Жандырамын жүректерді жанбаған,
Ерте есесін алдырамын алмаған:
Еңселерді еңкейтпейтін, өйткені,
Мен намыспын, мен намыспын маздаған.
Кім естіген Намыс өлді дегенді,
Күл ішінен бас көтерем мен енді.
Қасіреттің табытынан тұрғызып,
Халық – атты қасиетті денемді
[7, 104-105],
– деген ойынан аңғару оңай. «Таспен атқанды аспен ат»
деген ұстанымды ұстанған аңғал қазақ халқының оңы мен
116
солын танымаған жастары аспен атқанды таспен ататы
-
нын білмеді.
«Қарғыс сөзі» атты тараушада ақын жазықсыз жастар
-
дың қанын судай ағызған басшыларға қарғыс лағнетін
жаудырады:
Зұлым біткен
Жұлынынан қиылсын!
Зымиянға – зымияндық бұйырсын!
Көздің жасын көре алмаған соқырдың
Көз жұмғанша, көзіне құм құйылсын!..
[7, 107].
«Көк бөріге сыйыну» атты соңғы тарауда лирикалық
шегініс жасаған ақын «Балам, біздің тұқымның иесі, көк
бөрі. Сен ештеңеден қорықпа. Көк бөрі өзі қорғап-қоршап
жүреді» деген атасының сөзін еске ала отырып, «Бесігім
-
нен бөріктірген заманның Беті қайтпас көк бөрісі бола
-
йын» деген түйін жасайды. Айтса айтқандай, тәуелсіздік
дәуірінің көк бөрісі секілді тыңға түрен салған ақын ал
-
ғашқылардың бірі болып Желтоқсанды жырға қосты. Се
-
бебі, 1991 жыл – еліміз жаңа ғана тәуелсіздік алған кез
еді. Тәуелсіздік жолындағы соңғы күресті жырға қосқан
бұл поэманы «Жаратылыс, табиғат, адам сезімі туралы
сырлар» деп ұғуға болады.
Тәуелсіздік жылдарында жазылған Ж.Бөдешұлының
қай туындысын алсаңыз да ол бүгінгі бостандықтың қа
-
лай келгендігіне назар аударады. Сан мыңдаған жылдар
бойы бостандық, еркіндік жолында төгілген ата-бабы
қаны мен жанын қадірлеуге, құрметтеуге шақырған ол
тәуелсіздіктің тұрақты болуына тілекші. Сондықтан да
оның поэзиясының негізгі лейтмотиві – бостандық, еге
-
мендік, тәуелсіздік. «Исатайдың баласы» поэмасының
бірінші бөлімінде қазақ тарихынан үлкен орын алатын
Исатай-Махамбет көтерілісінің негізгі себебін бостан
-
дықпен түсіндірген ақын тәуелсіздік жолындағы соңғы
күрес ретінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын алған.
Исатай мен Махамбеттің күресін ХХ ғасырдағы қазақ
117
жастары қалай жалғастырғанына назар аудару арқылы қа
-
зақтың өткені мен бүгінін ұштастырған.
Поэманың бірінші бөлімінде Махамбетпен сырласып,
негізгі ойды Махамбеттің аузымен айтқызады. «Ма
-
хамбеттің айтқаны» деп аталатын бірінші бөлімде Құм
Нарынның кешегі күнінен хабар аламыз. Исатай батыр
баласы Жақия өмірге келгенде кіндігін өз тісімен қи
-
ғанын ақын былай суреттейді: «Кіндігіңді Исаекең өз
тісімен қиыпты, Ата жаудан дегендей кегімді алсын тіс
-
тесіп... Тағдыр бізге таңды ғой құрып қалғыр құлдықты»
[9, 109]. Балашағы ертегіге бергісіз болған Жақияны елдің
бөрінің бөлтірігі деп атауы оның болашағынан мол үміт
күттіреді. Поэманың сөз кестесі өзгеше. Ақын бірде 7-8
буынды жыр үлгісімен құйып-құйып төпеп жіберсе, енді
бірде дәстүрлі 11 буынды қара өлең үлгісімен ой қозғай
-
ды. Мұнда қатып қалған форма жоқ, ақын қыза келе 15
буынды өрнекке ауысады.
Жыр үлгісімен келетін:
Сұңқарыңа – қанатпын,
Тұлпарыңа – тағамын,
Қанжарыңа – қайрақпын,
Сойылыңа – байрақпын,
Қосыныңа – айбатпын,
Иығыңа – сауытпын,
Дулығамын – басыңа,
Тоныңа алтын жағамын
[9, 112],
– деген жолдар оның төкпе ақын екенін байқатса, әр жол
-
мен берілген метафорадан ақынның көркемдік ізденіс
-
тері көрінеді.
«Еділ үшін бел кетті, Жайық үшін жақ сынды, Терлік
шіріп теріне, ат беліне қақ тұрды» деген жолдардан Еділ
менен Жайықты қорғап, ел мен жерді бодандықтан, құл
-
дықтан құтқару жолындағы батырлардың ерлігін байқа
-
сақ, Махамбеттің «Сен – буыршын болғанда, мен – жа
-
раған бурамын, Сексеуілдің сіңірін аузыммен турадым»,
«Елім жылап жатқанда баяны жоқ бақ қуман», «Мен құр
-
118
санған батырмын, Бауырым аяз, төсім мұз» деген батыр
сөзі осыған мысал. Исатайдың аманаты Жақиядан қапияда
айрылған Махамбет шерін ақын күллі қазақтың қасіреті,
қайғысы ретінде бейнелеген. Жақияның шыр етіп дүниеге
келгенінен, жау қолынан қаза тапқанына дейінгі аралықта
-
ғы ерлігін «Түлейді түнде жортқан жолбарыстай, Алдыр
-
дым қабыланымды қапияда-ай» деп аһ ұрған Махамбеттің
аузына салған ақын ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ
жастарының ерлігін поэманың екінші бөлімінде сөз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |