Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет44/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Туған ел!
Өзіңе арнап өлең жазам,
Көз емес,
Жүрегімнің жасыменен! 

дейді. 
Туған жерге, қазақ топырағына деген сағыныш 
сезімінің қандай болатындығын сыртта жүрген бауырлас
-
тар жақсы біледі. Өз елінде жүрген жандардың өзі туған 
жерден ұзаған сайын оған деген сағынышы аса түсетін 
болса, сыртта жүргендердің жайы мүлде бөлек. Екі елдің 
арасында жүргендіктен де Ақұштаптың «Келеді шекара
-
дан ұшып кеткім, даланың секілденіп көбелегі» деуі заң
-
ды. Шекарадан бері өтсе ар жақты, ары өтсе бер жақты 
сағынатын лирикалық кейіпкерде сағыныш сезім басым. 
Оны ақын «Сарғаю жақсы – Ағашқа, Сағыну жақсы – 
Адамға» деп суреттейді. Сондықтан да туған жердің бір 
уыс топырағына оның бар құдіретін сыйғызады: 
Қаншама артық болса да басқа қала,
Жетер ме өз туған жер, тас қораңа..
Бір уыс топырағы үшін туған жердің,
Жатады қантөгіс қып қанша халық.
Туған жермен бірге ақын шығармаларынан үлкен 
орын алатын – махаббат лирикасы. Сүйген жарға деген 
сағыныш пен ынтық сезімді нәзік жүректі ақын өте сы
-
пайы жеткізеді. «Аққуым менің» деген өлеңінде: 


266
Жүгіре шықтым қыр үстіне, соқты самал желпініп,
Жатыр екен табанымда толықсыған көл тұнып.
Жатыр екен бұратылып сан құбылып ойнақшып,
Сәуле құшқан толқын ерні дір-дір етіп
Қаймақшып.
Көрдім-дағы сол бір қалпын жүрек кетті толқындап,
Жағалауда нәзік қайың ырғалады солқылдақ.
Жағалауда нәзік құрақ сусылдайды бұрымдай,
Самал тынбай тербетеді бірін қатты, бірін жай.
 Сыбырлайды, сыбдырлайды,
Сыңғырлайды бар маңым,
Төксін дей ме жүрек толы сағынышын, арманын.
Жұлқылайды, шымшылайды, қытықтайды бал
Сезім,
Мейлі-мейлі бар еркімді балқытып бір алшы өзің,
– 
дейді. 
Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарап, табиғаттың 
әрбір деталына жете үңілген ақын сүйген жүректің сы
-
ңарын іздеп сағыныш күйін осылайша жанды бейнеле
-
ген. «Келдің бе, жаным, көктеммен, Жанымды өртеп от 
деммен. Қаңтардың қатқыл қысындай – Күндерім сенсіз 
өткерген, Келдің бе, жаным, көктеммен!..» деген жолдар
-
дың контарсты сезімге құрылуының өзі ақын шеберлігін 
танытады. Ақын жүрек махаббаттың тылсым күшіне 
жан бітіріп, оны оқушы қауымға бар шынайы қалпымен 
жеткізуге тырысқан.
Сапарда туған жырлардан Қазақстанның төрт бұры
-
шымен бірге алыс-жақын шетелдерді де кездестіруге 
болады. Қазақ зиялылары білім нәрімен сусындаған 
Омбыны көріп марқайған ақын Ертіске қарап тұрып 
«Тіздірген ойдан талай бойға маржан» Мағжан ақынын 
іздейді. «Қапсырмада» жеңешесінің сырғасын туған 
айға балаған ол қапсырмасына қарап отырып, қазақтың 
атадан-балаға мирас болған қолөнерінің ХХІ ғасырда, 
яғни жарылыс заманында жоғалып кетуінен қауіптенеді: 
Үдеген сайын Семей жарқылдары,
Таулар да шөгіп жатыр нар тұлғалы.


267
Халқымның бар өнерін жояр ма екен,
Аралдың сияқтанып тартылғаны. 
Амангелді, Естай, Майра, Жамбыл тағы басқалардың 
туған ауылын жырға қосқан ақын сұлу Көкшеге де жыр 
арнады. «Жасыбай! Жарқыраған лағыл жүзік!» десе Баян 
тауын Жасыбайдың күзетшісі етіп көрсетеді: «Жасыбай
-
дың күзетіп тыныштығын, Кірпік ілмей қарап тұр Баян 
батыр». Осындай арнау өлеңдердің қатарын «Ертіс әуен
-
дері», «Ақ Еділ – арман», «Пермь дәптерінен», «Балтық 
жырлары», «Кавказ әсерлері», «Болгария әуендері» сын
-
ды топтамалары толықтырады. Жол сапарлардан туған 
бұл жырларында ақынның табиғаттың сұлулығын ғана 
емес, сол елді мекен еткен халықтарды да қызықтыра
-
тындығын байқауға болады. Оның өзгенің қуанышын 
бөлісіп, қайғысына ортақ бола алатын нәзік жүректі ақын 
екендігіне осы топтамалары мысал бола алады.
Өз заманының жырын жырлаған ол бірде бүгінгі 
күннің жетістігіне масаттанып марқайса, енді бірде қи
-
сыны кеткен тірлік пен кері кеткен әдет-ғұрыпты көрген
-
де жаны күйзеледі. «Қара бұрым толқындап тілерсекте» 
атты өлеңінде ардан безген қазақ қыздарының некесіз 
туған тастанды балаларды көбейтіп жатқанына егіліп, ке
-
шегі атам қазақтың «Оң жақтағы» қыз жүкті болды десе, 
бар ауылға таңба болып басылатын» заманының өткені
-
не күйзеледі. Мұның өзі ХХІ ғасырдың дертіне айналып 
бара жатқан өзекті мәселелердің бірі екені жасырын емес. 
«Тобық», «Қыр қызғалдағы», «Киіккескен», «Бас 
киім», «От ішіндегі гүл», «Қарағым-ай» балладалары 
халқымыз бастан кешкен өмір белестерін хабар береді. 
ХХ ғасырдағы қан құйлы соғыстың ақын шығармалары
-
нан мол орын алуы заңды. «Тобықта» сүйгеніне тобық 
қалдырған жауынгердің майданнан аман-есен оралға
-
нына кезіксек, «Бас киімде» бес баласын бірдей майдан
-
ға берген қарт пен кейуананың олардан қалған бес бас 
киімді медет тұтқан шерлі күйіне жолығамыз. Ұлы Отан 
соғысы жылдарындағы тыл өмірі кейіпкер сөзімен шы
-
найы берілген:


268


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет