Драматургия.
Қазіргі қазақ әдебиетінде желтоқсан оқиғасы үлкен бір
тақырыпқа айналып отыр. Бүгінгі ұлттық әдебиеттің про
-
за, поэзия, драма жанрларының баршасында да Желтоқ
-
сан тақырыбы түрліше игерілу үстінде. Драматургияны
жеке алып қарағанда, осы жанрда Желтоқсан тақыры
-
бына алғаш түрен салған О.Бөкейдің «Желтоқсан желі»
атты сахналық туындысы екені даусыз. Бұдан бергі ке
-
зеңде С.Асылбекұлының «Желтоқсан түні», Ө.Ахметтің
«Желтоқсан ызғары», М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ»,
Иран-Ғайыптың «Былыққа батқан қала» («Портмоне»),
И.Сапарбайдың «Мәжнүн» атты идеялық нысаны мен
көркемдік-эстетикалық деңгейлері әрқилы драмалары
жазылды.
С.Асылбекұлыны 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын ар
-
қау еткен «Желтоқсан түні» пьесасы екі бөлімнен тұрады.
Оқиғаға бар-жоғы алты-ақ адам қатысады. Желтоқсан оқи
-
ғасының 20 жылдығы қарсаңында аталған спектакльдің
Жастар мен жас өспірімдер театрында тұсаукесері болды.
Мұнда автор 20 жыл бұрынғы сол бір аты шулы қаралы
күндерді қайта тірілткен. Қойылым он жылдан бері сах
-
нада қойылып келе жатыр.
Алаңға бара жатқан бір топ жастар көрермендер отыр
-
ған залдың ішін дүр сілкінтіп жүгіріп өтеді. Үріп ауызға
салғандай мөлдіреген жастарды көріп көңілің алай-дүлей
болды. Біреудің басын шығарып, көзін көгертпек түгілі,
152
тал шыбықтай майысып, өздері әрең жүрген жастарға қан
-
дай күйелер жақты. Сол кезде бірі сотталып, екінші бірі
оқудан, үшіншісі жұмыстан шығарылып, тіпті барлығы
дерлік қаладан аластатылды емес пе? Адам айтса сенгісіз
жазалардың түрі де көбейді, жазықсыз сотталғандары
қаншама? Көрермендер залынан дүркірей жүгірген жас
демонстранттар, олар – кешегі біздер едік. Иә, сол ұран
-
дап бара жатқандар менің құрбыларым болатын. Сондық
-
тан да мен сахнадан өзімді және жақын құрбыларымды
көрдім. Әсіресе «держите! Не упускайте! Бей... Пни! Не
жалейте!!..» «Апа!.. Апажан!...», «Ах, ты дикарь, тебе надо
было пасти овец, а не демонстрировать тут свою грамот
-
ность!..» деген сөздердің барлығы сол кезде, сол жерде ай
-
тылғаны анық. «Бүгін 1986 жылдың 18-желтоқсаны. Алма
-
ты уақыты бойынша кешкі сағат 22.00. Соңғы хабарларды
тыңдаңыздар. Үстіміздегі жылдың 17 және 18 желтоқсан
күндері астанамыздағы Л.И.Брежнев алаңында бір топ
наркомандар мен олардың ықпалына ерген оқушы жастар
ереуілге шықты. Олар қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің соңғы пленумының шешімдеріне наразылық
білдіріп, ұлтшылдық, экстремистік, сепаратистік ұрандар
көтеруде, сөйтіп, сүйікті партиямыздың айбынды авангар
-
дының салиқалы, парасатты шешімдеріне шәк келтіруде»,
– деп, қазақ радиосынан берілген жаңалық шығарманың
шынайылығын ғана емес, драматургтың шеберлігін та
-
нытса керек. Ендеше шығармаға қайта оралайық.
Қанды оқиғаны автор перденің арғы бетінен суреттеуді
жөн деп тапқан Себебі ұрып-соғудың қаншама түрін сах
-
нада көрсету мүмкін емес. Драматург сол қаралы күннің
бар шындығын көрсету үшін алаңға жақын маңдағы бір
бөлмелі пәтерді таңдап алыпты. Ондағы мақсат – алаң
-
дағы оқиғаны терезе жарығы арқылы перденің арғы беті
-
нен көрсету. Оқиға өтетін жерді дұрыс таңдай білген,
бұл – екі күнге созылған қырғынның шешуші сәті болып
табылатын 1986 жылдың 18 желтоқсан түні. Оқиғаға қа
-
тысушылардың әрқайсысы жекелеген әлеуметтік топтар
-
153
дың өкілдері. Оның бірі – сталиндік репрессияның қуғы
-
нын көрген, өмірінің он жылын Сібірге жер аударылған
қарт зейнеткер. Пәтер иесі – бүгінде зейнетке шыққаны
-
мен білікті ғалым, Одаққа танымал тарихшы Баймырза.
Екіншісі – зейнет жасындағы Баймырзаның жұбайы Тал
-
шын. Келесі кейіпкер – әскерден жаңа келген, демонст
-
рацияға қатысушы жасы 21-дегі студент жігіт Қайсар.
Келесі демонстрантымыз – жасы 24-тегі аяғы ауыр жас
келіншек Ақмарал. Ал, жасы 45-50 шамасындағы Бай
-
мырзаның көршісі Мария Петровна Қазақстандағы өзге
ұлыс өкілі. Жасы 45-тер шамасындағы беймезгіл қонақ
Тимур Қалдыбаевич – Коммунистік партияның мүшесі.
Бұл буын өкілдері кешегі сталиндік қырғын мен екінші
дүниежүзілік соғысты (Ұлы Отан соғысы) тарихтан ғана
білетін, бір аяғы социализмде, екінші аяғы коммунизмде
тұрған бақытты ұрпақтың интеллигенциясы. Көріп отыр
-
ғанымыздай автор оқиғаға қатысушыларды әртүрлі орта
-
дан, әртүрлі жас шамасынан таңдай білген. Бірақ бәрі –
кәмелетке толған өзіндік көзқарасы қалыптасқан жандар.
Екі бөлімнен тұратын шығарма «Алматы. 1986 жыл.
18-желтоқсан. Қысқы кеш. Ел орынға отырған мезгіл. Бір
бөлмелі қалалық жайлы пәтер. Үстіне пижама киген Бай
-
мырза залдағы диванның үстінде электр шамның жары
-
ғымен кітап оқып отыр» [14,341], – деп, Баймырзаның пә
-
теріндегі жайма-шуақ өмірден басталады. Осы көріністің
өзі-ақ қазекемнің маңдайының соры бес елі екендігінен
хабар береді. Оның біріншісі – көп қабатты үйлердің тек
бірінші, не бесінші қабатының қазақтарға ғана берілуі.
Міне, Баймырзаның үйі де тек қазақтарға тиесілі болған
бірінші қабатта тұр. Бірінші қабаттың астынан қысы-жа
-
зы сыз өтіп, едені еш уақытта жылымайды. Ондай ден
-
саулыққа зиянды үйлерді өзге ұлт өкілдеріне беруге бол
-
майды. Қазақтар қонақжай халық болғандықтан, жылы
жұмсағын қонақтың аузына тосатыны белгілі, олай болса
бірінші қабатта тұруға өздері ешқандай арланбайды. Сол
154
үшін де жоғары қабатты келімсектерге беруге қарсылық
білдірмейді.
Екінші ерекшелік – кең далада еркін өскен қазақтарды
қаланың да өзгерте алмайтындығы. Ол – есіктің қашан да
ашық жататыны. Қала халқы әдетте есікке бірнеше ілгіш
салып, қоңырау соғылғанда сығалап қарап отырады емес-
пе? Ал біздің қазақ – сығалауды білмейтін, есігін шалқа
-
сынан ашып тастап, құдайы қонағын күтіп отыратын дар
-
хан халық. Міне, оқиға басталмай жатып, осындай ұлттық
ерекшеліктерге жолығамыз.
Қуғыншылардан қашып келіп, есігі ашық пәтерге жан
-
сауғалаған Қайсар мен Ақмарал екеуі бір-бірін танымай
-
ды да. Бұл да сол кезде болған шынайы шындық. Жай
-
ма-шуақ өмірде бір-бірімен ісі болмайтын жастар, сол бір
ауыр күндерде бір-біріне бауырмалдық танытып, ағалы-
қарындастай жақын болғаны белгілі. Мұздай қаруланған
әскерді бірде тықсырып, бірде шегініп кезек-кезек шегініс
жасап отырған кездерде әртүрлі қақтығыстар болды. Со
-
йылған жығылған қыздардың үстіне құлаған жігіттер ол
қыздарды шын мәнісінде танымайтын еді. Үдере қашқан
кездерде аяғы мұзға тайып, сүрініп жатқан қыздарды екі
қолтығынан сүйемелдеп ала қашқан да өзіміздің бауырла
-
рымыз болатын.
Сол оқиғадан кейін қазақтардың бір-біріне деген бауыр
-
малдығы арта түскені көз алдымызда. Оған дейін қазақша
сөйлеу деген Алматы қаласында болмаған нәрсе. Автобус
-
тың ішінде билетті компастерге тестіру үшін де «передай
-
те» деп жататынбыз. Содан кейін қазақтарға кәдімгідей
жан бітіп, бір-біріне қазақша еркін сөйлейтін болды. Авто
-
бусқа кіргенде бұрынғы «проездной» деген сөздің орнына,
енді «жол ақысы төленген» дейтін болдық. Сол жүрген
-
де жетісіп жүрген ешқайсысы жоқ, демонстранттардың
бәрі де сұрақ-жауаптың астында қалып, оқудан, жұмыстан
шығу қаупі төніп тұрған болатын. Аялдамада, автобуста,
қоғамдық ортада еркіндік сезіле бастады. Баяғы біздің бұ
-
йығы күйіміз енді өзге ұлт өкілдеріне ауысты. Әсіресе еу
-
155
ропа нәсілдеріне, себебі ұйғыр, қырғыз тәрізді мұсылман
халықтары бізге туысымыздай сезілетін. Автобусқа мінер
-
де, түсерде қазақ жігіттері апалары мен қарындастарын
сүйемелдеп, бір-біріне жылы шырай танытып жататын.
Шығармадағы Ақмарал есімді кейіпкеріміздің Қайсар
-
мен өз сіңлісін таныстырғысы келетін әңгімесі де шын
-
дыққа саяды. Біздің түсінігімізде алаңға барып, өздерінің
қазақ екенін сезінген патриоттар мен үйде бұқпантайлап,
терезеден қарап отырғандардың айырмашылығы жер мен
көктей еді. Алаңға шығып келгендер ол жердегі қырғын
-
ды көрген соң, саябыр тауып үйде отыра алмай, сол жаққа
қайта барып қолға түскені белгілі. Ал, алаңға бармаған
-
дар ол жақта не болып жатқанына басын қатырып әлек
болмай үйлерінде шайларын ішіп, жылы көрпеге оранып,
қара басын сауғалағанына мәз-мейрам болды. Осындай
сәтте өзіміз де алаңға шыққан жігіттерді қалай қинағанын
көрген соң (аудандық бөлімшелерде), сондай ержүрек,
отаншыл жігіттерді сыйлап, құрметтеп бақтық.
Қайсар мен Ақмаралдың ашық тұрған пәтерге тығы
-
латыны да шындық. Ит жетектеген жендеттер қоқыстың
арасына дейін тінтіп, демонстранттардың соңына түсті.
Сол сәтте әр подъездің есігін бір қағып, тығылатын тесік
таппай қиналған құрбыларымыз да болды. Меніңше, ав
-
тор осындай оқиғалардан қорытынды түйін жасап, Қай
-
сар мен Ақмаралды Баймырзаның үйіне алып келген.
Баймырза мен Талшын – өмірден алынған шынайы кейіп
-
керлер.
«Әй, сен қоясың ба, жоқ па?! Біле білсең, бүгін маған
бақ пен бақыт қонған күн!.. Кенесары бабамның аруағын
тірілтем деп, сонау Сібірде отырған он жылда «Апыр-ай,
бұ қазақтың аяққа тапталған ар мен намысын жақтайтын
ерлер қашан туады, не қылған сорлы елміз, ез елміз...»
деп, көкірегім шерге толатын еді. Кешеден бері сол сор
-
лы елдің намысын қорғауға бел буған мына балалардай
мыңдаған ұл-қызды көріп, төбем көкке екі елі жетпей тұр.
«Бар екен ғой, иә, Жасаған!..» деп, ішімнен мың тәуба
156
айттым жаратқанға түнімен. Сен оны қайдан түсінейін
деп едің...» [14, 344], – дейтін кезінде қуғын-сүргіннің
талайын көрген, Кенесары үшін он жыл жер аударылған
Баймырзаның прототипі – тарихшы Ермұхан Бекмаханов.
«Құт па, жұт па – оны бір Жаратушының өзі ғана біледі.
Сен менің өйтіп тілімді қышытпа, білдің бе!.. Қазақ-қазақ
дегенде көкірегің қарс айрылады. Сол қазақтың намысын
жартып, он жыл түрмеде, айдауда жүргенде солардың бі
-
реуі артында қалған жесірін мына мені мен ана қызыл иек,
аш құрсақ шиеттей үш бала-шағаңа қол ұшын беріп пе еді?
Соларды енді екі көзінен қанды жас ағызып, иттей тістелеп
жүріп, кәмелетке жеткізген сол сенің айта беретін қазағың
ба еді, әлде мына мен бе едім? Елуінші жылдың аяғында
түрмеден арып-ашып келгеніңде саған қызмет тауып бер
-
мек түгіл, кеңсенің есігін сығалатпай қойған төрелер де
сол сенің айта беретін қазақтарың емес пе еді? Енді бүгін
келіп... О, несі, жүдә, көсемси қалғаны» [14, 344], – деп,
қайдағы шерді қозғап күйінетін Талшын әкелері мен жар
-
лары «халық жауы» ретінде ұсталып кеткенде, «халық
жауының баласы», «халық жауының жары» аталған, бала
-
ларын бағып-қағып, қатарынан қалдырмай өсірген мыңда
-
ған ардақты аналарымыздың жиынтық бейнесі.
Баймырза мен Талшынның мектепте оқитын бала
-
сы әке-шешесін алдап, алаңға қашып кетеді. Тектіліктің
қанмен келетіні тәрізді, отаншылдық, патриоттық сынды
қасиеттердің қанмен берілетіні белгілі. Ол – қалада орыс
мектебінде оқып, қазақша шала сөйлегенмен жүректері
қазақ деп соққан ұлтжанды қазақ жастарының жиынты
-
ғы. Ұлтжандылық ауыл, қала тұрғындарына олардың тұр
-
ғылықты жеріне қарай берілмейді.
Шығармадағы келесі кейіпкер Баймырзаның көршісі
– Мария Петровна. Басқа ұлт өкілі болғанмен алаңда
-
ғы оқиғаға бейтарап қарай алмағандықтан, басы шыты
-
нап ауырып тұрғандай әсер береді. Себебі, бұл – өздері
қазақ елінде отырғандықтан ұлтаралық қақтығыстарға
үрке қарайтын өзге ұлыс өкілі. Ол бәрін де білгісі келеді,
157
Баймырзаның үйіне тұңғыш келіп отырған қонақтары
-
ның алыс туыстары екеніне сенгісі келмей отырғаны да
сондықтан. Алаңдағы оқиғаны көзімен көріп отырған ол,
төпелеген соққының астында қалып құлындай шыңғыр
-
ған қыздар мен оған араша болмақ болып өзі сойылға (ду
-
бинка) жығылған өрімдей ұлдарды көріп отырғандықтан
бұлардың сол жақтан қашып келгенін іші сезеді. Оның:
«Бәке, өзіңіз-ақ айтыңызшы енді. Бүгін орталық алаңнан
өтіп бара жатып, өз көзіме өзім сенбедім. Кілең бір – екі
-
ленген қазақ жастары. Бізге түсініксіз бір тілде бұзық
ұрандар салып жатыр. Не жетпейді соларға – түсінсем
бұйырмасын. Кешке қарай дүкенге кірдім – бәрі толып
тұр: сары май дейсіз бе, ет, жұмыртқа дейсіз бе, колбаса
мен сервелаттың түр-түрі... енді соларға не керек – түсін
-
сем бұйырмасын» [14, 349-350], – деген сөзі жаңалықта
айтқандай «нашақор, бұзақы» жастарды кінәлауға саяды.
«Бізге түсініксіз бір тілде бұзық ұрандар салып жатыр»
деген сөзге мән беретін болсақ, түсінбесе не айтып жат
-
қанын қайдан біледі? деген сауал туады. Бұл – оған дейін
Қазақстанда қазақ тілінің қандай мүшкіл халде болғанын
аңғартатын эпизод.
Келесі кейіпкер – Тимур Қалдыбаевич. Автор осы кейіп
-
кер арқылы қазақтың құрдымға кетіп бара жатқандығын
көрсеткісі келген. ХХ ғасырдың соңғы ширегіне шейін
қазақтың оқығандары елім, ұлтым, жерім деп еңіресе, Ти
-
мурдың қазақтың жастары алаңда қырылып жатқанымен
шаруасы жоқ. Ол жолдасының кандидаттық диссертация
қорғанына куә болып, сол дастарханның басында ішкені
-
не мәз болып отырған кеудесі қуыс жан. «Я коммуни-и-
ст-т со стажем!.. Партияға жиырма бір жасымда өткем.
(Сұқ саусағын шошайтып). Жиырма бір-і-ір жаста!.. Так
что, біздермен, коммунистермен ойнауға болмайды!..
Қажет болса. Біз әлгі жолымызға кесе-көлденең тұрып
көрсін! Табамыз біз оларды құртып жіберудің айласын!..
«Костюмнің ішкі қалтасынан бір қызыл книжканы суы
-
рып алып). Нанбасаңыз, міне партбилет!.. Партбилетпен
158
ойнап көрсін олар!.. Әлгі ұлтшылдар мен... кім еді... им
-
периалистерді, экстремистерді айтам. (Партбилетті қай
-
тадан орнына салып жатып). Мен мұны жанымнан өлсем
де тастамаймын. Түсінесіз бе, өлсем де... Бәрібір партби
-
лет аман қалуы керек!.. Ал, кәне, Мария, алып жіберелік...
Денсаулық үшін....» [14, 364], – дейтін Тимур Қалдыбае
-
вич кешегі коммунистік партияның белсенді мүшесі.
Сыртта қыздардың: – Апа!... Апажан!... бауырларым-ау,
құтқарсаңдаршы, мыналардан! Құртты ғой бә-рі-міз-з-
ді!, – деген жан айқайын – Ә, бәлем, жандарың қысылды
ма?!, – деп табалап отырған Тимурды Қайсар қылқынды
-
рып өлтірмек болады. Оларға Ақмарал араша түсіп Тимур
далаға сытылып шығады.
Авторлық ұстанымды «(Одан сайын оны қылғынды
-
ра түсіп). Не қылғанды көрсетем қаз-з-ір-р!... Сатқын!...
Бүкіл ғасырлар бойғы қазақ халқының аққан көз жасы
сендей сатқындардың мойнында, білдің бе?! Бізді құрт
-
қан жоңғар да, қытай да, орыс та емес – мына сендерсің
-
дер!... егер қазақ халқы шын мәнінде келер күнін ой
-
лайтын болса, ең алдымен мына сендерден құтылулары
керек. Сендер тұрғанда бізге келешек те, бақ та, бақыт та
жоқ!... Сондықтан да мен сенің қазір қаныңды ішем-м!...»
[14, 368] немесе «Уақыт пен заманның атын жамылып,
тілін де, дінін де, ар-ожданын да – бәрін де сатып бітуге
таядыңдар!... Бұл өздеріңнің болашақтарыңды сату екенін
түсінемісіңдер өздерің?!» [14, 369], – деген Қайсар сөзі
-
нен көруге мүмкіндік мол.
Осы эпизод қазақтың жауы қашан да қазақ болғанын
байқатады. Кешегі сталиндік репрессия тұсында бірге ту
-
ған ағайын-туыстарын, көрші-қолаңын қолының ұшымен
көрсетіп, Итжеккенге айдатып, өздері көкті тіреп тұрған
-
дай болып шалқайып жүрген екіжүзділердің тірлігін бүгін
-
дері архив деректерінен, көркем шығармалардан оқып-
біліп жатырмыз (Н.Айтұлының «Кәмей ұшқан» поэмасына
да осындай шындық негіз болған). Бұл кезде де қазақ жас
-
тарын ұстап берген Тимур сынды сатқындар болатын.
159
Шығарманың шешімі жендеттерден үрейі ұшқан Ақма
-
ралдың мерзімінен екі ай бұрын босанып қоюы болып та
-
былады. Өмірге келген сәби өмірдің жалғастығын байқат
-
са, осы оқиға үстінде дүниеге келген шарана «мың өліп,
мың тірілген» қазақ халқының болашағы алда екенінен
хабар береді. Шығарма Баймырзаның: «...Бар екен ғой
сендердей ержүрек ұл-қыздарым! Тек мұнымды жаратқан
асылық көрмесін...» [14, 374], – деп жас ұлтшылды дала
-
ға ертіп кетуімен аяқталады. Бұл ХХ ғасырдың басындағы
және соңғы ширегіндегі «ұлтшыл» атанған азаматтардың
тілегінің бір жерден шығуы болса, олардың барлығы да
қазақ халқының бостандығы, тәуелсіздігі үшін күрескен
күрескерлер екенінің белгісі.
Шығармадағы әрбір кейіпкер өз ортасының, сол әлеу
-
меттік топтың, замандастарының жиынтық бейнесі бо
-
лып табылады. Драматург жоғарыдағы оқиғаға қатысқан
кейіпкерлерінің барлығын да типтік бейнеге көтерген.
Баймырза кеңестік идеологияның теріс саясатын қолдама
-
ғаны үшін жазықты болып қуғын-сүргін көрген мыңдар
-
дың бірі болса, Талшын қиын-қыстау күндерде күйеуіне
сүйеу болған, шиеттей бала-шағасын асырап шаңырақты
шайқалтпай арды ойлаған қазақ әйелдерінің жиынтығы.
Өзінен екі мүшел үлкен адамның жағасына жармасып
жүрген Қайсар өзгеге намысын таптатпаған қазақ халқы
-
ның қайсар ұланы болса, Ақмарал жігіттердің намысын
қайрап, оларға күш-қуат беріп, елге жау шапқанда атқа
қонған жауынгер қазақ халқының батыр қыздарының
бүгінгі таңдағы жалғасы. Көп ұлтты кеңес халықтарын
интернационализмге тәрбиелеген кеңестік идеология
ұсақ ұлттарды жоюды көздеді. Сондықтан оқыған, көзі
ашық қазақтар арасында Тимур сынды коммунистер кө
-
бейді. Олар үшін Коммунистік партия халықтан жоғары
еді. Себебі бұлар – лениндік партияның адал ұлдары мен
құлдары еді. Коммунистік партияның негізгі көздегені
жандайшаптары бойына құлдық психологияны сіңіріп,
солар арқылы қара тобырды қойдай тоғыту еді. Алайда
160
ұлттық қасиетін таза қалпында сақтаған ауыл жастары
Қазақстанның астанасы Аламатыға білім алуға көптеп
келе бастағандықтан, бұл содырлы саясат жүзеге аспай
қалды. Қазақ жастарын қаладағы өндіріс ошақтарының
қара жұмысына жегу саясаты да партияның өзіне шоқ
-
пар болып тиді. Жұмысшы жастар мен білім іздеп шал
-
ғай ауылдардан келген қазақ жастары жетпіс жылдай өмір
сүрген коммунистік партияның шешіміне қарсы шығып,
өз проваларына қол сұғуға қарсылық білдірді. Бұл – Ком
-
мунистік партияның көсемі В.И.Лениннің «Ұлттардың
өзін өзі билеу правосы» еді.
Жоғарыда сөз болған шығармаларда 1986 жылғы Жел
-
тоқсан оқиғасының қазақ халқына алып келген қасіреті
жекелеген кейіпкерлер өмірімен шынайы бейнеленді.
Саяси айыпты болып табылған қуғын-сүргін құрбанда
-
рының кеңес түрмелері мен лагерьлерінде өткен күндері
тың деректермен оқырманын өзіне баурады. Бұл шы
-
ғармалардың барлығы тәуелсіздік үшін күрескен қазақ
жастарының азаттық жолындағы арпалысының көркем
суреттері ретінде танылды. Желтоқсан оқиғасының аяқ
астынан өршіп кетуі, алаңға шыққан жастарды басып
жаншу, оларға жүргізілген сұрақ-жауап процестері, қыс
-
паққа алудың салдарынан қуғын-сүргін құрбандарының
тағдырдың тауқыметіне ұшырап қиын-қыстау күн кешуі,
түрмеге түскен жастардың мезгілсіз қыршынынан қиы
-
луы – барлығы да сол тұстағы ел өміріндегі шындық.
Бұл шығармалардың негізгі жетістігі – жетпіс жылдан
аса өмір сүрген Коммунистік партияның халыққа жаса
-
ған қиянатын, бар болмысымен көркем шындыққа ай
-
налдыруы. Мызғымас Кеңестер одағының құрамына ен
-
ген қазақ халқына жасалған сынақ тәжірибесі («Метель»
операциясы) қаншама жастың болашағына балта шапты.
«Бас жарылса, бөрік ішінде» дейді атам қазақ, тән жарасы
жазылар, алайда араға жиырма бес жыл салғанмен жан
жарасы жазылмайтыны анық.
161
Көріп отырғанымыздай, тәуелсіздік жылдарындағы
поэзия, проза, дараматургия жанрларының бәрінен де
Желтоқсан оқиғасы кеңінен орын алды. Аты шулы бұл
оқиға қазақ ақын-жазушыларының бәрін де тебірентіп қа
-
лам ұстатты. Үстіміздегі жылы 30 жылдық мерекесін атап
өткелі отырған тәуелсіздік, азаттық үшін күрестің қазақ
тарихынан алар орны ерекше. Сондықтан да қаламгерлер
Желтоқсан оқиғасын шағын жанрдан бастап, кең құлаш
-
ты эпикалық шығармаларда да шынайы бейнелеп, тари
-
хи шындықты көркем шындыққа айналдырды. Осындай
туындылардың қатарында А.Егеубаевтың «Желтоқсан»,
Н.Айтұлының «Мұқағали – Желтоқсан», Ж.Бөдешұ
-
лының «Исатай», М.Бектемірованың «Тәуелсіздік – ті
-
регім» поэмаларын, Т.Сәукетаевтың «Қилы тағдыр» («Ай
қараңғысы» 1998), «Желқайық» (2011), Н.Қуантайұлы
-
ның «Қараөзек» (2002), Ә.Ыбырайымұлының «Ұялас
-
тар» романдары мен Мир Шайырдың (ақын Мырзағали
Іңірбаевтың) «О, Данышпан дүние» атты трилогиясын,
Н.Ораздың «Тазқара», Ө.Ахметтің «Желтоқсан ызғары»
хикаяттарын, А.Алтайдың «Сібір офицері», «Прописка»
әңгімелерін, О.Бөкейдің «Желтоқсан желі», С.Асылбекұ
-
лының «Желтоқсан түні», Ө.Ахметтің «Желтоқсан ызға
-
ры», М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ», Иран-Ғайыптың
«Былыққа батқан қала» («Портмоне»), И.Сапарбайдың
«Мәжнүн» пьесаларын атауға болады.
Тәуелсіздік жолында қуғын-сүрген көрген кейіпкер
-
лердің тәуелсіздік тұсындағы өмірі жарқын болуы керек
еді. Алайда біздің негізгі кейіпкерлеріміздің барлығы
дерлік адам аяғандай аянышты күн кешіп жүруі өкінішті.
Қашан да ақтың қараны жеңетіні тәрізді оқырмандар да
желтоқсандықтардың болашағы жарқын болуын қалай
-
ды. Сондықтан алдағы уақытта қаламгерлер жазықсыз
қазақ жастарының қанын арқалаған екіжүзді қылмыскер
-
лердің кейінгі өмірін әшкерелейтін шығармалар жазуы
керек. Себебі, ақшаға сатылған, адамгершіліктен ада бол
-
ған екіжүзділердің өмірде жолы болмақ емес. Ал, «еркек
162
тоқты құрбандық» деп жазықсыз құрбандыққа шалынған
жандарға мемлекет тарапынан көңіл аударылғаны жөн.
Себебі олар сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздіктің, бостан
-
дықтың соңғы құрбандары. «Болар елдің баласы бірін-
бірі батыр дейді» дегендей, өз батырларымызды ардақ
-
тайық ағайын. Үстіміздегі жылы жиырма жылдық мерей
тойын тойлағалы отырған тәуесіздігіміз мыңдаған қазақ
жастардың қанымен келгендігін ұмытпайық. «Ел бола
-
мын десең, бесігіңді түзе», – деп М.Әуезов айтқандай,
бесігімізді түзейік қазағым.
Достарыңызбен бөлісу: |