192
МЫРЗАБЕК ДҮЙСЕНОВ
(1928-1988)
Дүйсенов Мырзабек Төлегенұлы – әдебиеттанушы-
ғалым, сыншы, жазушы. Ол 1928 жылдың 20 желтоқ
-
санында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, 1-Май
ауылсоветінде дүниеге келген.
Әдебиеттанушы-ғалымның әдебиетке келуі тегін
-
нен-тегін емес. Оның өзіндік бірнеше себептері бар.
Біріншіден, өскен ортасы, екіншіден, Құдай берген тума
таланты болса, үшіншіден, сол талантын күтіп-баптай
білген еңбекқорлығы еді. Ол жөнінде автордың өзі бы
-
лай дейді: «Бұл жақта Шораяқтың Омары, Ешниязұ
-
лы Жүсіп, Тұрмағамбеттің өлеңдерін жұрт дәптерге
көшіріп алып, қолдан-қолға таратады екен. Бір дәптер
менің де қолыма түсті. Термелерді жаттап алдым...
Құрманғазы, Соқыр Есжан, Сейтектің оннан аса күйін
үйреніп алғам, ел ішіне тараған халық әндерінің бәрі
болмаса да көбісін білем. Домбырашы, күйші болсам
деген арман пайда бола бастады». Сыр өңірінің тумасы
қобызшы Нышан мен жырау Рахмет Мәзходаевтардың
аузынан шыққан жыр, термелерді жаттай жүріп өзі де
домбыра үйреніп, жүрген жерін той-думанға бөлейтін
әнші жігіт атадан балаға мирас болып қалған жыршы
-
лық, күйшілік, әншілік, шешендік өнерді жалғастыра
білген өнерпаз да болды.
Әдебиетке деген осындай құштарлық оны Алматы
қаласындағы Қазақ ұлттық университетінің филоло
-
гия факультетіне алып келді. Университетте ауыз әде
-
биетінің білгір маманы Мұхтар Әуезовтен тыңдаған
мәнді де мазмұнды дәрістер болашақ әдебиетшіні ұлт
-
тық құндылықтарымыздың астарына үңілуге жетеледі.
1948 жылы Республикалық «Лениншіл жас» газетін
-
193
де төртінші курс студенті Мырзабек Дүйсенов тура
-
лы «Отличник» деген мақала жарық көрді. Осылайша
жиырма жасында республикаға танылған оның бүкіл
ғұмыры ұлттық әдебиеттің төңірегінде өтті. Мектеп
-
те озат, жоғары оқу орныныда үздік оқыған Мырзабек
1949 жылы қолына диполомын алған соң, Қазақ ССР
Ғылым академиясына қарасты Тіл және әдебиет инсти
-
тутына жұмысқа орналасты. Ғылыми зерттеу институ
-
тына келген соң, әдебиет әлеміне жол ашыла бастады.
Бұған дейін өзі қызығы жырлайтын жырлардың бірне
-
ше нұсқасы болатынын, олардың өзара ұқсастығы мен
айырмашылығы бар екенін білген ол халық мұрасын
тереңдете зерттеуге кірісті.
Қазақ ССР Ғылым академиясының аспирантурасын
-
да оқып (1952), әдебиеттанудағы тыңғылықты зерт
-
теулерімен филология ғылымының кандидаты (1953),
филология ғылымының докторы (1968) дәрежесін
алды. Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми
қызметкерінен бастап (1952), аға ғылыми қызметкері
(1956), Жамбылтану бөлімінің меңгерушісі (1972) қыз
-
меттерін атқарды. 1966 жылдан СССР Жазушылар ода
-
ғының мүшесі қатарына өтті.
М.Дүйсенов көркем проза, сын, әдебиет ғылымы са
-
лаларынында бірдей еңбек еткен қарымды қаламгер.
Оның 3 әңгімелер жинағы, 20 повесть, 7 ғылыми мо
-
нография, 200-ден аса ғылыми, сын мақалалары жария
-
ланды.
Ол негізінен балалар әдебиетіне қомақты үлес қос
-
қан жазушы. «Алтын ұя» (1957), «Мен қалай торғай
болдым» (1958), «Жолың болсын» (1959), «Қалың
-
дық» (1962), «Ана махаббаты» (1965), «Гүлжан сүйеді»
(1969), «Меймандар» (1971), «Ант» (1974), «Үміт»
(1979), әңгімелері мен повестер жинақтарының басты
кейіпкерлері балалар мен жастар. Ал «Біз – күн пер
-
зентіміз» (1984), «Бір – аспанның астында» (1986),
«Сағанатас сырлары» (1992) повесть-эссе циклында
әлемнің жаратылысы, жан-жануарлар мен адамзат ба
-
194
ласының қашан пайда болып, қалай өсіп-өнген тарихи
жолдары ғылыми негізде қызықты әңгімеленеді.
Жазушы алғашқы әңгімелерін былайша еске алады:
«Ең алғашқы әңгімем 1948 жылы «Қазақстан пионері»
газетінде басылды. Содан кейін-ақ әңгіме, очерк жаза
бастадым. Сол жылы «Социалистік Қазақстанда» «Қы
-
зыл тулы колхоз» деген очеркім жарық көрді. Редак
-
цияға бір келгенімде Асқар Лекеров, Зулфуқар Айтма
-
ғамбетов деген редакция қызметкерлері:
− Бала, қадамың жаман емес, жаза бер, – деп тілек
білдірген соң, көңілім тасып сала берсін.
1949 жылдың январь айында біз біреудің бір бөл
-
мелі үйін жалдап тұрдық. Мен университеттің соңғы
курсында оқып жүрмін. Жатақханада орным болса да,
көбіне ағайымның үйінде жүремін. Бір күні үйге Асқар
Тоқмағамбетов келді. Бұл кісі ағайыммен әрі құрдас,
әрі жолдас.
− Оқуың қалай? – деп сұрады Асекең.
− Жаман емес.
Мен былтырғы «Қазақстан пионері» газетінде басыл
-
ған «Жас мерген» әңгімемнің қиындысын бердім. Ол
кісі мұқият оқып шықты да:
− Әй, мынауың балаларға лайық, жақсы дүние екен.
Жазуды тастама, - деді. Жасы үлкен, тәжірибелі аға
-
ның бұл сөзін мен шын ықыласпен қабылдадым. Содан
кейін балалар бақшасы туралы повесть жазуға кірі
-
сейін. Бір жағынан «Алпамыс батыр» туралы диплом
жұмысын да жазып жүрмін, повесім шықпады.
Университетті бітіріп, аспирантураға түскен соң да
бір жағынан оқу, кандидаттық минимумге дайындалып,
екінші жағынан әңгіме жазумен айналыстым. Тәжірибе
аз, тақырып тапшы. Дегенмен әңгімелерім «Қазақстан
пионері», «Пионер» журналы, «Лениншіл жас» газет
-
терінде аз да болса жариялана бастады. 1955 жылы
«Нұрқанның үйінде» деген әңгімем «Қазақстан әйел
-
дері» журналында жарияланды (№5).
195
Жаздың күні Мұхаметжан Қаратаев жеке бір үй жал
-
дап шықты. Қыдырып сол үйге келсем, Тайыр Жароков
отыр екен.
− Мынау менің нағашы інім, – деп таныстырды Мұ
-
хаң.
− «Қазақстан әйелдеріндегі» әңгіме сенікі ғой, – деп
Тайыр аға жымия күліп бетіме қарады.
− Ие.
− Жақсы. Тек концовкаңды ойлауың керек. Әсіресе,
бірінші жақпен сөйлеп отырған кейіпкеріңнің сөзі онша
сәтті шықпаған. Плакаттау. Қарапайымдау сөйлесін.
Бұл әңгімені Мұхаметжан аға да оқыған екен. Оған
да ұнаған сияқты. Сонымен әңгіме жазуды тоқтатқа
-
ным жоқ. Жасы үлкен ағалар менің тауымды шақпа
-
йын деп жылы сөздер айтты, оны мен, әрине, кейінірек
түсіндім. Алғашқы әңгімелер жинағым балаларға ар
-
налып, «Мен қалай торғай болдым» деген атпен 1958
жылы жарық көрді. Келесі жылы «Жолың болсын» де
-
ген атпен екінші әңгімелер жинағым шықты.
«Мен қалай торғай болдым» әңгімелер жинағының
өзім қойған аты – «Бақытты балалар» болатын-ды. Кі
-
тап шыққанда оның өзгеріп кеткенін көрдім. Оқушыны
кітап атымен де тартып тұруы керек деп осылай өзгерт
-
кен студент кезімнен досым, баспа қызметкері Амантай
Байтанаев екен. Оған, әрине, ренжігенім жоқ. Балалар
үшін жазу оңай шаруа еместігін мен кейін түсіндім.
Бала психологиясына лайықты идеяны таңдау, оқиға,
сюжет құру, тартымды композиция, әсіресе, олардың
қабылдануына оңай тіл табу керектігін ертерек түсін
-
сем де, «көңілдегі көрікті ойдың» қағазға түскенде әрі
қаша беретіні болады екен. Жинақтағы кейбір әңгіме
-
лерім өзіме ұнағанымен біразы көңіліме онша қона бер
-
меді. Тәжірибесіздік бой танытты. Қазір жазсам, әрине,
басқаша жазар едім, біразын тіпті жинаққа енгізбеген
де болар едім. Дегенмен осы жинаққа баспа бетінде екі-
үш мақала жарияланды. Қ.Мырзалиев сын айтты, Ә.На
-
рымбетов, Ә.Нұршайықовтар, тіпті, өсіре мақтады.
196
«Жолың болсын» әңгімелер жинағы негізінен юмо
-
ристік бағытта жазылған. Ондағы әңгімелердің біра
-
зы менің күнделігімнің негізінде пайда болған. Кейде
өмірдің өзі дайын тақырып, оқиғаны, характерлерді ал
-
дыңа баса бермей ме? Соны сәл-пәл ғана әдеби жанр
-
дың сипатына лайықтап жазасың. Кейбір әңгімелер,
әрине, осылай болуы керек-ау деген қиялдан да туады».
Әдебиетке осылай келген жазушының шығармала
-
рын көпшілік оқырман жылы қабылдап, әдебиетшілер
қауымы оң пікірлерін білдіріп жатты. Оның «Гүлжан»,
«Ана махаббаты» повестері орыс, «Емтихан» повесі өз
-
бек тіліне аударылуы да тегіннен тегін болмаса керек.
Сыншы ғалымның «Әдебиеттегі форма мен түрдің
бірлігі» (1962), «Ілияс Жансүгіров (өмірі мен твор
-
чествосы)» (1965), «Ақын мұраты» (1967), «Қазақ дра
-
матургиясының жанр, стиль мәселесі» (1977), «Ұлы
Октябр шуағы» (1982), «Халық ақындары творчество
-
сының көркемдік сипаты» (қосалқы автор, 1982) тәрізді
монографиялары мен көптеген ғылыми-сын мақалала
-
рында қазақтың көне мәдени мұрасы, ақындық-жыр
-
шылық импровизаторлық өнері, айтыс жанры, қазақ со
-
вет поэзиясының даму жолдары мен мәселелері, Ілияс
Жансүгіров, Ә.Тәжібаев тәрізді көрнекті ақындардың
өмірі мен шығармашылығы тыңғылықты зерттелді.
1968 жылы 27 июньде «Ілияс Жансүгіров және қазіргі
қазақ поэзиясы» деген тақырыпта докторлық диссерта
-
ция қорғады.
«Ілияс Жансүгіров» атты көлемді монографиясы мен
диссертациялық ғылыми еңбегі сол кездің өзінде С.Мұ
-
қанов, Н.Ғабдуллин, Т.Нұртазин, С.Қирабаев, С.Қасқа
-
басов тәрізді бірқатар ғалымдар тарапынан өз бағасын
алады.
«Ілияс Жансүгіров» (1965) – қазақ кеңес әдебиетінің
негізін салушылардың бірінің өмірі мен шығармашы
-
лығын тыңғылықты зерттеуден туған монография. Мо
-
нографияның жазылған уақытына қарайтын болсақ,
өткен ғасырдағы мәдениет пен әдебиет төңірегіндегі
197
айтыс-тартыстардың еріксіз еске оралатыны анық.
1957 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болған
ақынның азаматтық, идеялық үні ресми ақталған соң,
оның шығармаларын зерттеу әдебиеттану ғылымының
кезекті міндеттерінің бірі саналды. Міне, осындай сәт
-
те зерттеу нысанына алынған тақырып өз нәтижесін
көрсетті. Ғалым ақынның өмірі мен шығармашылығын
зерттеуде оның ауыз әдебиеті мен Абай поэзиясының
озық дәстүрлерін қалай меңгергендігіне, толыса келе
үйренуші бала ақыннан дара ақынға жету жолдары
сыршыл лирика мен кең құлашты эпикалық поэмала
-
рын негізге алды. І.Жансүгіровтің өлеңдері мен поэма
-
лары, әңгіме-фельетондары, романдары мен пьесалары
түгелге жуық ғылыми сараланды. Ұлттық әдебиеттің
осы аталған жанрларымен бірге сатираның өсіп-өркен
-
деуіне үлес қосқан ақынға берілген «қазақ совет поэ
-
зиясын тақырыптық, жанрлық, көркемдік сапа жағынан
қауырт дамытуда І.Жансүгіров салған олжалар аз емес»
деген баға қашан да өз құнын жоймайтыны белгілі.
Ақын сюжетті, оқиғалы, реалистік поэмаларында лири
-
калық-философиялық ой түйгендігін жадында ұстаған
зерттеуші «... ол халық поэзиясының озық дәстүрінен
үлгі ала отырып, көп жағдайларда Абаймен ақындық
өнер таластыру дәрежесіне көтеріледі», – деген тұжы
-
рым жасайды.
Еңбекті ақынның алғашқы тырнақалды туындысы
-
нан бастап, оның сөз өнерін еркін игере келе озық үлгі
-
де жазылған шығармаларына жасалған әдеби талдау
-
лар құрайды. Ақын шығармаларындағы жаңа тақырып,
жаңа образ, лирикалық, эпостық жанрларды меңгеруі
оның творчестволық даму жолдары ретінде танылды.
Қазақтың көрнекті ақыны Әбділдә Тәжібаевтың өмірі
мен шығармашылығын зерттеуге арналған «Ақын мұ
-
раты» (1967) атты монографиясында ғалым ақын шы
-
ғармаларын өзі өмір сүрген қоғам шындығымен бірлік
-
те қарады.
198
«1915 жыл. Күз. Көмірдей қара түнде күңіренген
суық жел әлсін-әлсін демін ішіне тартып, екпіндей со
-
ғып тұр. Алты жасқа толған Әбділда тәтті ұйқының
құшағында қаннен-қаперсіз жатыр еді. Көптен бері тө
-
сек тартқан әкесі Тәжібай сол бір суық түнде біржола
көзін жұмды», – деп басталады «Туған, өскен орта»
атты бірінші тарау. Ғалымның сөз саптауынан жазушы
-
ға тән суреткерлікті тану қиын емес. Зерттеуші ақын
-
ның өмір жолын оның поэзиясы арқылы өрбітеді. «Еске
алу» атты поэмасында жиырма алты жасар жесір жоқ
-
тауының зарлы әуені ұлы Әбділда мен қызы Зылиқа
-
ның жанын жаралап, көңілдеріне ұялап, құлақтарында
мәңгілік сақталып қалғанына көңіл аударды.
1949 жылы шыққан «Қазақ совет әдебиеті тарихы
-
ның очеркіндегі» М.Әуезовтің Ә.Тәжібаевтың шығар
-
малары жөніндегі қысқаша монографиялық тарауы мен
Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, С.Мұқанов, Р.Бердібаев
тәрізді ғалымдардың мерзімді басылым беттерінде
жазылған мақалаларынан кейін туған толымды еңбек
ақынның өмірі мен шығармашылығын түгелдей қам
-
туымен ерекшеленді.
«Іздену жолдары, өсу жолдары» атты екінші тарауда
Әбділданың ақындығының өсу жолдарына қаныға түс
-
сек, «Биік өре, кең өріс» атты үшінші тарауда ақынның
толысып кемелденген шағын дөп танимыз. Ғалымның
Ә.Тәжібаев шығармалары жөніндегі: «Ақын жыл асқан
сайын бірден бір күрделі ойларға ойысып, өмірдің әр
саласы туралы батыл-батыл пікірлер айтып отыр. Сол
ойды лирикалық сезімге бөлеп, бере алды. Сезімге
жеткізетін түр, әдіс-тәсілдердің нақтылығын, нәзіктігін,
байлығын ерекше атаймыз. Лирикалық өлеңнің жанр
-
лық ерекшеліктерін сақтауда да үлкен шеберлік көр
-
сетті», – деген пікірі оның творчествосын тұтастай
зерттеуден туғаны анық.
Оның Әбділда Тәжібаевтың шығармаларын ғана
зерттеп қоймай, онымен тонның ішкі бауындай ара
-
ласқанын автордың естелік-эсселерінен оқуға болады.
199
Онда Әбділда Тәжібаевтың мерейтойын Рахманқұл
Бердібаев пен Мырзабек Дүйсеновтің жүргізгенін,
олардың әуелетіп салған «Ақтолғай», «Ағажан» әндері
Алатаудың бөктерінде қалықтап тұрып қана қоймай,
жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленгені ту
-
ралы айтылған.
Ғалымның 1949-1988 жылдар арасында қазақ әде
-
биеттану ғылымына қосқан еңбектерін саралайтын бол
-
сақ, оны бірнеше бағытта тарата сөз етуге тура келеді.
Біріншісі, әдебиет тарихын зерттеу, дәлірек айтсақ, қа
-
зақ әдебиетінің белгілі кезеңдерін зерттеу, екіншісі, же
-
келеген ақын-жазушылырдың шығармашылығын зерт
-
теу, ал үшіншісі, әдебиеттегі мазмұн мен форма, жанр,
стиль мәселелерін зерттеу. Әдебиеттің тарихы, сыны,
теориясын бірлікте ұстаған ғалым еңбектері ұлттық
әдебиеттің әр қырын қамтыды.
Бірінші топқа Т.Кәкішевпен бірлесе жазған «Ұлы Ок
-
тябрь шуағы» атты зерттеуін жатқызсақ, екінші қатар
-
ды «Михаил Шолохов – совет әдебиетінің аса көрнекті
жазушысы», «Ілияс Жансүгіров», «Ақын мұраты» атты
монографиялары толықтырады. Ал, үшінші топты ға
-
лымның «Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі»,
«Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселелері»
атты зерттеулері мен К.Сейдеханов, С.Негимовтармен
бірлесе жазған «Халық ақындары творчествосының
көркемдік сипаты» атты еңбектері қамтиды.
Осы аталған еңбектердің әрқайсысы жөнінде екіауыз
сөз айтуға тура келеді. Себебі олардың бірі қазақ әде
-
биеті тарихының белгілі бір кезеңін зерттеуге арналса,
екіншісі жекелеген қаламгердің шығармашылығына
арналды. Т.Кәкішевпен бірлесе жазған «Ұлы Октябрь
шуағы» (1982) еңбегінің жазылған уақытына көз жі
-
беретін болсақ, бұл қазақ әдебиетін Қазан төңкерісі
-
нен бермен қарай ғана сөз етуге тырысқан социалистік
реализм қағидаларының белең алып тұрған шағы еді.
Алаштың ардақтысы Қошке Кемеңгерұлының: «Не нәр
-
сені де өз заманына қарай бағалау керек», – деген қағи
-
200
дасын жадымызда ұстайтын болсақ, бұл сонау елуінші
жылдардағы алаш арыстарының ақталмаған, қазақ әде
-
биетінің тұтас бір дәуірі ақтаңдақ болып жатқан кез еді.
Зерттеушілер жоқтан бар жасап, әдебиеттің ақ қалған
беттерін толықтырып оқушылар қауымына әдебиеттің
тұтастығын танытуға тырысты. Демократияшыл ба
-
ғыттағы әдебиеттің реалистік, романтикалық сипатта
-
рын социалистік реализм әдістерімен байланыстыра
қарау оңай шаруа болған жоқ. Кеңестік дәуір тұсында
біржақты бағаланған Алаш қайраткерлерінің шығар
-
малары түгілі, аттарын атауға болмайтындығын еске
-
ретін болсақ, бұл еңбекте Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
Б.Күлеев, С.Садуақасұлы, С.Қожанов тәрізді қаламгер
-
лердің есімдері там-тұмдап аталуының өзін ерекше
атауға болады.
1955 жылы жазылған «Михаил Шолохов – совет әде
-
биетінің аса көрнекті жазушысы» атты лекторларға кө
-
мекші құралында кеңес әдебиетінің жеткен жетістігі
М.Шолохов шығармалары негізінде тұжырымдал
-
ған. Оның басты себебі, өздеріңізге белгілі болғандай
көпұлтты кеңес әдебиетінің түрі басқа, тілегі бір Кеңес
-
тер одағына ортақ мұра ретінде зерттелуі.
Ал, «Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі»
(1962) атты еңбекте социалистік реализм әдісімен да
-
мыған көптілді кеңес әдебиетінің идеялық, мазмұндық
тұтастығы мен ұлттық формасы зерделенді. Зерттеуші
көркем образ, характер, тіл ерекшеліктері мен әдеби
форма түрлеріне талдау жасайды. Ғалым мазмұн мен
түр жөнінде: «Мазмұн мен форма бір-бірімен жым
-
дасып, қабысып, бірін-бірі жүзеге асырып отырған
жағдайда ғана, шығарма шын мағынасындағы көркем
шығарма болады. Сонда ғана шын мағынасында оқу
-
шыға идеялық, эстетикалық тәрбие бере алады. Мазмұн
мен форманың өзара тығыз байланыстылығы да, міне,
осында», – деген болатын. Ол бұл ұстанымды «Мен қа
-
лай торғай болдым?», «Жолың болсын», «Қалыңдық»,
«Ана махаббаты», «Гүлжан сүйеді», «Меймандар»,
201
«Ант», «Үміт», «Біз күн перзентіміз», «Бір аспанның
астында», «Ғасырлар сыры» тәрізді көркем шығарма
-
лары арқылы нақтылай түсті.
«Қазақ драматургиясының жанр, стиль мәселесі»
атты еңбекте ұлттық драматургияның жанр, стиль мә
-
селесі Ә.Тәжібаев, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сынды
драматургтердің драмалық шығармалары негізінде
зерттелді. Ә.Тәжібаевтың «Терең көл», «Жомарттың
кілемі», «Көтерілген күмбез», «Гүлден дала», «Дубай
Шубаевич», «Майра», «Жартас», «Қыз бен солдат»,
«Монологтар» тәрізді драмалық шығармалары мен
опереттаның (операның шағын жанры) либреттосы
-
на лайықталып жазылған «Күзетші» мен «Күйеулері»
өлеңмен жазылды. Осы шығармаларға талдау жасай
келіп, ғалым: «Ә.Тәжібаев драматургия, кинодрама
-
тургия салаларында елеулі еңбек етіп келе жатқан жа
-
зушыларымыздың бірі. Оның реалистік, романтикалық
үлгідегі драмалары, комедиялары қазақ драматургия
-
сының дамуына өзіндік үлес болып қосылды», – деген
қорытынды жасайды. Ғалым бұл еңбекте аталған дра
-
матургтердің шығармалары арқылы көркем ой, метафо
-
ралық тіл, кейіпкерлердің психикалық сипаты, характер
жасаудағы негізгі шарттар, диалог, монолог, лирикалық
монолог, кейіпкер тілінің өзіндік сипатын трагедиялар
мен комедияларда шеберлікпен пайдаланылғандығын
драматургтердің тілдік ерекшелігі ретінде тани білген.
Бұл – қаламгерлер творчествосының характері, стилі
тұрғысынан ақын-драматургтің прозашы-драматургтен
тілдік-стильдік жағынан айырмасы болатындығын ғы
-
лыми тұрғыда дәлелдеген еңбек.
1979 жылы шыққан «Ақын-жыраулар» атты өмір
-
баяндық анықтамалықта 261 қаламгердің шағын шы
-
ғармашылығы жасалса, 1982 жылы жарық көрген
М.Дүйсенов, К.Сейдеханов, С.Негимов үшеуі бірлесе
жазған «Халық ақындары творчествосының көркемдік
сипаты» атты еңбекте халық ақындарының шығармала
-
ры тыңғылықты зерттелді.
202
К.Сейдеханов, С.Негимовтармен бірлесе жазған «Ха
-
лық ақындары творчествосының көркемдік сипаты»
(1982) атты монографияда ақын-жыраулар творчест
-
восының көркемдік ерекшелігі қарастырылған. Мұнда
ақындық өнер табиғаты және оның даму ерекшелік
-
тері, поэтикалық тіл мен бейнелеу құралдарының си
-
паты, өлең-жырлардың өлшем-өрнектері мен құрылыс
жүйесі талданған. М.Дүйсенов жазған «Ақындық өнер
табиғаты және оның даму өрісі» деп аталатын тарау
-
да Сүйінбай, Жамбыл, Бөлтірік, Омар, Кенен, Нартай,
Иса, Үмбетәлі, Нұрпейіс сынды халық ақындарының
шығармашылығы арқылы ақындық, жыраулық дәс
-
түрдің дамуын сөз етсе, ақындық дәстүрдің бүгінгі жал
-
ғасы қандай деген сауалға Құлжабай Төлеуов, Әсімхан
Қосбасаров, Қалдыбек Әліқұлов, Қалихан Алтынбаев,
Манап Көкенов, Көкен Шәкеев, Сара Тоқтарбаева,
Шолпан Қыдырниязова, Камал Ендібаев, Аяз Бетбаева,
Надежда Лушникова, Райхан Нәкеева тәрізді айтыскер
ақындардың өнерімен жауап береді. Бұл еңбекте тек қа
-
зақ халқына ғана бұйырған суырып салма ақындық пен
ақындар айтысы өнерінің кешегісі мен бүгіні, бүгіні
мен болашағы туралы ой түйілген.
Сонымен бірге ол «Қазақ әдебиеті тарихының очеркі»
(1958, 1959 қазақ, орыс тілдерінде), «Қазақ әдебиетінің
тарихы» (ІІІ том, екі кітап 1967, орыс тілінде 1971), «Ис
-
тория многонациональной советской литературы» (1-
том, Москва 1971) сияқты ірі-ірі академиялық кешенді
еңбектердің белді авторларының бірі және редколлегия
мүшесі болды. Сонымен бірге тұңғыш қазақ совет эн
-
циклопедиясына (12 томдық) белсенді қатысқан автор
-
лар қатарында есімі аталмақ. «Ақын жырлары» (1958)
деген жинақ пен «Қазақ әдебиетінің хрестоматиясын»
(орыс мектептерінің ІХ-Х кластарына 1968-1986) құ
-
растырды. Көптеген ғылым кандидаттарын дайындап,
ғылымға жолдама берді. Қазақ ССР ҒА және Қазақ
мемлекеттік университетінің филология ғылымдары
-
ның біріккен ғылыми кеңестерінің мүшесі болды.
203
Қаламгердің осы аталған еңбектері ескеріліп,
«В.И.Ленин туғанына 100 жыл толуына байланысты
үздік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары, «Қа
-
зақ ССР-ң 50 жылдығы», Бүкілодақтық Білім қоғамы
-
ның «Белсенді еңбегі үшін» белгілерімен наградталды.
Соңғы жылдары М.Дүйсеновтің інісі Елеусін Төле
-
генұлының қолға алуымен бірқатар еңбектері (М.Дүй
-
сенов. Таңдамалы. 2-том. Алматы. ҚАЗақпарат 2004.)
қайта басылып, оқырман қауыммен қауышты. Сондай-
ақ М.Дүйсеновтің университет табалдырығын атта
-
ғаннан өмірінің соңғы жылдарына дейінгі аралықтағы
табанды ыждаһаттылықпен жазылған күнделік-эссесі
Қызылорда баспасынан 2006 жылы «Жылдар мен сыр
-
лар» атты 2 томдық кітап болып жарық көрді. 2013
жылы «Бекзат бомыс» атты ол туралы естеліктер жи
-
нағы шықса, үстіміздегі жылы көптомдық шығармалар
жинағы баспада өндірісте жатқаны бар.
Мырзабек Дүйсеновтің мұраларын зерттеу, насихат
-
тау, қайта жариялау, атын мәңгілік есте қалдыру тәрізді
игілікті істердің бәрінің басы-қасында інісі Елеусіннің
жүргені баршаға аян. Қазіргі таңда Мырзабек Дүйсенов
атында Қызылорда қаласында көше, мектеп бар. Осы
-
лардың барлығы еліне адал қызмет жасаған перзентіне
жасаған қазақ халқының ыстық ықыласы мен ерекше
құрметі екендігі белгілі.
|