Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#5472
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Аннотация.  Статья  рассматривает  роль  новой  технологии  обучения  на  уроках  изобразительного 
искусства  начальных классов.  
Annotation.  In the article is considered the role of using new technology teaching at  Fine Arts classroom at 
elementary school.  
 
 
Г.Ж. Жҥсіпова 
 
ОЗЫҚ    ОҚЫТУ    ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ТИІМДІЛІГІ 
 
ӘОЖ  37+001.895 
            Ж 91 
 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың      2011  жылғы    «Болашақтың    іргесін    бірге    қалаймыз!»      атты 
Жолдауында    «Ӛмір  бойы  білім  алу»  әрбір  қазақстандықтың  жеке  кредосына  айналуы  тиіс 
деген  пікірі  басты  назарда  болды.  Жолдауда:  «Сапалы    білім    беру    Қазақстанның  
индустрияландырылуының     және    инновациялық    дамуының  негізіне  айналуы  тиіс», -  делінген. 
Соған  орай  әрбір  қазақстандық  мҧғалім білім  берудің  сапасын  арттыру  ҥшін,  қазіргі  білім  
беру  жҥйесін  дамыту ҥрдісіне  ӛзіндік  ҥлес  қосуы тиіс. 
Еліміз  егемендік  алып,  дербес  мемлекетке  айналған  Қазақстан  Республикасының  білім  мен 
тәрбие беру саласына тың ӛзгерістер енгізіліп, жаңа талап, міндеттер қойылып отыр. 
ХХІ ғасырда жаңа ақпараттық технологиялар және жаңа қалып мҧғалімдерін даярлау талаптары 
жаңарған   кезеңдегі   мҧғалімнің   шығармашылық іс-әрекетінің  мазмҧны  зерттеушілік  қызметтен,  
жеке    ізденістерден,    оқушының    дарындылығын      таныта    білуден    тҧрады.    Ахмет    Байтҧрсынов  
атамыз  кезінде: «Жақсы  мҧғалім  мектепке  -  жан  бітіреді», - деген. 
Әр  кҥні  кӛптеген  ғылыми  жаңалақтарға  терең  әлеуметтік  ӛзгерістерге  толы  қазіргі  кезеңде 
оқушыларға берілетін ақпарат кӛлемі кеңеюде. Сондықтан, білім берудің әдістемелік негізін ӛзгерту 
заман талабына сай туындап отырған қажеттілік. Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты ӛз бетінше 
дами  алатын  жеке  шығармашыл  тҧлғаларды  қалыптастыру  болғандықтан,  мектеп  қабырғасында 
оқушылар ӛз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруі тиіс. 
Білім  мазмҧны  ақпарат  кӛзі  болып  қана  қоймай,оқушылардың  ӛздігінен  білім  алу  қҧралына 
айналуы керек. Бҧл мақсатқа жету жолында  оқушылардың ӛзіндік танымдық белсенділігін арттыруға 
арналған дәстҥрлі және дәстҥрлі емес сабақтардың тҥрін ӛзгертіп отыру нәтиже беретіні сӛзсіз. 
Заманауи мҧғалім алдына мынандай мақсаттар қойюы тиіс: оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне сҥйене 
отырып, оқушының ізденгішітік, танымдық іс-әрекетіне, ӛмірге кӛзқарасын қалыптастыру ӛз жҧмыс 
тәжірибесінде  дәріс  беріп  жҥрген  пәндері  бойынша  алға  қойған  мақсаты:  оқушылардың  білімін  іс 
жҥзінде  пайдалана  білуге  ҥйрету.  Сабақ  барысында  оқушының  ізденуі  мен  зерттеу  дағдыларын 
қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 

 
75 
 Джон Дьюи: «Білім еркіндікке барар жол:біз қоғам ӛміріне араласа отырып, ӛзгеше ойласақ, 
ӛз  тәжірибеміздің  нәтижелерін  сараптай  алсақ,басқалардың  біздің  ӛмірімізді  басқаруына  жол 
бермесек,жаңаны  байыппен  қабылдап,зерттеп,оның  нәтижесін  ӛз  іс-әрекетімізді  басқару  ҥшін 
пайдалансақ,  біз  соншалықты  еріктіміз»,  -дейді.  Осы  бір  қағидалы  сӛз  қайсы  бір  білімді  де  саналы 
адамзатқа ой салары сӛзсіз. Ӛзіме осы сӛзді негіз ете отырып, ҧлтымыздың қазіргі ӛзгермелі заманға 
бейімделген жастарын тәрбиелеп білім беруді нағыз болашаққа апарар жол деп білу қажет. 
 Білімнің  жаңа  мазмҧнын  жҥзеге  асыру  ҥшін  жаңа  технологиялар  қажет-ақ.  Оқытудың  жаңа 
технологиялар  мектепте  оқу  ҥрдісіне  қажетті  амал,тәсіл,әдіс,  дидактикалық  талап  секілді  іс- 
әрекеттердің  кешені  ретінде  пайдаланылады.  Ол  оқушылардың  тәртібіне,оқуға,ынтасына  ,оқу-іс-
әрекетіне  игі  мҧғалімдердің  интеллектуалдық,  шығармашылық  қызметі  болып  табылатын 
педагогикалық  іс-тәжірибесінің  нәтижелілігіне,  жинақтылығына  ҧтымды  әсер  ететіндей  оқу-тәрбие 
ҥрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған кӛптеген факторлардың ҥйлесімділігі оқыту мен 
тәрбиенің  тиімділігін  қатамасыз ететін жаңа  қҧрамдас бӛлігі.  Қазіргі кезде  білім  беру  ҥрдісінде  50-
ден  астам  жаңа  технологияның  тҥрлері  қолданылады  екен.
 
Сондықтан  да,      мҧғалімнің    сабағында  
жаңа    инновациялық    технология    тҥрлері    іске      асып,    дҧрыс      нәтижеге        жетсе,        мҧғалімнің     
мақсатының    орындалғандығы.  Мен  ӛз  сабақтарымда яғни,   қазақ  тілі  мен әдебиеті  пәндерін  ӛту  
барысында    сабақ    мақсаты  мен    міндеттерінің      сабақтаса    қойылуына    ҥлкен    мән    беремін.  
Сабақтың      мақсатын    қоюдағы    сабақтастық,    оқушылардың    оқу    материалының    әлеуметтік,  
практикалық,  мәнін  тҥсіну  қажеттілігі  болуы  негіз.   Оқу  процесін  білімнің  белгілі бір  кӛлемін  
ғана  ҥйрететіндей  етіп  тҧру  керек.  Білімді  оқушының  ӛз  кҥшімен  алуына  сҥйенбеген сабақ,  
оларды    жастайынан    бастап    қасықты    қолына  бермей    тамақтандырғанмен    бірдей.    Ал,    ӛмір  
дербестікті  қажет  етеді.  Тҥсіндірусіз  білім  жоқ.  Бірақ барлық  нәрсені тҥбегейлі дайындап беру де 
дҧрыс    емес.  Бҧндай    жағдайда  оқушы    ӛз    бетімен    жҧмыс    істеуге    бейімделмейді.    Ӛткен  
тақырыптарға    қатысты білімді    оқушыға    айтқызу,  жаңа      ақпараттарды       мҧғалімнің   ӛзі    берген  
дҧрыс.  Яғни тҥсініктіден  тҥсініксізге,  жеңілден  ауырға қарай  жетелеу. Оқушының  алған  білімін  
ӛзі  ӛңдеп,  қорытындысын  ӛзі  дайындауға ҥйрету  керек.  Сонда  ғана  оқушы  шығармашылыққа 
бет  бҧрып,  ізденімпаздықты ҥйренеді. Мҧғалім - басқарушы, ҧйымдастырушы. Оқушы  - ізденуші,  
орындаушы.    Әрбір    сабақтың    нәтижеге    бағытталып    берілуі    оқушы    қҧзіреттілігін  
қалыптастырады.  Оқушы  ӛз  жҧмысын  қорғау  барысында  сӛйлеу  мҥмкіндігіне  ие  болады,  сӛздік  
қоры    молаяды,    белсенділігі    артады.    Ал  енді  осы    талаптарға    сай    қазақ    тілі    мен    әдебиеті  
сабақтарын    тереңдете    оқытудың    бір    жолы  –  сатылай    кешенді    талдай    оқыту.  
Н.А.Оразахынованың   «Сатылай   кешенді  талдау»  технологиясының  негізінде  әдебиет  сабағында   
сатылай  кешенді    талдау    ӛте    тиімді.    Бҧл      технологияны    қолдану    әдісі    оқушының    теориялық  
білімін  талдау  арқылы тереңдете  тҥседі,  мақал- мәтелдің  мәнін  ашып, мағынасын  білуге поэзия  
тілін    тҥсінуге  ҥйретеді.  Шығармашылықпен  жҧмыс  істеуге    дағдыландырады.    Мысалы:    Абай  
Қҧнанбаевтың   «Желсіз  тҥнде  жарық  ай»  ӛлеңінің   сатылай  кешенді  талдау  ҥлгісіне  тоқталайық. 
Осындай  талдаулар  арқылы  оқушының  ой-ӛрісі  кеңейіп  танымдық  қабілеті арта  тҥседі, 
оқушы  сауатты  жазуға, шапшаңдыққа,  тез  ойлауға  машықтанады.  Озық  оқыту  технологияларын  
оқу  мазмҧны мен  оқушылардың   жас  және  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  
тәжірибеде  сынақтан  ӛткізуде  мҧғалімнің  іс-әрекетінің  маңызы  зор.                                    
«Қазіргі   білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгеру,  мҧғалімнің  
интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,   рухани,  азаматтық   және  басқа  да  кӛптеген  адами  
қабілетінің    қалыптасуына   игі  әсерін  тигізеді,  ӛзін-ӛзі   дамытып,   оқу-тәрбие  ҥрдісін    тиімді   
ҧйымдастыруына   кӛмектеседі»  деп  кӛрсетеді  С.В.Селевко.  [619] 
Сабақ беруде  оқыту  технологияларын  тиімді  пайдалану  білім  сапасын  кӛтеруге  бірден-бір  
ықпал    етеді.    Қазақ    тілі  мен    әдебиеті    сабақтарында  Н.А.Оразахынованың    «Сатылай    кешенді  
талдау  технологиясы» бітіруші  сыныптарды  ҦБТ-ге  дайындауға  ең  тиімді  тәсіл  екені  даусыз. 
Жоғарыда    кӛрсетілген  бір    ғана    мысал,    сабақтың    кіші  бір    бӛлшегі    ғана.    Теориялық    білімді  
тереңдетіп  беру  арқылы  баланың  санасы ӛседі. Сондықтан білім  берудің  тҥрлері  мен  әдістерін  
жаңартудың негізгі  мақсаты-әрбір  оқушының  шығармашылық  қабілетін  барынша  дамыту, ҧлттық  
ӛнердің  тҥрлі  жанрларын,  сайып  келгенде,  жалпы ҧлттық  мәдениетке  баулу  болып  табылуы  
тиіс.

 
76 
 
 
1.Авторы  А. Қҧнанбаев - қазақтың ҧлы ақыны, ойшыл философы,            
аудармашы,компазитор 1845 – 1904 жылдары ӛмір сҥрген  қазақ                   
поэзиясының кҥн шуақты асқар биігі . 45 қара сӛзі, 3 поэмасы  бар           
 («Ескендір»,«Масғҧт»,«Әзім әңгімесі»), лирикалық ӛлеңдерінің авторы. 
 
2. Тақырып – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындық. Автор ойының  
қазығы. Бҧл ӛлеңнің тақырыбы – табиғаттың әдемі, жанды кӛрінісі. 
               
3. Жанр тҥрі – поэзия(ӛлең). Ӛлең дегеніміз – белгілі бір ӛлшеммен    
қиыннан қиыстырып,ҥйлесімді ырғақпен ҧйқасып келген орнекті сӛз    
жҥйесі. Яғни бҧл ӛлең – лирикалық ӛлең. Себебі ақын табиғат кӛрінісін                   
ӛзінің ішкі кӛңіл- кҥй, сезіммен суреттеп отыр. 
 
4. Идея   дегеніміз -  автор  ӛмір  шындығын   суреттегенде, оны ӛз  
кӛзқарасы, ӛз  дҥниетанымы тҧрғысынан бейнелейді. Ӛлеңнің идеясы               
-тҥнгі желсіз табиғаттың әдемі кӛрінісін кейіпкердің  ішкі сезімімен                 
ҧштастыра   суреттеп,   сҧлулықты    дәріптеуі,   яғни   сол арқылы  ӛз             
мақсат, мҥддесін, арманын білдіреді. 
 
5. Шумақ дегеніміз – аяқталған   синтаксистік  біртҧтас  ойды  білдіреді.                 
ӛлең 5 шумақтан тҧрады. 
 
6. Тармақ дегеніміз - ӛлеңнің әр жолы. Ӛлең   20 тармақты. 
 
7.  Бунақ дегеніміз – Белгілі бір дауыс ырғағымен бӛлінуі. Бунақ саны -153 
              
8. Буын саны -7 – 8 буынды. 
                    Жел – сіз  – тҥн –  де     жа – рық - ай  
 
                      
             т.б  
 
                                    б.б                 а.б 
 
9. Ҧйқас тҥрі – шалыс ҧйқас – (а-б-а-б). 
 
10.  Әдеби теориялық ҧғымдар: 
Троп дегеніміз – сӛздерді тура мағынада қолдану,шындықты бейнелеп, тіпті          
кейде перделеп айту, ойды ӛзгертіп, ӛңін айналдырып айту. Тропқа жататын     
эпитет   пен   кейіптеу, риторикалық сҧрау бар. 
Эпитеттер – желсіз тҥнде,жарық ай,тасыған ӛзен,қалың ағаш,жасыл  жер жҥзі.                         
Эпитет дегеніміз – заттың айрықша белгілерін, ерекше сипаттарын, білдіретін сӛз 
Кейіптеу – қалың ағаш жапырағы  Сыбырласып ӛзді - ӛзі. Кейіптеу дегеніміз –         
жансыз кӛрініске , затқа  жан бітіре  суреттеу. 
Риторикалық сҧрақ – Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа .                 
Риторикалық сҧрақ дегеніміз -жауап беруді қажет етпейтін ӛлең жолдары. 
 
11. Сӛздік жҧмыс.    Жол   тосып   -кҥту   мағынасында. 
 
12 . Ӛлеңнің  негізгі  тҥйіні, тәрбиелік мәні. Ӛлең табиғатты қорғауға,табиғаттың     
сҧлу және махаббат сезіміне адал болуға тәрбиелейді. 
 
Желсіз тҥнде жарық ай
 
 

 
77 
  
Бәсекеге    қабілетті    ҧрпақ  тәрбиелегіміз    келсе,    бар    кҥш-жігерімізді  ҧлттық    мектептердің  
білім    сапасын    арттыру    ҥшін    жҧмылдыруымыз    керек.  Ол    ҥшін  оқу-тәрбие    ҥрдісінің    сапасын  
арттыратын  жаңа  технологиялар,   әдіс-тәсілдер   қажет. 
___________________________ 
1.
 
Назарбаев Н.Ә.  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!»/Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. 
Назарбаевтың  халыққа Жолдауы. Астана-2011. 
2.
 
 Бҧзаубақова К.Ж. Мҧғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын  қалыптастырудың теориясы 
мен  практикасы . Алматы, 2009 жыл. 
3.
 
 Оразахынова Н.А., Әбдрейімова К.Ә., Жайлаубаева Г.Б., Жиенқҧлова А.Т. Сатылай  кешенді  
талдау. Алматы, 2009 жыл. 
4.
 
Есімбекова Б.О..   Білім  сапасын  басқару. Алматы, 2010 жыл. 
 
Аннотация.    В    статье    рассмотрены  итоги  правильного  использования  передовых  технологий  
обучения
Annotation. In  this article searched results of the wide usage of the innovaited  methods of teaching. 
 
 
А.С.Иманбекова 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚ БАУЛУ 
 
ӘОЖ  37.5 
           И 48 
 
Бҥгінгі  педагогикалық  -  дидактикалық  ҧсыныстарға  жҥгінсек,  оқытудың  басты  міндеті  - 
мҧғалімнің  білім  беру  және  оқушының  білім  алуындағы  шығармашылық  деңгейінің  дҧрыс 
қалыптасуында. Кіші мектеп оқушыларына білім берудің ең басты ӛзгерісі ӛзінің мағынасында, жаңа 
мақсат  –  міндеттерді  қоюды  және  мектептің  іс-әрекетіне  жаңа  технологияны  ендіруді  талап  етеді. 
Қазіргі  таңда  мектептердің  алдына  қойған  бірден-бір  мақсаты  –  дамыта  отырып,  шығармашылыққа 
бейім  тҧлғаны  қалыптастыру.    Сондықтан,  оқу  әрекеті  баланың  жалпы  қабілетін  дамытса,  ал 
шығармашылық  әрекет  нақты  жағдайдағы  мәселені  шешу  барысында,  нәтижеге  жеткізетін 
қабілеттерін дамытады. Мҧғалімдердің біліктілігін арттырып, шәкіртке сапалы білім, саналы тәрбие 
беру.  Психологиялық  зерттеулер  мысалы,  И.Я.Лернер  білім,  білік,  дағдыны  жаңа  жағдайға 
тасымалдай  білуді,  объектінің жаңа  қызметін  кӛре  білуді, жаңа  шешім  таба  білуді, шығармашылық 
әрекет  деп  тҥсіндірді.  А.Н.Лук  ―шығармашылық    әрекетті,  мәселені  шешудегі  кӛрегендікке, 
қырағылыққа  балайды‖  идеяларды  іске  асыру,  болжай  білу  қабілеттерін  атайды.  Еліміздің  егемен 
алып,  тәуелсіздіктің  даңғыл  жолына  тҥсуі,  саяси  әлеуметтік  ӛміріміздің  басты  буыны  –  білім 
саласына  да  кӛптеген  ӛзгерістер  алып  келді.  Педагогика  ғылымында  мектеп  мәселесіне  арналған 
жалпы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік зерттеулер әлі де жеткіліксіз болуда. Сондықтан, 
мектептегі  оқушылардың  шығарамылық  қабілеттерін  дамыту,  қалыптастыруда  кездесетін 
қиыншылықтарды жеңе білу педагогтардың тікелей жҧмысына байланысты. Сондықтан, мҧғалім де 
сабаққа  дайындалу  кезінде  әр  оқушының  ерекшелігін  ескере  отырып,  жеке  берілетін  тапсырмалар 
жҥйесін әр оқушының белсенділігі мен қабілетіне қарап, мҧқият беру керек. Кіші мектеп жасындағы 
балалардың  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыруда  П.П.Блонскийдің  сӛзімен  айтқанда  ―бала 
біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол - жануға тиісті шырақ, ҧстаз шырақшы ғана‖ деген болатын. 
Бастауыш  сынып  оқушысының  шығармашылық  жҧмысы  тек  ӛзіне  ғана  болып  табылатын, 
субъективті жаңалық. Оқушыларды оқыту барысында шығармашылық қабілетін қалыптастыру және 
дамытуға  болады:    
1.
 
Шығармашылық белгісіздік, екі ҧштылық; 
2.
 
Шығармашылық акт. 
Осы шығармашылықтың кезінде бала бойында әртҥрлі қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, 
жаңалықты  сезіну,  кҥдік,  елес,  табандылық,  танымдылық,  белсенділік,  жоғары  кӛңіл-кҥйді 
қалыптастырса,    сол    еңбектің  нәтижесі  баланы  жаңа  жетістіктерге  жетелейді,  жігерлендіреді.  Кіші 
мектеп  жасындағы  оқушыларда  бҧл  қасиеттердің  барлығы  орын  табады.  Бҧл  кезеңдер 
шығармашылық  жҧмыстың  тҥріне,  мақсатына  орай  араласып,  ауысып,  қабысып  жатады.  Бастауыш 
сынып  оқушыларының  қабілеттері  екі  тҥрлі  әрекетте  дамиды.  Біріншіден  -  кез-келген  бала  оқу 

 
78 
әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден – кез-
келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы ӛзінің ішкі мҥмкіндіктерін дамытады. Оқу 
әрекетінен  шығармашылық  әрекеттің  айырмашылығы  –  ол  баланың  ӛзін-ӛзі  қалыптастыруына,  ӛз 
идеясын жҥзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Қазіргі қоғам талабына сай, оның 
дамуына  орай  кіші  мектеп  жасындағы  оқушылардың  кез  келгені  шығармашылық  тапсырманы 
шешуді табысты меңгере алады. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа 
жҥйесінің  жасалуы.  Бҧл  –  педагогикалық,  психологиялық  ҥрдістегі  ӛзгертулермен  тығыз 
байлынысты.  Білім  беру  саласының  барлық  жағына  жаңаша  кӛзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас, 
жаңаша  ойлау  қалыптасуда.  Жастарға  білім  беру  мен  тәрбие  берудің  негізі  болып  саналатын 
мектептердің  педагогикалық  ҥрдісін  жаңарту  бірінші  кезектегі  мәселе  болса,  бастауыш  сынып  – 
мҧның  тҥп  қазығы,  бастауыш  білімінің  мемлекеттік  стандарты,  және  оны  мектеп  тәжірибесіне 
енгізуде шешуші орынды мҧғалім қызметі аталатыны айқын. Оқыту ҥрдісін бағыттап, бағдарламаса, 
онда жоғары сыныпқа келгенде, кӛбінің шығармашылық мҥмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады. /1/ 
Мектепте қазақ тілін меңгертудің басты мақсаты  – ең басты қатынас қҧралы  болып табылатын 
тіл заңдылықтарын игертумен бірге, оқушылардың танымдық процестерін (тҥйсік, ес, қиял, ой т.б.), 
сӛйлеу  мәдениеті  мен  жазуды  дағдыландыру,  қалыптастыру,  кӛрген-білгені  және  естігені  бойынша 
жҥйелі де әсерлі жеткізе білуге жаттықтыру. 
Белгілі ғалымдардың іс-тәжірибесіне сҥйенер болсақ, қазақ тілін оқытуда алға қойған орасан зор 
міндеттерді мҧғалім сыныптағы сабақтың жалаң ӛзімен ғана жҥзеге асыру қиын екені белгілі. Олай 
болса,  бір  ғана  сабақ  формасына  сҥйену  жеткіліксіз.  Қазақ  тілі  материалдарын  оқушыларға  сапалы 
меңгертуде мектепте әр тҥрлі жҧмыстар жҥргізіледі. Ал бҧл жҧмыстардың қҧрамдас бӛлігінің бірі – 
ана  тілінде  жҥргізілетін  сыныптан  тыс  жҧмыстар.  Мектептегі  озат  ҧстаздардың  тәжірибесі 
кӛрсеткендей,  ол  оқушылардың  сабақтан  тыс  бос  уақытын  мақсатты  пайдалануға,  оқу  тәрбие 
жҧмысының  сапасын  арттырып,  баланың  білімі  мен  қабат  ой-ӛрісін  дамытуға  меңгерген  тілдік 
материалдарды  іс-тәжірибеде  пайдалана  білуге,  ӛз  беттерінше  кітаптар  мен  басқа  білім  кӛздерінен 
ақпарат  алуға  дағдыландырады.  Оқушының  дҥниетанымын  кеңейтіп,  шығармашылық  ізденіске 
қызығушылығын арттырады, танымдық қызығушылығын тәрбиелейді./2/ 
      Сыныптан  тыс  жҧмыстарды  мҧғалім  тарапынан  берілген  тапсырмаларды  орындау  барысында 
балада бҥгінгі ӛмір  талабына сай практикалық мәні бар дағдылар қалыптасады: 
-
 
белгілі білім кӛздерінен қажетті материал жинақтайды; 
-
 
кітаптармен, ғылыми еңбектермен жҧмыс істеуді меңгереді; 
-
 
теледидардан,  ертеңгіліктер  мен  әдеби  кештерде  және  кӛпшілік  алдында  мҥдірмей  сӛйлеуге 
жаттығады; 
-
 
мектептегі қабырға газеттеріне, кҥнделікті баспасӛз беттеріне мақала жазу машығын игереді; 
-
 
сынып немесе мектеп кӛрмесін қҧралдар жасауға дағыдыланады. 
      Оқушы  мектепте,  ауданда,  облыс  кӛлемінде  ҧйымдастырылған  қазақ  тілінен  сыныптан  тыс 
жҧмыстарға  (конкурс,  олимпиада,  КВН  т.б.)  қатысу  арқылы  ӛз  ҧжымының  абыройын  кӛтеруге  ат 
салысады.  Нәтижесінде  ӛз  ҧжымын  сҥю  сезімі  қалыптасады.  Ең  бастысы,  ана  тілінің  ҧшан  теңіз 
байлығын сезініп, сҧлу да сырлы оралымдарын меңгереді. 
       Қазіргі  таңда,  Республикамыз  ӛз  егемендігін  жариялап,  қазақ  тілі  қазақ  елінің  мемлекеттік  тілі 
деп  жариялаған  шақта  ана  тілін  оқытудың  ролі  артып,  оны  оқытуды  қайта  қҧрудың  жаңа  кезеңі 
басталды. 
       Уақыт талабы оқу-тәрбие процесін батыл жетілдіру – оқушылардың білім жҥйесін жаңа деңгейге 
кӛтеру  ҥшін  ҧстаздан  терең  білімділікті,  кәсіптік  шеберлікті,  ыждақаттылықты  талап  етеді.  Осы 
талаптарға  сай,  мҧғалім  қызметіндегі  шығармашылық  негіздері  нығайту  –  оқушыларға  білімді 
игеруде  бар  мҥмкіншілікті  тиімді  пайдаланып,  барлық  әдіс-тәсілдерді  жетілдіріп  отырғанда  ғана, 
сапалы білім, саналы тәрбие беру жҥзеге асады./3/ 
        Ӛмірдің  осы  талаптарына  сай,  қазақ  тілі  сабақтарын  жақсарту  жайлы,  қазақ  елінің  тҧңғыш 
Президенті:  Н.Ә.Назарбаевтың  сӛзінде:  ―Қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  қалыптасуына 
қаржылық,  ҧжымдық,  ғылыми-әдістемелік  тҧрғыда  жан-жақты  жәрдемдесуінде    болып  тҧр. 
Сондықтан  да,  бізге  қазақ  тілінің  мҧғалім  кадрлары,  тілді  балаға  жастан  ҥйрететін  тиімді  әдістеме 
керек‖ – деген болатын. Осыған байланысты, мектепте қазақ тілін оқытуды, атап айтқанда бастауыш 
сыныптарды  білімді  тереңдете  беру  ҥшін  ―бастауыш  сыныптың  оқушыларына  қазақ  тілінен 
грамматикалық ойындар жҥргізу‖,- деген. 
         Бастауыш  сыныптарда  грамматикалық  ойындар  жҥргізу  әлі  зерттеліп  болмаған  мәселе. 
Сондықтан  да болар, мектепте балаларға ойынды ӛте аз мӛлшерде, жетімсіз дәрежеде ойнатылады. 
Ал, бҧл баланың дамуын тежеп, ойлау қабілетін тӛмендетіп, оқу ҥлгерімін нашарлатады.  

 
79 
         Алты жасар бала – бҧл әлі кішкентай ойын баласы. Егер оны ҥлкендермен салыстырмалы тҥрде 
алатын  болсақ,  біріншіден,  ол  кӛп  нәрсені  істей  алмайды.  Сонымен  бірге  ол,  кӛп  нәрсені  істей 
алатынын және оның психикасы мен жеке басы мҥмкіндіктерінің қандай екенін білу ӛте маңызды. 
         Бастауыш сынып оқушыларына іс-әрекеттің ҥшеуі де: ойын да, еңбек те, оқу да тән. Олар еңбек 
ету  барысында  білім  жолында  жеңіске  жетеді,  дегенмен  ойын  бҧл  жастағы  балалар  ҥшін  ең 
маңыздысы. 
         А.С.Макаренко:  ―Ойын  –  балалар  ӛмірінде  ӛте  маңызды  зор  нәрсе,  ҥлкендердің  қайраткерлігі, 
жҧмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. 
         Ойында  бала  қандай  болса,  ӛскен  кезде  жҧмыста  да  кӛбінесе  сондай  болады.  Сондықтан 
болашақ  қайраткер  ең  алдымен  тәрбиені  ойын  арқылы  алады,‖  –  деп  балалардың  ойынын  жоғары 
бағалады. 
         Ойын балалар ҥшін оқу да, еңбек те. Ойын – айналадағы дҥниені танудың ең негізгі де, тиімді 
тәсілі. Ойын – балаларға ӛмірде кездесетін қиындықтарды мойымастан жеңудің жолын ҥйретіп қана 
қоймайды, ҧйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. 
         А.С.Сухомлинский:  ―Ойынсыз,  музыкасыз,  ертегісіз,  фантазиясыз  толық  мәніндегі  ақыл-ой 
тәрбиесі болмайды,‖ – деп санайды. 
         Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мҥмкіншіліктерін толық пайдалану, 
оларды  оқу  процесінде  ҥздіксіз  дамытып  отыру  және  сабақта  алған  білімін  практикада  қолдану 
дағдыларын қалыптастыру ҥшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бӛлек. 
         Тиімді  қолданылған  ойын  элементтері  материалды  тҥсіндіру  кезінде  берік  меңгертуге  болады: 
ӛйткені  тӛменгі  сыныптағы  оқушылардың  аңсары  сабақтан  гӛрі  ойынға  ауысып  тҧрады.  Қызықты 
ойын  тҥрінен  кейін  олар  тез  сергіп,  тапсырманы  әрі  сапалы,  әрі  ықыласпен  орындайды.Ойынға 
мынадай әдістемелік талаптар қойылады: 
1.
 
Ойынның  мақсаты  нақты  немесе  кӛрнекіліктер  мен  материалдар  кҥні  ілгері  дайындалып, 
оңтайлы жерге қойылуы керек. 
2.
 
Ойынға кірісер алдында олардың жҥргізу тәртібі оларға әбден тҥсіндірілгені жӛн. 
3.
 
Ойынға сыныптағы баланың тҥгел қатысуын қамтамасыз ету керек. 
4.
 
Ойынның  жҥру  барысында  мҧғалім  баланың  тҥгел  қатысуын  қадағалаумен  қатар,  олардың 
ойын ҥстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек. 
         Зейін  дегеніміз  сананың  бір  объектіге  шоғырландырып,  ол  объектінің  біздің  санамызда 
бейнеленуін қамтамасыз ететін психикалық процесс.  
         Зейін  адамның  психикалық  іс-әркетінің  бағытын  кӛрсетеді.  Егер  адамда  зейін  қою  қабілеті 
болмаса, онда оқу, ҥғыну жӛнінде айтудың қажеті жоқ болар еді. Тәрбие оқу жҧмысының нәтижелі 
болуының бір шарты – бҥкіл оқу процесінің барысында оқушының жоғарғы дәрежеде шоғырланған, 
ҥздіксіз толастамайтын зейінін тудырып отыру. 
         Зейіннің  танымдық  рӛлі  жӛнінде  К.Д.Ушинский:  ―Зейін  сыртқы  танымдық  дҥниенің  санаға 
енетін адам жан дҥниесінің бірден-бір есігі, олай болса ешбір білімдік ҧғым баланың жан дҥниесіне 
жете алмайды‖ – деген еді. 
         И.П.Павловтың  жоғарғы  жҥйке  қызметі  жӛніндегі  ілімі  физиология  механизмін  тҥсінуге 
кӛмектеседі.  Ми  қыртысының  бір  бӛлігінде  қозу  орталығы  пайда  болғанда,  басқа  қоршаған  ортада 
тежелу  пайда  болады  да,  қозу  бір  орталыққа  шоғырланады.  Сондықтан  да,  оқу  жҧмысында  тиісті 
объектіге,  материалға  оқушының  зейінін  аударуға  мән  беріледі.  Бҧл,  әсіресе  бастауыш  сынып 
оқушылары  ҥшін  маңызды,  ӛйткені  бастауыш  сынып  оқушысының  зейінін  тҧрақсыз,  қҧбылмалы 
болуында. Бҧл жаста бала әлі де ӛз зейінін басқаруды игермеген, сондықтан оқу процесінің әр сәтінде 
ӛмірдің сезім мҥшесі тиісті объектіге бағытталып, зейінін ҥздіксіз тҧрақтандыруға кӛңіл бӛлгені жӛн. 
Я.А.Каменский  зейінді  заттар  мен  қҧбылыстардың  адам  санасында  бейнеленуіне  кӛп  мән  беретін 
―ақылдылық сәулесі‖ – деп атады. Ол ―ӛз оқушысының қызығушылығын және зейінділігін ойламаған 
оқытушы білім бере алмайды. Оқушыға ҧстаз ғылым арнасына ағатын бҧлақ, осы қайнардың ағытылу 
сәтінде, дер кезінде сезініп, зейіннің тҥтіктерін тоса қоюға дағдылану керек және бҧл ҥшін ӛмірдің әр 
нәрсеге деген қызығушылық зейінін оята білу қажет‖ – деді. 
            Бастауыш  сынып  оқушыларында  ырықты  зейіннен  ырықсыз  зейін  басым.  Сондықтан,  сабақ 
процесінде оқушыны таңдандыратын қызықты, әдемі, кӛрікті заттарға, ойынға кӛп кӛңіл бӛлу керек. 
Осы арқылы бала бойында шығармашылық қабілет қалыптастыру қажет. 
Тҥйсік  –  сезімнің  танымдық  негізі.  Тҥйсік  дегеніміз  қҧбылыстардың  біздің  сезім 
мҥшелерімізге  тікелей  әсер  етуі  арқылы  бейнеленуінің  алғашқы  формасы.  Зейін  –  тҥйсінудің  алғы 
шарты. Тҥйсіну нәтижесінде бала зат пен қҧбылыстың жеке қасиеті, сапасы туралы мәлімет алады. 
Ал,  қабылдау  арқылы  зат  пен  қҧбылыс  санамызда  толық  бейнеленетін  болады.  Сондықтан  да, 

 
80 
тҥйсікті  қабылдаудың  алғы  шарты  деп  атаймыз.  Қабылдау  дегеніміз  зат  пен  қҧбылыстың  барлық 
қасиеттерінің  біздің  санамызда  толық  бейнеленуі.  Қабылдау  процесінде  элементтер  бірігіп, 
бейнеленетін заттарға біртҧтас қҧрылымдық сипат беріп, адамның басқа да психикалық процесс пен 
ой, сезім, сӛз, ерік байланысты жҥзеге асады./4/ 
Мектепке  келген  балалардың  әлі  мақсатқа  бағытталған  зейіні  болмайды.  Олар  ӛздерінің 
зейінін  негізінен  ӛздеріне  тікелей  қызықтылығымен,  ашықтығымен,  ӛзгешелігімен  ерекшеленетін 
нәрселерге кӛңіл аударады. Мектеп жҧмысының шарты алғашқы кҥндерден бастап баладан сол кезде 
оны қызықтырмауы да мҥмкін пәндерді және мәліметтерді назардан тыс қалмауды талап етеді. Бала 
біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілікке зейінін бағыттауды ҥйренеді. Міне, осы 
таным процестері оқушыда дҧрыс қалыптасса ғана оқушының шығармашылық қабілеті артады. 
_________________________ 
1.
 
Мҧханбетжанова  Ә.М.  Бастауыш  білімнің  интеграциясы  арқылы  оқушыларда  дҥниенің  ғылыми 
бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері. Пед. ғыл. д. автореф. – Алматы, 2001ж. 
2.
 
Сейталиев Қ, «Педагогиканың жалпы негіздері» Ақтӛбе 2004 ж.  
3.
 
Байтҧрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992 ж. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет