263
МАРФУҒА АЙТХОЖИНА
(1936 жылы туған)
1936 жылы 25 тамызда Құлжа қаласында (ҚХР) дү
-
ниеге келген. 1956 жылы Құлжадағы қыздар гимназия
-
сын тәмамдаған ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемле
-
кеттік университетінің филология факультетін (1965),
Мәскеудегі Жоғары әдеби курсті бітірді (1971). 1961-
1969 жылдары «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан мұғалімі»
газеттерінде әдеби қызметкер болып істеді.
1959 жылы «Қазақ әдебиетінде» бір топ өлеңдері жа
-
рияланған ақын 1962 жылы шыққан «Балқұрақ» атты
тұңғыш жинағынан бастап бірнеше жыр кітаптарын
ұсынды. Шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы,
т.б. тілдерге аударылды.
Ақынның қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі жоғары ба
-
ғаланып, 2002 жылы «Аңсау» атты жыр жинағына ҚР
Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Құрмет белгісі», «Пар
-
сат» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапат
-
талды.
Басқа ақындар тәрізді Марфуға Айтхожина жырла
-
рына да өзі өмір сүрген қоғамдағы өмір шындығы мен
өзінің басынан кешкен оқиғалары негіз болған. Еліміз
тәуелсіздік алған соң, ақындардың барлығы дерлік ке
-
ңестік дәуір тұсында еркін жаза алмаған, еркін айта
алмаған тақыптарына қайта үңіліп, кешегі өткен тарих
қатпарларына жан бітіріп, ол туралы сыр шертті. Оның
1992 жылы жарық көрген «Жапырақ сілкінген кеш» атты
жинағына енген жырлар осы ойымызды толықтыра түс
-
пек. «Қашқын» атты өлеңінде өзі өмір сүрген кеңестік
дәуір тұсындағы қазақтың тарихынан хабар беріп, ХХ
ғасырдың 20-30 жылдарындағы жаппай қудалау мен
ашаршылықтың салған зардабын:
264
Әкемді әкеткенде ұстап менің
Басыңа қыс қырауы қыстап сенің,
Аштыққа бәрін беріп,
Аяулы, ана,
Қайғының қара бұлтын құшпап па едің,
– деп шынайы бейнеледі. Мұның өзі сол бір қасіретті
жылдардың көркем шындығы екені белгілі. Осындай
қиын-қыстау күндерді басынан өткізіп бала тәрбиелеген
анасының Аякөздегі сынақты көрмегенін «Болмайтын
жарылыстар жер бетінде, Анашым! Бақытты екен бала
кезің!» деп жанына медет етеді.
«Тасқындап қалайын бір нөсердейін, Орамай тұрған
-
да жер жөргегіне» дейтін ақын жырлары ақ нөсердей құ
-
йылып жатады. Табиғаттың әрбір құбылысы мен затына
жан бітіріп, бұлт туралы «Шүйке бұлттар саусағындай
шебердің – Өрнек салып бара жатыр аспанға» десе,
шыңдар туралы «Шыңдар тұр, бір-бірімен тай-таласқан,
Аспанның аршын төсін шайқап ашқан» дейді. «Толқын
жатыр жағаны сүйіп-шалқып», «Ақ қайыңдар сүйеп
қалып бір-бірін, Дірілдейді жапырақтар – сырғалар»,
«Жиектен толқын қашып бара жатыр, Жұлдыздарды би
-
летіп, арқасында ай», «Ақ қайың ару ақ балтыр, Ақша
бұлт көлге көміліп», «Қой тастар сусып түскен қыз ша
-
шынан, Ұқсайды күміс шолпы тізбегіне», «Ақша бұлт
-
тар мінгесіп бара жатыр, Алатаудың ақ жалды өркеші
-
не» сынды тіркестер қазақ поэзиясындағы кейіптеудің
қатарын толықтырады. «Тау өзені» деген өлеңінде:
Ал түнде нәзік айды құшаққа алып,
Ақ шатырға өркеші ұқсап қалып.
Жар төсін тепкілесе жата қалып,
Маржандар шашылады ұсақталып,
– деген бейнелі сурет жасайды.
«Сыңғырлап бір күлдің де сынай қарап, Садағына
түйредің сұрақтардың», «Жартастары кеуденің жаңғы
-
рығып, Жүйріктей бұлқынады кермедегі», «Дірілдеген,
толқындаған сезімдей, Жас арудың толықсыған кезін
-
дей», «Бұлқынған асаудайын қайран көңіл, Бұл күнде
265
әр нәрседен шайлығыпты», - деп жансызға жан бітіріп,
бейнелі образ жасайды.
Оның жырлары сергек сезім, нәрлі ойға құрылған
өзіндік үні бар, жалынды жастық жырларымен қатар, ту
-
ған еліне, жеріне деген шынайы махаббат, сүйіспеншілік
-
ке толы. «Қайран Талқы таулары-ай» топтамасына енген
өлеңдері тұтастай туған жерге арналған. «Мекендеп
Алатауды жүрген жай бар, Тусам да Тәңіртаудың етегін
-
де» деп өзі айтқандай, Алатауда жүргенмен Тәңіртауды
бір сәт те естен шығарған емес. Сондықтан да туған жер
туралы:
Достарыңызбен бөлісу: |