Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет20/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Әңгіме. 
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгіме
-
лерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш.Мұртаза, М.Ма
-
ғауин, Қ.Жұмадiлов, Б.Нұржекеұлы, Т.Нұрмағамбетов, 
Қ.Түменбай, Ә.Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты. 
Ш.Мұртазаның шағын жанрды ұмыт қалдырмай, оған 
өзіндік үлес қосып жүргендігін «Алапар мен Динго», 
«Бұршақ», «Тәуекел той» сықылды әңгiмелерi растайды. 
«Тәуекел той» әңгімесінің атының өзi айтып тұрғанын
-
дай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау бол
-
ған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғанды
-
ғы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі 
тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бас
-
тады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден 


65
асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен 
батып жатуы бүгінгі күннің шындығы. 
М.Мағауин роман-эссесiнде бұл әңгiмесiн өзiнiң ең 
таңдаулы әңгiме деп санайтынын еске алатын болсақ, 
«Салах-ад-Диннiң үкiмi» атты әңгiмесі жаңалығы мол 
дүние екені рас. Жазушы «Қаңғыбастар мен шағала
-
лар», «Тортай шалдың есегі», «Бабаның оралуы» сын
-
ды әңгімелерінде үлкен ой қозғаған. «Қаңғыбастар мен 
шағалалар» атты әңгімесіне қайыршылық жолға түскен 
жандар өмірі, екінші әңгімеге кешегі Ұлы Отан соғысы 
жылдарындағы қазақ халқының ауыр тұрмысы негіз бол
-
са, соңғы әңгіменің айтары тіптен бөлек. Мұнда зиратты 
қорлап, баба жілігін сындырған Алақайдың өмірі қазіргі 
жаңа қазақтарға ой салады. Ол «Құмырсқа қырғын», 
«Коммунистік реализм», «Қасқыр – Бөрі», «Қос ағаш» 
сынды әңгімелерінде құмырсқа, қасқыр, ағаш арқылы қа
-
зақтың кешегісінен хабар беріп, болашағын меңзейді. Қа
-
зақ халқының тағдырын көркем бейнелеген «Қос ағаш» 
әңгімесінен ұлттығымыздың жойылып бара жатқанын 
аңғару оңай. Бір ауылдың айбыны тәрізді көрінетін Қос 
Ағаштың күйреп, тозып, ақыр соңында отынға айналуы 
бір жағынан уақыт дөңгелегінің толассыз домалауымен 
өмірдің озатындығынан хабар берсе, екіншіден, сол уа
-
қытпен бірге ұлттық қасиеттерімізден айырылып бара 
жатқандығымыз жөнінде ой салады. Оның «Ұлт аралық 
жанжал» қазақ халқы тәуелсіздік алса да құлдық психо
-
логиядан құтыла алмай отырғандығын шынайылықпен 
бейнелеген әңгіме. Отарлау саясатымен қазақ жеріне 
басқа ұлт өкілдерінің көптеп қоныстанғандығын бүгін
-
дері ғана айтып жүрміз. Әңгімеде ең жақсы қонақжайлық 
қасиеті өзіне сор болып жабысқан қазақтың өз елінде 
жүріп келімсектерге жалтақтап, солардан асып кете ал
-
май, жетім баланың күйін кешіп жатуы ащы болса да ХХІ 
ғасыр шындығы. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере 


66
білген жазушының аталған әңгімелерінің негізгі өзегі – 
тәуелсіз қазақ халқының жері мен еліне өзі ғана ие болуы. 
Қ.Жұмадiловтiң «Жалдамалы күйеу», «Жемдеген қыр
-
ғауылдар», «Құдайдың үйi», «Бiр ғана ғұмыр», «Дөңге
-
ленген дүние-ай», «Тiленшi» (2000), «Бұқарбайдың бұ
-
қасы» (2000), «Ит базары» (2001) секiлдi әңгiмелерiнiң 
негiзгi өзегi де бүгiнгi күннiң оқиғалары, кейiпкерлерi 
жаңа заманның адамдары. «Жалдамалы күйеудегі» (ин
-
женер) Баймырзаның өз бала-шағасын тастап, басқа бiр 
бай әйелге (Айсұлу) кетiп қалуы өмірден алынған шын
-
дық. Сол секілді «Жемдеген қырғауылдардағы» аудан 
әкiмi Нұрсаған Бектұрғановтың, «Құдайдың үйiндегi» 
Әкпар молданың, «Бұқарбайдың бұқасындағы» кәсiпкер 
Бұқарбайдың iс-әрекеттерiн суреттеу арқылы жаңарған 
қоғамның сыпатын, кескiн-келбетiн, тынысын ашып көр
-
сеткен. «Тіленші» әңгімесіне ХХ ғасырдың тоқсаныншы 
жылдарындағы Кеңес Одағы ыдыраған тұстағы қазақ 
халқының тығырыққа тіреліп, экономикалық құлдырау
-
ға душар болған кезіндегі күйі әнші жігіттің тағдырымен 
бейнеленген. «Бұқарбайдың бұқасы» атты әңгімесінде 
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жаңа қоғамды 
тосырқай қабылдаған жандардың қоғамның ыңғайы
-
на қарай бейімделе бастағандығы көркем бейнеленсе, 
«Ақынның ақырғы күндері» (2000) атты әңгімесінде 
С.Сейфуллиннің трагедиялы өмірі суреттелген.
Шағын жанрға үздiксiз үлес қосып келе жатқан жазу
-
шы Б.Нұржекеұлының «Мүденің қатыны» (2000) атты 
әңгімесіне б.з.б. ІҮ-ІІ ғасырларда өмір сүрген көшпелі 
түркі халқы мен олардың даңқты патшасы Мөде ханның 
қытай елімен қақтығыстарының бірі шынайы бейнелен
-
ген. Жазушының «Бейтаныс әйелдiң құпиясы» (2002) 
атты жинағындағы әңгiмелердiң негiзгi тақырыбы – ма
-
хаббат. «Бейтаныс әйелдiң құпиясы» – әйел мен еркек 
арасындағы құпия сезiм сырларын паш ететiн әңгiме. 
«Қамыт жағалы қоңыр көйлек», «Қыз сезiм», «Құпия ма
-


67
хаббат», «Мұнтаздай Мұмтаз», «Қырғыз келiншек», «Өш 
алудан өршiген әдет», «Екi қырсық», «Күю» атты әңгi
-
мелердiң де негiзгi тақырыбы махаббат мәселесi болған
-
дықтан жазушы еркек пен әйел арасындағы сезiмдiк бай
-
ланыстарды ашуға ұмтылған. Әңгімелердің барлығы да 
махаббат мәселесін көтергенмен олардың бірі екіншісін 
қайталамайтын соны дүниелер. 
Шағын әңгімелерінде ауыл өмірінің көркем суреттерін 
жасаған Т.Нұрмағамбетовтің тәуелсіздік тұсында жазыл
-
ған «Анасын сағынған бала» әңгімесі тоқсаныншы жыл
-
дардағы өмір шындығына негізделген. Шаруашылықтар 
тарап, ауылдағы ер азаматтардың бәрі жұмыссыз қалған 
тұста бала-шағаны асырау қамымен әйел-аналардың ала 
қапты арқалап қалаға ағылғаны белгілі. Қала кезген ана 
мен ауылда қалып, Алматыдан келген Есмағамбеттен 
анасының хабарын күткен Сержанның үш күндік әңгі
-
месімен сол тұстағы ауылдың қайғылы халі көркем бей
-
неленген. 
Ә.Таразидың «2999999+1» әңгімесінен отызыншы 
жылдардағы жаппай қудалаудың салдарынан ОГПУ қыз
-
меткерлерінің қазақ даласына жасаған қуғын-сүргінінің 
бір көрінісі елес береді. «Келін» әңгімесіндегі бір ауылды 
серілігімен дүрліктірген Танабай, бір сәттік сезімнің құр
-
баны болған Жауһаз, «Өлім» әңгімесіндегі Кірпішбай
-
дың айрандай ұйыған отбасына іріткі түсірген досы Ер
-
кебұлан, оның серілігіне ерген Бәтиха сынды жандардың 
арамызда жүргені де жасырын емес. Осылайша жазушы 
таныс және бейтаныс кейіпкерлерін күнделікті өзімізбен 
араласып жүрген жандардың арасынан іздейді. Жараты
-
лысы бөлек, ешкімге ұқсамайтын Сұлтанмен оқырман 
бірнеше әңгімеде кездеседі. «Ауыл шетіндегі үйдегі» қа
-
рындасын құсқа сататын, «Жабы сәйгүліктегі» Көкала 
атты айғырларға талатып өлтіретін, «Сауал» әңгімесіндегі 
араққа тойып елге масқара болатын Сұлтан әпенділігімен 
оқыман есінде ұзақ сақталатын кейіпкер. 


68
Тоқырау жылдарындағы және тәуелсіздік тұсындағы 
қазақ ауылдары мен қала тіршілігінің тұрмыс-күйі Қ.Най
-
манбаев, Д.Досжан, С.Елубаев, С.Балғабаев, М.Асылға
-
зин, С.Асылбеков, Н.Ақыш, Д.Әшімханов, Т.Мәмесейіт, 
т.б. жазушылардың әңгімелеріне негіз болды. Аталған 
жазушылар ауыл қазақтарының трагедиялы хал-күйін 
нақты мысалдармен шынайы бейнелей отырып, жер асты 
байлығының қазаққа бұйырмай жатқандығына күйінді. 
Пейілі кең, көңілі дархан, қонақжай да бауырмал қазақ
-
тың ұлттық қасиеттеріне үңілу арқылы ұлттық харак
-
терлерге ерекше көңіл бөлді. Ауыл мен қала тіршілігін 
параллел суреттеумен бүгінгі ауыл өмірі мен қала тыны
-
сынан біршама хабар берді. 
Кейiнгi кездерi әңгiме жанрына көбiрек қалам тербеп 
жүрген жазушы Қ.Түменбайдың «Көз» (1999) деп атала
-
тын әңгiмесiндегі сүрбойдақ атанып, жаңа үйленген жас 
отаулардың терезесiн аңдитын Дәуренбай есiмдi жiгiттің 
іс-әрекеттері ерiксiз күлкi үйiредi. 
Н.Ораздың «Терісағаш» әңгімесі М.Мағауиннің «Қи
-
сық ағаш» хикаятының жалғасы тәрізді. Жеткіншек бала 
өмірі мұнда жас шыбық ретінде бейнеленген. Теріс отыр
-
ғызылған шыбықтың зәулім қарағашқа айналуы оның қа
-
лай отырғызылуында емес, бастысы ниеттің оң екендігін 
байқатады. 
Н.Ақыштың тәуелсіздік жылдары мерзімді басылым 
беттерінде жарияланып, «Бейуақта жанған от» (2010) 
атты жинағына енген «Бейуақта жанған от», «Қадірсіз қо
-
ңыр», «Нағыз әже қайда?», «Бұрынғы бастықтың әйелі», 
«Мұңды жанардың сәулесі», «Дон-Жуанның қалыңды
-
ғы», «Көнбіс бәйбіше», «Жұмыс іздеген қыз» және басқа 
да көптеген әңгімелері көркемдік үдесінен шыққан шы
-
ғармалар. Жазушы аталған әңгімелерде қоғам мен адам 
арасындағы ежелден келе жатқан үйлесімсіздіктердің 
сырларына жекелеген жандардың бастарынан өткен 
қызықты оқиғалар арқылы үңілуге тырысады. Кез-кел
-


69
ген әңгімесінде адам тағдыры ішкі қайшылықтарымен, 
әлеуметтік сипаттарымен дараланған. Тәуелсіздік пен де
-
мократия еркіндіктеріне ден қойған кейіпкерлердің өмір 
жайындағы ұстанымдары оқырманды тосын ойларға же
-
телейді. 
Осындай белгілі жазушылармен бірге К.Рахымжанов, 
Н.Қами, Р.Мұқанова, Т.Ахметжан, Н.Ораз, Ә.Салық
-
бай, А.Алтай, Д.Рамазан, А.Кемелбаева, Ж.Қорғасбек, 
Қ.Мұқаш, Д.Амантай сынды бір топ жас қаламгерлер 
тәуелсіздік тұсындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік 
деңгейін көтере түсті.
К.Рахымжанның «Қалғұты» (2007), «Қанатты жылдар» 
(2007), «Шилі өзен» (2008) атты әңгімелер жинағына 
тәуелсіздік тұсында мерзімді басылым беттерінде жария
-
ланып, оқырман қауым мен сыншылар тарапынан оң ба
-
ғасын алған әңгімелері топтастырылды. Жазушы әңгіме
-
лері бүгінгі замандас бейнесін суреттеуде олардың жаңа 
дәуірдегі қоғам ісіне белсене араласуы мен адалдық, дос
-
тық сезімдерін, еңбек жолындағы күрделі ізденістерін 
көркемдікпен өмір шындығына сәйкес бейнелеуімен 
ерекшеленеді.
Н.Қамидың «Кездесу» (2003), «Көк қақпа» (2010) жи
-
нағына енген әңгімелердің барлығы да тәуелсіздік жыл
-
дар әдебиетінің жемісі. Автор ХХІ ғасырдағы ел мен жер, 
адам мен оның жан дүниесін өзімізбен бірге өмір сүріп 
жатқан қазіргі замандастарымыздың тыныс-тіршілігімен 
көрсетуге ден қойған. «Көк қапа» әңгімесіндегі кейіп
-
кердің түсінен қара домбыраның кетпей қоюынан көп 
сырды ұғуға болады. Хан Мөде құрған көшпенділер им
-
периясын он төрт ғасырдан кейін билеген Шыңғыс Қа
-
ғандардың ХХІ ғасыр перзентін мазалап жүргені бүгінгі 
тәуелсіздіктің оңайшылықпен келмегенін ата-баба рухы 
ескертіп жүргендей әсер береді. Оны мына жолдардан аң
-
ғаруға негіз бар: «Ешкімге тәуелді болмай, айдарыңнан 
жел есіп, алшаң басып жүрер заманды жақындата түссем 


70
деп мен де талпындым, амал не, ақыры қолым жетпей, 
айға шапқан арыстандай мерт болдым, сол азаттыққа 
Алланың әмірімен өзің жеттің, енді соның қадірін біліп, 
қастерлей білсең кәнеки?» (267-б.). (Қами Н. Көк қақпа: 
хикаяттар мен әңгімелер. – Алматы: Қазақ тарихы, 2010. 
– 272 б.) Қара домбыра елі мен жерінің азаттығы, бос
-
тандығы үшін күрескен көшпелілерден қалған бірден-бір 
көнекөз шежіре. Оның шанағына Мөде ханнан бергі көш
-
пенділердің барша тарихы сыйып қана тұрған жоқ, ол сол 
тарихты ХХІ ғасырға жеткізіп тұрған аталар аманаты. 
Бірсыпыра әңгімелерден кеңестік жүйенің ыдырап, ке
-
ңес адамдарының тығырыққа тіреліп, одан шығатын жол 
таппай, жаңа өмірге икемделе алмай, өмірден торығып, 
болашақтан үміт үзе бастаған жандар бойындағы пси
-
хологиялық күйзеліс байқалады. Жаңа қоғамнан, өзінен 
жеріне бастаған адамдар өмірі әңгіме жанрына экзис
-
тенциалистік, постмодернистік арнадағы ой толғамдарға 
жол ашты. Осындай көркемдік ізденістер Р.Мұқанованың 
«Құбыжық» (2002), «Қаралы төбе», «Өзің», «Тұтқын» 
(2003), «Композитор», «Мұқағали» әңгімелерінен байқа
-
лады. 
Т.Ахметжанның «О дүниенiң қонағы» (2001) атты кi
-
табында «Шәрбат», «Тұма», «Тергеу», «Төрт қанден», 
«Күнәһар», «Айқасқа» сияқты әңгiмелерi топтастырыл
-
са, 2006 жылы жарық көрген шығармалар жинағының 1 
томына енген «Сынық қанат көбелек», «Қылбұрау» атты 
әңгімелері де өзіндік айтары бар шебер туындылар. 
Өз замандастарының ар-ұяттан безе бастағанын көрген 
жазушы әңгімелерінің барлығында дерлік адамгершілік 
мәселесі көтеріледі. «О дүниенiң қонағы» әңгiмесiндегі о 
дүниелік болып келген Қияқ бейнесі оқырманға ой сала
-
ды. Өмір жайында философиялық ой түйген жазушы на
-
рық заманындағы ақшалы азаматтардың мұңсыз өмірінен 
сыр шерте отырып имандылық мәселесін алға тартады. 


71
Ар ілімін жоғары қойған жазушы «О дүниенің қонағы» 
(2000), «Күнәһар» әңгімесінде ар-ұят періштесі мен сай
-
тандарды арбастыра отырып, адамшылық, имандылық 
мәселесін алға тартса, «Махаббат әуені» (2006) шынайы 
пәк сезімге құрылған. Жазушының барлық әңгімелерінің 
негізгі өзегі – ар ілімі. 
Әңгіме жанрына тұрақты түрде араласып жүрген жа
-
зушының бірі – Асқар Алтай. Оның «АҚШ консулының 
тас лақаты» (2000), «Лайбаран» (2000), «Түсік» (2001), 
«Тараншы Жолбарыстың сатқындығы» (2001), «Кентавр» 
(2002), «Қызыл қасқыр» (2002), «Стақан» (2003), «Сібір 
офицері» (2004), «Альпинист» (2004), «Шаһид» (2006), 
«Салбурын» (2006), «Прописка» (2007), «Көзжендет» 
(2008) әңгімелерінен мазмұндық, түрлік ізденістер байқа
-
лады. Ұлттық танымға ерекше мән беретін жазушының 
Мифке құрылған «Кентавр» әңгімесіндегі Басарыс атты 
«айғыркісі» мен «Салбурындағы» тотемдік таным қазіргі 
қазақ әңгімелеріндегі көркемдік ізденістердің мысалы. 
ХХ ғасырдың соңындағы тарихи мәні зор 1986 жыл
-
ғы Желтоқсан оқиғасының қуғын-сүргінін көрген жа
-
зушының «Сібір офицері» мен «Прописка» әңгімесіне 
кеңестік жүйенің ыдырауына, қазақ елінің тәуелсіздік 
алуына алып келген Желтоқсан оқиғасын негіз етіп ал
-
ған. Бірінші әңгімедегі кеңес офицері Бураханның тағдыр 
тәлкегіне ұшырауы қазақ жастарының көз жасының өтеуі 
болса, екінші әңгімедегі Арқаттың прототипі Асқардың 
өзі. Қазақстанның астанасы Алматыдан пана таба алмай 
сабылған Арқаттың өз елінде жүріп «өгей күй кешкен» 
қайғылы өмірі қазақ трагедиясы екені рас.
Әңгiме жанрында үздiксiз еңбек етiп келе жатқан жа
-
зушы Н.Ораздың «Аяқталмаған ертегi» әңгiмесiнде автор 
Алматыда тұратын Сағындық есiмдi ғылым кандидаты
-
ның екi күндiк өмiрiн суреттелсе, «Оңаша арал» (2006) 
жалғызілікті әйелдер мұңынан сыр шертеді. Оның «Түнгі 
жалғыздық» (2008) әңгімесінің де сағыныш пен мұң
-


72
ға құрылғанын ескеретін болсақ, жазушы осындай қай
-
ғы мен мұңға толы әңгімелерінде адам жанына үңілуде 
психологизмді терең игергендігін байқатты. Ол «Біз, ол, 
«Мерседес» және махаббат» атты әңгімесінде ауылдың 
жайма шуақ өмірі мен қаланың тынымсыз тіршілігін 
бір-біріне қарама-қарсы бейнелеу арқылы олардың ара
-
сындағы айырмашылықты көрсеткен. Ауыл тұрғындары
-
ның аңғал, адал, еңбекқор болып, қала тұрғындарының 
безбүйрек, эгоист, дүниеқоңыз болып келуі олардың қор
-
шаған ортаға қарай икемделуін аңғартады. Жазушының 
«Жылқының көз жасы» (2007) әңгімесі Семей полиго
-
нына арналған. «Жын жайлаған меңіреу өлкенің» траге
-
диялы күйінен хабар берген жазушы бүкіл адамзат бала
-
сын алаңдатқан Семей полигоны туралы әңгімелерге өз 
үлесін қосты. Бұл тақырыпта Р.Мұқанованың «Мәңгілік 
бала бейне», «Қаралы төбе», Д.Рамазанның «Соңғы дем» 
әңгімелері толықтырды. 
Қазақ әңгімелеріндегі көркемдік ізденістер А.Кемел
-
баева әңгімелерінен де байқалады. Діни-философиялық 
негіздегі «Ғибадат» (2000) әңгімесінде публицистикалық 
сарын басым болса, бірінші жақтан баяндалған «Құс» 
әңгімесі философиялық ой-толғамдарға құрылған. Мо
-
дернистік, постмодернистік ағымдарды жете меңгерген 
жазушының алғашқы әңгімесінде дін тақырыбы көтеріл
-
ген. Ол қасиетті Құран сүрелерінен мысалдар келтіре 
отырып, жалғанды жаратушы Алланың ұлылығын мо
-
йындайды. Алла тағалаға жасалған құлшылық оған де
-
ген шексіз сүйіспеншіліктің белгісі болса, бұл әңгіме о 
дүниенің бар екендігіне сендіре отырып, ақырзаманнан 
Аллаға жасаған құлшылық қана алып қала алатындығын 
нанымды бейнелеген туынды. Екінші әңгімедегі зула
-
ған көлік астында тапталып жататын құс пен қаңғыбас 
иттердің өлексесіне көпшілік мән бере қоймауы мүмкін, 
алайда жазушы олардың да Алла тағала жаратқан тіршілік 
иесі екендігіне көңіл аудартады. Осы ой «Тобылғысай» 


73
әңгімесінде жалғасын тапқан. Автор тек қана жан-жа
-
нуар емес, барша тіршілік иесін бір Алланың жаратқан
-
дығына сендіреді. «Қоңыр қаз» әңгімесінде адам баласы
-
ның дертіне құстардың арасынан шипа іздеген жазушы 
«Қияда» әңгімесінде Түсіпхан өліміне қатысты ұлттық 
салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа көңіл бөлумен күнделікті 
өмірде кездесетін жайттардан өмір мен өлім жөнінде фи
-
лософиялық түйін жасайды.
Д.Рамазан «Көкжал» (2001) әңгімесінде адам мен қас
-
қыр арасындағы тартысты бейнелеу арқылы табиғаттың 
тылсым күштерін бағындыру мүмкін емес екендігін еске 
салса, «Алланың елшісінде» (2008) дін тақырыбын көтер
-
ген. Д.Рамазанның «Көкжал» әңгімесі тәуелсіздік жылда
-
рындағы «қазақ әңгімесінің көкжалы» ретінде танылған 
туынды. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің «Көксерегінен» 
бастау алған қасқыр бейнесі тәуелсіздік тұсында Ж.Ах
-
мадидың «Кезінгеннің кезі», «Ажал аузында», «Кие», 
А.Алтайдың «Қызыл бөлтірік», Д.Рамазанның «Көкжал» 
әңгімелерінде жалғасты. Аталған әңгімелердің барлығын
-
да дала тағысын екі аяқты пенделердің бағындыра алма
-
ғандығы әр түрлі орта мен әр түрлі жағдайда жан-жақты 
бейнеленді. Жазушы екінші әңгімесінде «Қарлығаштың 
құйрығы неге айыр», «Қазығұрттың басында кеме қал
-
ған» сынды белгілі аңыз-әңгімелерді қайта тірілткен. 
«Сағындым сен жанқалада» (2008) адам бойындағы бір 
сәттік сезімнен адамгершілік, ар мәселесін жоғары қоя 
білсе, «Сүйген жүрек» (2008) тек қана екі ғашық арасын
-
дағы емес, туған жерге деген махаббат қоса өрілген. Ма
-
хаббат мәселесін бүгінде Отанына қайта оралып жатқан 
оралмандар тағдырымен ұтымды ұштастырған. 
ХХІ ғасырда әңгіме жанрына тағы бір топ жас буын 
өкілдері келіп қосылды. Олардың қатарында мерзімді 
басылым беттерінде әңгімелері жиі жарияланып жүрген 
Қ.Аманжолұлы, Қ.Әбілқайырұлы, М.Омарова, Л.Қоныс, 
Ә.Қоспағарова, Б.Дәулетбаева, Л.Имашева, А.Мантаева, 


74
Ж.Мамырәлі, М.Мұқашев, Б.Сарыбай, т.б. қаламгерлерді 
атауға болады. Қ.Аманжолұлы әңгімелерінен психоло
-
гизмді терең игергендігін байқасақ, Қ.Әбілқайырұлында 
мұң басым. Шабыт фестивалінде проза жанры бойынша 
үшінші орынды иеленген Л.Қоныстың «Ібілістің көңіл
-
десі» (2002) атты психологиялық әңгімесінде дамыған 
технологияның адамзаттың санасын уландырғаны сынал
-
са, «Құрқылтай ұясы», «Тиын» әңгімелеріне қазіргі за
-
мандағы өмір шындығы негіз болған. Ә.Қоспағарованың 
«Ол» әңгімесіндегі ақын жігіттің өзін қоршаған ортадан, 
төңірегіндегі адамдардан жиреніп, шарқ ұрып тазалық 
іздеуі Р.Мұқанова әңгімесімен үндестікті байқатады. Ше
-
тел әдебиетіндегі мистикалық үрдісті үлгі тұтқан М.О
-
марова магиялық сарынға құрылған «Жұмбақ», «Жол 
үстінде» әңгімелерінде ұлттық таным мен модернистік 
ағым жүйесін ұштастыруға ұмтылған. Б.Дәулетбаеваның 
күнделік іспеттес, хат үлгісімен келетін новеллалық желі
-
мен жазылған «Аспан әлемі» әңгімесінің де айтары мол. 
Мұнда автор күнделікті өмірде кездесетін кереғар жайт
-
тарды шенеп отырады. 
Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушылары әңгіме 
жанрында қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, 
мазмұндық, түрлік ізденістерге барды. Бұл жанр кеңестік 
дәуір тұсында тыйым салынған дiни-философиялық, 
эротикалық, интимдiк әңгімелермен толықты. М.Ма
-
ғауин, Б.Нұржеке, Қ.Жұмадiлов, Т.Ахметжан, Н.Ораз, 
т.б. жазушылар адам жанының iшкi иiрiмдерiне үңілуде 
психологиялық әңгімелер қатарын көбейтті. Дәстүрлі 
ұлттық таным тәуелсіздік тұсындағы әңгімелерде батыс 
әдебиетінде қалыптасқан әр түрлі ағымдармен жалғасты. 
Сондықтан да қазақ әңгімелерінде модернистік, постмо
-
дернистік ағымдар пайда болды. 
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көр
-
кемдік деңгейін көтеруге Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұ
-


75
мадiлов, Б.Нұржекеұлы, Т.Нұрмағамбетов, Қ.Түменбай, 
Ә.Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты. 
Ш.Мұртазаның шағын жанрды ұмыт қалдырмай, оған 
өзіндік үлес қосып жүргендігін «Алапар мен Динго», 
«Бұршақ», «Тәуекел той» сықылды әңгiмелерi растайды. 
«Тәуекел той» әңгімесінің атының өзi айтып тұрғанын
-
дай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау бол
-
ған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғанды
-
ғы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі 
тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бас
-
тады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден 
асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен 
батып жатуы бүгінгі күннің шындығы. 
М.Мағауин роман-эссесiнде бұл әңгiмесiн өзiнiң ең 
таңдаулы әңгiме деп санайтынын еске алатын болсақ, 
«Салах-ад-Диннiң үкiмi» атты әңгiмесі жаңалығы мол 
дүние екені рас. Жазушы «Қаңғыбастар мен шағалалар», 
«Тортай шалдың есегі», «Бабаның оралуы» сынды әңгі
-
мелерінде үлкен ой қозғаған. «Қаңғыбастар мен шағала
-
лар» атты әңгімесіне қайыршылық жолға түскен жандар 
өмірі, екінші әңгімеге кешегі Ұлы Отан соғысы жыл
-
дарындағы қазақ халқының ауыр тұрмысы негіз болса, 
соңғы әңгіменің айтары тіптен бөлек. Мұндағы зиратты 
қорлап, баба жілігін сындырған Алақайдың өмірі қазіргі 
жаңа қазақтарға ой салады. Ол «Құмырсқа қырғын», 
«Коммунистік реализм», «Қасқыр – Бөрі», «Қос ағаш» 
сынды әңгімелерінде құмырсқа, қасқыр, ағаш арқылы қа
-
зақтың кешегісінен хабар беріп, болашағын меңзейді. Қа
-
зақ халқының тағдырын көркем бейнелеген «Қос ағаш» 
әңгімесінен ұлттығымыздың жойылып бара жатқанын 
аңғару оңай. Бір ауылдың айбыны тәрізді көрінетін Қос 
Ағаштың күйреп, тозып, ақыр соңында отынға айналуы 
бір жағынан уақыт дөңгелегінің толассыз домалауымен 
өмірдің озатындығынан хабар берсе, екіншіден, сол уа
-
қытпен бірге ұлттық қасиеттерімізден айырылып бара 


76
жатқандығымыз жөнінде ой салады. Оның «Ұлт аралық 
жанжал» қазақ халқы тәуелсіздік алса да құлдық психо
-
логиядан құтыла алмай отырғандығын шынайылықпен 
бейнелеген әңгіме. Отарлау саясатымен қазақ жеріне 
басқа ұлт өкілдерінің көптеп қоныстанғандығын бүгін
-
дері ғана айтып жүрміз. Әңгімеде ең жақсы қонақжайлық 
қасиеті өзіне сор болып жабысқан қазақтың өз елінде 
жүріп келімсектерге жалтақтап, солардан асып кете ал
-
май, жетім баланың күйін кешіп жатуы ащы болса да ХХІ 
ғасыр шындығы. Қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере 
білген жазушының аталған әңгімелерінің негізгі өзегі – 
тәуелсіз қазақ халқының жері мен еліне өзі ғана ие болуы. 
Қ.Жұмадiловтiң «Жалдамалы күйеу», «Жемдеген қыр
-
ғауылдар», «Құдайдың үйi», «Бiр ғана ғұмыр», «Дөңге
-
ленген дүние-ай», «Тiленшi» (2000), «Бұқарбайдың бұ
-
қасы» (2000), «Ит базары» (2001) секiлдi әңгiмелерiнiң 
негiзгi өзегi де бүгiнгi күннiң оқиғалары, кейiпкерлерi 
жаңа заманның адамдары. «Жалдамалы күйеудегі» (ин
-
женер) Баймырзаның өз бала-шағасын тастап, басқа бiр 
бай әйелге (Айсұлу) кетiп қалуы өмірден алынған шын
-
дық. Сол секілді «Жемдеген қырғауылдардағы» аудан 
әкiмi Нұрсаған Бектұрғановтың, «Құдайдың үйiндегi» 
Әкпар молданың, «Бұқарбайдың бұқасындағы» кәсiпкер 
Бұқарбайдың iс-әрекеттерiн суреттеу арқылы жаңарған 
қоғамның сыпатын, кескiн-келбетiн, тынысын ашып көр
-
сеткен. «Тіленші» әңгімесіне ХХ ғасырдың тоқсаныншы 
жылдарындағы Кеңес Одағы ыдыраған тұстағы қазақ 
халқының тығырыққа тіреліп, экономикалық құлдырау
-
ға душар болған кезіндегі күйі әнші жігіттің тағдырымен 
бейнеленген. «Бұқарбайдың бұқасы» атты әңгімесінде 
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жаңа қоғамды 
тосырқай қабылдаған жандардың қоғамның ыңғайы
-
на қарай бейімделе бастағандығы көркем бейнеленсе, 
«Ақынның ақырғы күндері» (2000) атты әңгімесінде 
С.Сейфуллиннің трагедиялы өмірі суреттелген.


77
Шағын жанрға үздiксiз үлес қосып келе жатқан жазу
-
шы Б.Нұржекеұлының «Мүденің қатыны» (2000) атты 
әңгімесіне б.з.б. ІҮ-ІІ ғасырларда өмір сүрген көшпелі 
түркі халқы мен олардың даңқты патшасы Мөде ханның 
қытай елімен қақтығыстарының бірі шынайы бейнелен
-
ген. Жазушының «Бейтаныс әйелдiң құпиясы» (2002) 
атты жинағындағы әңгiмелердiң негiзгi тақырыбы – ма
-
хаббат. «Бейтаныс әйелдiң құпиясы» – әйел мен еркек 
арасындағы құпия сезiм сырларын паш ететiн әңгiме. 
«Қамыт жағалы қоңыр көйлек», «Қыз сезiм», «Құпия ма
-
хаббат», «Мұнтаздай Мұмтаз», «Қырғыз келiншек», «Өш 
алудан өршiген әдет», «Екi қырсық», «Күю» атты әңгi
-
мелердiң де негiзгi тақырыбы махаббат мәселесi болған
-
дықтан жазушы еркек пен әйел арасындағы сезiмдiк бай
-
ланыстарды ашуға ұмтылған. Әңгімелердің барлығы да 
махаббат мәселесін көтергенмен олардың бірі екіншісін 
қайталамайтын соны дүниелер. 
Шағын әңгімелерінде ауыл өмірінің көркем суреттерін 
жасаған Т.Нұрмағамбетовтің тәуелсіздік тұсында жазыл
-
ған «Анасын сағынған бала» әңгімесі тоқсаныншы жыл
-
дардағы өмір шындығына негізделген. Шаруашылықтар 
тарап, ауылдағы ер азаматтардың бәрі жұмыссыз қалған 
тұста бала-шағаны асырау қамымен әйел-аналардың ала 
қапты арқалап қалаға ағылғаны белгілі. Қала кезген ана 
мен ауылда қалып, Алматыдан келген Есмағамбеттен 
анасының хабарын күткен Сержанның үш күндік әңгі
-
месімен сол тұстағы ауылдың қайғылы халі көркем бей
-
неленген. 
Ә.Таразидың «2999999+1» әңгімесінен отызыншы 
жылдардағы жаппай қудалаудың салдарынан ОГПУ қыз
-
меткерлерінің қазақ даласына жасаған қуғын-сүргінінің 
бір көрінісі елес береді. «Келін» әңгімесіндегі бір ауылды 
серілігімен дүрліктірген Танабай, бір сәттік сезімнің құр
-
баны болған Жауһаз, «Өлім» әңгімесіндегі Кірпішбай
-
дың айрандай ұйыған отбасына іріткі түсірген досы Ер
-


78
кебұлан, оның серілігіне ерген Бәтиха сынды жандардың 
арамызда жүргені де жасырын емес. Осылайша жазушы 
таныс және бейтаныс кейіпкерлерін күнделікті өзімізбен 
араласып жүрген жандардың арасынан іздейді. Жараты
-
лысы бөлек, ешкімге ұқсамайтын Сұлтанмен оқырман 
бірнеше әңгімеде кездеседі. «Ауыл шетіндегі үйдегі» қа
-
рындасын құсқа сататын, «Жабы сәйгүліктегі» Көкала 
атты айғырларға талатып өлтіретін, «Сауал» әңгімесіндегі 
араққа тойып елге масқара болатын Сұлтан әпенділігімен 
оқыман есінде ұзақ сақталатын кейіпкер. 
Тоқырау жылдарындағы және тәуелсіздік тұсындағы 
қазақ ауылдары мен қала тіршілігінің тұрмыс-күйі Қ.Най
-
манбаев, Д.Досжан, С.Елубаев, С.Балғабаев, М.Асылға
-
зин, С.Асылбеков, Н.Ақыш, Д.Әшімханов, Т.Мәмесейіт, 
т.б. жазушылардың әңгімелеріне негіз болды. Аталған 
жазушылар ауыл қазақтарының трагедиялы хал-күйін 
нақты мысалдармен шынайы бейнелей отырып, жер асты 
байлығының қазаққа бұйырмай жатқандығына күйінді. 
Пейілі кең, көңілі дархан, қонақжай да бауырмал қазақ
-
тың ұлттық қасиеттеріне үңілу арқылы ұлттық харак
-
терлерге ерекше көңіл бөлді. Ауыл мен қала тіршілігін 
параллел суреттеумен бүгінгі ауыл өмірі мен қала тыны
-
сынан біршама хабар берді. 
Кейiнгi кездерi әңгiме жанрына көбiрек қалам тербеп 
жүрген жазушы Қ.Түменбайдың «Көз» (1999) деп атала
-
тын әңгiмесiндегі сүрбойдақ атанып, жаңа үйленген жас 
отаулардың терезесiн аңдитын Дәуренбай есiмдi жiгiттің 
іс-әрекеттері ерiксiз күлкi үйiредi. 
Н.Ораздың «Терісағаш» әңгімесі М.Мағауиннің «Қи
-
сық ағаш» хикаятының жалғасы тәрізді. Жеткіншек бала 
өмірі мұнда жас шыбық ретінде бейнеленген. Теріс отыр
-
ғызылған шыбықтың зәулім қарағашқа айналуы оның қа
-
лай отырғызылуында емес, бастысы ниеттің оң екендігін 
байқатады. 


79
Н.Ақыштың тәуелсіздік жылдары мерзімді басылым 
беттерінде жарияланып, «Бейуақта жанған от» (2010) 
атты жинағына енген «Бейуақта жанған от», «Қадірсіз қо
-
ңыр», «Нағыз әже қайда?», «Бұрынғы бастықтың әйелі», 
«Мұңды жанардың сәулесі», «Дон-Жуанның қалыңды
-
ғы», «Көнбіс бәйбіше», «Жұмыс іздеген қыз» және басқа 
да көптеген әңгімелері көркемдік үдесінен шыққан шы
-
ғармалар. Жазушы аталған әңгімелерде қоғам мен адам 
арасындағы ежелден келе жатқан үйлесімсіздіктердің 
сырларына жекелеген жандардың бастарынан өткен 
қызықты оқиғалар арқылы үңілуге тырысады. Кез-кел
-
ген әңгімесінде адам тағдыры ішкі қайшылықтарымен, 
әлеуметтік сипаттарымен дараланған. Тәуелсіздік пен де
-
мократия еркіндіктеріне ден қойған кейіпкерлердің өмір 
жайындағы ұстанымдары оқырманды тосын ойларға же
-
телейді. 
Осындай белгілі жазушылармен бірге К.Рахымжанов, 
Н.Қами, Р.Мұқанова, Т.Ахметжан, Н.Ораз, Ә.Салықбай, 
А.Алтай, Д.Рамазан, А.Кемелбаева, Ж.Қорғасбек, Қ.Мұ
-
қаш, Д.Амантай сынды бір топ қаламгерлер тәуелсіздік 
тұсындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтере 
түсті.
К.Рахымжанның «Қалғұты» (2007), «Қанатты жылдар» 
(2007), «Шилі өзен» (2008) атты әңгімелер жинағына 
тәуелсіздік тұсында мерзімді басылым беттерінде жария
-
ланып, оқырман қауым мен сыншылар тарапынан оң ба
-
ғасын алған әңгімелері топтастырылды. 
Жазушының анасы Тілеулестің рухына арнаған «Қалғұ
-
ты» атты әңгімелер жинағы 2006 жылы Мәдениет, ақпа
-
рат министрлігінің бағдарламасы бойынша қолымызға 
тисе, «Шилі өзен» жинағы Қазақстан республикасы Мә
-
дениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат 
комитетінің бағдарламасы бойынша шығарылып отыр. 
Мемлекет тарапынан қолдау жасалған бұл кітаптар оның 


80
авторының осы жанрда үздіксіз еңбек етіп жүргенін бай
-
қатса керек. 
«Қалғұты» жинағының беташары ретінде берілген 
«Қазына» әңгімесіне оңтүстігі Шұбартау мен Қарағанды
-
ға, батысы Абыралы мен Құндыздыға тірелетін Ақшатау 
өңіріндегі шалғайда жатқан ауылда болған бір оқиға негіз 
болған. Оқиға өтетін жердің кеңістігін жазушы былай 
сипаттайды «Көктемде жарыса ағып, алды Аякөз, Бақа
-
насқа құятын Ащысу, Қалғұты, Терісайрық өзендері жаз
-
ғытұрым тасығанда өткел бермеуші еді. Қырық жыл бойы 
атом сыналған полигон кесірінен айналасы жиырма-отыз 
жылда өзен-сулар тартылып, ағаштар қурап, табиғат өле 
бастаған» [3-б.]. Бұл – кеңестік дәуірде атомдық сынаққа 
айналған ұлы Абайдың туған жерінің бүгінгі мүшкіл халі.
Оқиға өтетін жер сол болса, уақыты – кешегі мызғымас 
Одақ ыдырап, Қазақстанның экономикасы құлдырап, 
елдің басым көпшілігі жұмыссыз қалып, жан бағудың 
қамын әркім әртүрлі шеше бастаған кез. Әңгімеге ХХ 
ғасырдың соңғы онжылдығындағы ауыл өмірі негіз бол
-
ған. Қолына тобылғы сапты қамшы ұстап, астына жирен 
ат мінген Тұяқбайдың жоқ іздеуінен басталған оқиғаға не 
бары екі-үш кейіпкер қатысады. Санаулы кейіпкерлердің 
монологы, диалогы арқылы бар оқиғаға қаныға түсеміз. 
Ол бір аптадан бері сабылып жоқ іздеумен әлек, себебі, 
Ақшатау жер аумағы жағынан ең үлкен кеңшар болып 
саналатын. Екі бие, екі құнан, бір тайы қолды болған
ақсақал ойы сан-саққа жүгіріп, түнімен ұйқы көрмейді. 
Таңертең «Ойда жоқта із-түзсіз жоғалып кетіп, бес бір
-
дей бастан кішкене тайдың шылбырын сүйретіп жалғыз 
оралуы Тұяқбайды еріксіз күдікке батырды» [5-б.]. Ма
-
лының қолды болғанын сезген оның енді суық қол ұры
-
ны ұстамақ ойы түнімен шартарапты кезіп, таң атқан соң 
орталыққа жол тартады. Алдынан кездескен насыбайшы 
Бөлдек шалдың жоқ іздеушіні Қыдырбай мұғалімге жұм
-
сауы – алақандай ауылда не болып жатқанынан бүкіл 


81
елдің хабардар болып отыратындығы. Бір күн бұрын 
аудан орталығына барып, арызданып, әкесінің ұрланған 
атының бір дерегін естіп қайтқан ол Тұяқбай ақсақалдың 
бір емес, төрт бас жоғалтқанын естігенде жағасын ұстай
-
ды. 
«– Япыр-ай, біз бір басқа осынша қиналып, іздеу салып 
жатқанда, төрт бас дегеніңіз қыруар мал ғой. Мал ашуы, 
жан ашуы. Ұры алса, аңдып, басынып алады. Танып, бай
-
қап барып алады. Табамыз. Бір із бар сияқты, қазір аудан
-
ға жүргелі отырмын... біздің мал сойылып базарға түсіп 
кетіпті. Бүгін мелисасына беріп, сойып өткізгендердің 
үйін тінтуге рұқсат аламыз. Көріңіз бізбен барып.
– Сойылып кетті, – дегенді естігенде жаман күдік жү
-
регін суырып кеткендей болды. Тұрған орнында сәл тең
-
селіп, қамшысын уқалап, қысқылай берді» [6-б.], – деген 
үзінді біраз сырды аңғартады. 
Біріншіден, жазушы осы диалог арқылы жоғалған мал
-
дан толық мәлімет беріп, тұрса, екіншісі – ұрының мал 
иесін танитындығы. Осылай қаса қана жасалған әрекеттің 
кімнің қолымен іске асқанын естігенде Тұяқбай ақсақал 
ұрының атын атауға ұялады. Өз жиенінің нағашысының 
төрт бірдей басын жымқырып кеткендігін ел естісе не бо
-
лады деп уайымдаған ақсақал ұрының атын ешкімге айт
-
пауын өтінеді.
Онымен де қоймай үйге келген соң, қой сойып Қыдыр
-
бай мұғалімді үйіне қонаққа шақырып, тіпті бір қойын 
қоярда қоймай беріп жібергеніне не дерсің... 
Жеке бастың қамынан ауыл-аймақтың, туған-туыстың, 
елдің мүддесін жоғары қоя білген ақсақалдардың қа
-
зақ ауылдарында топтап кездесетіні рас болса, автор өз 
кейіпкерін типтік дәрежеге көтере білген деуге саяды. Ал 
әңгіменің «Қазына» аталуы авторлық ұстанымды ашуға 
қызмет етеді. Ол – «қариясы бар үйдің қазынасы» бар 
екендігі болса, арамызда жүрген көнекөз қариялар қазақ 
біткеннің қазынасы екендігін біреу білсе, біреу білмейді. 


82
Бұл әңгіме оқырманды ұсақталмай жанымызда жүрген 
жақсы адамдардың ірі істерінен үлгі алуға шақырады. Қа
-
зақ баласын «кең болсаң – кем болмайсың» деп өсіреді, 
осындай дархандық бүгінде сол ақсақалдармен бірге аза
-
йып бара жатқандығы өкінішті. 
Жинаққа енген әңгімелердің ішінен ерекше көзге тү
-
сетіні – «Қалғұты» атты автобиографиялық әңгімесі. 
Мұнда да автор өз басынан өткен оқиғалар легін бірі
-
нен-соң бірін тарата сөз етеді. «Бір мың тоғыз жүз алпыс
төртінші жылдың күзі еді» деп басталатын әңгімеде де
-
ректілік сипат бар. Оқиға өтетін жер мен уақыттың нақ
-
тылығы шығарманың шынайылығына қызмет етеді. 
Әңгімеде ұлттық сипат басым, оның біріншісі – бірге ту
-
ған ағайындардың бірінің баласын бірі бауырына басып, 
балаларды ортақ тәрбиелеп, бауырмалдыққа, көпшілдікке 
үйрету. Інісінің баласын бауырына басқандағы ойы – кен
-
же баласы Секенге серік болсын деген ниет. «Атамның 
баласы боламын» деп осы үйге келгенімде жеті жаста 
едім. Бала болуым жарты жылға да жетпеді. Енді міне, 
атамның баласы боламын деп бола алмағаныма, оның Се
-
кеніме серік болсын деген зор үмітін ақтамағаныма іштей 
қысылып ұялсам да, «үйіне қайтарайық» дегенді естіген
-
де, әлдебір бұғаудан босайтындай бойым жеңілдеп сала 
беретін күйге түстім. Менің бұл үйге сіңбегеніме апам 
да наразы» [38-б.], – деп бірінші жақтан баяндалған әңгі
-
меден Б.Соқпақбаевтың («Менің атым Қожа», «Балалық 
шаққа саяхат», т.б.) стилі айқын сезіледі. Осылайша ата
-
сының баласы болып жүрген кейіпкер бірінші сыныптың 
алғашқы екі тоқсанын әрең бітіреді. Кішкентай баланың 
әке-шешесіне деген сағынышы – атасының ренжіп айт
-
қан сөздерін көтере алмай жетім балаша қамығып жал
-
ғызсырауы арқылы нанымды бейнеленген. Интернаттан 
каникулға қайтқан балаларға ілесіп, үйіне келе жатқан 
баланың отбасына, кіндік қаны қамған туған ауылына де
-
ген сағынышы «Оң жақтағы Қарашоқы биігі төбемізден 


83
төніп тұрғандай. Қара жол қалың шіліктің ортасын жа
-
рып өткен соң адыраң арба қырқа белге шыға келгенде, 
тақырда шашылған шақпақ қанттай ақ шатырлы ауыл да 
көрінді. Міне, бұл – Қалғұты еді. Көзге ыстық көрінген аз 
үйлі кішкене ауыл, осында, анау шетте біздің үй тұр әне!» 
деген үзіндіден анық байқалады. Бұл – «Отанның отан 
да ыстық» екенінің белгісі. Кішкентай ғана кейіпкердің 
кішкене ғана ауылға, оның тұрғындарына деген бар ыс
-
тық сезімі осы екі-үш сөйлемге сиып кеткен. Мұның өзі 
– шығарма авторының шағын жанрдың талап-тілектерін 
дұрыс орындай білетіндігі.
Жазушы қаламына тән көркемдік жетістіктің бірі – 
психологизм болса, оны әрбір кейіпкердің жан-дүниесін 
ашуға деген ұмтылыстан байқаймыз. Ауыл балалары
-
ның қылықтары, олардың сөздері мен ойындары, т.б. қа
-
ламгердің бала психологиясын ашудағы шеберлігін таны
-
тады. 
«Тауға шығып, шанаға қос-қостан мінгесіп алып, жұл
-
дыздай ағып кеп, қазылған жерден секіріп өту ең қызығы» 
дейтін автор балалардың ойынға тоймайтындығын олар
-
дың кешке қарай үстеріне мұз қатып, үйге қалжырап, сүй
-
ретіліп жететіндігімен бейнелеген. Осындай ойын қуып 
жүрген балалардың әрқайсысының айтқызбай істейтін 
шаруалары, атқаратын міндеттері де бар. Аула сыпы
-
рып, қора тазалау, отын бұтап, су әкелу, үй жинап, ыдыс 
жуу деген шаруалардың барлығы да балалардың міндеті 
екенін ескеретін болсақ, жазушы еңбектің бала тәрбиесі
-
нен алатын үлкен рөлін көрсетуге тырысқан. «Шешей 
жаздай кірпіш құйды. Меліс өгіз айдап, шөмеле салды. 
Жеміс тырмаға отырып шөп жинады. Бұлардың ақылары 
ақшадай, шөптей, малдай алынды. Күз түсе бар табыс 
жиналып қысқы киім-кешек, оқу құралдарын сатып алу
-
ға жетті. Әкей оқуда» [46-б.] деген үзінді ауыл балалары
-
ның еңбекпен өсетіндігінің мысалы. Ауыл мен қала ба
-
лаларының атқаратын осындай міндеттері олардың өмір 


84
сүру дағдысын әр түрлі қалыптасатындығын байқатады. 
Еңбекпен өскен бала физиологиялық жағынан да мығым 
болып, ыстық-суыққа төзімді келеді. 
Жинаққа енген әңгімелердің бас кейіпкерлерінің барлы
-
ғы дерлік таныс және бейтаныс жандар. Таныс дейтініміз 
бұл кейіпкерлер қазақтың бар ауылында бар, бейтаныс 
дейтініміз – мұндағы кейіпкерлер Қалғұтының адамда
-
ры. Әңгімелерді оқып отырған кез келген оқырман соның 
ішінен өз ауылының адамдарын жазбай таниды. Мәселен 
ауылдың бар баласына шана жасап беретін Ақатай ұста 
мен бар үйдің соғымын сойып беретін ..., көрші-қолаң
-
ның бар баласын арбасына отырғызып шөп шабуға бара
-
тын сүйегі асыл Мәзжан апа, «Бой, бой, бой, бой-о-ой! 
Менің Сұркөжегім-ай» деп жүретін Садық шал, Беделхан 
ардагер, Серікқал шопан, Бейсенжан поштабай, Орынға
-
зы мұғалім, не болмаса бар тірліктің ортасында жүретін 
Ақпар, бүкіл ауыл жабылып іздейтін Бұйрабас бала – 
қазақтың барлық ауылдарында кездесетін кейіпкерлер. 
«Меншік қой қырықса да, тай күзесе де, малын дәрігерге 
ектірсе де, еркек малдарын піштірсе де таңертеңгі қар
-
баласта, не кешкілік, не түс кезінде Ақпар жүреді орта
-
сында» [179-б.] деген үзінді Ақпардың шаруаға қырлы, 
епті, іскер екендігін байқатса, жыл соңында сыйақыға 
өмірі ілікпейтіндігін сол дәуірдің әділетсіздігі етіп сурет
-
теген. Алайда, мұндай әделетсіздіктер қай дәуірде де, қай 
заманда да болып жататыны өмір заңы. Бұл жағынан кел
-
генде жазушының өмір болмысын бейнелеуде шындық
-
тан аттап кете алмағандығы анық. Аталған әңгімелерде 
социалистік және тәуелсіздік деп аталатын екі қоғамда
-
ғы ауыл адамдарының тыныс-тіршілігі арқылы ХХ және 
ХХІ ғасырдың тоғысында өмір сүрген кешегі кеңестік 
дәуір мен бүгінгі тәуелсіздік тұсындағы замандастары
-
мыздың жарқын бейнесі жасалған. Себебі, бәріміз – ке
-
шегі «ұлы көсемнің» бейнесін омырауымызға зор мақта
-
нышпен таққан октябрят, қызыл галстук таққан пионер, 


85
ант беріп комсомол қатарына өткен комсомолдармыз. ХХ 
ғасырдың 60-80 жылдарындағы жоспарды артығымен 
орындау науқанын іске асыру кезіндегі жұмысшылардың 
таңның атысы, күннің батысына дейін тынымсыз тірлігі 
күнделікті ішіп-жеуден аспай, келесі айлыққа дейін қа
-
рызға белшесінен батып жатуы («Қарыз»), тоқсаныншы 
жылдары Одақ ыдыраған тұста колхоздар мен совхоздар 
таратылып елдің дағдарысқа ұшырауы, сол тұста ауыл 
арасында ұры-қарылардың есептен тыс көбейіп («Қазы
-
на»), көрші қорасына қол салуы («Қалғұты»), тәуелсіздік 
тұсындағы қара бастың қамын ойлаған күйбің тіршілік, 
қала қазақтарының жаппай баспанасыздықтары («Шилі 
өзен») – барлығы да өзіміз куә болған, бүгіндері көріп 
жүрген жайттарымыз. 
Сонымен бірге бұл әңгімелерден ұлттық ерекшелік
-
терді айқын аңғаруға негіз бар. «Үштабан», «Шеңбер» 
сынды асық ойындары, қазақша күрес, көкпар, алтыба
-
қан, ақсүйек, т.б. ұлттық ойындар мен Сексеуілбайдың 
кемпірі Қарайшаны Ақжамал сияқты көзкөрген көнекөз 
қариялардың жоқтауын кеңінен қамтыған жазушы олар
-
дың әрқайсысының өзіне тәне сыр-сипатын белгілі оқиға 
үстінде ашуға тырысқан. Осындай қазақ халқына ғана 
тән ұлттық ойындар мен әдет-ғұрыптар шығармалардың 
ұлттық рухын көтере түскен. 
Кейіпкер бейнесін толықтыратын көркемдік тәсілдің 
бірі – көркем портрет болса, жазушы әрбір кейіпкерінің 
түр-түсіне, бітіміне көңіл бөліп, оқырманымен танысты
-
рып отырады. Оны «Ардагердің сыйлығы» әңгімесіндегі 
Беделхан мен Әшімханның бейнесінен көруге болады. 
«Еңгезердей денелі шал, күпәйке мен көнетоз малақай 
киіп, терезе алдында сығырайып пима табандап отыр. 
Шегір көзінде – мүйіз көзілдірік. Алақандай көзімен қо
-
лындағы тебенге алара қарайды. Астына бөстек қойып, 
аласа орындыққа жайғасқан. Айналасында еденде жат
-
қан түрлі аяқкиім, тарқатылған кендір жіп, біз, қайшы, 


86
балға, қалып, балта, қайрақ тас, қалбырға салынған әр
-
түрлі шегелер. Танымайтын адам осы отырысына қарап 
Беделханды етікші дер еді. Үстінде жеңі қыршылып кет
-
кен көнетоз костюм, оның ішінде жағасы биік свитер, 
сыртында – ағарып тозған үлкен ескі күпәйке. Көктем 
әлде қашан шықса да, күн жылынып кете қоймаған соң 
әлі пимамен жүр. Шаруа істеп отырып бірдеңеге шұқшия 
қарағанда үстіңгі ерні дүрдиіп тұрады. Дөңес мұрынды 
көсе шал шашын тақырлатып тастамай, айналасын жұ
-
қалатып қиғызып қояды. Басына анау-мынау тақия сый
-
маған соң қолы білетіндерге қолдан тіктіріп алады» [61-
б.] деген жолдар ардагер Беделханның кейпін танытса, 
«Тызалақтап, дембелше денесімен қозғалақтап диванды 
сықырлатты. Алдыңғы тістері сойдақ, ерні қалың біткен, 
беті сопақтау, аздап сепкілі бар шапшаң мінезді, сергек 
жігіт» [2, 65] деген портрет Әшімханның болмысынан 
хабар береді. Кейіпкер бейнесін толықтырудың тағы бір 
түрі – кейіпкер сөзі. Осындағы Беделхан туралы айтыл
-
ған: «Шалдың тілін кетер кезде зорға тауып, түннің бір 
уағында үшеуі қараңғы көшемен тыпырлап, жаяулап, 
күбірлесіп, құтылғандарына қуанып, үйге асықты.
– Ай, шалдар, все таки мықты, – деді Әшімхан. 
– Әттең, бірақ білімсіз еді. Кітапты ашып ежіктеп оты
-
рушы еді. 
– Кәрі қасқыр емес пе, ойбай-ау, – деді Елеусіз.
– Сексенге келсең, сен одан бетер боласың.
– Көкжал де, – деп түзетті Мұрат. – Бұлар көкжал ғой. 
Әшекең мен біздікі түлкі бұлаң. 
Әшімхан үндемеді. Мінім қайсы деп ойлады.
– Әй, Беделхан қасқыр ғой. Білімсіз-ақ сексен мұ
-
ғаліміңді отыз жыл селкілдетіп ұстау деген...
Елеусіз басын шайқады. – Айбар ғой....» [67-б.] деген 
сөздер қан майданда шыныққан соғыс ардагерінің бей
-
несін толықтыруға қызмет етеді. Беделханның жеңіс күні 
өзін құттықтай келген жастарға «Әй, совет өкіметін жа
-


87
мандаймыз. Тәртіп бар еді-ау...» деген сөзі талай сырды 
аңғартады. 
Жазушының туған жерге деген сүйіспеншілігі «Қалғұ
-
ты» әңгімесінен мен мұндалайды. Суын ішіп, топырағын 
басқан жерінің ол үшін ауасы да, суы да, нуы да, тасы да, 
құмы да – аса қымбат. Оны мына үзіндіден көруге негіз 
бар: «Бетіміз – Қараторғай. Ол Қалғұтыдан үш шақырым. 
Қаратоғайда өспейтін нәрсе жоқ, мойыл, долана қара
-
қат, бүлдірген – бәрі қалың. Әсіресе, қап-қара мойылы 
балдай. Таңдайға салсаң, балдай боп езіліп жүре береді. 
Ауыл балалары жиылып жаздай терсе де бітпейді. Тіпті 
сонау қырық шақырым Аякөздегі қаланың орыстары да 
мотоциклдерін дырылдатып келіп жатады қарақат теруге. 
Көктемде мылтықтарын шошайтып өзен жағалап, үйрек 
атып аң аулайды». Осы жолдарды оқып отырғанда қазақ
-
тың дархан даласына Алла тағала бар ризығын төккендей 
әсер аласың. Осындай риясыз жер асты, жер үсті байлық
-
тары бүгінгі таңда қара көз қазақтарға бұйырмай шетке 
кетіп жатқаны жаныңды қынжылтады. 
«Балалық шақты еске алу» диптихында ескі достардың 
араға уақыт салып кездесіп, таң атқанша балалық шаққа 
жасаған саяхатына кезігеміз. Енді бір әңгімелерде «жын
-
ды судың» қазақ ауылдарына кіре бастағанынан бастап, 
оның салған лаңына қаныға түсуге болады. Алпысын
-
шы жылдардың соңында ауыл дүкеніне әбден орныққан 
«жынды суға» құмарлар алғашында бір көше тұрғында
-
рының терезесін шағып кетіп жатса, келе-келе олардың 
бір ауылға бой бермей тауға қашып, тәлтіректеп шатқал
-
дан өзі құлағанымен қоймай, елдің үстінен арызданып, 
ауыл үйдің берекесін алғаны нанымды суреттелген. 
«Шилі өзен» әңгімесіндегі «жынды судың» кесірінен 
тағдыр тәлкегіне ұшырған Қалидың өмірі арқылы қала 
мен ауыл өміріне қанығамыз. Бос уақыты тиын-тебен 
үшін әркімнің жұмысын істеп, пәтерден-пәтерге көшу
-
мен өткен Қалидың өмірі қалада жүрген баспанасыздар
-


88
дың өмірінен хабар берсе, туыстарын сағына күткен ауыл 
адамдарының кең пейілі бүкіл қазақ біткеннің мінез-құл
-
қын танытады. Отыз жылдан кейін іздеп келген бауырын 
Дәмелінің «ой құлыным-ау, бармысың» деп жыламсы
-
рап бас салуы жақын адамдар арасындағы туысқандық 
сезімді уақыттың да суыта алмайтындығын байқатады. 
Оның ауылды көргенде елу жыл бұрынғы бастан өткен 
оқиғаларын, ауылдың тентек ұлдарының мінездері мен 
түр-түсін сипаттай жөнелгендігі – туған жерге деген са
-
ғынышының белгісі еді. Ауылдың балалары деп отыр
-
ған достарының барлығы да бүгінде қаусаған шал бол
-
ғандығын Қали сезген де жоқ. Себебі ол бала кезін есіне 
түсіретін ауылына келгенде өзі да бала болып кетіп еді. 
Осындай детальдар мен штрихтар жазушының кейіпкер 
жанына үңіле білгендігінің мысалы. 
Жинақта қазіргі қала тіршілігінен хабар беретін әңгі
-
мелер де бар. Олардың қатарында «Қаладағы қыз», 
«Профессордың шәкірті», «Отты ағын», т.б. әңгімелерін 
атауға болады. «Қаладағы қыз» әңгімесіндегі Қаншайым
-
ның өмірі адам қызығарлық емес. Себебі ол жарқын бо
-
лашағын емес, бір күндік қызығын ғана ойлаған төмен 
етекті жан. Сондықтан да оның болашағы бұлыңғыр. Ол 
өмірдің – күрес екенін білсе де онымен күресуден гөрі 
әзірге мәзір тірлік кешкеніне мәз. Бірақ мұның бәрі ал
-
дамшы дүние екенін ол кеш білді. 
Тарихшы ғалым Әбу Тәкеновтің рухына арналған 
«Профессордың шәкірті» деген әңгімеде ХХ ғасырдың 
соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы ел экономикасынан 
хабар берер эпизодтар бар. «Профессор бүгінгіні ойласа, 
өткенге көз салады, сол қиын отаршылдық заманда шын 
мәніндегі оқымыстылар, ел мүддесіне берілген жандар 
қуғыннан, түрмеден, ату жазасынан қорықпай қызмет 
етіпті. Енді бүгін сол адамдардың істеген істері аңызға 
айналды да, ал ізбасар ұрпақтары ел мүддесінен алыстап, 
арзан абырой, жеңіл табыс, жалған атақ қуып кеткендей» 


89
деген сипаттама қазіргі замандастарымызға қаратыла ай
-
тылса, «тура айтқаны үшін туғанына жақпай» қызметтен 
босап базарда жүрген журналистің тіршілігі – Қазақстан 
экономикасы құлдырап кеткен жылдардағы әдебиет пен 
мәдениет қайраткерлерінің күн көрістің қамымен базар 
жағалап кеткендігінің жарқын бейнесі. 
Жазушы «Отты ағын» әңгімесінде менмендік ауруы
-
на ұшыраған жандардың есіне Жаратқан иені ұмытпай, 
оның бес парызын орындап, намазға жығылу керектігін 
Қали өмірі арқылы бейнелейді. Өзін басқалардан артық 
санайтын атеист Қалидың шыдамсыздық пен өркөкі
-
ректіктен тапқан ауруының шипасы біреу-ақ екендігін 
дәрігердің аузына салған жазушы екі аяқты пенделерді 
тәубаға шақырады. 
Жазушы әңгімелері бүгінгі замандас бейнесін суреттеу
-
де олардың жаңа дәуірдегі қоғам ісіне белсене араласуы 
мен адалдық, достық сезімдерін, еңбек жолындағы күр
-
делі ізденістерін көркемдікпен өмір шындығына сәйкес 
бейнелеуімен ерекшеленеді. К.Рахымжанов – С.Мұрат
-
беков, Д.Исабеков, Т.Нұрмағамбетов тәрізді тәуелсіздік 
тұсында ауыл өмірі туралы жазып жүрген жазушылардың 
бірі. 
Н.Қамидың «Кездесу» (2003), «Көк қақпа» (2010) жи
-
нағына енген әңгімелердің барлығы да тәуелсіздік жыл
-
дар әдебиетінің жемісі. Автор ХХІ ғасырдағы ел мен жер, 
адам мен оның жан дүниесін өзімізбен бірге өмір сүріп 
жатқан қазіргі замандастарымыздың тыныс-тіршілігімен 
көрсетуге ден қойған. «Көк қақпа» әңгімесіндегі кейіп
-
кердің түсінен қара домбыраның кетпей қоюынан көп 
сырды ұғуға болады. Хан Мөде құрған көшпенділер им
-
периясын он төрт ғасырдан кейін билеген Шыңғыс Қа
-
ғандардың ХХІ ғасыр перзентін мазалап жүргені бүгінгі 
тәуелсіздіктің оңайшылықпен келмегенін ата-баба рухы 
ескертіп жүргендей әсер береді. Оны мына жолдардан аң
-
ғаруға негіз бар: «Ешкімге тәуелді болмай, айдарыңнан 


90
жел есіп, алшаң басып жүрер заманды жақындата түссем 
деп мен де талпындым, амал не, ақыры қолым жетпей, 
айға шапқан арыстандай мерт болдым, сол азаттыққа 
Алланың әмірімен өзің жеттің, енді соның қадірін біліп, 
қастерлей білсең кәнеки?» [267-б.]. Қара домбыра елі 
мен жерінің азаттығы, бостандығы үшін күрескен көш
-
пелілерден қалған бірден-бір көнекөз шежіре. Оның ша
-
нағына Мөде ханнан бергі көшпенділердің барша тари
-
хы сыйып қана тұрған жоқ, ол сол тарихты ХХІ ғасырға 
жеткізіп тұрған аталар аманаты. 
Бірсыпыра әңгімелерден кеңестік жүйенің ыдырап, ке
-
ңес адамдарының тығырыққа тіреліп, одан шығатын жол 
таппай, жаңа өмірге икемделе алмай, өмірден торығып, 
болашақтан үміт үзе бастаған жандар бойындағы пси
-
хологиялық күйзеліс байқалады. Жаңа қоғамнан, өзінен 
жеріне бастаған адамдар өмірі әңгіме жанрына экзис
-
тенциалистік, постмодернистік арнадағы ой толғамдарға 
жол ашты. Осындай көркемдік ізденістер Р.Мұқанованың 
«Құбыжық» (2002), «Қаралы төбе», «Өзің», «Тұтқын» 
(2003), «Композитор», «Мұқағали» әңгімелерінен байқа
-
лады. 
Т.Ахметжанның «О дүниенiң қонағы» (2001) атты кi
-
табында «Шәрбат», «Тұма», «Тергеу», «Төрт қанден», 
«Күнәһар», «Айқасқа» сияқты әңгiмелерi топтастырыл
-
са, 2006 жылы жарық көрген шығармалар жинағының 1 
томына енген «Сынық қанат көбелек», «Қылбұрау» атты 
әңгімелері де өзіндік айтары бар шебер туындылар. 
Өз замандастарының ар-ұяттан безе бастағанын көрген 
жазушы әңгімелерінің барлығында дерлік адамгершілік 
мәселесі көтеріледі. «О дүниенiң қонағы» әңгiмесiндегі о 
дүниелік болып келген Қияқ бейнесі оқырманға ой сала
-
ды. Өмір жайында философиялық ой түйген жазушы на
-
рық заманындағы ақшалы азаматтардың мұңсыз өмірінен 
сыр шерте отырып имандылық мәселесін алға тартады. 


91
Ар ілімін жоғары қойған жазушы «О дүниенің қонағы» 
(2000), «Күнәһар» әңгімесінде ар-ұят періштесі мен сай
-
тандарды арбастыра отырып, адамшылық, имандылық 
мәселесін алға тартса, «Махаббат әуені» (2006) шынайы 
пәк сезімге құрылған. Жазушының барлық әңгімелерінің 
негізгі өзегі – ар ілімі. 
Әңгіме жанрына тұрақты түрде араласып жүрген жа
-
зушының бірі – Асқар Алтай. Оның «АҚШ консулының 
тас лақаты» (2000), «Лайбаран» (2000), «Түсік» (2001), 
«Тараншы Жолбарыстың сатқындығы» (2001), «Кентавр» 
(2002), «Қызыл қасқыр» (2002), «Стақан» (2003), «Сібір 
офицері» (2004), «Альпинист» (2004), «Шаһид» (2006), 
«Салбурын» (2006), «Прописка» (2007), «Көзжендет» 
(2008) әңгімелерінен мазмұндық, түрлік ізденістер байқа
-
лады. Ұлттық танымға ерекше мән беретін жазушының 
Мифке құрылған «Кентавр» әңгімесіндегі Басарыс атты 
«айғыркісі» мен «Салбурындағы» тотемдік таным қазіргі 
қазақ әңгімелеріндегі көркемдік ізденістердің мысалы. 
ХХ ғасырдың соңындағы тарихи мәні зор 1986 жыл
-
ғы Желтоқсан оқиғасының қуғын-сүргінін көрген жа
-
зушының «Сібір офицері» мен «Прописка» әңгімесіне 
кеңестік жүйенің ыдырауына, қазақ елінің тәуелсіздік 
алуына алып келген Желтоқсан оқиғасын негіз етіп ал
-
ған. Бірінші әңгімедегі кеңес офицері Бураханның тағдыр 
тәлкегіне ұшырауы қазақ жастарының көз жасының өтеуі 
болса, екінші әңгімедегі Арқаттың прототипі Асқардың 
өзі. Қазақстанның астанасы Алматыдан пана таба алмай 
сабылған Арқаттың өз елінде жүріп «өгей күй кешкен» 
қайғылы өмірі қазақ трагедиясы екені рас.
Әңгiме жанрында үздiксiз еңбек етiп келе жатқан жа
-
зушы Н.Ораздың «Аяқталмаған ертегi» әңгiмесiнде автор 
Алматыда тұратын Сағындық есiмдi ғылым кандидаты
-
ның екi күндiк өмiрi суреттелсе, «Оңаша арал» (2006) 
жалғызілікті әйелдер мұңынан сыр шертеді. Оның «Түнгі 
жалғыздық» (2008) әңгімесінің де сағыныш пен мұң
-


92
ға құрылғанын ескеретін болсақ, жазушы осындай қай
-
ғы мен мұңға толы әңгімелерінде адам жанына үңілуде 
психологизмді терең игергендігін байқатты. Ол «Біз, ол, 
«Мерседес» және махаббат» атты әңгімесінде ауылдың 
жайма шуақ өмірі мен қаланың тынымсыз тіршілігін 
бір-біріне қарама-қарсы бейнелеу арқылы олардың ара
-
сындағы айырмашылықты көрсеткен. Ауыл тұрғындары
-
ның аңғал, адал, еңбекқор болып, қала тұрғындарының 
безбүйрек, эгоист, дүниеқоңыз болып келуі олардың қор
-
шаған ортаға қарай икемделуін аңғартады. Жазушының 
«Жылқының көз жасы» (2007) әңгімесі Семей полиго
-
нына арналған. «Жын жайлаған меңіреу өлкенің» траге
-
диялы күйінен хабар берген жазушы бүкіл адамзат бала
-
сын алаңдатқан Семей полигоны туралы әңгімелерге өз 
үлесін қосты. Бұл тақырыпта Р.Мұқанованың «Мәңгілік 
бала бейне», «Қаралы төбе», Д.Рамазанның «Соңғы дем» 
әңгімелері толықтырды. 
Қазақ әңгімелеріндегі көркемдік ізденістер А.Кемел
-
баева әңгімелерінен де байқалады. Діни-философиялық 
негіздегі «Ғибадат» (2000) әңгімесінде публицистикалық 
сарын басым болса, бірінші жақтан баяндалған «Құс» 
әңгімесі философиялық ой-толғамдарға құрылған. Мо
-
дернистік, постмодернистік ағымдарды жете меңгерген 
жазушының алғашқы әңгімесінде дін тақырыбы көтеріл
-
ген. Ол қасиетті Құран сүрелерінен мысалдар келтіре 
отырып, жалғанды жаратушы Алланың ұлылығын мо
-
йындайды. Алла тағалаға жасалған құлшылық оған де
-
ген шексіз сүйіспеншіліктің белгісі болса, бұл әңгіме о 
дүниенің бар екендігіне сендіре отырып, ақырзаманнан 
Аллаға жасаған құлшылық қана алып қала алатындығын 
нанымды бейнелеген туынды. Екінші әңгімедегі зула
-
ған көлік астында тапталып жататын құс пен қаңғыбас 
иттердің өлексесіне көпшілік мән бере қоймауы мүмкін, 
алайда жазушы олардың да Алла тағала жаратқан тіршілік 
иесі екендігіне көңіл аудартады. Осы ой «Тобылғысай» 


93
әңгімесінде жалғасын тапқан. Автор тек қана жан-жа
-
нуар емес, барша тіршілік иесін бір Алланың жаратқан
-
дығына сендіреді. «Қоңыр қаз» әңгімесінде адам баласы
-
ның дертіне құстардың арасынан шипа іздеген жазушы 
«Қияда» әңгімесінде Түсіпхан өліміне қатысты ұлттық 
салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа көңіл бөлумен күнделікті 
өмірде кездесетін жайттардан өмір мен өлім жөнінде фи
-
лософиялық түйін жасайды.
Д.Рамазан «Көкжал» (2001) әңгімесінде адам мен қас
-
қыр арасындағы тартысты бейнелеу арқылы табиғаттың 
тылсым күштерін бағындыру мүмкін емес екендігін еске 
салса, «Алланың елшісінде» (2008) дін тақырыбын көтер
-
ген. Д.Рамазанның «Көкжал» әңгімесі тәуелсіздік жылда
-
рындағы «қазақ әңгімесінің көкжалы» ретінде танылған 
туынды. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтің «Көксерегінен» 
бастау алған қасқыр бейнесі тәуелсіздік тұсында Ж.Ахма
-
дидың «Кезінгеннің кезі», «Ажал аузында», «Кие», А.Ал
-
тайдың «Қызыл бөлтірік», Д.Рамазанның «Көкжал» әңгі
-
мелерінде жалғасты. Аталған әңгімелердің барлығында 
дала тағысын екі аяқты пенделердің бағындыра алмаған
-
дығы әр түрлі орта мен әр түрлі жағдайда жан-жақты бей
-
неленді. Жазушы екінші әңгімесінде «Қарлығаштың құй
-
рығы неге айыр», «Қазығұрттың басында кеме қалған» 
сынды белгілі аңыз-әңгімелерді қайта тірілткен. «Сағын
-
дым сен жанқалада» (2008) адам бойындағы бір сәттік 
сезімнен адамгершілік, ар мәселесін жоғары қоя білсе, 
«Сүйген жүрек» (2008) әңгімесінде тек қана екі ғашық 
арасындағы емес, туған жерге деген махаббат қоса өріл
-
ген. Махаббат мәселесін бүгінде Отанына қайта оралып 
жатқан оралмандар тағдырымен ұтымды ұштастырған. 
ХХІ ғасырда әңгіме жанрына тағы бір топ жас буын 
өкілдері келіп қосылды. Олардың қатарында мерзімді 
басылым беттерінде әңгімелері жиі жарияланып жүрген 
Қ.Аманжолұлы, Қ.Әбілқайырұлы, М.Омарова, Л.Қоныс, 
Ә.Қоспағарова, Б.Дәулетбаева, Л.Имашева, А.Мантаева, 


94
Ж.Мамырәлі, М.Мұқашев, Б.Сарыбай, т.б. қаламгерлерді 
атауға болады. Қ.Аманжолұлы әңгімелерінен психоло
-
гизмді терең игергендігін байқасақ, Қ.Әбілқайырұлында 
мұң басым. Шабыт фестивалінде проза жанры бойынша 
үшінші орынды иеленген Л.Қоныстың «Ібілістің көңіл
-
десі» (2002) атты психологиялық әңгімесінде дамыған 
технологияның адамзаттың санасын уландырғаны сы
-
налса, «Құрқылтай ұясы», «Тиын» әңгімелеріне қазіргі 
замандағы өмір шындығы негіз болған. Ә.Қоспағаро
-
ваның «Ол» әңгімесіндегі ақын жігіттің өзін қоршаған 
ортадан, төңірегіндегі адамдардан жиреніп, шарқ ұрып 
тазалық іздеуі Р.Мұқанова әңгімесімен үндестікті бай
-
қатады. Аталған қаламгерлердің ішінен қазақ әдебиетін
-
дегі Б.Нұржекеевтің дәстүрін «Шабыт» фестивалінің 
дипломанты Ә.Қосбағарованың жалғасырғаны байқала
-
ды. Б.Нұржекеев әйел-ана, қыз-келіншектердің тірі жан 
білмейтін құпиясын олардың күнделіктері мен хаттары 
арқылы оқырманға жеткізіп отыратын. Қырық шырақты 
қыз-келіншектердің психологизмін терең игерген жазу
-
шы олар туралы әңгіме еткенде тіпті өз басынан өткен 
оқиғаларды суреттегендей әсер беретін. Ә.Қосбағаро
-
ваның «Қара кемпір», «Хризантема», «Қызыл орамал»
әңгімелері мен «Сізге» атты эссесіне әр түрлі жастағы 
әйел-аналардың қилы тағдыры негіз болған. Қазақ әде
-
биетіндегі әйел бейнесін толықтыратын бұл шығарма
-
лардың негізгі ерекшелігі – әр түрлі оқиғаға қатысатын 
кейіпкерлердің жас ерекшелігінің бір-біріне ұқсамауы. 
Мәселен, «Қара кемпір» әңгімесіндегі жалғыз баласы
-
ның асты-үстіне түсіп, оны оқытып адам қатарына қос
-
қан кемпірдің мүшкіл халі – ащы болса да өмір шынды
-
ғы. Жазушы өмірдің күнгейін емес, көлеңкелі тұстарына 
көңіл бөле отырып, тығырықтан шығар жолды іздейді. 
Кеңестік дәуір ыдырап, еліміз егемендік алғанмен, адам 
баласының психологиясы өзгере бастағаны жасырын 
емес. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, себебі, 


95
«бес саусақ бірдей емес». «Бір анадан ала да, құла да туа
-
тынын» ескеретін болсақ, кемпірдің ұлы мен қызы екі 
түрлі тәрбие көрген жандар секілді. Жазушы өмірдің жа
-
зылмаған заңдарына үңіле отырып, өмір жайлы филосо
-
фиялық түйін жасауға ұмтылған. Ол ұрпақ жалғастығы 
болып есептелетін, қара шаңырақтың иесі болып таны
-
латын ер балалардың қыз балалардан жоғары бағалануы. 
Алайда, осы шаңырақ иелерінің көпшілігі үйленген соң, 
өз анасын мүлде ұмытып, бір шүйке бастың дегенінен ас
-
пай жататыны жасырын емес. 
«– Бүгін жұма. Шалымның да басына бара алмадым. 
«Жалғыз» алып барам деп еді.
– Қолы тиіп жүр дейсің бе?
– Білесің ғой, көріп жүрсің ғой» [77-б.], – деген үзінді 
қара кемпірдің жалғыз баласына шық жуытпайтынын 
байқатса, оның өз бетінше осылай күбірлеп жүретіндігін 
көрген ел «шалын сағынып жүрген болар» деп жори
-
ды. Бүгінде бір уыс болып қалған қара кемпір кеше кім 
еді? деген сауалға жауап беру мақсатында оның өткені
-
не лирикалық шегініс жасайды. Бір үйдің еркетотайы 
болған Еркежан қазақтың дәстүрімен құда түсіп келген 
жігіттің қалыңдығы болып шыға келген. Он екі жасында 
босаға аттаған ол ата-енесіне мейірімді, барынша бия
-
зы келін бола білді. Күйеуі Орынбасарға еркелей жүріп, 
оған бауыр басып та кетті. Кезінде жастар бірін-бірін 
көрмей-ақ, сүймей-ақ осындай тату-тәтті өмір кешетін. 
Ал, қазіргілерге не дерсің? Сүйгеніне қосылғанмен оның 
ата-анасын сыйламайтын келіндерге ой салу мақсатында 
кемпір мен келін өмірін салыстыра суреттеген қаламгер 
тек әйелдер қауымына емес, анасын сыйлауды білмейтін 
жігіттерге де ой тастаған. Әншейінде «қара қақбас», «қу 
қақбас», «Күрішіңе тоямыз, өл, өл!» деп жүретін шай
-
пыауыз келіннің үйге қонақ келгенде апа деп сызыла қа
-
латынына қалай күйінбейсің. Қаламгер шағын әңгімеге 
«Қыз ұя» әңгімесін әдемі қиюластырған. Қалмақтардан 


96
қашып тығылған ағасын құтқарам деп құзда қалып қойған 
қыз туралы аңызды беріп отырғандағы мақсат – бірінші
-
ден, қарындастың тілекшілігін білдіру болса, екіншіден, 
қазіргі таңда қазақтың бай ауыз әдебиетінен мүлдем ха
-
барсыз ұрпақтың өсіп келе жатқандығын еске салу. Ертегі 
тыңдамайтын, кітап оқымайтын, ғаламтормен бас қаты
-
ратын жас ұрпақтың өсіп келе жатқандығы көзі қарақты 
жандардың бәрін де күйзелтетінін автор жадында ұстап 
отырған. 
Әңгімеден тағы бір көрінетін жайт – екі дүние ара
-
сындағы байланыс. Оны қара кемпірдің түсіне Орынба
-
сардың қайта-қайта кіруімен бейнелеген. Артында қал
-
ған сүйген жарының мүшкіл халі оны да көрде тыныш 
жатқызбай мазалайды, сондықтан да ол кемпірін ертіп 
кету үшін айналшақтап жүр. Дүниеден озарында жалғыз 
балсына шешесін аманаттап кеткенін еске салған автор 
«аруақ аттағанның оңбайтынын» да еске түсіргісі келеді. 
Шешесі өлгенде оған қайғырудың орнына қара джип ма
-
шинесіне қарағыштап тұрған жалғыздың қылығы оның 
бет-бейнесін толықтыруға қызмет етеді. 
«Енді Қара кемпір жоқ сендерге. Бүкірейіп жүріп қи 
оймайды, көз жанарын тауысып жүн түтпейді, қисалаң
-
дап, шаршап-шалдығып су тасымайды» дегендей күн 
күркіреп біраз тұрды [87-б.] деп аяқталатын әңгімеде ав
-
тор адам мен табиғат арасындағы байланысқа да ерекше 
мән берген. 
«Қызылорамал» әңгімесі қазақ әдебиетінде қалыптас
-
қан дүстүрдің заңды жалғасы ретінде танылады. Мұнда
-
ғы әйел сыры оның көк сандықтағы күнделігі арқылы 
ашылады. Оны ашатын өзге емес – өз қызы. Мамасы көк 
сандығындағы қызыл орамалға көзі түскен соң, жиырма 
жыл сандық түбінде жатқан ең қымбат асылын қызына 
сыйлайды. Осыдан жиырма жыл бұрын Санкт-Петер
-
бургтен сатып алған қызыл орамал араға жылдар салып, 
енді оның қызының мойнында сол қалаға сапар шегеді. 


97
Бірақ орамал сол сатып алған дүкенде жоғалады. Көзі бұ
-
лаудай болып, қанша жылағанмен жоғалтқанын таппай, 
маматайына не айтарын білмей елге оралады. Келсе ана
-
сы хал үстінде ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуына 
қарағанда жүрекке күш түскен.
Құпияны ашуға тағы бір түрткі болған жайт – бейтаныс 
адамдардың мұны «Ой, Бахтиярымның жұрнағы» деп бас 
салып құшақтап сүйе бастауы. 
Міне, осыдан кейін анасының жанарын мәңгі мекенде
-
ген мұңнның сырын ашпақ болады. Оған анасының көк 
сандығы көмектеседі. 
Көк сандықта сақталып, ешкімге ұстатпайтын күн
-
деліктегі жазбалар былай болатын:
«20.09.1995 жыл. Әскөнтай аумаған сен! Құдай ақы ол 
біздің махабатымыздың белгісі, куәсі. Шәріпке (әкемді 
айтады) адал, қыздай-ақ келдім. Алланың құдіреті сені 
сүйгенімді мен жасырғанмен, Алла жасырмады. Өскен 
сайын сенен аумай келеді. Жиі есіме түсесің. Тіпті махаб
-
батым бұрынғыдан да өрши, биіктей түскендей. Шәріп 
мені кешсін. Оған мен ренжімеймін. 
12.11.2000 жыл. Бүгін қызыл орамалды қызым сұра
-
ды. Оған бәрін айтуым керек еді. Өз уақыты келер деп 
жүрмін. Екеуміздің махаббатымыздың көзі болып қалған 
сол орамал ғой. Оны көрген сайын сен қасымда тұрған
-
дай боласың. Сағындым!» [6-б.].
Міне, осындай сырды оқыған соң, шын мағынасында 
жарқылдап күлмейтін, шешіле көсіліп сөйлемейтін ма
-
матайының жүрегіне түскен ауыртпалықтың сыры ашы
-
ла түседі. Автор қызыл орамалды махаббаттың символы 
ретінде алған. Бақтиярдың көзіндей сақтаған қызыл ора
-
мал жоғалған кезде мұның ауруханаға түсуі, дерті айық
-
пай дүниеден өтуі – екі ғашықтың арасын жалғап тұрған 
нәзік жіптің сол орамалмен бірге жоғалуы ретінде шына
-
йы бейнеленген. 


98
«Хризантемада» жас бойжеткендер өмірінен сыр шерт
-
кен автор қала жастарының тіршілігінен хабар берсе, 
«Сізге» шығармасында махаббаттың адам жасына қара
-
майтындығына көңіл аударған. 
«Ол» әңгімесінде адал адамдардың арам қоғамда өмір 
сүре алмайтындығы студент жастар өмірімен шынайы 
бейнелеген. Алғашында студенттердің үлкен ақын санап, 
одан қолтаңба алып жүрген ақын ағасының ішімдікке 
салынып кеткенінің сырын ашу арқылы табиғат сыйға 
берген тума таланттар мен ақынсымақтар арасындағы те
-
кетірес, халтуршиктердің пайдасына шешіліп жататынын 
әшкерелеген. Жазғанын көршілері көшіріп алып, қолы
-
ның ұзындығын пайдаланып жинақ етіп шығарып жатқа
-
нын көрген ол өзі өмір сүрген қоғамға лағнет айтқандай. 
Негізгі кейіпкердің атын атамай-ақ, ол деп бейнелей біл
-
ген автор сол ақынның түбіне жеткен ақынсымақтарды 
мақтамен бауыздаған. Мұндай жайттардың өмірде кез
-
десіп жататынын жадында ұстаған автор, өнер жолының 
оңай еместігіне сендірген. «Тағдыр» әңгімесіндегі канди
-
даттық диссертациясын қорғап, ауылға барып мектепте 
мұғалім болып жүрген Берікті мектеп директорының жұ
-
мыстан қысқартуы оның тағдырын тәлкек етеді. Көп біл
-
гені, еңбекқорлығы, әділдігі, турашылдығы үшін көпке 
жақпаған ол жұмыссыздықтың салдарынан ішімдікке са
-
лынып кетсе, «Күй» әңгімесіндегі күйшінің де тағдыры 
осы тақылеттес. Соңғы үш әңгімеде біздің қоғамның ке
-
леңсіз жақтарын әшкере етумен бірге, өнер мен өнер ие
-
леріне қазіргі таңда қамқорлықтың азайып кеткендігі көр
-
кем бейнеленген. Жазушы әңгіме жанрына тән көркемдік 
ерекшеліктерді жете меңгерген. Шып-шымыр оқиға қа
-
тысатын кейіпкерлерінің өміріне лирикалық шегініс жа
-
саған ол барлық кейіпкерлерінің толық бейнесін шынайы 
сомдаған. Сонымен бірге ол жансыз, дерексіз затқа жан 
бітіре бейнелеуге шебер. Оны осы әңгімедегі «Жаңбыр 
топырақтың миын шашып, жаншып жатыр», «Өзім әзер 


99
отырғаным, жыным жағамнан алғандай еді», «– Классик 
ақын болу, түк те емес, – деп соқты. Жауырыны жер сүзіп 
отырған бірі», «Бәрі мына сиықсыз өмірде тыр жалаңаш 
қалғандай ыржалақтап күле берді», «Даусым қабырғалар
-
ға соғылып құлап, қайта жаңғырып өзімді мазақ еткен
-
дей» деген бейнелі образдардан көруге болады. 
Бұл тұста қазақ әңгімелері түрі жағына байи түсті. 
Шетел әдебиетіндегі мистикалық үрдісті үлгі тұтқан 
М.Омарова магиялық сарынға құрылған «Жұмбақ», 
«Жол үстінде» әңгімелерінде ұлттық таным мен модер
-
нистік ағым жүйесін ұштастыруға ұмтылған. Б.Дәулет
-
баеваның күнделік іспеттес, хат үлгісімен келетін новел
-
лалық желімен жазылған «Аспан әлемі» әңгімесінің де 
айтары мол. Мұнда автор күнделікті өмірде кездесетін 
кереғар жайттарды шенеп отырады. 
Тәуелсіздік жылдары қазақ жазушылары әңгіме 
жанрында қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, 
мазмұндық, түрлік ізденістерге барды. Бұл жанр кеңестік 
дәуір тұсында тыйым салынған дiни-философиялық, 
эротикалық, интимдiк әңгімелермен толықты. М.Ма
-
ғауин, Б.Нұржеке, Қ.Жұмадiлов, Т.Ахметжан, Н.Ораз, 
т.б. жазушылар адам жанының iшкi иiрiмдерiне үңілуде 
психологиялық әңгімелер қатарын көбейтті. Дәстүрлі 
ұлттық таным тәуелсіздік тұсындағы әңгімелерде батыс 
әдебиетінде қалыптасқан әр түрлі ағымдармен жалғасты. 
Сондықтан да қазақ әңгімелерінде модернистік, постмо
-
дернистік ағымдар пайда болды. 
Жазушылар сүйекті жанрлармен бірге шағын жанрдың 
жүгі қашан да ауыр болатындығын фантастикалық, ант
-
ропологиялық, этнографиялық, символдық, мифология
-
лық, автобиографиялық, мистикалық, сатиралық және 
қысқа әңгімелер арқылы дәлелдеп келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет