5
Ал, «Көз жасым» (2006) жинағына «Басүйектер», «Жа
-
сынның сынығы», «Әнім саған – аманат», «Үзілмеңдер,
үндістер», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек» поэмала
-
ры енсе, «Ерлікке ескерткіш» (2008) кітабынан «Ту» және
«Ақмола шайқасы» поэмалары орын алыпты. Тарихи та
-
қырыпқа құрылған поэмалардың негізгі идеясы – жалпы
адамзатқа ортақ азаттық пен бостандық.
«Басүйектер» поэмасында ақын зымыран уақыттың
өткеніне көз жүгіртіп, ғасырлардың қойнауына енген та
-
рихтан сыр шертеді.
Ғасырларды сілкіп қалсам шаң басқан,
Шошынамын өз көзіме нанбастан.
Бір ғасырлар қолы шолақ, көзі жоқ,
Бір ғасырлар шойырылған жамбастан.
Бір ғасырлар әрең тұрар орнынан,
Басы-көзін қан басқан...»
[251-б.],
– дейді ақын.
Мүгедек жанның аянышты тағдырын көз алдымызға
елестете отырып, қазақтың өткен тарихын мүгедек адам
-
мен пара-пар суреттеуге ден қойған. Мүгедек күй кеш
-
кен ғасырлардан хабар беру үшін оларды сөйлетуді көз
-
деген ақын бас сүйектер ортасында отырған антрополог
жігіттің алдында жатқан бастарға тіл бітіреді. Жер бетін
-
де бір сәт тыным алмай, бір-бірімен арпалысқан адамдар
-
дың кешегі тірлігі өткен тарихымыздан сыр шертеді.
Бас сүйектерден шыққан дауыстар сарнай жөнелген
-
де бірі: «Аз ғұмырда арпалысып бағып ек, Ойсыз көрге
оп-оңай омалды...» десе, келесі дауыс: «Мен – хан едім,
Арыстандай ақырған, Жолбарыстай атылған. Жауларым
-
ды қоғадайын жапырған, Дүниені қара судай сапырған»,
– деп сөз бастайды. Басында тәжі тұрғанда өмірді бел
-
шесінен басқан хан өмірді сарайымен, малайымен, тәж
бен тағымен, алтынымен, бал түнімен қымбат деп түсі
-
неді. «Алтын тақтан – ағайындық садаға!» деп төңірегі
-
не сауысқаннан сақ болған Хан өмірі «әкеге істегеніңнің
балаңнан қайтатындығына» иландырады:
Достарыңызбен бөлісу: