Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар


Б о л ы м с ы з д ы қ е с і м д і к т е рі



бет22/50
Дата20.04.2023
өлшемі156,19 Kb.
#84943
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Б о л ы м с ы з д ы қ е с і м д і к т е рі
Болымсыздық есімдіктері жалы болымды мағыналарға қарама-қарсы болымсыздық мағыналарда қолданылады. Есімдіктердің бұл түріне еш, ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешбір, ешқайсы, ешқандай, ешқашан, бір де, бірде бір, дәнеңе, түк, дым деген сөздер жатады.
Болымсыздық есімдіктері үш түрлі тәсілмен жасалады:
1) лексикалық
2) морфологиялық
3) синтаксистік
Лексикалық тәсіл өзінің негізгі лексикалық мағыналарынан алшақтау нәтижесінде болымсыздық есімдіктер қатарына ауысқан сөздерді қамтиды. Бұл тәсілмен жасалған болымсыздық есімдіктер – түркі тілдерінің төл сөзі түк, дым есімдіктері және парсы тілінің еш сөзі.
Түк білмейміз, соқырмыз. Ақсақалдар дым бітіре алмады. Жол іздеген адам еш орнынан таба алмайды.
Синтакистік тәсіл есімдіктердің басқа түрлеріне болымсыз мағынадағы еш сөзінің бірігуі арқылы жасалады. Бұған ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқашан, дәнеңе болымсыздық есімдіктері жатады.
Бұл әнді Әмірқандай ешкім сала алмайды. Ұялсам да ештеңе дей алмадым. Ыстық сорпадан басқа ештеңе татып алмайды.
Болымсыздық есімдіктерінің түрлену жүйесі әрқилы. Болымсыздық есімдіктері жіктік жалғауларын және көптік жалғауларын тікелей қабылдамайды. Көптік жалғаулары тек тәуелдік жалғаулармен бірге жүріп қана қосылады. Онда да ештеме, ешнәрсе, ешқайсысы,дәнеңе,түк есімдіктеріне жалғанады. Бұның өзінде де болымсыздық есімдіктерінің жекеше түріне түгел жалғана бермейді.
Оның дәнемесі жоқ .Менен басқа ешкімі жоқ.
Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері септеледі. Атривутивтік ешбір,ешқандай, бір де бір есімдіктері жай түрінде жекеше, көпше болып та септелмейді. Ал тәуелденген кезде жекеше түрінде ғана 2-3 жақтарда септеледі.
Болымсыздық есімдіктері әр уақытта болымсыз сөйлемдерде қолданылады.
1) Сөйлемнің баяндауыштары -ма,-ме болымсыз жұрнақтармен қамтамасыз етіледі.
Күнекей күйеуінің келуіне түк айтпады.Өзіңізден басқа ешкім болмады ма?

2) Болымсыздық есімдіктері сөйлемнің баяндауышы «жоқ» сөзімен қамтамасыз етілуін қажет етеді.


Дәнеңе жоқ. Ешқандай үн жоқ. Осы үйде дым жоқ.
3) Болымсыздық есімдіктері сөйлемнің баяндауыштары «емес» құрамды болуын қажет етеді.
Ол ештеңе емес.Бірақ ойымда ешқашан арамдық болып көрген емес.
Болымсыздық есімдіктері сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет