Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет16/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Ермахан шықты,
Бір ұрып жықты негрді,
Американың намысы сонда сөгілді. 
Бекзаттың ауыр соққысын жеген бір негр, 
Чемпион болып тұрса да ақыр жеңілді!
Екі алтын, екі күміс ап қазақ сондағы,
Олимпиададан үйіне қайтты олжалы.
Он тоғыз жасар қазақтың ұлы – жас 
Бекзат,
Бәрібір жолы болмады...
[28-б.]


37
Көп нүктенің артында көп сыр жатыр. Жарқырап шық
-
қандардың аяқ астынан қазаға душар болуы кез келген 
жанға күдік ұялататыны белгілі. Тек Бекзат емес, басқа да 
қазақтың бір туар азаматтарының қазасы жабулы күйінде 
қалды. Оны ақын былайша жеткізеді: 
Атылды бәрі!..
Зманбек пенен Алтынбек!
Батырхан, Ахат, Армиял сынды асыл тек!
Ақындар жатыр той-тойлап қазақ жерінде,
Сатқындар жатыр Қазақтың жерін басып жеп!
Жей берсін, мейлі!..
Олар да бір күн жарылар!..
Жарылар түгел
Қазақтан туған тағылар!
Шет елдік тыңшы қап-қара шапан жамылар,
Өз елін сатқан әзәзіл басы алынар...
[28-б.]
Поэмада өршілдік рухы (оптимистік үн) басым. Автор
-
лық ұстаным жер байлығын «қолынан келгендер қоны
-
шынан басып» жан-жақтан талап жатқанмен, «Өлмейді 
қазақ! Аспанға мәңгі өрлейді» дегенге саяды. Шығарма
-
ның негізгі лейтмотиві «Намысын бермес Тұрсындай ба
-
тыр тұрғанда, Қазақты еш жұрт жеңбейді. Қазақтың күні 
аспанға мәңгі өрлейді» деген жолдардан анық байқалады. 
Эпилог орнына берілген «Қазақ батырлары» деген ал
-
тыншы бөлімде қазақтың абыройын асқақтатқан Мұста
-
фа Өзтүрік пен Бекзат Саттархановтың рухына тағзым 
жасайды: 
Арыстан туған Қазақтың өңшең батыры,
Алатауымнан, Қаратауымнан ақырды.
Солардан қалған Мұстафа сынды асылды
Ажалға қалай көздері қиды сатқындар,
Әбдісаланды мылтыққа байлап аттыңдар!
Содан не пайда таптыңдар,
Қазақтан шыққан сатқындар?!
[29-б.]
Қыраным Бекзат, қай ерден басы кем еді,
Намысты ерлер Қазақтың жауын жеңеді.


38
Бұйығы түнде қолыма алсам қаламды,
Өкініш өксіп, көзімнің жасы келеді...
Бокстан Бекзат алтыннан медаль таққанда,
Қол соғып әлем, Сидней шулап жатқанда,
Менің де төбем екі елі көкке жетпейді,
Бапкері Тұрсын, құшақтап сүйіп жатқанда 
[29-б.].
Эпилог орнына берілген «Қазақ батырларының жекпе-
жегі» деген ҮІІ бөлімде ақын қазақтың өткен тарихына 
лирикалық шегініс жасайды. Он сегіз жасында қалмақ 
батыры Шарыштың басын алған Әбілмансұрды басы
-
на хан көтерген қазақтың қалмақ-жоңғарды жеңгеніне 
тарих куә. Сан ғасырлар аңсаған, тар бұғаудан босаған 
тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі батырларына жасап жатқан 
опасыздығы жаныңды күйзелтеді. «Бір құмалақ бір қа
-
рын майды шірітетіні» тәрізді қазақты өз ішінен ірітіп 
жатқан сатқындардың ісі «ішіңнен шыққан жау жаман» 
деген халық даналығына саяды. Жауымен жекпе-жекте 
ашық шайқасып үйренген аңғал батырлар іштен шыққан 
шұбар жыландарды байқамай қара жерді жастанып жат
-
қаны бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған егемен елдің ең 
өзекті де шешімін күтіп тұрған мәселесі екені рас бол
-
са, қоғам өміріндегі осындай опасыздыққа, сатқындыққа 
жан бітірген қазақ ақындарының да батырлығын, ерлігін 
ерекше атауға негіз бар. 
Көркем шығармаларда аңыз-әңгімелерді, ертегілерді 
ретіне қарай пайдалану бұрыннан келе жатқан дәстүр. 
Қазақ әдебиетінде қалыптасқан осы дәстүр тәуелсіздік 
тұсында да өз жалғасын тапты. Олардың қатарында Ал
-
махан Мұхамедқалиқызының «Алтынның буы» атты 
поэмасын атауға болады. Алмахан ақын бүгінде адам 
баласының ниет-пиғылы бұзылып бара жатқанына жаны 
күйзеледі. Ол өзінің замандастарын ар-имандылыққа ша
-
қырып, дүниенің соңына түсер тоғышарларды шенейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет