Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет29/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
treatise38911

Колбин – қызыл шабарман.
Қызыл мұрын, қызыл көз,
Қызыл түкті, қызыл бет,
Қызыл аяқ,
Қызыл қол,
Қызыл хатшы булықты
(Булықты да у жұтты)
[9, 121], 
– деген үзінді де «қызыл» сөзін бірнеше рет қайталау 
арқылы осы сөзге көңіл аударып отыр. Оның бірінішісі 
– қызыл империяның жүргізген отарлау саясаты болса, 
екіншісі – қызыл империяның жазықсыз қазақ жастарын 
қызыл қанға бөктіруі. 
Махамбет секілді батырлар болды ма деген сауалға 
жауап іздеген ол Қазақстанның бірінші хатшысы Кол
-
биннің Қазақстан Жазушылар одағына келген сәтіндегі 
оқиғаны таңдап алған. Өзі куә болған оқиғаға жан бітіре 
отырып, бостандық үшін күрескен Исатай мен Махамбет
-
тей батырларды ХХ ғасырдағы замандастарымыз арасы
-
нан іздейді. 
Ж.Нәжімеденовтің «Қазақстаным» өлеңіне жазылған 
Ш.Қалдаяқовтың әнін көкке қалғыта шырқап, Брежнев 
алаңына (қазіргі Жаңа алаңға) лек-легімен бет алған қазақ 
жастарының бойындағы патриоттық сезім күйін наным
-
ды бейнелеген ақын 1986 жылғы желтоқсанның ызғарлы 
күнінде болған қаралы оқиғаға жан бітіріп, кешегі тарих
-
ты сөйлетті. 
Өңшең қызыл дүлейлер мұздай қару-жарақты – 


119
Қырқып жатты қияздап балауса жас қанатты,
Ұлды жығып сойылға, қызды итке талатты,
Ат шаптырып Алаңда қызыл шылбыр қан ақты
[9, 
122], – деген сурет сол бір оқиғаның ешбір боямасыз шы
-
найы да жанды картинасы. Бейбіт шерудің аяқ астынан 
осындай үлкен қырғынға ұшырауын күтпегендердің сол 
кездегі күйін сөзбен жеткізу де оңай емес. Жас шыбықтай 
жаңа өсіп келе жатқан жастардың қыршынынан қиылып 
жатқанын көрген табиғат ананың өзі сол бір сәтте көз жа
-
сына ерік бергенін ақын былай суреттейді: 
Қалжыраған қанталап тау артына өшті күн – 
Қызыл өртке оранды қызыл іңір кешқұрым.
Қызыл өрттің ішінен шырқыраған торғайдай
Қарындасым Ләззаттың жан дауысын естідім
[9, 122], 
Ақын Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағұл Әбдіқұлов, Ербол 
Сыпатаев, Ләззат Асановаларды Исатайдың Жақиясына 
баласа, қазіргінің Махамбеті ретінде Жұбан Молдағалиев 
пен Сафуан Шаймерденовті көрсетеді. «Миын шашып 
«мейманның» оярлықтай төбесін – Салалы он саусағы 
жұдырық боп түйілді» деген жолдар Сафуан Шаймер
-
деновтің нар тұлғасын танытса, «...Бабаларым баласын 
қызыл итке талатпай, Балапандай мәпелеп, емін-еркін 
ұшырды. Жолың болсын, жортақшы айдалада адасқан, 
Тізгініңе таласпан. Сіз кетіп, біз қалғанда, төбемізге құ
-
ламас Тіреуі жоқ шар аспан» деген сөздері «Хан емессің 
қасқырсың» дейтін Махамбеттің бүгінгі ұрпағы арамызда 
жүргендігін байқатар эпизод.
Ж.Молдағалиевке сөз кезегі келгенде, оның С.Шаймер
-
деновтен де асып түскені бүгінгі таңда аңызға айналып 
кетті. Тәуелсіздік тұсында өмірге келген қазіргі ұрпақ 
біле бермейтін сол бір тарихи оқиғаны ақын былайша жан 
бітірді: 
.
..Гүлдерімнің желегін «Желтоқсанның» желі үзді.
Шыққыр көзім, не көрдің адыра қалғыр алаңнан:
Көк ала боп сабалған, көгенделген ұл көрдім,
Бұрымынан сүйрелген бүлдіршіндей қыз көрдім.


120
Бұл қорлыққа шыдамай, сызат алды жүрегім,
Мұндай қорлық көрмеген, айырылғанда анамнан.
Айтып-айтпай не керек, қатты батты жаныма,
Қылышымды жаныдым арғымағым жалына.
Махамбеттің рухы маған ырза болар ма,
Қаламымды малмасам, жауым, сенің қаныңа
[9, 124].
Майдангер ақынның жүрегінен шыққан жан айқайы – 
Махамбеттің «Хан емессі, қасқырсың, Қара албасты бас
-
қырсы» деген кекті сөзінің ХХ ғасырдағы жалғасы еді. Ең 
жақын адамы анасынан айрылғанда мұндай қорланбаған 
жүрегінің отаршыл империяның жойқын қырғынын көр
-
генде дамыл таппай шарқ ұрғанын ақын нанымды бей
-
неледі. «Киіп келген өзінің кебініне оранып, Жазушылар 
үйінен Колбин шықты өліктей» деген жолдар «бас кеспек 
болса да тіл кеспек жоқ» дейтін қазақ ақындарының қа
-
шан да ханға қасқайып қарсы тұрып, бұқара халықтың 
мұңы мен зарын жеткізе білетіндігіне назар аудартады. 
Махамбеттің Жәңгір ханға, Бұхардың Абылай ханға, Са
-
фуан мен Жұбанның Г.В.Колбинге айтқан сөздері қазақ 
ақындарының қай кезеңде де сөз бостандығын ұстанған
-
дығының белгілі. Осылайша тыныштық, тәуелсіздік, де
-
мократия, молшылықты арман ете отырып, ендігі кезекте 
қазақ халқын террорист деген қызыл көзден қорғайтын 
Жаркен Бөдешұлы – қазіргі қазақ поэзиясында өзінің ұлт
-
шылдығымен, ұлтжандылығымен танылып жүрген ақын. 
Осы қатарды толықтыратын шығарманың бірі – Н.Айтұ
-
лының «Мұқағали-Желтоқсан» атты лирикалық поэмасы. 
Үш поэмаға да бір оқиға негіз болғанмен ақындар оны әр
-
түрлі тәсілмен жырлауға ден қойған. Мәселен, Н.Айтұлы 
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына билікте отырған қазақ
-
тардың қолынан ештеңе келмейтінін білгендіктен, қанды 
қырғынды тоқтатуға батырлар мен ақындардың рухын 
шақырады. Бұл қазақ әдебиетіндегі Қасым Аманжолов
-
тың «Жамбыл тойында» поэмасындағы дүние жүзі ақын
-
дарын қиялмен жинайтын көркемдік әдістің тәуелсіздік 
тұсындағы жалғасы. Бір Алладан медет сұраған ақынға 


121
бірінші болып, кеңестік дәуірдің ақиық ақыны Мұқағали
-
дың рухы жетеді. Сол кездегі Алматының бейнесін ол: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет