Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет22/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Жастарға толып кетті түрмелері,
Еске алсам оны тілім күрмеледі.
Жасқанып өз жерінде,
Жәбір көріп,
Қашанғы құлдық ұрып жүрмек еді
[2], 
– деп тәуелсіздік жолында жастардың басын бәйгеге тік
-
кеніне көңіл аударды. 
Қазақ халқын күллі әлемге танытқан оқиғаның еліміздің 
тәуелсіздік алуына өз септігін тигізгені белгілі. Олай бол
-
са, ақынның «айырар келді кезің ақ-қараны, Қашанғы 
сені біреу басқарады. Бар кілті бақытыңның өз қолында, 
Енді сенің ғасырың басталады!..» деп қазақ халқының 
тәуелсіздігінің мәңгілік болуына көңіл аударуы да орынды. 
«Аласа емес, Қырандар! Құлайды өрден» деп, ата-баба
-
лардың найзаның ұшымен қорғаған жерін көз алартқандар
-
дан қорғау керектігін баса айтқан ақын тәуелсіздігіміздің 
баянды болуын үнемі жырға қосып, егемендік жолында
аянбай еңбек етіп келеді. Осы оқиға тұсында қазақ қыз
-


103
дары қайсарлығымен, өрлігімен танылды. Сондықтан да 
қаракөздеріміздің ерлігін қалам ұстаған үлкенді-кішілі 
ақындардың барлығы мақтан етті. Ж.Тұсайұлының «Ар-
намыстан жаратқан ба Қазағымның бар қызын?!» деп 
жырлауы да содан. 
Ал, К.Ахметова «Ұмытуға бола ма сол дауысты» атты 
өлеңінде кешегі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына жан 
бітіріп, табиғаты нәзік қыздардың ерлігін, жауынгер қазақ 
халқының ұрпағын «Желтоқсанның дауылы шайқағанда 
Құлатпады арулар ар-намысты» деп жырлады. 
А.Бақтыгереева осы оқиғадан кейін, Жазушылар одағы
-
на кездесуге келген Г.Н.Колбинге кеңестік дәуір тұсында 
шовинизмнен тайсалмай «Мен қазақпын!» деп жар салған 
Жұбан Молдағалиевтің: «Замандаспыз – деді оған, қатар 
жүрген. Желтоқсанның көргенше он алтысын Бір күн бұ
-
рын батсамшы батар күнмен» деген сөзін арқау ете оты
-
рып, майдангер ақынның ерлігін жырға қосты. Осы оқиға 
туралы топтамалардың қазақ әдебиетінде ақындығымен 
қалған Жұбанның азаматтық қырын аша түсері заңды. 
Ұрпағыма халім бар не дер енді,
Қорладыңдар бұл қазақ деген елді.
Қыздарымды сүйретіп бұрымынан
Ит таласын деп пе едім немеремді?..
Деп үйреттің мәңгүртсің: бәрің надан,
Тіл мен діннен айрылды елім, бабам,
Кеше алаңда сабаған – сенің тегің,
Ал таяқты жегендер менің балам [
3, 252-253], 
– деп Ұлы Отан соғысының төрт жылына төтеп берген 
ақынның белін Желотқсанның ызғары қайыстырғанын 
ақын қыз жеткізе жырлады. Жұбан ақынның осы ерлігін 
ақындардың барлығы дерлік жырға қосты. Осы қатарда 
Ш.Сариевтің «Желтоқсан» өлеңін атауға болады. 
Желтоқсан жырларын толықтыратын шығармалар қа
-
тарында Қ.Аманжолдың «Желтоқсаным!» өлеңін ерекше 
атауға болады. Ақын Желтоқсандағы жастардың тірлігін 


104
ар-намыстың өлшемі ретінде бағалап, діліміз бен тіліміз
-
ге бостандық пен азаттықты алып келгенін баса айтты. Бі
-
рақ арада өткен жиырма бес жыл уақытта сол ерлік үшін 
күрес рухын жалғастыра алдық па? деген сауал тастайды. 
«Желтоқсаным! Бостандықта – боданмын, Азаттықта – 
алаңмын! Бордай үгіп намысты Құмға сіңіп жоғалдым» 
деген ақын сөзі Желтоқсан оқиғасының күні бүгінге дейін 
әділ бағасын ала алмай жүргенін еске түсірсе: 
Желтоқсаным! 
Жүрек әлі мұз бен қар,
Жібімеген ызғар бар,
Күншуағың – алданыш,
Көңілдегі сызды аңғар
[4, 64], 
– деген жолдар Желтоқсанның талай жүректерді жаралап, 
көңілге кетпес қалың сыз салғанының нанымды суреті. 
Мұндай мысалдардарды тәуелсіздік тұсындағы қазақ 
поэзиясынан көптеп келтіруге болады. Кеңестік импе
-
рияның дәуірлеп тұрған шағында барлық кеңес ақында
-
ры тәрізді қазақ ақындары да «қазағым», «ұлтым» деген 
сөзді қорқа соқтап айтушы еді. Ал бұл оқиға отызыншы 
жылдардағы жаппай қудалауды енді ұмыта бастаған ха
-
лыққа оңай тиген жоқ. Қазақ ақындары ол туралы айту
-
ға да, жазуға да жасқанып, әрі-сәрі күй кешкені белгілі. 
Бірақ поэзия өзінің жауынгер жанр екендігін бұл жолы 
да байқатты. Қағаз бетіне түскен қаншама жыр жолдары 
оқырманына дер шағында жете алмай бұлқынды. Сол бір 
алапат күндер алаңда болғандардың жүрегін жаралап, қа
-
зағының, ұлтының өзге ұлттың алдында тізе бүккендігін 
қанжылап жырға қосты. Сондай ақындардың бірі желтоқ
-
санның зардабын тартқан – Болат Шарахымбай. Қаралы 
күнді көзімен көрген жандардың бірі болғандықтан, ақын 
жүрек оқиғаның ізін суытпай жатып қағаз бетіне түсірді. 
Оның қанды оқиғаның ертеңіне жазылған «1986 жыл. 
Желтоқсан» атты өлеңін оқып отырған жанның көз алды
-
нан сол күндер бейне бір елес тәрізді үздік-создық өтіп 
жатады. Көзбен көрген шындық қана осылай жырланбақ. 


105


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет