244
белортасын кешіп келем» дейтін ағамыз өлеңге шабы
-
тым шақырғанда кешікпе деп еркелейді. Шабытына мін
-
ген кезде ол халқының өткені мен бүгінін ой елегінен
өткізеді. «Халқымен бірге Елбасы» өлеңінде «Бірінші
Алла, екінші патша» дейтін» әкесінің өсиетін есіне ал
-
ған ақын халық пен Елбасын бөліп-жаруғы келмейтін
егіз ұғым ретінде қабылдайды. «Ханның күні қарашасы
-
мен» екенін жадында ұстаған ол бұқара халық пен Елба
-
сының бірлігі мен берекесін тілейді. «Ердің күні елімен»
болатындығын «Арманымның ақ сыры» өлеңіндегі «Сол
қазақ қой жан дүниесі сырымның Сол халыққа тебіре
-
нем де талпынам» деген жолдармен жеткізсе, «Халқым
– менің бақытым» өлеңінде жетпісінде «Жігітсің»» деп
ақ тілегін ақтарған халқына «арманыма қанат берген ел-
жұртым» деп еліне, халқына деген ризашылығын білді
-
реді. «Әр адам бір тамшысы теңіздің» өлеңінде теңіздің
тамшыдан құралатыны тәрізді әр адамның қазақ орма
-
нының бір талы екенін еске салады. Мұның өзі ақынның
қара басын күйттеген замандастарын шеней отырып, ха
-
лықты әр қазақтың құрайтындығына сендіреді.
Кім-кімге де туған жері ыстық болатыны белгілі. Қа
-
зақ ақындарының барлығы да өз туған жерін жер жан
-
натына теңейтіні секілді Нұрғожа ақын да кіндік қаны
тамған жерін жер біткеннің төресіне балайды. Туған
жердің сыбдыр қаққан тал, терегі, қайыңы мен құста
-
рының бұлбұлдай сайраған үніне деген сағыныш лири
-
калық кейіпкердің өзегін өртейді. «Елде болып шалқы
-
дым» өлеңінде ақын туған-жер мен жерлестеріне деген
сүйіспеншілігін «Әр адамын жырыма орап алып, Орама
-
сам, сағынып тоңары анық» деп жеткізеді. Осы қатарды
«Аяулы анам – ауылым», «Ардағым – Қаршығалым»,
«Қаршығалы», «Сол жандарды сағындым», «Ауылым
қайда?», «Асыл елім – Қостанай», «Аманбысың, ақ қа
-
йың?», «Асыл елім – Қостанай», «Тобылым менің ар
-
маным», «Сандуғашты ауылымды сағындым», «Туған
жерге жетейін...» сынды ө
Достарыңызбен бөлісу: