Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты


ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ



бет3/3
Дата02.12.2023
өлшемі1,12 Mb.
#132267
1   2   3
Байланысты:
Презентация Зарина

ГРУЗИЯДА ЖҮРГІЗІЛГЕН РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ.

  • 1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздыр- майды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министр- лігінің сайтында жазылса болғаны. 2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі. Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар азайды. 

Қорытынды.

  • Сондықтан да, қандай да болмасын мемлекеттегі жемқорлыққа қатысты саясатты оңтайлы жүзеге асырудың алғышарттары, біріншіден, мемлекеттік органдардың өзара реттелген жұмысы жəне, екіншіден, бұл органдардың азаматтық қоғам институттарымен тұрақты ықпалдастығы болып табылады.
  • Байқағанымыздай, шетел мемлекеттерінде жемқорлыққа қарсы саясат сол елдің əлеуметтік жəне экономикалық жағдайына, мəдени құндылықтарына жəне азаматтық қоғам институттарының даму деңгейіне байланысты əр түрлі болып келді. Осы елдердегі сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне талдау жасау Қазақстан үшін өте қажет. Бұл талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық ұлттық стратегияны жасауға көмектеседі.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет