуіне өзіндік үлесін қосқaны хақ. Тегінде, әдеби сынның
мақсаты – өнер туындысының көркемдігін тaну, оның оқырмaнғa, оның
жaнынa қaлaй әсер еткенін, қaндaй ой сaлғaнын, қaндaй эстетикaлық әсер мен
тәрбие бергенін aнықтaп, баға беру. Көркем шығaрмaның рухaни құндылығын
әдебиеттің өз кaтегориялaры aрқылы тaнып, жүйелеген және әдебиетті жеке
бір көркемдік әлем деп тaнығaндa ғaнa шынaйы сын туaтындығы тағы белгілі.
Тәуелсіздік кезеңіндегі көркемдік процесс пен әдеби сындағы үзілмес дәстүр
жалғастығын қазіргі әдеби басылымдар, әсіресе «Қазақ әдебиеті» газеті шағын
шығармашылық топпен болса да шашау шығармай жалғастырып келе
жатқаны жасырын емес. Бүгінгі рухани құндылықтарға жете мән бере
қоймайтын қатыгез уақыт пен кеңістік аясында қайсарлық танытқан жауынгер
жанрымыз сынды жоқ деп құрғақ сөзбен ауыз сүрте бермей бір кез бардың
бағасын білген де жөн. Сонда ғана біз елдігімізді, ұлттық әдебиетімізді,
интеллектуалдық өрісімізді көрсете де таныта да аламыз. Қазақ әдебиетінің әр
кезеңінде байқалатын көркемдік процесті, рухани өмірдегі сыншыл
эстетикалық ойды, теориялық тұжырымдарды, әдеби ағымдар мен түрлі
жанрлардың әр алуан сыр-сипатын дер кезінде назарға алып, талдап отыратын
көркем әдебиет сыны осы қоғамдық-әлеуметтік ойдың биік белесін танытып,
әдеби
процеске
тән
идеялық-эстетикалық
жинақтаулар
жасауға,
қаламгерлердің жаңашыл ізденістерін әр қырынан аша отырып, одан
қалыптасқан әдеби дәстүрлер тағлымымен тамырластық себептерін тауып,
тануға, танытуға міндетті көркем сынның көкейкесті мәселелері, бүгінгі
жүйесіз жарияланып жатқан дүмбілез дүниелерден талдауға тұрарлық
туындыларды таңдап, тақырыптық желісін анықтау да оңай шаруа емес. Ал,
әрбір жаңа дүние өзіне тиесілі байыпты пікір таразысына дер кезінде түсуі
шарт. Олай болса, бүгінгі қаламгерлер шығармаларындағы жанрлық, стильдік
тың ізденіс нәтижелерін заманауи талабына сай деңгейде жүйелеп, зерттеу –
рухани қажеттілік. Тәуелсіздік алғалы бері үздіксіз жүріп жатқан (алабөтен
көрінбей, іштей болса да) көркемдік процесті әлемдік ауқымдағы көркемдік
даму процесімен сабақтастыра қарастыру, ғылыми негізі мол, әдеби сипаты
биік, терең мағыналы сын арқылы жүзеге асатыны ақиқат. Олай болса қазіргі
қазақ сыны зәрулік танытып отырған кешегі көркем шығармалар мен бүгінгі
беталысты байланыстырып, жаңаша барлауға бару, әдебиеттің даму
заңдылығынан өрбитін келелі мәселелерді кешенді әрі кең көлемдегі
концептуалдық пікірлер, проблемалық тақырыптар төңірегінде зерттеу бүгінгі
күн талабы. Қазіргі қазақ баспасөздеріндегі сын мақалаларда байқалатын
эстетикалық, аналитикалық талдаудан гөрі шолу, жинақтап, жүйелеуден гөрі
мазмұндау басым болып, ғылыми сауаттылық, терминологиялық дәлдік
жетіспейтіні, көркем мәтінді талдауда нақтылық пен теориялық дәлелді ойлар
қажеттілігі – әдеби сынның кәсіби деңгейін көтеру мәселелерін күн тәртібіне
еріксіз көтереді. Бүгінгі әлемдік әдебиетпен теңесерлік рухани
құндылықтарымызды, қазақ әдебиеттануы мен әдеби сынның ғылыми
мәселелерін қазіргі көркемдік процесс аясында саралап, эстетикалық ой мен
талғам, саяси-философиялық, әлеуметтік-этикалық таным биігінен танып,
талдау әдеби сынның зәру мәселелері. Осы ретте өткен жылғы «Қазақ
әдебиеті» газетінде жарияланған әдеби сын мақалаларға шолу жасау
барысында түсінгеніміз – әдебиетіміз өлмепті, сынымыз сөнбепті. Қазақпен
бірге өлетін сөз өнері өлермендікпен өрге өрлеп келеді екен. Төрт құбыласы
тең дүние қайда бар дейсіз, сынның жетістігі де кемшілігі де үзеңгілес қатар
келеді. Оған дәлел – ең бірінші, осы сынды қалай көркейтем деген жанкешті
еңбек етіп келе жатқан «Қазақ әдебиеті» газеті, оның қалам ақысының
аздығына да жұмысының көптігіне қарамай табанды еңбек етіп жүрген жап-
жас қыздар (Қарагөз Сімәділ, Нұрайлым Батыр, Айнара Ашан, Маржан Әбіш)
мен жігіттер (Алмас Нүсіп, Әлібек Байбол) тобы. Қазақ «жас келсе іске» деп
бекер айтпайды. Осы азғана жастардың арқасында әдеби сынымыздың түрлі
жанрындағы (сұхбаттар, пікір таластар, дөңгелек үстелдер, жеке әдеби
толғаулар, әдеби шолулар) мақалалар газеттің атына затын сай етіп әдебиет
әлемінен өз әлдері келгенше ақпараттар беріп, оқырманның көркемдік
эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруда қайсарлықпен еңбек етіп келеді.
Ал енді олардың ерен еңбегіне сай моралдық, материалдық жағдайлары
қандай десек жүрегің сыздайды. Кезінде әр бөлімінде кемінде 3-4 әдеби
қызметкер (олардың өздері кімдер еді, атын атасаң аттан құлайтындайсың)
отыратын «Қазақ әдебиетінде» бүгінде еңбек ететіндер кеше ғана университет
бітірген бозбалалар екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сөйте тұра сынның
сағын сындырмай жүйелі жазып, үздіксіз ізденісте жүргендеріне сүйсінесіз.
Өткен жылдың шынында да сынға өкпесі жоқ секілді. Жылдың басы өткір
сынның ірі өкілі – әдебиетіміздің ақсақалы, көрнекті сыншы, академик Серік
Қирабаевтың 90 жасқа толған мерей тойына орай Нұрайлым Батырдың «Өсер
әдебиетке төзімді сын керек» деген айқара бетке жарияланған сұхбатымен
((17.03.2017) басталып, онда қазіргі сынның көкейкесті мәселелері
қозғалыпты. Газеттің «Тұлға» деген қосымшасындағы сұхбатта аға сыншы
Серік ағамыз бүгінгі сынның көсегесін көгерту үшін кәсіби сыншылардың,
ақын-жазушылардың сын мақалаларын мезгіл-мезгіл басып тұруды, кейінгі
жастарға сол сын үлгі болуы керектігі жөнінде кеңес береді. Расында да,
газеттің бір бағанасын батыл ойлы, өткір сын айтқан тарихымыздағы
тұлғаларымыздың сөздерін жүйелі түрде беріп отырса, ол тағлымды тәрбиенің
бір түрі емес пе? 2017 жылғы «Тұлғаның» №41-ші саны – қоғам және мемлекет
қайраткері, көзі тірісінде-ақ «Азаматтық формуласы» атанған көрнекті сыншы
Сағат Әшімбаевтың шығармашылығына арналыпты. Әдебиетіміздің айтулы
тұлғаларының сыншы Сағат туралы айтқан сөздері, берген бағалары әр бетке
әр беріп, кейіпкердің табиғатын әр қырынан ашқан. Әсіресе, жазушы Төлен
Әбдіковтің: «Батылдық пен туралық – мінездің тентектігі емес, ол өмірлік
принциптен, адалдықтан, жауапкершіліктен тұрады. Сағатта осылардың бәрі
болды. Ол бет-жүзге қарамайтын қатты сынды да, байыпты терең
талдаулардан тұратын парасатты сынды да жазды. Бірақ оған өкпелеп
«мынауың артық болды» деген адамды өз басым көрген емеспін. Өйткені, ол
кімді сынаса да, ар жағындағы адалдығы, сол адамға тілектестігі сезіліп
тұратын. Әдебиетті жеке бастың мақсатына пайдалану, яғни жек көргенді
сынау, «қажет» адамды мақтау деген оның табиғатында болып көрген емес»
деген пікірі қазақ сынының тарихындағы Сағат Әшімбаевтың орны мен рөліне
берілген жоғары баға деуге болады. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Нұрлан Оразалиннің «Рух ақиқаты» деген 2 беттік көлемді әдеби толғауы
Сағат Әшімбаевтың сыншы, ойшыл, қайраткер, азамат сынды бір адамның
бойынан сирек табылатын табиғи қасиеттерін зерделеген. «Сыншыл ой
туралы сыр» атты алғашқы мақаласындағы: «...Сын – өнер. Сын – уақыт
қажеттілігінен туған қоғамдық, эстетикалық, философиялық ой-сананың
өзгеше бір формасы», – деген тамырын тереңнен тартар концепциялық
ұстаным да жас сыншының талғамы мен танымынан мол ақбар айтып тұрған
жоқ па?!», – деген бағасы «Сын мұраты» (1979), «Талантқа тағзым» (1982),
«Парасатқа құштарлық» (1985), «Шындыққа сүйіспеншілік» (1993), «Сын
сымбаты» (2010) секілді бірнеше кітап жазған небәрі 44 жас ғұмыр кешкен
Сағат Әшімбаевтың нағыз кәсіби сынның жанкешті маманы, осы жанрдың
шын мәніндегі еңбекторысы екендігін дәлелдесе керек-ті. Жазушы Мағира
Қожахметованың «Сын мұраты» – сәтті туынды» деген рецензиясында
С.Әшімбаевтың сыншылық ойпікірлерінің тереңдігі, әдеби-эстетикалық
танымының биіктігі, әлем әдебиетіндегі көркемдік үрдістерден ғылыми
ақпараттарды көп беретіндігі, жалпы әдебиет тарихы мен сынның жанрлық
табиғаты, оның әдеби категориялары жөніндегі білімдарлығы жөнінде сөз
қозғалған. Өз кезеңіндегі көркем шығармалар мен жеке жазушылардың әрбір
ізденістеріне немғұрайлылықпен қарамайтын сыншының елгезектігі,
әдебиетке деген адалдығы мен шексіз сүйіспеншілігі М.Қожахметова
талдауларынан танылады. Қазақ әдебиетінің талантты тұлғаларын тану мен
танытудағы табанды ізденістерін сыншылық талғамымен тамырластырып, өз
табиғатындағы тектілік пен ұлтжандылықпен байланыстыра тұтас
қарастырған автор С.Әшімбаевтың қазақ сынының профессионалдық
тұрғыдан дамуына үлкен үлес қосқандығын, «Сын мұратын» қазақ әдеби
сынының мәдениетін аңғартар сәтті туындыларының бірі» деп бағалайды. Осы
сандағы Заря Жұманованың сыншының жары, жазушы Шәрбану
Бейсеновамен жүргізген «Сәкеңмен өткен 23 жыл – ғұмырымның жазы
екен...» деген сұхбаты да осы сын төңірегінде өрбиді. Олай болса өткен жылғы
қазақ сыны табыссыз емес деп ойлаймыз. 2017 жылы сынның сайыпқыраны
атанған Сайлаубек Жұмабектің шығармашылығын жаңаша зерделеген
Жанғара Дәдебайдың «Сын симфониясы және Сайлаубек» (13.10.17) атты
мақаласы мен қазіргі кездері сын жанрында адал еңбек етіп жүрген Бақыт
Сарбалаевтың шығармашылығы жөніндегі Құлбек Ергөбектің «Бағдары
айқын Бақыт» (12.05.17), Жақыпжан Нұрғожаевтың (Ар мен ақиқат
сыншысы» (24.11.17) деген естелік эсселері сыншы мәртебесін көтеретін
дүниелер. Сондай-ақ ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай
қоғам қайраткері, публицист Сауытбек Абдрахмановтың «Өркениетті
өшірмеген өнер», Қасым Аманжоловтың шығармашылығы туралы жазушы
Сұлтан Оразалының «Менің бәйтерегім..», Мыңбай Рәштің әдебиетші ғалым
Нығмет Ғабдуллин туралы «Сағындым ғой, қаламгер, қайран досым» деген
эссе естеліктері де атап өтерлік танымды дүниелер. Әдеби сынның кәсіби
деңгейде қaлыптaсып, дaмуынa өзіндік үлес қосқaн сыншылар еңбегінің
ескерілуі, көркем әдебиет турaлы ғылыми-сыншылық пікірлер мен әдеби-
эстетикaлық көзқaрaстaр сын бaр жерде әдебиет, оқырмaн, шығaрмa және
олaрғa деген сүйіспеншіліктің болaтындығын дәлелдесе керек-ті. Әсіресе,
өткен жылдың өңін ендіріп, өткір сынымен елді елеңдеткен Әмина
Құрманғалиқызының «Тепсініп туған текті жыр» (24.11.2017), «Біржан сал ма,
Біржан шал ма?» (13.10.2017.), «Аты жоқ әңгіме немесе айдың арғы беті»
(14.04.2017) деген мақалалары әдеби сынның әлі де шоғы сөнбегендігін
шамалатады. Әмина апамыздың нені жазса да нақты көркем мәтін
мысалдарымен нақыштап, айтатынын ашық және дәйекті дәлелдермен,
«1.2.3...» деп келетін сандармен санамаланып, түйдек-түйдек ойларға
тұжырымдалып берілетін өзіне тән өткір ой, салмақты сындары бүгінгі әдеби
процестегі жетістіктер мен кемшіліктер төңірегінде толғaқты ой толғaйды.
Айталық, «Тепсініп туған текті жыр» деген мақаласында ақын Әлия
Дәулетбаеваның «Жандауыс» атты өлеңдер жинағындағы көркем
ерекшеліктерді былайша айшықтап береді: «1. Кірме сөздің сұстылық,
тылсымдық сипаты. 2. Көне сөздердің – ұлылық, көнелік, шайырлық,
экзотикалық сипаты....», – деп тың түрлік түзілістерді жоғары көркемдік
эстетикалық талғаммен талдай отырып, сөз қолданудағы тапқырлықтарына оң
баға береді. Поэзияның поэтикасын ашатын тереңдік пен көркемдік кеңістікті
жырдағы жүйелі философиялық ойлар мен образдардан іздеген сыншы ақын
автордың өзгеге ұқсамайтын өрнектерін өзгеше бір сүйіспеншілікпен,
адалдықпен аңғарып, бар асылын алға жаяды. Тегеурінді жырымен талантын
танытып үлгерген ақын сіңлісіне айтар арызы да жоқ емес. Ақын қыздарға тән
ортақ олқылық ойдан шығарған «Сіздерге» арналған тұтас өлеңдер циклінің
«поэзиялық тұрғыдан тағар міні болмағанымен» Әлиядай әдепті, рухани тегі
мықты таланттарға жараспайтын, тақырыбын тарылтатынын айтып, осы
сарыннан сақ болуын ескертеді. Жеке aқынның шығaрмaшылық
шеберхaнaсын, оның поэзиясын жaн-жaқты тaлдaғaн әдеби сын мaқaлaдa өлең
сөздің қисындaры, мaзмұн мен пішін мәселелері, теңеу, эпитет, әсірелеу
тәрізді бейнелеу құрaлдaрын ұқсaтып қолдaну шеберліктері aрнaйы сөз
болaды. Ақынның өлең құрылысындaғы жaңaшылдық, мaзмұнды жеткізудің
қaрaпaйым ұстaнымдaрынa жүгінуін, сұлу сөз, ұйқaс қуып кету сияқты
кемшіліктерден ада екендіктерін нaқты көркем мәтіндерді тaлдaу бaрысындa
дәлелдейді. Тaлғaм тaнымы мен білімдaрлық, кәсіби шеберлік aвтордың
көркемдікті тaни білетін көрегенділігіне бaйлaнысты екендігін ескерген
сыншы aқынның өз тaбиғaтынaн шыққaн тегеурінді толғаулары өзі көрген
нәрсесін, білгенін, бaйқaғaнын, сезініп, жүректен өткізгенін жaзғaндa ғaнa
осындай отты да ойлы, шынaйы шығaрмa тудырa aлaтынын, тaзa тaлaнт қaнa
осындaй биік тұғырдaн көрінетінін жеткізеді. Сыншының өзі де ақын
болғандықтан aқынның шығaрмaшылық тaбиғaтын тaнып, көркемдік әлеміне
еркін еніп, шеберлік сырын тереңдей талдай алған. Және оның туындылaры
турaлы әділ де батыл пікір aйтуғa морaльдық құқыққa ие сыншы Әмина
апамыздың сөзді тани білетіндегі, не айтса да біліп айтатындығы қуантады.
Ал, «Біржан сал ма, Біржан шал ма?» деген атынан-ақ көңіл толмаған адуын
ашудың лебі есетін мақала әдеби қауымды бір дүрліктіргені мәлім. Біржандай
халықтың санасында сұлу да сазды әнімен, келісті де көркем мінезімен,
ешкімде жоқ ерке салдығымен есте қалған әншінің «Біржан сал» киносындағы
қораш бейнесі, сал мен серіге жараса қоймайтын кейбір қылықтары мен
сөздеріне шыдамаған сыншы апамыз не дейді: «...Қандай кино түсірсе де «Мен
осы кинода өз ұлтымды, оның ұлттық кодын, қадір-қасиетін қаншалықты
көрсете алдым, ұлттың намысына тиетін, оны қорлайтын іс-әрекет жасап,
басқа елдің алдында күлкі-мазақ етіп тұрған жоқ па?» – дегенді, әсіресе тарихи
кино түсіргіштер ойлауы тиіс... Егер тек нақтылықты, дөрекі натураны сол
қалпында көрсете берсек, көркем өнер не үшін қажет?», – деген ойлары
көпшіліктің көкейіндегі сауалдар екендігі шындық. Сыншының жүректен
шыққан шын сындары мен шынайы сөздері кинодағы өрескелдіктердің
(атүстілік, асығыстық, ұлттық салт-дәстүрді дұрыс дәріптемеу, білімсіздіктен
туындаған кемшіліктердің көзге ұрып тұрғандығы шымбайына батқан сыншы
шамырқанып сынға алады. Бас кейіпкер Біржанның образының ашылмауы,
әншілік талантының танылмауы, қазақтан өзге еш елде жоқ салдарға қатысты
өрескел қателердің өріс алуы (ауылға қарай атпен шабуы, т.б.) секілді көптеген
кемшіліктерді тізіп беруі сыншының ұлтжандылығына қоса не айтса да біліп
айтатындығын аңғартады. Ұлт мүддесі, ел мұңынан шет қалмайтын халық
өкілі өнерлі адам – Біржанның соншалықты бос, салғырт, жауапсыз бейнесі
мақалада өткір сынға алынған. Уытты тілмен ащы сын, ақиқат ой айтқан
Әмина Құрманғалиқызының сын пікірлері шымбайына батқан Ербол
Алшынбайдың «Сын сындарлы болсын» (03.11.17.) деген мақаласында 2008
жылы көрсетілімге шыққан киноға енді байбалам салып жатуды оғаш санай
келе: «...Автордың мақсаты сынау ма, әлде мінеу ме? Сын әдепті болса сын.
Мақаланың тұтас болмысынан дүрсілдеген, зіркілдеген эмоция мен өзі
айтқандай «не де болса қамтып қалайын» деген ызасы көрініп тұр», – дейді.
Сыншы апамыздың кинода алты аласы бес бересі бар ма екен, әлде біреуден
ала алмай жүрген өші бар дейсіз бе? Әр адам, көрермен өзінің ойына қозғау
салған туынды туралы өз әсерін, ойын жазуға құқылы емес пе? Қазақ
қиялындағы Біржанды, оның әдемі әндері мен көркем кескінін көргісі келгені
айып па? Және ол жалғыз сыншының ғана емес бүкіл қазақтың арманы емес
пе еді? Меніңше, сыншы ызасы мақаласында айтып өткен кемшіліктерге деген
өз көзқарасы. «...Тағы бір күлкілі жайт, өз жазбаларын тұтас этнографиялық
мәселеге арнаған сыншының қазақтың «Сал-сері» деген әлеуметтік әскер
орденінің жайы мен жапсарын білмейтіні, олардың бір мағына беретінін
ескермей екі категория ретінде қарастырады деп қынжылады, оған ән
мәтінінен мысал келтіреді: «...Ал, өз жанымыздан қосарымыз, сізге себеп
болып отырған Біржан салдың «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Өзім сал,
өзім сері кімге зармын», – деген әнін біздің сыншымыз тыңдап көрмегені
өкінішті. Сондықтан жарты ақпарат, жартыкеш біліммен өлі аруақты
күңірентпей, тарих туралы сөз айтар алдында кез келген ұстазсынған
жазарман сауатын ашып алғаны абзал», – дейді. Дұрыс-ақ. Алайда әдебиеттен
қара жаяу емес Әминаның сынында аруақпен алысу емес кино түсірушілерге
деген өкпе-базына ғана жатыр емес пе? Тегінде фольклортанушы мамандар
сал мен серіні екі категория ретінде қарастыратыны анық. Өйткені олардың
атқаратын функциясы да, мақсат-талабы да екі түрлі. Ә.Марғұлан,
Е.Ысмайылов, Ш.Керімов секілді осы тақырып төңірегінде ғылыми еңбектер
жазған ғалымдардың пікіріне сыншы сүйенген болу керек. «Киноның тілі
деген болады. Оны үгіттің, насихаттың жалынды сөзіне үйреніп қалған апам
қайдан түсінсін....», – деген кекесін, мұқатулар, жеке бастың намысына тиісу
біздің сынымызды өсіре қояр ма екен? Сын авторға емес, тек туынды
төңірегінде айтылуы тиіс емес пе? Мұндай мысқылдар сын мәдениетінің
төмендігін көрсетпей ме? Осы ретте «Көркем әдебиетші болудан оның
сыншысы болу қиын. Сын – мін тағу емес әрине, өзінің қолынан келмеген іске,
сырттан қарап тұрып мін тағу оңай ғана нәрсе. Ол әркімнің қолынан келетін
көкшолақ, бірақ әдебиет шығармасына тіл алғыш ұшқалақ қаламды айдап мін
тағу мен негізгі тексеріспен толық сын берудің арасы жер мен көктей нәрсе»,
– деген Сәкен Сейфуллиннің сөзін тағы бір ескермеске болмас. Әрине, Сәкен
ағамыз айтқандай, «сынаймын деген адамның аузына ешкім қақпақ бола
алмайды. Бірақ сынды былғамай сынасын, сын шын жолымен жазылған
жолдастық сын болсын». «Дұшпанымның жаны шыға жамандағанынан
сөзімнің тәуір шыққанын білдім...», – дегендей, Әмина апамыздың қазақ
өнеріне деген жанашыр сөзі кино төңірегінде жүрген талайлардың
шымбайына батқан секілді. Рухы мықты адамды ешқандай сын сындыра
алмасы хақ және сын – қайрақ, ол шыңдайды, қайрайды, қайта қуаттандырады,
сонсын «сырт көз – сыншы» бөгде адамның байқағанын автор біле бермеуі
мүмкін, сондықтан әділ сынға шамданбай дұрыс қабылдаған оң болар. Сыншы
міндетінің өзі – барды бар, жоқты жоқ деу, бұлай болса тәуір болар еді деп,
түзеу, жөн сілтеу, жазушыға жәрдемдесу, жанашырлық таныту емес пе?
«Турасын айтып туғанына жақпаса да» сыншының міндеті – әділ сөйлеу,
дұрыс бағалау, елді адастырмай жазушыға дұрыс бағыт беру, ал өнердің
құдіреті – адамның жан әлемін әсемдікке тәрбиелеу. Әминаның шын жүректен
шыққан шынайы сыны, мінезді міні ешкімді мүйіздемейді, сынаса да авторды
емес, оның туындысын, ондағы олқылықтарды сынайды. Сыншы өзге елден
өнеге алар ісін үлгі етіп, рухани кеңістегі түсінушілікті тілге тиек етіп отыр.
Сөз өнері – дерт десек, дауасы жоқ дерттің шипасы сын, шын достың жылатып
айтар ақиқаты. Кісі тебірентерлік тағдыр тағлымы тапшы, әсерлі де әсем, адам
рухын көтерер киелі сөзі жоқ, ұлт мақтанар, ұрпақты өсірер өнегесі жоқ өнер
кімге дәрі? Жалпы сында артық, кем пікірлер айтылуы заңды құбылыс,
керісінше түрлі ой таласы, пікір қайшылығы болған сайын көркем шығарма
табиғаты жан-жақты ашыла түспей ме? Қазір жақсы кітап шықса да, жаман
кино шықса да көңіл аудармайтын, селт етіп не жақсы, не кемшін тұстарын
айтпайтын алмағайып заманда Әмина секілді елгезек, батыл сыншылардың
арамызда барына қуанбаймыз ба? Өлі тыныштықтан гөрі санамызды селт
еткізер сынды сағынбаған қазақ бар ма, бүгінде? Ол олқылықтың орнын
толтырып өз сындарында әдебиет тарихынан да, тіл білімінен де, сөз өнерінің
поэтикалық әлемінен де жақсы хабары бар, әрбір сөздің құнын білетін,
олардың көркемдік қызметін аңғара алатын алғыр апамызға алғыстан басқа
айтарымыз бар ма? Әрбір сыншы ең болмағанда осы кісі секілді әдеби
процеске белсене атсалысып, өзінің жеке болса да сыни көзқарастарын
білдіріп отырса, онда біздің сынымыз сауаттана әрі құнарлана түсер еді.
Наполеонның «Когда народ перестают жаловаться они перестают мыслить...»
деген сөзі осы сынға арналғандай. Адамзат тағдыры, ұрпақ келешегіне
қатысты қандай саладағы кемшіліктерге көз жұмып қарау, оларға сыни
көзқарас болмаудың түбі рухани тоқыраушылыққа түсірері табиғи заңдылық.
Біздің рухaни өмірді жaндaндыруғa деген енжaрлығымыз шынындa сын
көтермейді. Көпке ортaқ ұлттық рухaни құндылықтaр төңірегіндегі
пікіртaлaстaрды көбіне жеке бaсқa тұсaулaудың кесірінен шынaйы
көркемдікті тaнымaу тәрізді теріс көзқaрaс, кесапатты кесірлік, сынды
қaбылдaй aлмaушылық қанат жайып келеді. Бұл, әрине, біздің мәдениетіміздің
кемшілігін, мaмaндaрдың өз ісіне деген енжaрлығын, қaғылез еместігін,
жaуaпкершілігі төмендігін танытады. Мәселен, Несіпбек Дәутайұлының
шығармашылығына байланысты жарық көрген үш мақаланың ішінде сыны
бар мақала да осы Әмина Құрманғалиқызының «Аты жоқ әңгіме немесе айдың
арғы беті» деген еңбегі. Қарапайым оқырман байқай бермейтін жердегі
сұлулықты көре білетін де, оны бағалап, жеткізе білетін де сауатты сыншы. Н.
Дәутайұлының әңгімелеріндегі әдемілік, көркемдік, шеберлік, шындық, кәсіби
шеберлік мәселелері тaлдaнып, шығaрмaшылық ізденістері мен ерекшеліктері
сaлыстырылa талданған мақалада міні де ескерусіз қалмайды. Танылған, әдеби
ортада әбден мойындалған сақа суреткердің сөз қолданысындағы салақтық,
біреудің төлқұжатына айналған сөздер мен көркемдік детальдарды біле тұра
қолдануы секілді әбестіктерін де байқап, батыл сынайды. 2017 жылғы әдеби
сында әдемі ойларымен, жаңа бір формалық ізденістерімен танылған тағы бір
талантты сыншының бірі – Маржан Әбіш. Сындағы жаңа тың есім
Маржанның «Әділетсіз баға немесе көркемдік» (05.05.2017.205 қаралды) атты
мақаласында республикамыздағы белгілі әдеби журналдарға («Үркер»,
«Жамбыл», «Адырна», «Жұлдыз») шолу жасап, олардағы шығармашылық
ізденістерге баға береді. Жас сыншы әрбір әдеби басылымдардағы айдарлар
санына, соларда жарияланған өнімдерге өз тарапынан талдау жасай отырып,
сын мақалалардың аз жазылатынына, осы орайдағы ұйымдастыру
мәселелерінің кемшін тұстарына, көбіне дайын проза мен поэзиялық
шығармаларды шығаруға бейімділікті, жылдар бойы бір романды басуға, бір
басылымда жарияланған мақалалардың екінші басылымдарға көп ұзамай
қайта жарияланып жататын авторлар этикасына жатпайтын өрескел
қылықтардың өріс алуына өз өкпесін білдіріп, өткір сынға алды. Әдетте әдеби
журналдар жаңа шығарманың ең бір шұрайлы бөлігін ғана басып, оқырманды
қызықтырып, сол кітаппен жүздесу сәтін ұйымдастыруға ұйытқы болуы,
бүгінгі бәсекеге барынша дайын болуы жөніндегі батыл ұсыныстары оқушыға
ой салады. Маржан Әбіштің «Үшеуден бастадық» (14.07.2017.556 қаралды)
деген формасы да жазылу стилі де өзгеше сын хаттары да оқырман назарын
аударады. Өз қатарлас қаламгер шығармаларына айтқан батыл болса да
қамшысы батпайтын қиянатсыз, жанашырлықпен айтылған сындары
салмақты. Зілі жоқ замандас арасындағы зиянсыз сындар авторға да
оқушысына да ой тастайды. Эпистолярлық жанр стиліне тән лаконистік леп,
аз сөзге көп мағына сыйдыратын сырбаздық сыншының ізденімпаздығын,
жанрды түрлендіріп, стилін сонылауға талаптанатынын көрсетеді.
Оқып көрелік: «Сіз – ақынсыз! «Сіздің «Мөлтіліңіз» туралы айтылар
әңгіменің ауаны адам шаршатарлық. Жағымды пікірге қарағанда жағымсызы
көп пе деп қорқамын. Мейлі «шешінген судан тайынбас». Бармай жүрген
тәуекел ме бұл?! ... («Мөлтілге» енген 7 әңгіме, 1 хикаят жөнінде) Пышақтың
қырынан да жіңішке жинақтан, шынымды айтсам, селт еткізер көп дүние көре
алмадым. Әлқиссасы «Әнсар қалпеден» басталған кітап іш пістырарлық десем,
артық болар, әйтсе де ара тұра қалғып кетуге мәжбүрлейді. Жазуыңызда да,
тақырыбыңызда да, баяндауыңызда да жаңалық жоқ». Мәссаған! Не деген
батылдық, тап бір төбеден қойып қалғандай. Апырмай автордың жүрегі қалай
еді деп ойлайсыз еріксіз. Аз сөзге салмағы ауыр сын жүктеген автордың
амбициясы оқырманды ынтықтыра түседі. Ары қарай оқылық: «...Сіздің
орныңызда болсам, мазмұндағы бес әңгімені («Әнсар қалпе», «Бүйрек пен
талап», «Жұмыс тапқан әйел», «Тау басындағы қардың дәмі», «Самұрықтың
зары») жинаққа мүлдем қоспас едім. Бұларды көркем шығармадан гөрі
естелік-эссеге көп ұқсастықтан болар, «тіске басар» әңгіме сықылды
қабылдадым. Аталған шығармаларыңызда ошақ бар, от жоқ. «Мөлтіл»
жазушылық қабілетіңізді толық көрсете алмаған кітап», – деп түйіндейді.
Мазмұндау емес, жүйелеу, түйіндеу бар, туған биде туыс жоғы аңғарылады.
Сыншы әрине, көріпкел емес, алайда ащы сын авторды қайрап, шеберлігін
шыңдауға себеп болары сөзсіз. Кейін сыналған жазушының бір бәйгеден
бірінші орын алғанын естіп, қуанып қалдық. Мақаласындағы өзге авторлар –
Қанат Тілеуханның «Қараштың әңгімелері» мен Қанат Әбілқайырдың
«Көршінің қызына» айтылар сындарды да оқыған оқушы өкінбейді. Сынға
жаңа келген автордың айтары бар, өзіндік пікірі, сыни көзқарасы бар, өзгеше
өрнек алған жазу стилі бар. Үміт күттіретін сыншы, тек әдеби басылымда
жүріп бай тәжірибе, білім жинаса, өзін кәсіби сыншылыққа бейімдесе, тәп-
тәуір «тура би» боп шыға келер еді. Өзі айтқандай рас айтам.
Өткен жылдың өзекті мәселесінің бірі – әсіресе әдеби басылымдарға
кеңінен сөз болып, Қазақстан Жазушылар одағының 300-ден аса қаламгері
қатысып, депутат Бекболат Тілеуханның қатысуымен өткен алқалы жиын
қазақ әдебиетін мектептер мен ЖОО-да оқытуы мәселесінің көтерілуі еді.
Оқырманы жоқ әдебиет құрдымға кеткен әдебиет. Бүгінгі баладан бастап
жүйелі дұрыс оқытылмайтын әдебиет қайда барып оңбақ? «Қазақ әдебиеті»
газетінің тілшісі Қарагөз Сімәділдің әзірлеуімен жарияланған «Ар ілімі немесе
әдебиет ғылымы туралы» деген (24.02.2017.1354 қаралды) Жыл бойғы
мақалалардың ішіндегі ең көп оқылған мақала да осы екен – 1354.
Республиканың бірнеше ЖОО-ның профессор ғалымдары (Ж.Дәдебаев,
А.Ісімақова, С.Ержанова, Ж.Дәулетбекова) қатысқан пікірталаста «қазақ
әдебиеті», «қазақ тілі», «филология» пәндерінің жеке пән ретінде жоғары және
Жоғары білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының жаңа тізіміне енбей
қалуы, осы мамандықтағы бакалавр бағдарламаларын толық аяқтаған студент
бұл мамандықтар емес, «Тіл білімдері бакалавры» деп аталатыны жөніндегі
пікірталасқа шет елдік мамандар да қызу араласып, өз тәжірибелерімен
бөліскен. Болашақ ұрпаққа, ертеңгі оқырманға әдебиетті қазақ тілінде оқытпай
ұлттық құндылықтардан айыру ұлттың тамырына балта шабу екендігі, оған
әрбір қазақ, әрбір зиялы қауым, елдің ертеңін, ұлтын, ұрпағын ойлаған
зайырлы мемлекет немғұрайды қарамайтындығы өткір де өзекті мәселе
ретінде көтерілген.
Әдетте әдебиеттану ғылымы мен сын қашаннан бір-бірін толықтырып,
көркем әдебиетті тұтастай зерттеудің нысаны етіп келеді. Әдебиетші ғалымдар
жеке жазушылар шығармашылығы мен әдебиеттегі жаңа бағыттар, әдеби
кеңістіктегі тақырып, идея, образ, стилдік ерекшеліктер мен поэтика
мәселелері жөніндегі ғылыми теориялық талдауларды таңдаса, сыншылар
көбіне шығармашылық портреттермен шектеледі. Соңғы жылдары біздер
мерейлі той иелеріне арналған мақалаларды да сын санатына қосып
жүргеніміз шындық. Aқынның көтеріп отырғaн мәселелері, тaқырыптaры дәл
сол кезеңнің рухaни aйнaсы, көркем шежіресі екендігін aйтaды. Бұл мaқaлaны
көрнекті қaзaқ aқыны қaлaмгерлік қaсиетін, көркемдік әлемін, стилдік
ізденістерін, жaңaшылдық, кәсіби шеберлігін тұтaс жүйеде тaлдaғaн ұлттық
әдебиеттaну ғылымындaғы бірден-бір ғылыми зерттеу жұмысы деп тaнығaн
дұрыс. Елді елең еткізерлік жаңа ой, тосын талдау, сыни пікірлер бой көрсете
қоймайтын бір сарынды жазылған мақалалардың дені мерей той иелеріне
арналған. Сондықтан оларды тізіп жатуды жөн санамадық. Қажет деп
тапсаңыздар, газеттегі мақалаға беруге болады. Сондай-ақ Нұрлайым
Батырдың Тұрысбек Сәукетаевтың «Жынды» романы туралы жазған «Бұл
«жынды» қай жынды?» мақаласында бүгіндері елді жайлаған немкеттіліктің
дәуір дерті ретінде көрініс тапқанын, жеке адам өмірінің құнсыздануы, отбасы
институтының құлдырауы төңірегінде көтерілген мәселесінің маңызын айта
келіп, кейіпкердің тағдырын өзгерткен басына кірпіш түсуінен ерекше қабілет
пайда болып жазушы болып кетуі, Америкадағы жындылардың мәжілісіне
қатысуы, кездейсоқ кездескен Үміт секілді Алаш зиялысының ұрпағына
үйленуі, т.б. сынды сенімсіз сюжеттердегі олқылықтарды орынды сынайды.
Аманхан Әлімнің Қуандық Түменбаевтың шығармашылығы туралы «Өмір
сыры немесе қояншық тақырыбына қалам тартқан жазушы Қуандық
Түменбайдың үш әңгімесі» деген мақаласы тамсанудан гөрі «турасын айтып
туғанына жақпағаны» әлдеқайда тұшымды болар еді. Жазушының талай
оқырманды оғаш ойлы кейіпкерлерімен, заманның зұлымдығын өлердей
суреттеуге деген құмарлығын, әсіресе Аманхан талдап отырған «Адам» деген
әңгімесіндегі анайылық, «Ана» атты қасиетті ұғымға жат жабайы сөздердің
айтылуын, жұртты жирендіріп жүрген шығармаларын мадақтаудың орнына
орынды сынмен авторға ой саларлықтай етіп жазса ұтымды болар еді. Немесе
ондай шығармаларын зерттеу нысаны етпеу керек еді. Керісінше, «Дос
жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтпас» па? Сын жанрының күрделі бір
түрі – проблемалық мақалалар. Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселесінің
бірі – кітап басылымы, оның таралымы, насихаты, тиражы, жөніндегі
проблемалық мақала авторы – көрнекті ғалым, баспагер Шериаздан
Елеукенов. Оның «Жазушының жазғаны елге жетпесе...» (10.02.17) деген
мақаласында қазіргі уақытта елімізде баспа, полиграфия және кітап саудасы
мәселелерінің мүлдем күн тәртібінен алынып тасталғаны, онымен
шұғылданатын арнайы министрлік түгілі агенттіктің де жоқ екендігі, бұл
мәселеге мемлекеттік тұрғыдан көңіл бөліп қамқорлық көрсетілмей рухани
жаңғырудың болмайтындығы өткір сынға алынса, Исраил Сапарбайдың «Іште
пікір өлгенше...» (30.03.17) деген мақаласында тәуелсіздік тұсындағы
тоқыраушылық, қаламгерлер тағдырындағы қиыншылықтар, киелі сөздің
құлдырауы, оқырманнан айрылу, рухани демеуші халықтан айрылу, т.б.
секілді бүгінгі күннің кескін-келбеті, әдеби процестегі өзекті мәселелері сөз
болады. Әдеби басылымдардың бірі – «Жұлдыз» журналында жарияланған
Айгүл Кемелбаеваның «Аманатқа адалдық» Қасымхан Бегмановтың
«Этнографиялық әңгіме» атты кітабы туралы мақаласы, Ж.Дәдебаевтың
«Зейнолла Қабдоловтың романдары», Бақыт Сарбалаевтың «Жүректің сөзі –
өмірдің өзі» деген Өмірзақ Қажымғалиевтің «Кемел» деген романы туралы,
Айгүл Ісімақованың «Ұлы көш туралы роман» атты мақалаларында да бүгінгі
әдеби сын, әдебиеттану мәселелері сөз болады. «Ақиқат», «Жалын»,
«Жамбыл», «Простор» журналдарында да бүгінгі әдебиет мәселелері
жөніндегі мақалалар сирек болса да жарық көріп жатады. Әдеби
басылымдардағы әдебиетке, сынға, жеке көркем шығармаларға қатысты
дүниелерді бір шолып өткенде байқаған кемшілігіміз – жaзушының жеке
бaсындaғы кемшіліктерді теру мәселесі көзге көп түседі. Оған Қазақстан
Жазушылар одағының кезекті пленумы айналасындағы айтыстарды айтудың
өзі жеткілікті. Жалпы әдебиеттің көркемдік шaрттaрын жүйелеген поэтикaлық
әлемді тaнуғa деген тaлаптың тапшылығы өкінішті. Осы ретте өз тарапымнан
өтініш, әлде ұсыныс ретінде айтарым: Біріншіден, қазір уақыт өзгерді, көркем
әдебиет те олардағы әдеби ағымдар да, оларға деген көркемдік шарттар да,
талаптар да өзгерді. Кез келген ұлттың сөз өнерінің даму, жетілу процесі
әлемдік ақыл-ой қазынасымен бірлікте дамитыны белгілі. Олай болса, қазіргі
қазақ әдебиетінде бой көрсеткен постмодернизм бағытына бет бұрған проза
мен поэзияны бұрынғыша талдай алмаймыз. Екіншіден, қазіргі әдеби сында
көркем эстетикалық және аналитикалық талдаулар тапшы. Кәсіби деңгейде,
әдеби көркем сын жанрының шарты мен талабы көбінде ескеріле бермейді.
Жанр табиғатын ашатын көркемдік категориялар, әдеби ұғым-түсініктер,
ғылыми терминдер қолданылмайды, көбінде көпірме мадақ, сылдыр сөздер,
нақтылы туындыны аналитикалық, эстетикалық, теориялық тұрғыдан
талдаудан гөрі жалпылама шолу, үстүрт баяндау басым. Нақты сөйлеу,
тақырыпты зерттеп, көркем мәтіннің жетістігі мен кемшілігін, көркемдік
ерекшелігін жіті байқап, біліп жазу, талдау жетіспейді. Үшіншіден, біз шын
мәніндегі кәсіби сынды өсіргіміз келсе, әр жылдары жарияланып жататын
әдеби конкурс талаптарына сын жанрындағы мақалаларға да бәйге жариялау
ендірілсе, сөйтіп сынға келген жастарға моральдық және материалдық
қолдаулар мемлекеттік, одақтық тараптан тұрақты түрде көрсетіліп отырса
нұр үстіне нұр болар еді. Әдеби сында тәжірибесі мол кәсіби мамандарға әдеби
басылымдардан бағана беріліп, көркем әдеби процесс туралы ой пікірі тұрақты
ұйымдастырылып отырса... Бұл жас сыншыларға бағыт бағдар берерлік,
шеберлік мектебі болар еді. Қазіргі әдеби-көркем сынның эстетикaлық,
тәрбиелік қaсиеттеріне, теориялық тұжырымдамaсына сүйенсек, шынындa дa
тaлaнттaрды тaнитын дa, тaбaтын дa, олaрды тәрбиелейтін де тaзa сын, әділ
пікір, жaнaшырлық ой. Ең бaстысы, әдеби шығaрмaның көркемдігін, оның
aвторының тaлaнты мен кәсіби шеберлігін тaп бaсып, дәл диaгноз қоятын
сыншының aсқaн білгірлігі мен тaлғaмпaздығы, әділдігі, әдебиет aлдындaғы
aр тaзaлығы, жaуaпкершілігі. Жaзушының қaйрaғы – сыншы. «Сын – мидың
жaнуы. Сын ойлaрды қосып, aдaмның пікірін қaйрaп отырaды. Сынсыз
жaзылғaн сөз қaйрaлмaғaн пышaқ сықылды. Сондықтaн бізге сын керек», –
деген Смағұл Сәдуақасовтың сөзі бүгін де көкейкесті. Қaзaқ зиялысы,
қаламгерлер жүгі ауыр сынды жастарға жүктеп қоймай қазіргі мәдениет,
әдебиет, өнер мәселесінің зәру тaқырыптaрынa белсене aрaлaсып, ұлттың
рухaни келешегі үшін aянбaй күресе білгені жөн. М.Әуезовтің: «...Гогольді
Тургенев танытқан жоқ, Белинский түсіндірді. Сөйтіп, тарихта жазушыны
сыншы мен әдебиет тарихшысы түсіндіреді» деген сөзі де тегін айтылмаса
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |