Жалпы жаратылыстану саласындағы ғылымдарды оқытып үйрету әдістемесі, мектептерде оқыту әдістерінің дамуы 18-ші ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Пәннің дамуына биология мамандары, ғалымдар, көптеген әдіскер мұғалімдер, көп жылдар бойы жүргізілген оқу- әдістемелік жұмыстардың нәтижесі зор үлес қосты. Әдістемелік құралдар мен оқулықтардың мазмұны тарихтың дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік құрылымның ерекшкліктеріне тікелей байланысты болды.
Осы оқу орындарында академик Василий Феодорович Зуев (1757-1794) дәріс берді. 1786 жылы В.Ф.Зуев өз тегін көрсетпей 2 бөлімнен тұратын оқулық жазды. Оқулық “Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы”-деген атпен жарық көрді.Осы кезеңнен бастап жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы басталды. Оқулықтың бінінші бетінде автор пәннің мақсаты мен міндеттерін алғаш рет ашып берді. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудың жүйесі мен оқыту тәртібін былай көрсетті: