111
күллі әлемді дүр сілкіндіргені белгілі. Арман қуып, Ал
-
матыға кеткен балаларының амандығын тілеген елдегі
ата-аналар «Аман жүргей, қозым» деп көз жасын сығу
-
дан арыға бара алмай дағдарды. Ол кезде қалаға кіретін-
шығатын қатынас жолдарының (әуе, темір, тас жолдар)
бәрі жабылып, қатаң күзетке алынды. Себебі, бұл оқи
-
ғаны естіген ірі облыстар мен қала төңірегіндегі ауылды
мекендердің тұрғындары түгелдей дерлік, Алматыға бет
түзеп қалған еді.
Екен... екен...
Екен, екен... екен ғой...
Екенменен өткен өмір бекер ғой.
Алданғанға – арбалғаның шекер ғой.
Аңғарғанға – аяқ астың кесел ғой
[7, 64],
– деп ертегі үлгісін пайдаланған ақын ертегі кейіпкерлері
-
не имандай сенген аңғал жастардың күтпеген тосқауылға
душар болғандығына көңіл аударады.
Шығармадағы ұлттық ерекшеліктің бірі – халықтың
наным-сенімінен байқалады. Оның бірі – қыста найзағай
-
дың жарқылдауы болса, екіншісі – сол қабақтың тартуы.
Мұның екеуі де ырымшыл қазақ халқына үрей, қорқы
-
ныш алып келетін белгілер.
Әке жайын балалы боп білерсің,
Жаудың жайын жаралы боп білерсің.
Қазалы үйдің қабырғасын сөгілген,
Достарыңызбен бөлісу: