124
ларымыздың
аярлығын еске салса, «Ел үшін еркек тоқ
-
ты құрбандық», «Атам десең, атыңдар!» деген «Ең соң
-
ғы Бостандықтың жас құрбаны!» Қайрат Рысқұлбековтің
сөзі кешегі өршіл рухтағы Мағжан ақынның елі мен жері
үшін өр басын ер өлімге тіккен өршілдігінің ғасыр со
-
ңындағы жалғасы еді.
Бабалардың аруағын тебірентіп,
оларды жатқан жерінен оятқан қазақ жастарының осы
ерлігі тәуелсіздікке жол ашты. Ақын тәуелсіздік үшін кү
-
рестің сан ғасырларға ұласқанын айта келіп, 1986 жылғы
Желтоқсан оқиғасынан кейін көп ұзамай тәуелсіздіктің
келетінінен хабар береді. Ата-баба рухы мен Болашақты
кездестіру арқылы тәуелсіздік жолындағы күрестердің
бәрінде де қаншама қан төгілгенін ойға түсіреді. Мұзба
-
лақ Мұқағалидың аруағы осы оқиғаның арты жақсы бо
-
латынына
көзі жеткен соң, «Қия алмай Алматысын үш
айналып, Асты да ғайып болды ала шыңнан». Осылайша
ақын тірілердің тәуелсіздік алуына бабалар аруағының
көмектескеніне назар аударады. Қойдай момын қазақтың
жылқы мінезді екенін танытқан бұл оқиға «Мызғымас
Одақтың» ыдырауына септігін тигізді. Орталықта отыр
-
ған басшылар осы оқиғадан кейін жауынгер қазақ халқын
көп басынуға болмайтындығын түсінді.
М.Бектемірованың «Тәуелсіздік – тірегім» атты поэма
-
сы түрі жағынан тарихи-публицистикалық поэмалар қа
-
тарын толықтыратын туынды. «Көңілім күйге тоймасын,
Пернеде саусақ ойнасын» деп басталатын поэмада шаттық
үні басым. Себебі бұл – тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына
орай жазылған туынды. Ақын лирикалық шегініс арқы
-
лы азаттықтың ақ таңы қалай туғандығына назар аудара
-
ды. Аспанның жүзін талай қара бұлт қаптағанын тарих
-
тан сыр шерту арқылы түсіндірген ақын отаршылдыққа
қарсы күрескен зар замандарды еске салады. Кең жазира
даладан
тебінгідей жер бермейміз деп, отаршылдыққа
қарсы шығып, бас бостандығы үшін біресе қалмақпен,
енді бірде монғолмен, одан соң ақ патша әскерімен кескі
-
лескен шайқастарда танылған
жауынгер қазақ халқына
125
азаттықтың оңай келмегені рас. Шырылдаған торғай да
азаттықты аңсайтынын төрт аяқты аң мен ұшқан құс өмірі
арқылы суреттеген ақын қазақ жастарының 1986 жылғы
желтоқсандағы ерлігін тілге тиек етеді. 15 Республиканың
астанасы Мәскеудегі Орталықтың шешіміне ақ қар, көк
мұзда қарсы шыққан қазақ жастарының «ұлттардың өзін
өзі билеу»
құқығын бетке ұстап, Коммунистік партия
-
ның Ұлы көсемі В.И.Лениннің қағидаларын бұрмалауға
болмайтындығымен дәлелдегенін мақтан еткен автор сол
тұстағы қоғам өмірінен біршама мағлұмат берген. Отар
-
шылдардың бостандықты оп-оңай бермейтіндігін олар
-
дың қазақ жастарына «ұлтшыл», «бұзақы мен нашақор»
деген айып таққанын, оған Жұбан Молдағалиев бастаған
ұлтшылдардың қарсы болғанын нақты мысалдармен бей
-
нелеген ақын сол тұстағы өмір шындығына:
Достарыңызбен бөлісу: