. Тогда уравнение (6) принимает вид
0
)]
(
)
cos[(
2
1
,
j
i
j
i
j
i
k
k
j
i
k
k
r
a
a
j
i
.
В этом случае солитоны локализованы в следующих точках
0
r
и
2
1
2
1
1
2
1
2
)
(
,
1
2
k
k
l
a
a
r
k
k
,
где
1
...
1
,
0
2
1
k
k
l
. Здесь имеется два типа солитонов. Первый находится в начале
координат с числом витков равным к min
)
,
(
2
1
k
k
. Вокруг этого солитона находится
2
1
k
k
сателлитных солитонов с единичным топологическим зарядом.
____________________
1. Косевич А.М., Иванов Б.А., Ковалев А.С. Нелинейные волны намагниченности.
Динамические и топологические солитоны. –Киев:Науково Думка, 1983.-192 с.
2. Ferrer R. /Phys.Pev., 1989, B40,№16, p.1107.
3. Тунгатаров А.Б., Нугманова Г.Н., Мырзакулов Р. Интегрируемые обобщенные уравнения
Ландау-Лифщица/ Евразийский математический журнал, 2005, №2, с.33-40.
4. Мырзакулов Р., Таттибеков К.С. Солитонные возбуждения в магнон-фононных
системах/Изв.АН КазССР, сер.физ.-мат., 1991, №6, с.3-8.
Аннотация. (2+1) - ӛлшемді жалпыланған Ландау-Лифщиц теңдеуінің топологиялық
солитонды шешімдері құрылған. Алынған солитондардың топологиялық заряды мен
шоғырлану нүктелері зерттелген.
Annotation. Exact topological soliton solutions of (2+1) - dimensional generalized Landau-
Lifschitsa. We study the topological charge and the point of localization of the solitons.
173
Г.Т. Туғанбаева, А.К. Юсупова
COREL DRAW ПРОГРАММАСЫНДА БІРНЕШЕ ОБЪЕКТІЛЕРМЕН АМАЛДАР
ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ӘӚЖ 74.262
Компьютерлік графикамен жұмыс–бұл дербес компьютерді пайдаланудың ең кең
тараған бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жұмыспен тек қана кәсіпкер суретшілер
мен дизайнерлер ғана емес, сонымен қатар кез келген кәсіпорында жарнама немесе
жарнамалық буклет жасау қажеттілігі туады. Бірде-бір қазіргі заманғы мультимедиялық
программа компьютерлік графикасыз жұмыс істей алмайды. Компьютерлік графикамен
жұмыс программа ұйымдастыруының 90%-н құрайды. Графиктік редактор күрделі және
кӛркем суреттер, схемалар, сызбалар жасауға мүмкіндік береді. Corel Draw–векторлы
графикалық бейнелермен жұмыс істейтін программа.
Векторлы бейне деп математикалық формулалар бойынша есептеліп құрылатын жеке
элементтерден тұратын (сызықтар, доғалар, шеңберлер және т.б.) және параметрлер
жиынтығымен басқарылатын бейнелерді айтады. Толтыру түрлері:
Жұмыс жасағанда мына диалогтық терезе қолданамыз:
Топтастыру деп бірнеше жеке объектіні бір бүтіндей қарауға мүмкіндік беретін
біріктіруші операцияны айтамыз.
Объектілерді топтау үшін оларды белгілеп құралдар панелінде батырманы басып
немесе Монтаж-> Топтастыру (Группировать)(Arrange->Group) командасын орындау керек.
Топтан айыру үшін топты белгілеп құралдар панелінде батырманы басып немесе
Монтаж-> Топтан айыру (Разгруппировать) (Arrange->Ungroup).
Маска деп әдетте одан тӛмен орналасқан объектілерді жасыру үшін (толығымен немесе
жекелей) арналған кӛмекші объектті айтады.
Мысалы, ашық түсті тікбұрышты аламыз. Онда қалауынша ұлпа қарлар (Wingdings
стандартты символдар кітапханасынан алынған) орналасқан.
Ұлпа қарларға толтыру ақ түсті, ал шетін жүргізу жойылған. Астынан фигуралы мәтін
блогы орналасқан. Ары суреттің үстінен кӛк түсті толтыру мен тікбұрыш құрылған, мәтін
блогы оның үстінен орналасып, онымен байланысады. Нәтижесінде тікбұрыштың тесігі бар
маскаға айналады.
Объектілерді біріктіру кезінде қиылысушы бӛліктер ӛшіріледі және жалпы абрис
сызығы бойынша жаңа шекарасы құрылады.
Белгіленген объектіні атрибуттар панеліндегі батырма арқылы біріктіруге болады.
Осында алынған объекті белгіленгеннің соңғысының контуры мен толтыруын мұраланады.
174
Негізгі құрал «Пішін келтіру»(Формооброзование) (Shaping) терезесінің «Бірігу» (Weld)
қосымшасы болып табылады:Терезе(Окно) ->Тіркелетін терезелер (Пристыковываемые окна
-> Пішін келтіру (Формоброзование) (Window ->Dockers -> Shaping).
Біріктіру операциясына қатысатын екі объект жиынтығын белгіленген және кӛрсетілген
деп атау келісілген. Біріктіруден кейінгі алынған объект соңғы кӛрсетілгеннің толтыруы мен
контурын мұраланады.
1.
Объединение (Біріктіру) қосымшасын ашыңыз.
2.
Бетте бір немесе бірнеше объектіні белгілеңіз.Бұл объектілер белгіленгендердің
жиынтығын құрайды.
3.
«Объединить с» (Weld To) батырмасын басыңыз және Shift клавишасын басып тұрып
тышқанмен кӛрсетілгендер жиынтығына кіруге тиіс объектілерді басыңыз.
Бірінші қарағанда атрибуттар панелінедегі Weld батырмасын басу нәтижесінен қатты
ерекшеленбейді. Бірақ:
-
егер белгіленген объектілерді ӛзгеріссіз сақтау керек болса, ал біріктіруді олардың
кӛшірмесіне орындау керек болса, онда «Сохранить выделенные»(Source Object) режимінің
флажогын орнатыңыз.
-
егер кӛрсетілген объектілерді ӛзгеріссіз сақтау керек болса, ал біріктіруді олардың
кӛшірмесіне орындау керек болса, онда «Сохранить указанные»(Target Object) режимінің
флажогын орнатыңыз.
Бұл жағдайларда біріктіруден кейін алыған объекті ауыстыруға болады, ал бастапқы
объектілер зардап шекпейді.
Қиылысу операциясы бірнеше объектінің қиылысу облысынан жаңа объект құрайды.
Біріктіру сияқты қиылысу операциясы екі объект жиынтығына – кӛрсетілгенге және
белгіленгенге орындалады. Жаңа объекті кӛрсетілген объектінің толтыруы мен контурын
мұраланады.
Суретте қиылысудан бұрын және кейінгі объектілер кӛрсетілген. Белгіленген–шеңбер,
ал кӛрсетілген–тікбұрыштар.
Оң
жағынан–тіркелетін
«Формооброзование»
(Shaping)
терезесінің
«Пересечение»(Intersection) қосымшасы.
175
Қиылысу
операциясының
атрибуттар
панеліндегі
«Пересечение»(Intersection)
батырмасы арқылы жүргізуге болады. Бұл жағдайда алынған объект соңғы белгіленгеннің
толтыруы мен контурын мұраланады.
Алу операциясында кӛрсетілген объектіде белгіленген объектісімен жабылатын
бӛліктер ӛшіріледі. Суретте а)кӛрсетілген–шеңбер, б)үшбұрыш.
«Исключение»(Trim)
қосымшасымен
әрекеттер
реті
қиылысу
және
бірігу
операцияларындағыдай: объектілер белгіленеді, Trim батырмасы шертіліп, Shift–ті басып
тұрып кӛрсетілгендер белгіленеді. Атрибуттар панеліндегі Trim батырмасын басса,
кӛрсетілген болып соңғы белгіленген объект саналады.
Кӛп жағдайларда объект қисықтар класына жататын болса, онымен жұмыс істеу
тиімдірек болады.Қисықтарға объектілерді келтірудің барлық операцияларын жасауға
болады. Объектіні қисыққа келтіру үшін Монтаж -> Қисыққа келтіру (Arrange ->Convert to
Curves) командасын орындайды немесе атрибуттар панеліндегі батырманы басады
Перспектива, экструзия, клондау, ореолдар және т.с.с. келтірулерді қолдану
нәтижесінде басқарушы және бағынушы объектілерден тұратын қүрделі құрама объект пайда
болады.Құрама объектімен жұмыс істеу кезінде бағынушы объектілерді жеке жӛндеу мүмкін
емес, бірақ қажет болғанда құрама объектіні жеке объектілер жинтығына келтіруге
болады.Мұндай операцияны бӛлу деп атайды және Монтаж ->Бӛлу (Arrange ->Separate )
командасымен орындалады.
Қадамдық ауысу–бастапқы басқарушы объект, соңғы басқарушы объект және аралық
объектілердің реттелген жиынтығын құрайтын құрама объект.
Екі басқарушы объектілердің топтамада бастапқы орналасуына байланысты бастапқы
болады. Бастапқы астына орналасқан объект болады. Қадамдық ауысудың сыртқы кебетіне
объектілердің үдетуі мен толтырудың әсері.
176
Бұл типті ауысуды қисық бойымен қадамдық ауысудың объектілерін орналастыру керек
болғанда қолданады.
Мұнда қисық «Қадамдық ауысу» құрама объектісіне үшінші басқарушы объект ретінде
енеді.Траектория бойымен ауысуды құру үшін:
1.
траектория орнындағы қисықты құрыңыз;
2.
базалық қадамдық ауысуды құрыңыз;
3.
қадамдық ауысудың белгіленуін жібермей, атрибуттар панеліндегі «Бағыттаушы»
(Path) батырмасын шертіп, ашылған мәзірде «Жаңа траектория»(New Path) командасын
таңдаңыз;
4.
Пайда болған қисық бағыттауышпен алдын-ала құрылған траекторияда шертіңіз. Енді
қадамдық ауысу траевторияға байланысқан.
Егер қадамдық ауысудың траекториясы қолдан жасалған болуы керек болса,
мынандай тәсілді қолдануға болады:
1.
Интерактивті ауысу құралын таңдаңыз;
2.
Alt батырмасын басып тұрып, құрал кӛрсеткішін бастапқы дан соңғы ауысу
объектісіне ауыстырыңыз.
Қадамдық ауысудың объектілерін бүкіл траектория бойымен орналастыру үшін:
1.
Қадамдық ауысуды Таңдау құралымен белгілеңіз;
2.
Атрибуттар панеліндегі «Қосымша»(Miscellaneous Blend Options) батрымасын шерту
арқылы кӛмекші сұхбат терезесін ашыңыз.
3.
«Бүкіл траектория бойымен»(Blend Along Full Path) белгішесін орнатыңыз;
4.
«Барлық объектілерді бұру»(Rotate All Objects) белгішесі аралық объектілердің
бұрылыс режимін қосады, олардың бұру бұрышы траектория иілуіне сәйкес болады.
Құрама қадамдық ауысулар
Құрама қадамдық ауысулар бірнеше қадамдық ауысудан тұрады.
Ореол-басқарушы объектіден бірдей қашықтыққа тұратын тұйықталған қисықтар
жиынтығы.
Басқарушы объектінің толтыру мен шетінің түсі ореолдың объектілердің соңғысының
шеті мен толтыруының түсіне жайлап ауысады. Бағынушы объектілердің саны нақты
беріледі немесе автоматты түрде анықталады.
Ореолдың басқарушы объектісі ретінде белгіленген объектілермен бірге жиынтығы
мен топтары емес, тек қана жеке объектілер бола алады.
Ореолдардың үш типін ажыратады(мысалда басқарушы объект – қаралау бесбұрыш):
177
1.
сыртқы – бағынушы объектілер басқарушының сыртында орналасады.
2.
Ішкі – бағынушы объектілер басқарушының ішінде орналасады, олардың саны
басқарушы объект ӛлшемімен шектеледі;
3.
Орталық – ішкінің жекке жағдайы. Мұнда қадамдар санының басқарушы параметрі
орындалады және бағынушы объектілер берілген қадаммен басқарушы объектінің бар ішкі
кеңістігін толтырады.
Ореолды құру үшін:
- объектіні белгілеу;
- интерактивті ореол(Interactive Contour) құралын
таңдап, кӛрсеткішті басқарушы объектінің центрінен
ауыстырамыз;
- Атрибуттар панеліндегі ореол параметрін баптау.
____________________
1.«Компьютерная графика» Петров М.Н., Молочков Л. Питер 2003
2.CorelDRAW
12
русская и английская версия жур. Интернет вести Москва,
«Просвещение» 2004г
Аннотация. В статье рассматривается особенности способов некоторыми объектами в
программе corel draw.
Annotation. The article discusses ways to make features some of the objects in the program
corel draw.
Г.К.Турапбаева
ЖҦМСАҚ БИДАЙ ГЕНОТИПІНІҢ АУРУЛАРҒА ТӚЗІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ
ӘӚЖ 574/578
Т 82
Дүние жүзінде ӛсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының ішіндегі азыққа ең
қажеттісі бидай. Оның 75%-ға жуығы тамақ ӛнер кәсібінде, 15%-ы мал азығы ретінде, ал
10%-ы тұқымға және ӛндіріс қажеттілігіне жұмсалады. Соңғы 30 жылда бидайдың әлемдік
тұтынылуы 2 есеге артып, жылына 600 млн. тоннаға жетіп отыр. Халық санының кӛбеюі мен
урбанизацияның күшейюімен үстіміздегі онжылдықта бұл дақылға деген сұраныс жылына
5,6 млн.тоннаға артты. Келешекте бидайға деген сұраныстың артуы, қазірдің ӛзінде осы
ӛнімді кӛп кӛлемде тұтынатын дамып келе жатқан елдерде байқалатын болады. БҰҰ-ның
мәліметтері бойынша дамыған елдермен салыстырғанда оларда халық саны жыл сайын
шамамен 1,5%-ға артуда.
Қазақстан әлемдік деңгейде ірі астық ӛндірушілердің қатарына жатады. Қазірдің ӛзінде
елімізде ӛндірілетін бидай қатты сорттарға қойылатын талаптарға толық жауап бере алады.
Ақуызы мен дән клейковинасының кӛрсеткіштері бойынша ол дүние жүзі бойынша алдыңғы
178
орындардың бірін алып тұр. Ӛсірілетін аймақтарына байланысты ӛндірілетін бидайдың
ақуыздылығы 12,9-16,3% аралығында ауытқиды.
Республиканың астық ӛндіретін неізгі аймақтарының климат жағдайлары жоғары
сапалы ӛнім алуға ӛте қолайлы. Республика бойынша ӛндірілетін астықтың 80%-ы солтүстік
аймақта және оның 90%-ы жаздық бидай. Осыған байланысты, ол еліміздің ішкі қажеттілгін
қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар шет елдерге экспортқа шығару үшін де ӛндірілуі
тиіс. Қазақстан республикасының алыс шет елдерге жыл сайынғы астық экспорты 12-15%-
ды құрайды.
Жұмсақ бидай ӛсіретін барлық мемлекеттер үшін негізгі мәселе – оның ӛнімділігін
кӛтеру және тұқымның технологиялық сапасын арттыру. Дәнді-дақылдардан жоғары және
сапалы түсім алуға саңырауқұлақ қоздыратын әр түрлі аурулар орасан кедергі келтіреді.
Қазақстанның бидай егістігінде сабақ таты (Puccinia graminis tritici), жапырақ таты (P.
recondita tritici) және сары тат (P. striiformis tritici) аурулары кеңінен таралған және аса
зиянды болып есептеледі. Бұл ауру түрлері бидайды бүкіл вегетация бойы зақымдайды және
осы уақыт аралығында ӛсімдіктегі су режимін бұзады, мезгілсіз сабақтың және жапырақтың
қурауына әсер етеді және дән түзілуін нашарлатады, сол себепті бидай ӛнімінің жалпы
салмағы мен сапалық қасиеттері тӛмендейді. Осыған байланысты аталған аурулармен күресу
және тат түрлеріне тӛзімді жаңа сорттар шығару жұмсақ бидай селекциясында аса маңызды
міндеттердің бірі болып отыр.
Бұл мәселелерді оңтайлы шешу үшін қазақстандық және интродукциялық сорттарды
иммунологиялық, генетикалық және экологиялық әдістер арқылы зерттей отырып,
селекцияда ұтымды пайдалану қажет. Сонымен қатар, тат ауруларына бидай селекциясын
табысты жүргізу үшін патоген эволюциясы туралы толық түсінік болу қажет, яғни індет
популяциясының ішкі құрылымын және патотиптердің вируленттілігін білу, сондай-ақ «ие-
ӛсімдік» пен «паразит» жүйесіндегі әрекеттесу ерекшеліктеріне баса назар аудару және
тӛзімділік туралы жаңа материалдарға кең кӛлемде іздестіру жүргізу керек. Тек осы барлық
мәліметтердің негізінде ғана селекциялық жұмыстарға ең тиімді әдістерді және тӛзімділік
түрлерін таңдау дұрыс жүзеге асады.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстандық және интродукциялық жаздық
бидай сорт-үлгілерінің тат ауруларына иммунологиялық қасиетін зерттеу және аталған
ауруларға тӛзімді формаларды сұрыптау.
Ғылыми жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қарастырылды:
1. Қазақстандық және интродукциялық жаздық бидай сорт-үлгілерінің тат ауруларына
тӛзімділігін зерттеу және сұрыптау.
2 . Жұмсақ бидай сорттарынан сабақ татының патотиптерін жіктеу.
3.Жұмсақ бидай сорттарынан жапырақ татының патотиптерін жіктеу.
4. Қазақстандық және интродукциялық жұмсақ бидай сорттарының тат ауруларына
тӛзімділік генетикасын зерттеу.
5. Сұрыпталған жұмсақ бидай сорттарының шаруашылықтық құнды белгілерін анықтау.
6. Сұрыпталған жұмсақ бидай сорттарының иммунологиялық қасиеттерін негізгі
агроэкологиялық аймақтарда сынау.
Астық дақылдарының тат ауруының қоздырғыштары Urediniales тобына жататын
саңырауқұлақтар. Бұлар облигатты организмдер, тек қана тірі субстратта ӛмір сүре алады.
Тат саңырауқұлақтарының даму циклі күрделі, ол 5 кезеңнен тұрады: 0-спермогония
спермациясымен I-эция- экиоспоралар; II- урединия- урединиоспоралар; III-телия –
телиоспоралар; IV- базидия- базидиоспоралар.
Егер оның барлық циклы бір ӛсімдікте ӛтсе, саңырауқұлақтар бір үйлі, егер әр түрлі
тұқымдас немесе топқа жататын ӛсімдіктерде дамыса- екі үйлі немесе әр иелі болады.
Мысалы, дәнді дақылдардың сабақ татының спермаций және эций сатылары бӛрі-қарақатта
дамиды, ал урединий және телий- дәнді дақылдарда. Саңырауқұлақтар телиоспоралары
қыстап, базидиялары ӛсімдік қалдықтарында дамиды. Бӛрі қарақат ауру қоздырғышының
аралық иесі, ал дәнді дақылдар- негізгі иесі болып табылады. Кӛпшілік тат
179
саңырауқұлақтары толық циклмен дамиды. Бірақта, олардың кейбір түрлері жартылай
циклмен дамиды. Мәселен, сары тат қоздырғышының осы кезге дейін аралық иесі белгісіз.
Ал дәнді дақылдарда урединио және телио кезеңдерінде дамиды. Күзде ауру жаздық дәнді
дақылдардан күздікке кӛшіп урединимицелий қалпында сақталады. Бәлкім, эволюция
кезінде ол спермогония және эцидия сатыларын жоғалтқан.
Дәнді дақылдардың тат ауруларының қоздырғыштары Puccinia туысына жатады. Тат
саңырауқұлақтары жабайы және мәдени дәнді дақылдардың түрлеріне маманданған
формалардан тұрады- бір немесе бірнеше туысқа жататын ӛсімдіктерді залалдайды. Осыған
байланысты, олар физиологиялық нәсілге немесе биотипке бӛлініп, бір немесе бірнеше
сорттарға бейімделеді. Бір түрде немесе туысқа жататын дәнді дақылдарда тат ауруларының
бірнеше түрі кездеседі. Мысалы, бидайда- сабақ, қоңыр және сары тат, ал арпада- қортық,
сары және сабақ таты, сұлыда- тәжді және сабақ таттары кездеседі.
Тат ауруларына шалдыққан жапырақтарда споралардан тұратын кӛптеген пустулалар
мен некроды дақтар пайда болу нәтижесінде олардың тыныс алу процесі, фотосинтезі
тӛмендейді. Сонымен қатар, жапырақ эпидермисінің зақымдалуынан булану қарқындылығы
артады. Ауру сабақтарды жайлаған кезде ӛсімдіктердің су және қоректік заттармен
қамтамасыз етілуі және репродуктивті мүшелерде жинақталуы тӛмендейді. Осының
салдарынан астықтың түсімділігі мен қатар сапасы да нашарлайды. Ӛсімдіктер тат ауруымен
залалданған мерзімнен ауру белгілері байқалуға дейінгі аралық инкубация кезеңі деп аталып,
ол ауа температурасына байланысты 4-5 және 10-15 тәулікке созылады.
Саңырауқұлақ ӛсімдік ұлпасына енгеннен кейін оның жіпшелері клеткаларда
тарамдалып арнайы тамыршалар арқылы (гаустория) арқылы қоректік заттарды сорады.
Жапырақ эпидермисінің астында кӛптеген урединио және телиоспоралар түзіледі. Олар
жетілген кезде эпидермис жарылып ауа толқынымен егіске таралады. Бұл ауру ӛсімдікте
жеке дара (локалды) дамиды, тек кейбір жағдайларда оның таралуы байқалады. Бидайда тат
ауруының 3 түрі: сабақ, қоңыр және сары тат кездеседі. Олардың ішінде қоңыр тат ӛте кең
таралған және жиі кездеседі. Сары таттың таралу аймағы оңтүстік және солтүстік шығыстың
тау және тау бӛктерімен шектелген. Сабақ таты- солтүстік аймақтың орманды дала
ӛңірлерінде таралған.
Қоңыр (жапырақ) тат. Ауру қоздырғышы - Puccinia recondita Rob. Et Desm
саңырауқұлағы ( синоним P.tritci Eriks). Ауру кӛбінесе жапырақта дӛңгелек, сопақша келген
кішірек, жиі орналасқан сары-қоңыр пустулалар ретінде байқалады. Урединиоспоралары 1
клеткалы, шеңбер немесе эллипс пішінді, қоңырқай түсті, беткі қабаты қысқа талшықтармен
кӛмкерілген. Бидайдың ӛсіп-ӛну кезеңінің соңында жапырақ астында қара жылтыр келген
телиоспоралардан тұратын пустулалар түзіледі. Олардың пішіні түйреуіш тәріздес, 2
клеткалы, жабынды қабықшасы қалыңдау, реңі ашық қоңыр түсті болады. Бұл ауруды алғаш
рет Г.С Неводовский Алматы облысының Іле ауданында жаздық жұмсақ бидай егісінде
кездестірген. Урединио мен телио сатылары бидайдың келесі түрлерінде кездеседі: T
compactum Host., T. Dicoccum sphrank және T. seltaL..Онымен қолдан залалдандырғанда ауру
белгісі күздік қарабидайда байқалған. Аурудың аралық иесі ретінде автор Thalictrum және
Leptopyrum ӛсімдіктерін кӛрсеткен.
А.А Елшібаевтың мәліметтері бойынша Солтүстік Қазақстан облысында қоңыр таттың
даму сатысы маралотында дамиды (Thalictrum fumarioides L. Rehb.). Сабанда қыстап шыққан
телиоспоралармен маралотын залалдандырғанда 20-25 тәуліктен кейін оның жапырақтары
мен сабақтарында эциоспоралар пайда болады. Жаздық бидайғв маралотын жиналған
эциоспораларды
жұқтырғанымызда
Безенчукская
98
сортының
жапырақтарында
урединиоспоралар 8-ші тәулікте пайда болады.
Күздік және жаздық бидай қатар егілетін аймақтарда қоңыр тат қысқарған циклмен
дамуы мүмкін. Қоздырғыш урединиомицелий қалпында біріншілерінің ӛскіндерінде
қыстайды. Кӛктемде ауру ерте жанданып тез дамиды. Күздік пен жаздық бидайларды қатар
егетін аймақтарда қоңыр тат жиі эпифитотия дәрежесіне дейін дамып, ӛте зиянды болуы
180
мүмкін. Ауру қоздырғышының ӛсу циклінде урединиоспоралардың маңызы зор, ал аралық
ие- ӛсімдіктердің рӛлі шамалы.
P. recondite күздік және жаздық бидайда жаз бойы бірнеше уреедогенерация береді.
Олар аурудың жылдам таралуын тездетеді. Ауа температурасы 21ºC-та аурудың
инкубациялық мерзімі 6 тәулік, 16ºC-10 тәулікке созылады. 18-25ºC температурада тамшы
ылғалда урединиоспоралар 2-3 сағатта ӛніп, ӛскін береді. Олар жапырақ эпидермисін тесіп
клетка ұлпаларына енеді. Осы себептен ӛсімдіктің аурумен залалдануы үшін ӛкініші жаңбыр
немесе шық жеткілікті.
В.П Турапин мен В.А Мостовойдың зерттеулері бойынша қоңыр таттың қоздырғышы
бидай егісінде жаз бойы 10 уредогнерация береді. Саңырауқұлақ 6-35ºC температура
аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 63-77%-дан кем болмаса дамиды.
21ºC-та оның спора түзуі 6 тәуліктен кейін, 16ºC- -10, 10ºC—12,6 тәуліктен соң байқалады.
Споралардың тіршілік қабілеті 1 мен 38ºC аралығында сақталады. Қыс айларында споралар
35ºC-та ӛзгергіштігін сабан 3,5 айдай жоғалтпайды.
______________________
1.Байракимов С.И. Экологические основы устойчивости пшеницы к грибным болезням.
Алматы, 2006.
2.Уразалиев Р.А., Кохметова А.М., Абсаттарова А.С. Состояние и перспективы селекции
пшеницы в Казахстане // Развитие ключевых направлении сельскохозяйственной науки в
Казахстане: селекция, биотехнология, генетические ресурсы / Материалы Международ.
конф. – Алматы: Бастау – 2004.
3.Оспанбаев Ж. Гребневой способ возделывания пшеницы юге и юговостоке Казахстана
//Материалы регионального семинара «Гребневая технология для производства семян и
товарного зерна пшеницы в центральной Азии» 2-3 октября 2003 г. – Алматы.
Достарыңызбен бөлісу: |