Сурет - 2
Жазда шомылатын душыңызға (2) суреттегідей тетік жасап, суды үнемдеп жұмсауға
болады. Аяқпен басатын педальдан леска жіпті блок арқылы душтың кранымен және
серіппемен жалғастырасыз. Дақылдарды суаруға алюминийден суреттегідей (3) етіп су
шашқыш істеуге болады (суреттегі үлгі сантиметр есебімен).
Сурет - 3 Сурет - 4
Шланганың ұшына қамыт кигізіп, су шашқышты соған болтпен бекітесіз. Екінші болт
серіппенің негізгі осі болсын. Оны басқанда су шашқыштың жұмысы реттеледі (суды жақын
жерге немесе алысырақ шашу керектігіне қарай).
Кӛктем мен күзде күн жарқырап тұрғанымен салқын желдің әсерінен душтағы су
жылынбайды. Су жылы болсын десеңіз, су құйылатын ыдыстың сыртына полиэтиленнен не
органикалық шыныдан алмалы-салмалы «қап» істеңіз. Ыдыстың ішіндегі су әрдайым жылы
болады (4).
Әрбір саяжай иесі ас бӛлме мен душқа су ысытатын қондырғыны қолдан жасап алуына
болады (5). Бұл қондырғыда 100 литр су ыстық күндері 65-70°С-қа дейін жылиды.
156
Сурет - 5
Күн коллекторы мен жылу аккумуляторы ӛзара диаметрі 1/2 дюмді трубамен тұйық
жалғастырылады. Күн коллекторында ысыған су табиғи заң бойынша жылу аккумуляторы
мен күн коллекторында судың жылуы бірдей болғанша циркуляциялана береді. Ыстық су
жылу аккумуляторының үстіңгі жағынан алынады.
Пайдаланылған судың орны 2,5-3 метр биіктікке орнатылған бакқа келетін сумен
толықтырылады. Жылу аккумуляторының үстіңгі жағына биіктетіп труба орнатылады. Ол
қондырғыны суға толтырғанда кірген ауаны шығарып тұруы тиіс.
Күн коллекторын 1х3 метрлік қабырғалары жұқа алюминий, не латунь трубаларынан
дайындаған жӛн. Саяжай иесінің оны қолдан жасай алмауы мүмкін. Сондықтан қолдағы
қаржысы мен құрылыс материалына орай дайындайтыны сӛзсіз. Ондай коллекторды жылыту
жүйесінде пайдаланылатын мӛлшері 125х60 бірнеше жұқа батареядан, не жұқа жалпақ
темірден дәнекерлеп жасауы мүмкін. Бірақ оларды күн тез қыздыру үшін қара бояумен
бояған жӛн. Оны ішіне ағаш ұнтағы салынған жалпақ жәшікке орналастырып, жәшіктің үстін
жылу бекерге шығып кетпес үшін екі қабат етіп жапқан оңды.
Күн коллекторын жерден биіктеу тұғырға орналастырған жӛн. Жел ӛтінен аулақ, түс
кезінде күн сәулесі 90 бұрышпен мол түсетіндей жерге қондырылуы тиіс.
Жылу аккумуляторы бойынан жылу шығармайтындай етіп жасалған 100 литрдей су
сиятын ыдыс болуы тиіс. Аккумулятордан жылуды бейсауат шығармас үшін, оның сыртына
қалыңдығы 70мм келетін пенопласта қорап жасап, пенопластпен аккумулятордың аралығына
ағаш ұнтақтарын салу керек. Мұндай аккумулятордағы су баяу суыйтын болады. Түс кезінде
а у а н ы ң т е м п е р а т у р а с ы 10-15°С тӛмендеуі мүмкін. Қондырғы бӛлшектерінің бір-
бірінен ара қашықтығы қандай болуы тиіс екендігі суретте кӛрсетілген. Осындай
қондырғымен жаз бойы семьясы тӛрт-бес кісіден тұратын саяжай иесі ас бӛлмесі мен душын
ыстық сумен қамтамасыз ете алады. Мұндай қондырғымен кӛктемде, қажет болса,
теплицаны да жылытуға болады.
Қарапайым су жылытқышты ескі тоңазытқыштың фреон конденсаторынан жасауға да
болады. Тоңазытқыштың сыртындағы қара панель конденсатор түтік арқылы су толы
ыдыспен жалғастырылады. Күн кӛзіне қойылған конденсатордағы су ысып, ыдыстағы сумен
араласып, душтағы суыңыз жылиды.
Үйдің шатырынан ағатын суды труба арқылы ағызбайақ оның орнына темірден не
пластмассадан жасалған шынжырды пайдалансаңыз болады. Оның ӛн бойымен су біркелкі
ағды, ал қыста мұз қатпайды.
Саяжайыңызды суаруға трубаларды пайдалансаңыз кей жерде қайтарма клапан істеу
қажет болады. Оған су жүйесінде пайдаланатын тройник (үш жаққа су жіберетін) алыңыз.
Суреттегідей етіп (6) трубаның диаметріне дәл келетін шарик және серіппені пайдаланасыз.
Бұрандамен серіппені босатып нығыздауға болады.
157
Сурет - 6
Баудағы ағаштың бір жері шіри бастаса, ол жерді дереу тазалап, 10 проценттік
формалин ертіндісімен ӛңдеп жіберіңіз. Кепкен соң тазаланған жерді шпаклевка жасап, бояп
жіберіңіз.
Саяжайыңызды қоршау үшін жерге қағылатын диаметрі 10-12 сантиметрлік қадаға
шұңқыр қазбасаңыз да болады. Жердің бет жағындағы шымын қырып тазалап, қаданы ұштап
алып, жерге қағып сіңіруге болады.
Ауық-ауық түбінен су құйып тұрсаңыз қада 50 см тереңдікке демде кіреді. Тек қолайсыз
жағдай - тӛңірегіндегілерге ылай шашырайды.
Қаданың шұңқырын дайындаудың бір тәсілі - үшкірленген труба кесіндісіне ұстайтын
сап жасайсыз. Шұңқырдың тереңдігіне орай сап құранды болуы мүмкін. Трубаның ұш жағын
ӛткірлеп, ауыр балғамен (кувалда), не ағаш тоқпақпен ұрып, трубаны жерге сіңіріп, ішіне
толған топырақтан тазартып отырыңыз. Трубаның ішіндегі нығыздалған топырақты тез
тусіру үшін оны тӛрт жерден тесіңіз. Содан темір сымның кӛмегімен топырақты түсіресіз.
Кейбіреулер жұмыс істегенде дағдыланбағандықтан қолғап киюді ыңғайсыз санайды.
Кетпен, күрек, балтамен жұмыс істегенде алақаныңыз ойылып қалуы мүмкін. Сондықтан
паралоннан алақанға ғана лайықтап жасалған кесіндіні қолғаптың ішіне салып алыңыз, тіпті
паралон «қолғапты» жұмыс қолғабының ішіне киіп алсаңыз, жұмыс істегенде алақаныңыз
ойылмайды.
Гҥл не кӛкӛніс кӛшеттерін отырғызуға металл цилиндрден арнайы аспап істеп алыңыз.
Сол аспаппен алдын ала кӛшет отырғызуға цилиндр формасында шұңқыр дайындайсыз.
Сосын кӛшетті топырағымен қоса сол цилиндр аспаппен аласыз да, жаңағы дайындалған
жерге отырғызасыз. Кӛшеттің тамыры зақымдалмайды, әрі кӛкӛніс тез ӛседі.
Жеміс ағаштарына қойылған тіреулер ағаштың түбін, айналасын қопсытып, ӛңдеуге
кедергі келтіреді. Оның үстіне тіреулер бұтақтарды зақымдайды. Бұтақтарды цинктелген, не
алюминий сыммен (тот баспайтын) ӛзара байластырып қойса тіреудің қажеті жоқ. Бұтақты
сым қиып, зақымдамас үшін оларға автопокрышкалардан, не камералардан қиып алып,
кигізіп қою керек. Мысалы: жуан бұтақтарға жеңіл машиналардың ескі автопокрышкалары,
жіңішкелеу болса велосипедтің покрышкаларын, камераларын, немесе пенопластан кесіп
кигізу керек.
Ағаштағы жемістерді жинау үшін ағаш сатыны пайдалануға болады. Оған суреттегідей
етіп (7) тіреу жасап алған қолайлы. Ең жоғарғы кӛлденең ағаштың екі шетін жұмырлайсыз.
158
Сурет - 7 Сурет - 8
Кҥрекке қос сап істеуге болады. Ол үшін 8-суреттегідей етіп екінші сапты бекітесіз.
Мұндай күрекпен жерді аудару, жүйек, атыз істеу ыңғайлы.
Егер күректің сабына арасын 10 сантиметрден қызыл бояудан сақина сызып қойсаңыз
қажет кезде, ағаш отырғызғанда арақашықтығын ӛлшеу үшін сызғыш, не метрлік іздеп
жүрмейсіз.
Ҧшы сҥйір күректі 20 мм етіп бірнеше жерден тесіп қойсаңыз дымқыл топырақ күрекке
онша жабыспайтын болады.
9-суреттегідей етіп алып жүруге ыңғайлы құранды күрек істеп алуға болады. Күректі
жұмысқа лайықтап ӛзгерту үшін гайканы бұрайсыз. Күректің басы сабына 90° бұрышпен
бекітілсе, онда ол кетпен ретінде де пайдаланылады.
Бау ағаштарымың бұтағын кесетін қайшының (секатор) серіппесі сынып,
не жоғалып
қалса, оны уақытша суреттегідей етіп (9) 15х15х200 мм жұмыр резеңкемен ауыстыруға
болады. Резеңке қайшы сабының сайына кіргізіліп, жуандау жіппен байланады.
Велосипед дӛңгелегінің темір шеңберіне, немесе соған ұқсас керексіз шеңберлерге 3-4
жерден тіреу қойып пайдалансаңыз, қарлыған мен қарақаттың бұтақтарын шашыратпай
жинақтап тұруға болады.
Сурет - 9
Биік ағаш бұтақтарын кесуге секаторды пайдалану қиын. Ӛйткені бір қолмен
секатордың ағаш сабыи ұстап, екінші қол мен жібінен тарту керек. Ал секатордың сабына
суреттегідей (10) втулка кигізсеңіз, жіпті соған байлайсыз. Сонда жұмыс әлдеқайда
жеңілдейді.
159
Сурет № 10 Сурет № 11
Саяжайда тҥскен жапырақтарды жинауға арнайы тырма істеп алыңыз. Оны қалың
(200х150х5), жалпақ резеңкеден кесіп дайындауға болады. Тырманың тістері 60-70 мм
болған жӛн. Екі тақтайдың арасына резеңке қысылып қағылады да, сабы 20-25° бұрыш
жасай бекітіледі. Мұндай тырма ӛсіп тұрған басқа ӛсімдіктерді зақымдамайды (11).
Тҥбі алмалы-салмалы ағаш жәшік кӛкӛніс кӛшетін ӛсіруге ӛте қолайлы. Кӛшетті
бақшаға отырғызу үшін жәшіктің түбін отырғызылатын жерге әкелгеи соң алып тастаса, ӛз
топырағымен қоя салу ыңғайлы. Әрі тамырларға зақым келмейді.
Емен кесіндісімен салмағы 20 килограмдық қол катогін жасап алсаңыз, қыста жолдағы
қарды сонымен таптайсыз, сонда тапталған жолдың үстіне қар жиналмайды. Ал күрекпен
тазаланған жерге жаңа жауған қарды жел үрлеп, жолға қайтадан үйіп тастайды. Катокты
ағаштардың айналасындағы қарды таптауға, сондай-ақ қар тоқта-туға пайдалануға болады.
Полиэтилен пленкасынан жасалған кішкене ғана теплица астында ӛсімдік үсімей
сақталғанымен, табиғи суарылуын шектейді. Егер теплица пленкасының астына бірнеше
жерден ішке қарай еңкейте шифер сынықтарын қойып жіберсе, жауын суы ӛсімдікке тікелей
жетіп отырады. Сонымен қатар олар кӛшеттің қатар аралығына арамшӛп шығармайды.
Саяжайдағы жер ӛлшеулі (шектеулі) болғандықтан оны ұқыпты пайдаланған жӛн.
Мысалы сарымсақ егуге арнайы жер бӛлмей-ақ оны қойбүлдіргеннің (земляниканың),
құлпынайдың арасына отырғызуға болады. Оның екі жақты пайдасы бар. Бір жағынан жерді
үнемдесе, екіншіден сарымсақтардан бӛлінетін фитонцидтер жаңағы ӛсімдіктерге келетін
зиянды жәндіктерді жолатпайды, ауру-дан сақтайды. Помидордыц қатараралығына батун
пиязын, ал түсті капустаның арасына арасын 10 см етіп шалғам, салат, аскӛк сеуіп жіберуге
болады.
Саяжайыңызға кӛкӛніс отырғызғанда, сепкенде олардың күн шуағын қаншалықты
қажет ететіндігін ескерген жен. Мысалы, бұрыш, помидор, қияр, баклажан, кәді, лобия,
бұршақ күн шуағын жақсы кӛретін дақылдар. Ал пияз, сарымсақ, сәбіз, капуста күн сәулесін
соншалықты қажет етпейді. Саумалдық, қымыздық, жапырақты салаттар, желкек, рауғаш
ӛсімдіктері кӛлеңкеде де ӛсе береді. Аскӛк балауса күйінде сақталсын десеңіз, жарықтан
тасалау жерге себе беріңіз.
Жеміс ағаштары гүл жарарда, жапырақтарын енді шығара бастағанда ағаш
бұтақтарында жабысқан зиянды жәндіктердің ұясын кӛреміз. Оларды улы химикаттарды
пайдаланбай-ақ құртуға болады. Ұзын сабауға болат арқанның (тростың) кесіндісін байлап,
ұштарын ыдырату керек. Сонда түрпі сыпырғымен зиянды жәндіктің ұясы оңай тазаланады.
Қол арбаңыздың сабына сырт жағынан есіктің шағын тұтқасын бекітсеңіз, қолыңыз
кӛрінген жерге тиіп зақымдалмайды.
Таңқурай, қҧлпынай жемістерін тасымалдағанда олардың езіліп кетпеу жағын
ойластырыңыз. Оны суреттегідей (12) алмалы-салмалы жұқа жәшіктермен тасымалдаған
жӛн. Ортадағы жәшіктің бұрыштарына темір бұрыштама бекітесіз. Сонда жәшіктердің
салмағы жемістерді езбейді. Астыңғы жәшікке жіппен бау істеп жібересіз.
160
Сурет - 12 Сурет-13
Алма, алмҧрт жинайтын құралды қолдан істеп алуға болады. Екі рейканың басына
диаметрін 100-120 мм етіп шеңбер бекітіңіз де оның біріне кішкене қалта, екіншісіне
тереңірек ұзынша қалта кигізіңіз. Рейкаларды қайшы сияқтандырып ортасына қосып
бекітесіз (13).
Тағы бір жеміс жинағыш. Диаметрі 10 см келетін консерві қалбырынан, тӛбе жағын тіс-
тіс қып тесіп жасауға болады. Қалбыр алюминий тутікке бекітіледі. Мұндай құрал шиені,
қара ӛрікті жинауға қолайлы. Қалбыр толғанша жинай бересіз.
Қаңылтыр қиындыларын құлпынай жүлгелерінің үстінен жіпке тізіп ӛткізіп, керіп
байлап қойсаңыз, торғайларды үркітіп, олар жемістерді шоқымайтын болады.
Егер кӛкӛністің дәнін жүйекке себетін болсаңыз, диаметрі 88 мм ағашты дән
шашылатын арнайы орынға қатар-қатар шаншып, дән себілетін ұяшықтар даярлап алыңыз.
Бұл әдістің пайдалы жағы дән бірдей тереңдікте жатады, сондай-ақ топырақ сәл де болса
тапталады. Жеміс піскен кезде торғайлар оның үстінен кетпейді. Оларды қорқыту үшін айна
сынықтарын және істен шыққан компакт дискілерді әр жерден іліп қойса, желмен айналып
күн сәулесімен шағылысып, құстың кӛзіне түседі де, олар кӛздерін ашалмай қалады. Кӛзіне
жалт-жұлт түскен сәуледен шошып, тапырлап ұшып кетеді.
Тесіліп қалған резеңке допты тастамаңыз. Ол саяжай иесіне пайдаға жарайды. Допты
ортасынан қақ бӛліп, екінші жартысын тесіңіз де секаторды содан ӛткізіңіз. Тікенді
гүлдердің, қарлығанның бұтақтарын қырыққанда қолыңызға кірмейді.
Бау-бақшаны тор сыммеи қоршағанда олардың шеттерін қиюластырып, жалғастыру
оңай жұмыс емес. Жұмысты жеңілдету үшін екеуінің шетіне торкӛз жолақтың биіктігіндей
мықты сым ӛткізіп жіберіңіз де, соны бір-бірімен байланыс-тырып байлаңыз.
Ҥй айналасына штакетиик жасасаңыз, белдеу ағаштың жоғарғы қырын сыртқы
жағынан алып тастаңыз. Сонда оның үстіне қар, жауын суы жиналмайды да, ағаш ұзақ уақыт
шірімейді.
Пайдаланылмайтын ескі шойын ваннаны (14) саяжайда су жинауға пайдалануға
болады. Оны жерге кӛміп жіберіңіз де, ернеуінен айнала табиғи тастарды топтап, цементпен
бекітсеңіз ол жер кӛріктеніп қалады. Ваннаның түбіне де аздап кұм, шағал тас тастаңыз.
Сурет - 14
161
Шырғанақ - қос үйлі ӛсімдіктер тобына жатады. Біреуінде тек аталығы, екіншісінде
аналық гүлдері болады. Оны жақсы тозаңдансын десеңіз, кӛктемде аталық бұтағында гүл
пайда болғанда қырқып, суы бар шӛлмекке салып, аналық бұтаққа байлап қойыңыз.
Егер қарлыған, таңқурай, кӛкеніске түтіндік салып зиянды жәндіктермен күрескіңіз
келсе, онда оларды полиэтилен пленкасымен жауып, 10-15 минутқа ішіне омарташының
түтіндеткішін қойыңыз. Ол үшін жанып жаткан кӛмірге алдын-ала бір шымшым пиретрум,
темекі немесе жалбыздың ұнтағын (пленка астындағы 1 шаршы метр жерге 0,3-0,5 грамм
мӛлшерімен) салу керек.
Бау-бақшаның зиянды жәндіктерін жоюда улы химикаттарды пайдаланғанда мұқият
болыңыз. Респиратордан тысқары бетті жабатын маска жасап алыңыз. Оны кӛлемді, бетке
лайықты плексигластан бүгіп істеп, бас жағын резеңкемен бекітіп, тӛменгі жағына жіп
ӛткізіп желкеден байлауға болады. Маскаға қосымша бас пен иықты жауып тұратын тұмақ
киіп алу керек.
Бағбанға қажетті минералды тыңайтқышты, улы химикаттарды үйден де табуға
болады. Мысалы, семья мүшесі үш адамнан тұратын үйде жылынша кемінде 3-6 кг
жұмыртқа қабығын жинауға болады. Ал ол тамаша тыңайтқыш. Оның
құрамында
кӛмірқышқыл кальций тұзы, магний, фосфор тұздары, органикалық заттар бар. Жұмыртқа
қабығын картон қорапқа жинаған дұрыс.
Тәжірибелі бағбандар пияздың қабығын да тастамайды. Ол ӛрмекші, кенемен
күресуге қажет, 200г. пияз қабығын 10 литр суға айнатып, бір тәулік қояды. Бұл ертіндіні
арасына бес күн салып үш рет шашу керек.
Бау-бақша өсірумен айналыса бастағандарга кеңес.Бау-бақша баптау жұмыстарымен
айналысқысы келетін адамдарға кеңестерімізді құрал-жабдықтар таңдаудан және кӛктемгі
жұмыстарға даярлануды қыста бастауды ұсынбақшымыз.
Бау-бақша құралдарын таңдап алғанда мынаған көңіл бөлген жөн: ӛте ауыр,
пайдалануға ыңғайсыз, ӛте кӛлемді болмасын. Мысалы, күрек не айыр сатып алғыңыз келсе
(саптаулы болса), қолға ұстап, олай-бұлай жұмыс істегендей қимыл жасап кӛріңіз. Саптары
жақсы жонылған, жұмыс істеуге ыңғайлы болғаны дұрыс. Бау-бақша құралдарының ағаштан
істелген сабы қанша дегенмен бірден пайдалануға жарамайды: сыртында бүрі, жаңқалар,
ойдым-ойдым шұңқырлар болуы мүмкін. Сондықтан сатып алғаннан кейін олардың сабын
жақсылап тазалап, тегістеңіз. Сонда алақанды қажамайды. Ол үшін шыны сынығымен ағаш
сапты қырып тазалаңыз, шор-шор болған ағаш бұтақтарының орны болса, ӛткір пышақпен
тегістеп жіберіңіз. Содан соң зімпара қағазымен ысқылаңыз.
Жерді қазғанда денесін еңкейтпей, тік ұстайтын орта бойлы адамға күрек, айыр, кетпен
саптарының ұзындығы 75 сантиметрден кем болмағаны жӛн, ал сәл-пәл бүгіліп істейтіндерге
құрал саптары 70 сантиметрдей болсын.
Бау-бақшада жұмыс істеуге арналған құрал-сайман берік металдан, сапалы жасалған
болса жұмысқа да, кӛңіл-күйге әсер етеді. Тот баспайтын металдан істелген аспаптар, әрине,
жақсы, дегенмен қымбат. Сапалы металдан істелген күрек, кетпен, шапашот, балта, айыр т.б.
кӛпке дейін мұқалмайды. Бірақ, оларды жұмыс біткен соң топырақ, лайдан тазалап, керосин
не соляркамен майлап тұрсаңыз, ол кӛпке шыдайды. Бау-бақшада жұмыс істегенде қажетті
құрал-саймандарды құрғақ сарайда не бастырма астында сақтаңыз. Күн астында қалған
күрек, айыр, тырма, т.б. саймандар сабы кеуіп, босап, жұмыс істегенде әлекке салады.
Жұмысқа кірісер алдында оларды аз уақыт суға салып қойса, ағаш ісініп, ұңғыға нығыздап
тұратын болады.
Бау-бақшада пайдаланылатын құрал-саймандар 15-суретте кӛрсетілген: күрек (а),
кетпен (б), айыр екі түрлі: біріншісінің тістері қырлы, не жұмыр, екіншісінікі - сәл жалпақтау
(в), кӛкӛністер мен жеміс бұталарының қатар аралықтарын кӛпсітетін кетпен (г), топырақты
кӛпсітетін қол тырма (ж), арамшӛптерді шабатын шоттар (д), шӛп жинайтын тырма (з),
кӛшет отырғызуға пайдаланатын қалақ (и), топырақ кӛпсітетін кішкене ққол айыр (к), су
құятын шелек (лейка) (л), тыңайтқыш сепкіштер, (н, м), қоларба (р), бау ағаштарын
отырғызғанда пайдаланатынын жіп (п), кӛшет не тереңге себілетін тұқым себуге
162
пайдаланылатын қада (о), күректің сынған сабының бір-жағын ӛткірлеп жіберсеңіз, дап-
дайын када болады.
Сурет-15
1.Бау-бақшада қыста істелетін жҧмыстар (жәйлі кеңестер)
Әуесқой бағбандарға ерінбесе қараша-желтоқсан айларында, әсіресе, ауа райының
құбылмалы кезінде істелетін жұмыстар кӛп. Соның кейбірімен таныстырып ӛтелік.
Күн шуақты болса ересек ағаштардың түптерін, негізгі ірі бұтақтарды әктеп
тастаңыздар. Қою, жақсылап дайындалған әк ағаштың бұтағын күнге күюден, аяздан, зиянды
жәндіктерден сақтайды.
Бір шелек ертінді дайындау үшін 2-3 кг әк немесе 3 кг бор, 250-300 грамм мыс
купоросын, 3-4 күрек саз, 1-2 күрек жаңа кӛңді алып араластырасыз. Дайыныдаған ертіндіңіз
қаймақтай қою болсын. Сосын ағаш бұтақтарына жаға беріңіз. Қағазды ертіндіге батырып,
онымен ағаштың жіктерін ораңыз, су жиналмасын.
Қабықтары әлі жетілмеген жас ағаштарды әктемейді, оларды қағазбен орап, сыртын
рубероидпен қаптап байлау керек, әктеп болған соң ағаштың түптерін кӛпсітіп, таза
жапырақтармен жауып тастаған дұрыс.
Қыстың басында ерте кәктемде будандастыратын бұтақтарды алдын ала даярлау керек.
Бұталарды қардың қалыңдығы 15-20 см жеткенде, қатты суық басталмай тұрып, ауаның
температурасы 5°С болып тұрғанда қырыққан жӛн. Бұтақтарды жақсы жеміс салып тұрған
ағаштың жоғарғы не орта шенінен, оңтүстік не оңтүстік-шығыс бетіндегі бұтақтарынан кесіп
алады. Қырыққан бұтағыңыздың ұзындығы 40-50 см, диаметрі 5-7 мм, әбден жетілген,
біржылдық болсын.
Қырқылған бұтақтарды топ-тап буып, қандай сортты ағаштан қырқылып алынғанын
қағазға жазып, қапшықпен орап буып, үйдің солтүстік жағындағы қарға кӛму керек
(кӛктемде бұл жақтың қары тез ерімейді).
Қырқылған бұтақтарды тік қойып, түп жағынан үштен бір бӛлегін құммен кӛміп
подвалда сақтауға да болады.
Күн жылып, қар мол жауса, ағаш бұтақтарына жабысқан қарды тусіріп тұрыңыз. Ол
үшін ағаштың бас жағына шүберек орап (ағаш бұтақтарын зақымдамас үшін), сонымен
бұтақтарды ұрғылап қарды түсіріңіз.
163
Ағаштың түбіне қардың мол жиналғаны жақсы. Қарды таптап үйе беріңіз. Әсіресе, жас
ағаштардың түбіне қар мол тапталса, оның пайдасы бар. Тышқан, т.б. кеміргіштер жете
алмай, ағаш қабықтары зақымдалмайды. Қар аздау болса ағаштың, бұтақтарының түбіне
құрғақ жапырақ, торф, помидор, картоп бұталарын жинап бастыру керек.
Жеміс бұталарының бұтақтарын буып байлаңыз, майыспай, тік тұратын болсын. Ал
таңқурайдың бұталарын жерге иіп байлайды.
Құстарға ұя дайындауды ұмытпаңыз. Бауға кұстың мол жиналғаны пайдалы-зиянды
жәндіктерден қорғайды.
Жемісті және бұталарды күзде тәртіпке келтіруге үлгермесеңіз қыс қатты аяз, қар қалың
болмаса, ол жұмысты осы мезгілдерде істеуге болады.
Таңқурайдың жеміс салған бұтағын түбінен қырқып тастаңыз.
Жаңа, биылғы шыққан бұтақтарды сиретіп, бір метр жерге мықты 12-15 бұтағын, ара
қашықтығын 20-25 см етіп қалдырыңыз. Немесе бір түпке 6-8 бұтақ жетеді.
Түбіндегі топырағын 8-10 см қарашірікпен немесе торфпен жауып тастаған
таңқурайдың ӛәнімі күрт ӛседі.
Қара қарақаттың кейбір бұталары 5-7 жыл бойына жеміс береді. Оның бір жылдық ӛсімі
болмаған бұтақтарын қырқып тастау керек. Ӛйткені оның жемісі
ұсақтала бастайды. Бірден
бес жасқа дейінгі майда 10-15 бұталар қалсын. Қырық-қаида зақымдалған, сынған, кепкен,
түптен бӛлек шыққан бір жылдық бұтақтарды қырқу керек. Түптен бӛлек шыққан
бұтақтардың мықтыларын, жақсы, ыңғайлы жерден шыққанның 3-4 қалдырған дұрыс. Кейін
қартайған бұтақтардың орнына бір жылдық бұтақтарды кӛктемде қысқартып, кӛшеттеу
керек.
Қызыл, ақ қарақаттардың кейбір бұтақтары 8-10 жыл жеміс береді. Сондыктан да содан
ересектерін қырқып, әр түпте 8-10 бұтақ қалдырған дұрыс. Бір жылдық бұтақтарды да
қырқып, мықты деген 1-3 бұтақ қалдырып, кӛктемде оларды да қысқартып қырқу керек.
Қарлыған тез ӛсетін жемісті бұта. Бір түпте әр жылғы ӛскен бұтақтардың күшті, әбден
пісіп жетілген 1-2 бұтағын қалдырып, басқасын қырқып тастаңыз. Жеміс берген бұтақтардың
зақымдалғанын, сынғаны мен ауру және жерге жантайып ӛскендерін қырқып, әр түпке бір
жастан он жасқа дейінгі 12-16 бұтақ қалдырған дұрыс. Қарлыған аязға тӛзімсіз, сондықтан
оның түбіне мол етіп торф тӛккен пайдалы.
Бір жылдық бұтақтарды кӛктемде қысқартады.
Достарыңызбен бөлісу: |