«Графикалық диктант» әдістемесі



бет4/4
Дата18.10.2023
өлшемі29,01 Kb.
#119033
1   2   3   4
Байланысты:
«Графикалық диктант» әдістемесі

«Ұқсас суретті тап»

Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: Екі шырша, екі қайық, екі теледидар, екі тоңазытқыш, екі жапырақ,екі гүл, екі сағат т.б. Осы суреттерді бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометрилық пішіндерді қораптан таңдап алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр- түсін сипаттап әңгімелеп береді.

  1. «Уақытты қабылдау жаттығуы»

  1. Тәуліктің уақытын ата?

а) Таңертең деген қай уақыт? (таңертең не істейтіндерін сипаттайды)
ә) Түс деген қай уақыт? (түскі тамақ ішеміз, дем аламыз т.б)
б) Кеш деген қай уақыт? (үйге қайтамыз, үйдегі іс-әрекетті айту)
в) Түнде не істейміз? (ұйықтаймыз)
Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар
1. «Зейінді бол»
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетемін. Сендер оны қайталап тұрасыңдар. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты юірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.
2. «Құлақ - мұрын»
Балалар шеңбермен тұрады.
Жүргізуші: «құлақ»,- деп мұрнын ұстайды, «мұрын»,-деп құлақты ұстайды. Ал балалар көрсетілген мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. «Дайын бол»
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөзді айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т.с.с.
4. «Мен жеңімпазбын»
Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
«Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі» деген екен Абай атамыз. Ойлап отырсақ, осы ойлар бала санасына, өн бойына сапалы білім мен өршіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел туын берік ұстауда мұқалмай жастарды тәрбиелейтін біздерге, ұстаздарға арнап айтқандай сезіледі.
Еліміздің бұдан былай да көрікті де, сәулетті, ауқатты да бақытты болуы жолында балаларға барлық «жан жылуын» берген олардың санасына ізгілік нәрін сіңірген мұғалім есімі әрбір оқушының мәңгілік есінде қалатындай істер атқарайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет