109
кім соншалықты дүрліктіретіндей? Ерлік жасаған Төле
-
ген емес, Мәншүк емес...» дегендерге қарата Қайраттың
елі үшін құрбан болғанын «Мақтанар ем: қазақтың сұңғы
-
лалы Болса егер де Қайраттай мың қыраны!» [6] деп жыр
-
лады. Осы мысалдар ХХІ ғасырдағы қазақ поэзиясының
жаңа бейнелермен толығып, байып жатқанын байқатады.
Осылайша күллі қазақ ақындары шағын лирикаларын
-
да бұл оқиғаны әр түрлі дәрежеде жырлады.
Желтоқсан оқиғасы туралы шағын лирикалармен бір
-
ге кең құлашты эпикалық поэмалар жазылды. Алғашқы
жазылған эпикалық шығармалардың бірі – Асқар Егеу
-
баевтың «Желтоқсан» поэмасы. 1986 жылы Желтоқсан
айында күн күркіреп, найзағай ойнағаны ырымшыл қазақ
халқына үлкен үрей алып келгені белгілі. Қыстың күні
күн күркіреп, найзағай ойнауын жаман ырымға жоритын
халық осының артында үлкен қасіреттің жатқанын сезіп
те еді. Кезінде осы оқиға жөнінде «Қысқы найзағай» атты
ұзақ өлең жазған ақын Желтоқсан оқиғасы туралы айта
алмады. Кеңестік дәуір тұсында Коммунистік партияның
қатаң қадағалауында болған ақын-жазушылар еліміз еге
-
мендік алған соң, аты шулы оқиғаға қайта оралды. Еліміз
тәуелсіздік алған соң, көп жылдар мазалап, ойдан кетпе
-
ген оқиға туралы ақынның «Желтоқсан» поэмасы (1991)
жарық көрді.
1986 жылы 13 желтоқсандағы найзағай жарқылы бы
-
лайша өлең жолына айналып еді:
Достарыңызбен бөлісу: