Гулжахан Орда indd



Pdf көрінісі
бет42/55
Дата25.09.2023
өлшемі1,68 Mb.
#110204
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
249
ӘКІМ ТАРАЗИ
(1933 жылы туған)
Әкім Тарази 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қала
-
сында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогика
-
лық институтының филология факультетін (1955), Мәс
-
кеудегі сценаристердің жоғары курсын бітірген. 
«Құйрықты жұлдыз» атты алғашқы повесі 1966 жылы 
жарық көрді. Ол қазақ әдебиетін «Үлкен ауыл» (1968), 
«Асу-асу» (1970), «Қиян-соқпақ» (1976), «Бұлтқа сал
-
ған ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Басынан Қа
-
ратаудың...» (1985), «Кен» (1986), 3 томдық таңдамалы 
шығармалар (2006), «Мұстафа Шоқай» (2008) сынды 
үкенді-кішілі прозалық туындылармен бірге «Күлмейтін 
комедия» (1966), Жақсы кісі» (1968), «Жолы болғыш 
жігіт» (1972), «Қос боздақ» (1985) т.б. пьесалармен 
байытты. Сонымен бірге «Тұлпардың ізі» (1984, реж. 
М.Бегалин), «Арман атаман» (1965, реж. Ш.Бейсен
-
баев), «Қараш-қараш оқиғасы» (1972, реж. Б.Шәмшиев), 
«Мұстафа Шоқай», т.б. кинофильм сценарийлерінің ав
-
торы. Осы туындылары үшін Қазақстанның еңбек сіңір
-
ген қайраткері (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлығының, 
Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы 
сыйлықтың лауреаты атанды. 
Ол «Әнім сен едің» атты алқашқы әңгімесінен бастап, 
оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп, өзіндік 
қолтаңбасын танытқан қаламгер тәуелсіздік жылдарын
-
да қазақ әдебиетін ірілі-ұсақты жанрлармен байытты. 
«Сол жылы көктем ерте шықты; сол жылы көктемде 
ауылдағы бозбала бірі қалмай бәрі ғашық болды; сол 
жылы көктемде ауылдағы бозбала бірі қалмай бәрі бір 
қызға ғашық болды» [ 5-б.], – деп басталатын әңгіме
-
дегі бір ауылдың бозбалаларына хор қызындай көрінген 


250
Ләйліге деген бала махаббатты шынайылығымен бей
-
нелеген жазушы адам бойындағы психологиялық иірім
-
дерді терең меңгергендігін байқатып еді. Ләйліге деген 
таңданысын жасыра алмай әлек болған Әтімжанның: 
«– Бестібайдың жирен қасқа дөненін айтам да, ұшқан 
құсқа жеткізбейді-ау, жеткізбейді!» деген сөзі еріксіз 
күлкі үйіреді. Осылайша ә, дегеннен өзіне баурап ала
-
тын әңгіменің негізгі өзегі – диірменші Ақмырзаның 
немересі Мирас пен Ләйлі арасындағы алғашқы махаб
-
бат. Ауыл балаларының Ләйліні сырттай иемденіп, оған 
кезек-кезек хат жазып, қызғаныштың қызыл отына ма
-
лынып өзара төбелесіп мұрын қанатып жүргенінің бәрі 
бос әурешілік екендігі Ләйлі ісімен нанымды суреттел
-
ген. Бозбала біткеннің бәрінен хат алған Ләйлінің оларға 
бір-ақ жауап беріп, хат жазбаса да Мирасқа іштартуы
-
мен махаббаттың «көзбен көріп, іштей сезетін» тылсым 
күшін ашуға тырысқан. Осындай әдемі лиризмге құрыл
-
ған әңгіменің кейбір эпизодтарынан астарлап айту ма
-
шығы да байқалады. Ауылдағы кітап біткенді тауысып 
оқып, өзі де қолына қалам алып роман жаза бастаған 
Мирастың сол қолжазбасы кеңестік дәуір тұсында жа
-
зушылардың ашық айта алмаған жайттарынан хабар бе
-
рер эпизод. Бір қарағанда бала махаббатын арқау еткен 
әңгіменің астарында үлкен ойлар тұмшаланып жатқаны 
жасырын емес. Соғыстан мүгедек болып келген Талғат 
ағайдың Мирастың романының қолжазбасындағы Көке
-
маранға ханның бірінші болып түскенін естіген сәттегі 
көңіл күйінен көп сыр аңғарылады. Ол – бай мен пат
-
шаны, хан мен сұлтанды бұқара халыққа қарсы қойып, 
оларды тек қана жауыз, қанышер етіп көрсетуге тырыс
-
қан таптық идеология. Осы эпизодтың өзі әңгіме авто
-
рының ашық айта алмаған жайттарды тұспалмен, иша
-
рамен беруге ден қойғандығының нышаны. Осындай 
әңгіменің бірі «2999999+1». Бұл әңгімеде отызыншы 
жылдардағы жаппай қудалаудың салдарынан ОГПУ қыз
-
меткерлерінің қазақ даласына жасаған қуғын-сүргінінің 
бір көрінісі елес береді. «Абыз аға ұзақ сөйледі. Асық
-


251
пай сөйледі. Тіпті, баппен, мәнерлеп сөйледі. Айтқаны 
– өз тарихы. Өз тарихы дегені ел тарихы. Ел тарихы де
-
гені тағы да өз тарихы» деген үзіндіден қазақ халқының 
басынан өткен тарихты Абыздың өмір белестерімен бей
-
нелеу көзделгені байқалады. Осыдан елу бес жыл бұрын 
өткен оқиғаға лирикалық шегініс жасаған жазушы бір 
кездегі ОГПУ қызметкері Абыздың өмір жолына үңі
-
леді. Сексен беске келген Абыз қарттың ХХ ғасырдың 
басындағы тап жауларымен күресуінен бастап, 20-30 
жылдардағы «халық жауларымен күресу науқанына бел
-
сене араласқан большевик басынан өткен тарих, әрине 
қазақ халқының тарихы. Абыздың «Үш миллион сүйек 
жиналмай қалғанда, үш қарғаның құны қанша? Қа-ан
-
ша-а?» деген сөзі отызыншы жылдардағы қазақ даласын 
кезген ашкөз ашаршылықтан қырылып қан сасығанын 
көз алдымызға елестетсе, темір жолды жағалай сұлап 
жатқан мүрделер соның нақты мысалы. Осы әңгімедегі 
2999999-шы адамға қосылған Омар өлімі іздеусіз қалған 
3000000-шы адам еді. Жүк поездың бір вагонын елден 
тартып алған дүние-мүлік пен кептірілген етке толтыр
-
ған ОГПУ қызметкерлері жол жағалай аштан қырылып 
жатқандармен ісі де жоқ. Бірақ осының бәрі Абыз сынды 
жас большевикке оңай тимегені анық. Әсіресе, жас боль
-
шевик «Қосан мен Гүлғайша» атты поэманың кейіпкері 
Гүлғайшаның қос анарын кесіп алып, ақ жібек орамал
-
ға орап алған ОГПУ қызметкерлеріне не жасасын. Бұл 
бір Абыз көрген оқиға ғана еді. Ал, қазақтың кең сахара 
даласында мұндай қанқұйлы әрекеттердің қаншасының 
беті ашылмай жасырын қалды. Осылайша жазушы Абыз 
өміріне шегініс жасау арқылы қазақтың кешегі қайғылы 
тарихына жан бітірді.
«Қыз Жібек» әңгімесіндегі Қыз Жібек, Төлеген, Бе
-
кежан болып рөлде ойнап жүрген Сауран, Ләйлі, Мирас 
арасындағы ыстық сезімді өшіре алмаған жазушы оны 
Ләйлінің себепсізден себепсіз ағыл-тегіл жылаған көз 
жасымен бейнелеген. Әңгімелерінің біразы бозбалалар, 
жастар мен үйлі-баранды жасамыстар арасындағы бір 


252
сәттік өткінші сезім мен махаббат атты үлкен сезімді 
арқау етсе, «Қарабай» әңгімесіне қазіргі арамызда жүр
-
ген замандастарымыздың бақталастығы мен бақастығы 
негіз болған. Қарабай сынды тоғышарлардың арамызда 
жүргенін автор профессор Ардабай Жакенов бейнесімен 
суреттеген. Диссертациялық кеңесте диссертациясын 
қорғап тұрған жап-жас жігітке көрер көзге қиянат жаса
-
ған «Қарабайдың» іс-әрекеті өзінен басқаның жұлдызы 
оңынан туғанын көре алмайтын қызғаншақтық, көреал
-
маушылық, іштарлық сынды кері мінездерді бойына 
жинақтағандығынан байқалады. Әбділхамит Әбділма
-
хаметовичті бір сүріндірмек болған ниетпен жасалған 
қысастықтың артында бір адамның тағдыры жатқанын 
сезінбеген ол өз қызы Баянның да сүйген жігітіне кү
-
йеуге шығуға қасастық жасайды. Баян әкесінің қойған 
спектаклін кездейсоқ оқиғаға балайды. Осындай екі оқи
-
ға үстінде бар болмысымен танылған профессор жалғыз 
қызын бақытты ете алмаған Қарабайлардың бүгінгі жал
-
ғасы екендігі рас. 
«Келін» әңгімесіндегі бір ауылды серілігімен 
дүрліктірген Танабай, бір сәттік сезімнің құрбаны бол
-
ған Жауһаз, «Өлім» әңгімесіндегі Кірпішбайдың айран
-
дай ұйыған отбасына іріткі түсірген досы Еркебұлан, 
оның серілігіне ерген Бәтиха сынды кейіпкерлердің ара
-
мызда жүргені де жасырын емес. Осылайша жазушы та
-
ныс және бейтаныс кейіпкерлерін күнделікті өзімізбен 
араласып жүрген жандардың арасынан іздейді. Ол үшін 
тосын оқиға мен тосын жағдай да керек емес, күнделікті 
өмірдің күйбің тіршілігімен бірге өтіп жататын бұл оқи
-
ғалар оқырманға ой салары белгілі. Олар әр кейіпкердің 
бойынан қажетін алып, қажет емесіне сын көзбен қара
-
ры даусыз. Мұның өзі жақсыдан үйреніп, жаманнан жи
-
ренуге баулиды. 
Ешкімге ұқсамайтын Сұлтанмен оқырман бірнеше 
әңгімеде кездеседі. «Ауыл шетіндегі үйдегі» қарында
-
сын құсқа сататын, «Жабы сәйгүліктегі» Көкала атты ай
-
ғырларға талатып өлтіретін, «Сауал» әңгімесіндегі арақ
-


253
қа тойып елге масқара болатын ол әпенділігімен оқыман 
есінде ұзақ сақталатын кейіпкер. 
Тәуелсіздік жылдары қазақ романы жаңа мазмұнмен 
толыға түсті. Олардың қатарынан кешегі ауған соғысы 
да орын алды. Ә.Таразидің «Жаза» романы (1998) ауған 
соғысы туралы жаңаша ой қозғайтын туынды. КСРО құ
-
рамындағы барлық республика өкілдерінің ауған соғы
-
сына бір кісінің баласындай үлес қосқанын білеміз. Ал, 
соғыстан қайтпаған талай боздақтардың қаны не үшін, 
кім үшін төгілгеніне бүгінде жауап беру қиын. Біз әдетте 
Ұлы Отан соғысы туралы шығармалардың басты кейіп
-
керлерімен мақтанып, олардың Отан қорғау жолындағы 
жанкешті ерлігін үлгі етіп, өскелең ұрпаққа насихаттап 
жатамыз. Ал, «Жаза» романындағы соғыс өрті тіптен 
бөлек. Жазушы мақсатсыз соғыстың жеңісі де, жеңілісі 
де мақсатсыз болатындығын түсіндіруге тырысқан. 
Сондықтан да оның бүкіл әлемге танымал кейіпкерімен 
біз мақтана алмаймыз. Қазақтан шыққан «Қара майор
-
ды» неге Б.Момышұлы сынды батырлардың қатарында 
атай алмаймыз. Себебі не? Жазушы оның себебін соғыс 
салған қасіретпен аша білген. Бұл романнан ұғарымыз 
соғыстың да екі түрлі болатыны, бірі – әділетті соғыс, 
екіншісі – әділетсіз соғыс. Романдағы негізгі оқиға 
осының екіншісіне жатады. Әділетсіз соғыстың адам 
өмірінде ешқандай мәні жоқ екендігі анық. Сондықтан 
да өмір мен өлім туралы үлкен философиялық ой қозға
-
ған жазушының аталған романы Мемлекеттік сыйлыққа 
ие болды. Осылайша ол қазақ прозасын жаңа тақырып
-
пен толықтырды. 
2007 жылы Алашорда үкіметінің дүниеге келгеніне 
тоқсан жыл толды. Осы тұста алаш азаматтарының ХХ 
ғасырдың басындағы ерен ерлігі туралы бірсыпыра көр
-
кем шығармалар дүниеге келді. Осылардың қатарында 
Ә.Таразидың «Мұстафа Шоқай» атты романын атауға 
болады. Мұстафа Шоқай да басқа алашшылдар тәрізді 
қазақ халқын отаршыл патша империясының бодандық 
бұғауынан босатып, түркі халықтарының дербестігі 


254
үшін күресте танылған қайраткер. Алғашында патша 
империясының, кейін большевик партиясының өз ұлты
-
на жасаған отаршылдығын түсінген ол – Парижде эмиг
-
рацияда жүріп те өктем зорлыққа қарсы күресін тоқтат
-
паған күрескер. 
Ә.Таразидың «Мұстафа Шоқай» романы түркі әлемін 
тұтастандыру жолында орыс отаршылдарымен күресіп 
өткен Мұстафа Шоқайға арналған. Қазақ әдебиетіндегі 
тарихи тұлғаларға арналған шығармалар қатарын толық
-
тыратын романның бірінші кітабы Мұстафаның азамат 
болып қалыптасу жолдарын баян етеді. Ш.Мұртазаның 
«Қызыл Жебе» романындағы бала Тұрардың әкесімен 
бірге Верный түрмесінде отырып, қоғам, өмір туралы 
ой түйетіні секілді бұл кітапта да бала Мұстафаның өзін 
қоршаған ортадағы әр алуан оқиғаларға араласа жүріп, 
азамат ретінде қалыптаса бастағанына куә боламыз. 
Жазушы Мұстафа Шоқайдың күрескер ретінде қа
-
лыптасуының бірінші себебін оның отбасынан іздейді. 
Сондықтан да Шоқай әулеті туралы бірсыпыра мәлі
-
мет береді. Арғы атасы Сыр бойы қазақтарын билеген 
Хиуа ханының датқасы. Ханның ең сүйікті атын мініп 
кете бергендігі туралы аңыз оның ханнан да именбегенін 
танытады. Мұстафа мен Вадим елге келген кездегі Шо
-
қай бидің үйіне түсетін Сафиннің отбасына көрсетілген 
үлкен қошамет арқылы би әулетінің тектілігін жазушы 
назарда ұстап отырған. Бұл қатарды Мұстафаның Оспан 
ағасы кездесетін эпизодтар толықтырды. Біз Оспанмен 
алғашында базарда ат үстінде, екінші рет Мұстафа мен 
Вадимнің елге келген сәтінде, үшінші рет оларды Пе
-
терборға оқуға алып бара жатқан кезде кездесеміз. Осы
-
лардың бәрінде сән-салтанатқа аса мәне беретін Оспан 
өзінің тектілігімен ерекшеленеді. Қашқар мен Қорасанға 
мал жіберіп тұратын Оспанның халық арасында сыйлы, 
құрметті жан екендігі оның іскерлігі мен көпшілдігінің, 
ақ пейілдігінің нышаны еді. Жүрген жерін той думан
-
ға бөлеп, қонағын құдайындай күтетін Оспанның сырт 


255
көзге салтанатты көріну үшін інісін екі күймемен оқуға 
әкетіп бара жатқаны да содан.
Мұстафаның күрескер ретінде қалыптасуының тағы 
бір қыры – оның білім алған ортасы. ХХ ғасырдың ба
-
сындағы Ташкенттегі патша империясының жандай
-
шаптары жүргізген әміршіл-әкімшіл саясаттың куәгері 
бола жүріп, қоғам жөнінде ой түюіне ЭСЕР партиясы
-
ның мүшесі, ең жақын досы Вадим Чайкиннің де тікелей 
ықпалы болды. Ұлты басқа болса да Вадим ұлтаралық 
қақтығысты тудыратын жайттарға өте сақ. Мерзімді ба
-
сылым беттеріндегі әрбір мақалаға мұқият зер салып 
жүретін оның «Түркістан патша ағзамның шын берілген 
азаматтары, орыстардың ғана жері болуы керек» деген 
газет бетіндегі ұран мен қалалық бақтағы азиялықтар 
мен еуропалықтар арасындағы төбелестен кейін жатақ
-
ханаға келіп қол жия бастауы, шіркеу қызметкерін атып 
кеткен кезде «Иттер ел ішін бүлдіру үшін әдейі жасап 
жатыр бұл, иттер, сүмелектер! Патшаның иісшіл иттері, 
әдейі жасап жатыр. Орталыққа жағыну үшін» деп, елде 
ұзақ жата алмай қалаға тез қайтуы, саяси қауіпті адам 
ретінде Кобриннің бақылауына алынып, екі күн түрмеге 
жатып шығуы оның Мұстафаға қарағанда саясатқа ерте
-
рек араласқанын байқатады.
Романда негізгі оқиға бірнеше кейіпкердің төңірегінде 
жүріп жатады. Негізгі орталық кейіпкердің бірі – ұстаз 
Дорре. Өтірік айта алмайтын, тек ақиқатты, әділдікті 
жақтайтын ұстаз Мұстафаны шынайы сүйеді. Себебі, 
ол көп шәкірттің ішінен оқ бойы озық шыққан талапты 
да талантты шәкірт. Жарты Құдай, Түркістан өлкесінің 
генерал-губернаторы Самосов алтын медаль мен күміс 
медаль иегерлерін жариялаған кезде Вадим Чайкин бас
-
таған гимназия шәкірттері түгелдей қарсылық білдіреді. 
Осылайша жиналған жұрт алдында генерал-губерна
-
тор Сомосовтың алтын медальды тек ұлы халық өкіліне 
беру керек, өзге ұлтқа алтын медаль беруге болмайды 
деген идеясы аяқ астынан күл талқан болады. Ол кейін 
бәрібір халықты наразы етпеу үшін Дорренің шешімі
-


256
не келісіп, Мұстафа Шоқайға өзі апарып тапсыруын 
сұрайды. Көптің талап етуі бойынша Санкт-Петер
-
бург университетінің заң факультетіне сынақсыз түсу 
үшін алтын медаль Мұстафа Шоқаевқа, күміс медаль 
Беляев Алексейге берілді. Айтқанынан, өз шешімінен 
қайтпайтын бірбеткей Мұстафа медальды қолына ұс
-
тамауға өзіне серт бергендіктен, медальды ұстазынан 
досы Вадимнің қабылдап алуын өтінеді. Өзімен бірге 
Сантк-Петербургке бірге баратын досының сонда алып 
барып тапсыратынын айтып, ұстаздың көңілін жықпас
-
тық танытады. Осылайша Мұстафа мен Вадим алғашқы 
эпизодтан бастан өз тұлғаларын қалыптастыра бастай
-
ды. Гимназияны бітірер-бітірмес бала шәкірттер өмір 
атты мұхиттың әр түрлі дауылы болатындығын сезіне 
бастайды. Екеуі де өмірде кездесетін дауылдарға қарсы 
жүзіп, тек әділдік жолында күресуге ден қояды. Ташкент 
қаласында өткен әртүрлі оқиғаларға тікелей куә болып, 
басы-қасында жүрген Мұстафа қазақтың бүгіні мен бо
-
лашағы туралы өзіндік ой-пікірін қалыптастыра бастай
-
ды. Бірінші кітаптың төртінші тарауында «Масқара емес 
пе. Бір бөлегін Омбыға бағындырып қойды, бір бөлегін 
Барнауылға бағындырып қойды, бір бөлегін Орынборға 
бағындырып қойды, бір бөлегін Астраханға бағынды
-
рып қойды, бір бөлегін мына Ташкентке бағындырып 
қойды. Қазақ соны түсініп те отырған жоқ. Әйтеуір өзім 
аман болсам деп, бас-басына би болып жүрген ылғи қи
-
қымдар. Данышпан Абай зарлай, жылай ішқұста болып 
өтті дүниеден. Ел болудан қалдық. 
Әбдіраман аканың отбасы қандай еді? Енді не бол
-
ды?» [295-б.] - деген Мұстафа сөзі оның саяси жағынан 
өсіп, қайраткер ретінде қалыптаса бастауының белгісі.
Дорреге қарама-қарсы кейіпкер – Зеленский. Гимназия 
директорының орынбасары өзінің жағымпаздығымен, 
иненің көзінен өтетін жылмақайлығымен Самосовтың 
сеніміне кіріп үлгереді. Бүгіннен бастап гимназия ди
-
ректоры өзіңсің деген ашу үстінде айтқан Самосовтың 
сөзін арқаланған ол билік қолына тисе түркі халықтары
-


257
на отаршылдықтың неше атасын жасамақ ойда. Бірақ, 
Доррені себепсізден себепсіз орнына босата алмайты
-
нын сезген Самосов өз шешімінен тез қайтып үлгереді. 
Тіпті ол Кобриннің тапсырмасы бойынша Доррені оққа 
байлап, шіркеуге ертіп те барады. 
Отаршыл патша империясының жандайшаптары
-
ның бірі – құпия полиция бастығы полковник Кобрин. 
Азиялықтар мен еуропалықтар арасына іріткі салумен, 
жергілікті халықтың наразылығын тудырумен, ұлттар 
арасындағы қақтығыстармен генерал шенін алу жолында 
неге де даяр. Оның түпкі мақсаты – түркі халықтарының 
бірігіп одақ құрып кетуіне кедергі жасау, оларды ақ пат
-
шаның отары ретінде бодандықта ұстау. Жергілікті ха
-
лықтың наразылығын тудыру мақсатында халыққа сый
-
лы, ел құрметіне бөленген Доррені құрбандыққа шалмақ 
болғандағы ниеті де ұлттар арасындағы қақтығысты 
ушықтыру. Бірақ, атылған оқтың Дорреге емес, шіркеу 
қызметкеріне тигені олардың ойлағанынан да артық олжа 
еді. Олар адам өлімін өз пайдаларына шешіп, ұлттар ара
-
сындағы қақтығысты күшейтуге әлек. Тіпті Кобриннің 
қолымен қалалық бақтағы жастар арасындағы төбе
-
лестің болуы, оның негізгі кейіпкері Балтун мен Шүкірді 
іздеушілері жоқ болғандықтан құрбандыққа шалу – бәрі 
де қолдан жасалған қиянаттың кең өріс алуы. 
Жазушы сол тұстағы ел өмірінен хабар беру мақса
-
тында Мұстафа араласып тұратын өзбек Әбдіраман от
-
басындағы оқиғалар легін де келтіріп отырады. Молда 
Әбдіраманның аяқ астынан шайтанның азғыруына еріп 
Зуһрамен көңіл қосуы шариғатқа қайшы болса, ол сол от
-
басындағы жағдаймен бейнеленген. Әкесінің шешесінің 
көзіне шөп салғанын кешіре алмай психологиялық ты
-
ғырыққа тірелген Шүкірді жергілікті басқарушылардың 
өз мүддесіне пайдалануы – әрине саясат. Полиция бас
-
тығы қашан да өмірден күйзелген, тығырыққа тірелген 
жандарды өз мүддесіне пайдаланып отырғандығын жал
-
дамалы Балтун мен Шүкірге қатысты оқиғалар растай
-
ды. Әйелінің жеңіл жүрісіне шыдай алмай, оны өлтіріп, 


258
өзі кезбе болып жүрген Балтун мен әкесінің шешесіне 
жасаған қиянатын кешіре алмай дал болған Шүкірдің өз 
еріктерінен тыс, Кобриннің мүддесіне қызмет етуі отар
-
шылдардың негізгі көздеген мақсатына бағындырылған. 
Көркем шығармадағы көркем тәсілдің бірі кейіпкер
-
лердің психологиялық тығырыққа тіреліп, екіге жары
-
луы. Бұл шығармада тығырыққа тірелген кейіпкерлер 
бойындағы екіге жарылу Әбдіраман бойынан анық бай
-
қалады. «Кешіре гөр, Алла, кешіре гөр, Алла! Өзіне-өзі 
қол жұмсау мұсылман баласына жат, мұсылман баласы
-
на жат, күнә. Екінші дауыс: – Күнәһар, күнәһар! Босқа 
тепсініп тұрсың, қолыңнан келсе, кеңірдектен тарт та 
жібер. Бүкіл ұятыңды, бүкіл күнәңді өзің ғана арқалап 
кет! Кет, енді. Жоқ! Болмайды мен мұсылманмын...» 
[123-б.], - деген үзіндіден адам бойындағы бір-біріне қа
-
рама-қарсы екіге жарылуды байқаймыз. 
Жазушы авторлық ұстанымды кейіпкер сөзімен жеткі
-
зуді басшылыққа алып отырады. Оған Мұстафаның қа
-
зақ елін патшалық империяның басқару жүйесі тура
-
лы, Кобриннің қазақ халқы туралы Мұстафаға айтқан 
сөздері мысал бола алады. Кобриннің: «Сіздің халықта 
оқыған азаматтар баршылық. Бірақ жетіспейді. Мынау 
өздеріңіздің бауырлас көршілеріңізде сіздердей өр
-
кендеп өскен зиялы қауым жоқ деуге болады. Бұлар
-
дың тәрбиесі де басқа, айырмашылығы көп. Мен оны 
білемін. Еңкейіп жүріп еңбек ететін халық, кеудесін кең 
кере алмайды. Кеудесін керіп кең далада жүрген сіздің 
халық, еңкейіп жүріп еңбек ете алмайды. Оны да бі
-
лемін. Сіздің халықтың ең үлкен қасиеті кең далада кеу
-
десін керіп еркін жүретін болса, сіздің халықтың осал 
жері де сол деп ойлаймын», - деген сөзі қазақ халқына 
берілген баға. Отаршылдар осындай еркін өскен халық
-
тың мойнына бұғау салып, басына бодандық ноқтасын 
кигізіп бақты. Осы бұғаудан құтылуды көздеген алаш 
азаматтары Түркілік одақ құруға бет бұрды. Алайда оны 
ХХ ғасыр басында жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сон
-


259
дықтан мыңдаған қайраткерлер «ұлтшыл» атанып, қо
-
ғам өмірінен және тарихтан біржолата аластатылды.
Бірінші кітап, Мұстафаның саяси қауіпті адам ретінде 
екі күн түрмеге жабылуымен аяқталған. Құпия полиция
-
сының бастығы полковник Кобриннің екі сөтке Мұста
-
фаны түрмеде ұстап, оны Гүржигеннің ақымақтығынан 
көріп, жылы жауып ақталуы әрине ақылға сыйымсыз. 
Бастығының тапсырмасынсыз Гүржигеннің өз бетінше 
оны түрмеге жабуға құқы жоқ екені белгілі. Олай болса, 
Мұстафаның ағасы Оспанның қалаға келуі полиция бас
-
тығын өтірік айтуға мәжбүр етіп отыр. Мұның өз Коб
-
риннің жергіліктілер арасында халық алдында беделді 
жандармен ауызбірлікте болуды қалайтынын байқатады. 
Мұстафаның қоғам, өмір туралы сан-сауалға жауап таба 
алмай, отаршыл империяның боданы болуға болмайтын
-
дығы туралы ойының қалыптасуының ең басты себебі 
қазақтар мен кірме казактар арасындағы шұрайлы жерге 
деген таластың адам өлімімен аяқталуы. Казактардың 
төрт ұл, екі қызы мен әке-шешесін, яғни бір отбасын тү
-
гел атып кетуі – бір отбасына емес, күллі қазақ халқына 
жасалған қиянат еді. Ел өміріндегі осындай шиеленіс
-
тен туған қайғылы қаза Мұстафаның отаршыл империя
-
ға деген наразылығын қалыптастырып, болашақ үлкен 
күреске дайындады. Олай болса, бірінші кітаптың со
-
ңындағы осы шешуші оқиға болашақ үлкен де тарихи 
оқиғалардың негізгі себебі еді.
2006 жылы жарық көрген үш томдық таңдамалы шы
-
ғармаларының бірінші томына жазушының «Қиянат» 
атты романы енді. «Тоймайдан», «Жанмайдан», «Оймай
-
дан», «Қанмайдан» сынды төрт тараудан тұратын роман
-
ға төрт дәптердің жазбалары негіз болған. «Тоймайдан» 
тарауы Сарқасқа дөнен жөніндегі әңгімеден өрбиді. Қа
-
ратаудың етегін мекен еткен Қараспан ауылы тұрғында
-
рының бейбіт өмірдегі тірлігі негіз болған бұл тараудан 
той десе қу бас домалайтын қазақ ауылындағы әр алуан 
тойлар төңірегіндегі оқиғалар легі көркем суреттелген. 
Негізгі оқиғалар Сағаттың «Шіркін, Пірәлидің Сарқасқа
-


260
сы-ай!» деп жұртты тамсантқан дөненнің бәйге жарысы
-
нан жүлделі орынды иеленуімен басталып, «Майқорық» 
совхозының тұрғындары Пірәли мен Ақмаржанның то
-
йымен аяқталады. Негізгі орталық кейіпкердің бірі со
-
ғыс ардагері Пірәлидің төңірегінде өтіп жататын оқиға
-
лардың негізгі арнасы ел өміріндегі оқиғалардан хабар 
береді. Бұл тарау Химзаводқа оқуға аттанған Сағаттың 
«Ата, ататай, маған сенің жолыңды берсін, мен – сен бо
-
луға ант етемін!», «Саған да ант етемін, Қараспан баба!» 
деп үлкен антты арқалауымен аяқталған.
«Жанмайдан» деп аталатын екінші тарау Ботабайдың 
отбасына байланысты оқиғалармен өрбиді. Ботабайдың 
шешесі Балзия ертерек дүние салып, әкесі Дараз дұш
-
панға оң аяғын беріп, соғыстың екінші жазында ауылға 
келіп, орманшы Иванның қасында жүріп кейін өзі де ор
-
маншы атанған әділ, турашыл жан. Ғалия мен Ботабай 
арасында өсіп келе жатқан Сәнияны олардың асырап 
алғандығы жөнінде білетін көрші Маша жеңгейдің осы 
құпияны қызға айтып жүрегін жараламақ болғаны әрине 
орынсыз. Сәнияның жүрегін жаралағысы келмеген қос 
мұңлық Қиыр Шығыстан тұра қашып Қаратаудан орын 
тебеді. Қайда барса да Қорқыттың көрі дегендей мұнда 
да Кәкіш сынды қаскүнемдер табылып, Ботабайды тағы 
солай қорқыта бастайды. Стасик деген иттің қолымен 
жазылған: «Әй, сенің қызым-қызым деп жүргеніңнің 
асыранды қыз екенін біз білеміз, түсіндің бе?! Ал енді 
бір аптаның ішінде Қиыр Шығыстан қалай қаштың, Қа
-
ратаудан солай қаш, көшіп қаш. Әйтпесе бар ғой, үйіңе 
келеміз де қызыңа бәрін айтып береміз. Білдің бе?» [155-
б.], – деген сөздер тағы алдынан шығады. Осылайша Са
-
ғат пен Сәнияның үйленбек ниетіне Кәкіш пен Мәкіштің 
арам пиғылдары келіп араласады. Бетіне қараған жалғыз 
қыздарының көңіліне дақ түсіргісі келмеген ата-ана енді 
қайтадан Қиыр шығысқа көшуге бел байлайды. 
«Оймайдан» тарауында жоғарыдағы оқиғаға Сағат
-
тың Мәскеуде совет сауда институтында оқитын ағасы 
Балбала келіп қосылады. Сағат пен Сәния, Стасик пен 


261
Люся, Нұрәлі – Гүлсім – Кәкіш, Сәбира – Сабыр – Кәмә
-
лия арасындағы махаббат линиялары негізгі оқиғаны 
толықтыруға қызмет етеді. «Қанмайданда» болмашы 
ұсақ-түйектен басталған көреалмаушылық үлкен өш
-
пенділікке ұласады. Кезінде қызыңа асырап алғаныңды 
айтып қоямын деп қоқан лоққы жасаған Кәкіш аяқ асты
-
нан қаза болған жары Гүлсімді Ботабай өлтірді деп жала 
жапса, Ботабайдың өлімінің астары ашылмаған күйін
-
де қалады. Гүлсімнің ажалына кінәлімін деп өзі барған 
Бәкен сегіз жылға сотталса, ол ұсынылған орден мен 
депутаттық орынға басқа біреу ие болып шыға келді. 
Зия өліміне қатысты апаттан басталған роман Ботабай
-
дың өлімімен ақталады. Бірақ бұлардың ешқайсысы да 
ашылған жоқ. Оны жазушы романның эпилогында «Бо
-
табай өліміне байланысты ешкім сотқа тартылған жоқ. 
Кәкіш – Мәкіштерді заң орындары біраз әуреледі де 
жәйіне қалдырды. «Себебі – белгілі ғой!..» – деді жұрт. 
Зия апаты мүлде ашылмай қалды. «Себебі... Берген бере 
білетін жігіт!» – деп жүр ғой көпшілік» деп түсіндірді. 
Бақастықтың түбі адам қазасына алып келгенін бірне
-
ше отбасы арасындағы шағын оқиғалармен ұштастыр
-
ған жазушы қазіргі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы 
бассыздықтарды әшкереледі. Романның негізгі идеясы 
обырды тобыр ешқашан жеңе алмайтындығына саяды. 
Сондықтан да шығарманың аты айтып тұрғандай, бұл 
роман жазықсыз жандарға жасалған есепсіз қиянаттар
-
дың ХХІ ғасырдағы жиынтығындай әсер береді. 
Шығармалар жинағының екінші томына жазушының 
соңғы жылдары жазылған шығармаларынан «Шер» 
атты романы енді. «Мұң», «Құлазу», «Зарығу» атты үш 
тараудан тұратын романда өткен соғыс өткелектері ұш
-
қыш Зорданың өмір жолы арқылы бейнеленген. Қазақ 
әдебиетіндегі тарихи тұлғалар қатарын толықтаратын 
романға өмірде болған Ұлы Отан соғысының ардагері, 
Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов өмірі негіз 
болған. Роман жөнінде: «Бұл шығармаға желі болған Тал
-
ғат Бигелдиновтің ғұмыры. Иә, иә кәдімгі кеңес Одағы
-


262
ның Батыры атағына екі мәрте ие болған генерал Бигел
-
диновтың ғұмыры. Еңбек үстінде жаза келе, «қыз келе», 
материалдардан едәуір алыстап кеткенімді аңғардым. 
Кеш аңғардым. Сондықтан, амал жоқ, кейіпкерлердің 
аты-жөнін өзгертіп алуға мәжбүр болдым», – дейді ав
-
тор. Автор айтса айтқандай, бұл кезінде үлкен дау туғыз
-
ған шығарма. Өзінің көркем бейнесінің шындықтан ал
-
шақтап кеткендігіне наразы болған Т.Бигелдиновтің өзі 
роман авторын қатты сынағаны белгілі. Себебі роман
-
ның басынан-аяғына дейін он екі жігіттің командирімен 
көк жүзінде самғамақ түгілі қолдарына темір ұстап көр
-
мегендігі әрине қисынға келмейді. Шындығында Батыр 
жөніндегі көркем шығарма басқаша болмақ. Сондықтан 
романның басты кемшілігін жазушының өзі де мойын
-
дады. Себебі романдағы басты кейіпкер жазушы сөзімен 
айтқанда, оқырманына «төркінін сағынған келіншектей» 
әсер қалдырды. Оның бас кейіпкері немістердің күлкісі
-
не ұшырап, өзін-өзі «Қорқақ! Қоян жүрек! Сені де кеңес 
ұшқышы дейді-ау!» деп қайраудан аспады. Ал, оқырман 
басқыншы жауға қырғидай тиіп, оларға ес жиюға мұрша 
бермей, үсті-үстіне бомбалап жатқан Батыр Талғат Би
-
гелдиновтың көркем бейнесін күтіп еді. 
Үшінші томға әр жылдарда жазылған «Ақбердінің 
ауласы», «Тырна, тырна, тырналар», «Әнім сен едің», 
«Ауыл шетіндегі үй», «Жабы сәйгүлік», «Сауал» сынды 
хикаяттары мен әңгімелер енген. 
Көріп отырғанымыздай ХХІ ғасырдағы қазақ әде
-
биетінің өсіп-өркендеуіне әңгіме, хикаяттарымен бірге 
кең құлашты эпикалық романдарымен үлес қосып жүр
-
ген Әкім Тарази қазіргі қазақ прозасының белгілі өкілі. 
Оның қаламынан туған шығармалардың негізгі жетістігі 
өмірдің күнгей жақтарынан гөрі, көлеңкелі жақтарына 
көбірек көңіл бөлуінде. Бірсыпыра шығармаларында 
ХХ ғасырдың әр түрлі тарихи оқиғаларынан хабар бер
-
ген ол – қазіргі қазақ прозасын ХХІ ғасырдағы заман
-
дастарымыздың көркем бейнесімен толықтырып жүрген 
жазушы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет