«Графикалық диктант» әдістемесі



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі29,01 Kb.
#119033
1   2   3   4
Байланысты:
«Графикалық диктант» әдістемесі

2. «Үй суреті» әдістемесі
Мақсаты: Баланың еркін зейін дамуының деңгейін анықтау және үлгі бойынша жұмыс істеуін бағалау.
Балаларға таза қағаз параға таратылады. Үлгіге мұқият қарауларын және дәл сондай суретті өз парағында айнытпай салуға тырысу керетігі сұралады. Ескерту: «Егер сен қателесіп кетсең, онда өшіргішпен өшіруге болмайды, қате суреттің үстінен немесе жанына дұрыс сурет салу керек екендігі ескертіледі».
Бала жұмысының аяқталғанын білдіргенде, оның салған суреті дұрыс шықты ма, өзіне тексеру ұсынылады. Егер ол өз суретінен қате тапса, ол оны түзей алады. Баланың суретіне қандай да бір түзетулер енгізудің және білмей қалған жерлерін есіне салудың қажеті жоқ.
Бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданады.
1) сурет көшірмесінің дәлдігі: суретте барлық бөліктері бар ма (түтін, мұржа, шарбақ, терезе, үйшіктің негізін бейнелейтін сызық және т.б);
2) барлық суреттің немесе оның жекелеген бөліктерінің өлшемдерінің сақталуы (2 еседен артық үлкеюқате болып саналады);
3) суреттің элементтернің дұрыс бейнеленуі (түтін сақиналары, шарбақ, шатырдағы сызықтар).
Зейінді зерттеу барысында 4 «ә» сынбында оқушылар еркін зейіні даму деңгейі орташа, тапсырманы ұқыпты орындады. Төмен деңгей көрсеткен оқушы жоқ. Нұрланов Нұрхан, Сәрсенбаев Бейбарыс, Тұрарбек Дастан бұл оқушылардың еркін зейіні даму деңгейі жақсы дамыған.
3. «Жадыны зерттеу» әдістемесі
Диогностика жүргізу жадының бірнеше түрлерінің (көру, есту, моторлық) немесе бір уақытта бірнеше түрі (аралас жады: көру-есту, есту-моторлық, көру-есту-моторлық) даму ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың жадысының түрлерін анықтау оқытудың әдістемесін таңдауға үлкен септігін тигізеді.
Зерттеуді жүргізу үшін 4 баған етіп жазылған жеке карточке дайындалады. Мұғалім бірінші бағандағы сөздерді 4-5 сек.кідіріспен оқып шығады (есту арқылы жадыда сақтау). Оқып болған соң 10 минут демалады. Екінші бағанды оқушы өзі іштей оқып шығады да, бағанды жауып, есте сақтаған сөздерін жазады (көру арқылы есте сақтау) 10 минуттық үзілістен кейін мұғалім үшінші бағандағы сөздерді оқиды, оқушы мұғалімнің соңынан сөздерді парақтарына жазады. 10 минуттық үзілістен кейін мұғалім төртінші бағандағы сөздерді оқиды, оқушылар карточкадағы сөздерді көзбен бақылай отырып, әр сөзді сыбырлай қайталайды. Әрі қарай есте сақтаған сөздерін жазады (көру-есту-моторлы есте сақтау).
Жадыны зерттеу әдістемесі 4 «а» сыныбында жүргізілді. Бұл сынып оқушыларынан алынған әдістеменің қорытындысы: оқушылардың көру арқылы есте сақтауы 75,5%, есту – 46,1%, іс-әрекет – 52,7%, моторлы(көру-есту-моторлы) есте сақтау қабілеттері – 58,3%. Берілген кеңес: Оқу материалдарын қабылдауда мүмкіндігінше көрнекіліктің көп болуы, қабылдау мен өңдеу ерекшеліктерімен танысуға мумкіндік жасау, ақпарат қабылдауға неғұрлым көп сезім органдары қатысатындай қолданылатын әдістер түрлерін қолдану керек.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылармен психологиялық коррекция сабақтарында түзете-дамыту жаттығуларымен бірге ойын түрлерін қолдану тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет